Табиғи жарықтандыру

Еңбек қорғау

Еңбек қорғау заңдары

Республикассындағы еңбек туралы заң” 10.12.1999 жылдан №493 – 1 ҚР еңбек туралы заң ( ҚР заңдарына өзгертулер енгізілген 06.12.2001 жылдан №260 – ІІ; 25.09.2003 жылдан №484 – ІІ).

Адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтіру мүмкіндігімен байланысты металлургия өндірісі үдерістерінің (ұсақтау, ұнтақтау, жіктеу, шихтаны күйдіру, қатты қыздыру және күйежентектеу, пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық, электролиздік, тазарту және таратып құю) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға қолданылады.

1) “ Қауіпсіздік және еңбек қорғау заңы” 28.02.2004 жылдың № 528 – II ҚРЗ;

2) “Қауіпті өндірістік обьектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы заңы” 03.04.2002 жылдан №314 – II ҚРЗ;

3) “Өрт қауіпсіздігі туралы заң” 22.11.1996 жыл;

4) “ Қазақстан

Ауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

Дипломдық жұмыстың зерттеу жұмыстары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университтінің «Металургиялық процестер, жылутехника және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасындағы зертханада орындалды. Ол зертханада адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуші факторларға жататындар:

– өндірістік микроклимат – ауаның температурасының, ылғалдығының және жылдамдығының ұштасуы, сонымен қатар жылулық сәулелену;

– ауаның химиялық құрамымен және атмосфералық қысыммен сипатталатын ауалық орта;

– өндірістік көздерден туатын сәулелену (иондаушы және иондамаушы), энергетикалық өріс (электромагниттік, гравитациялық және т.б.), акустикалық және дірілді тербелістер;

– ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат;

– еңбектің қарқындылығы.

Қарастырылып отырған бұл жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда өндірістік жарақат алу мүмкіндігі болады. Ең қауіпті және зиянды болатын жағдай:

– жабдықтарға химиялық активті орта әсері мүмкіндігінен туындайтын, жоғары қауіптіліктің салдарынан электр тогінен түсіп қалу .

Жоғарыда айтылғандармен байланысты кейбір қолайсыз факторларды атап айту қажет:

– қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен дұрыс жұмыс істемеген кезде терінің және дем алу жолдарының күйіп қалуы;

– пешпен және ыстық үлгілермен жұмыс істеу кезінде, электржабдықтардың ақаулығы және қысқа тұйықталу болған кезде өрттің пайда болу мүмкіндігі.

Еңбек шарттарын бақылау және ауалы ортаның параметрлеріне қойылатын талаптар

Ауалы ортаның күйін бағалау үшін МЕСТ « Жұмыстық аймақтың жалпы санитарлық – гигиеналық қажеттіліктерінің» талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Жұмыстық зонада ауадағы негізгі зиянды заттар құрамын келесі тізімдерге сәйкес келу қажет.

Цианидті бөлмелерде, сорбция, десорбция, реагенттерді сақтау және дайындау бөлмелерде әрекетті жабдықталған, автоматикалық құрылғылармен (газ анализаторлық) қамтамасыз етілуі қажет.

Жарықтандыру

Табиғи жарықтандыру

Табиғи жарықтандыру – бөлмелерді сыртқы қоршайтын құрылымдардыға жарық ойықтары арқылы кіретін аспан жарығымен (тік немесе шағылған) жарықтандыру.

Табиғи жарықтандыру коэфиценті (ТЖК) – тікелей аспан жарығы бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың қайсыбір нүктесінде құратын табиғи жарықтандырудың толық ашылған аспан аясы жарығы құратын сыртқы көлденең жарықтандырудың бір мезгілдік мәніне қатынасы; проценттермен келтіріледі.

Табиғи жарықтандырудың бірқалыпты еместігі – бөлменің сипаттылық шектерінде ТЖК–нің орташа мәнінің неғұрлым кіші мәніне қатынасы.

Адамдар тұрақты болатын бөлмелерде, қағида бойынша, табиғи жарықтандыру болуы тиіс.

Табиғи жарықтандырусыз ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыстық нормалар, өнеркәсіптің жекеленген салаларының ғимараттары мен құрылыстарын құрылыстық жобалаудың нормативтік құжаттары айқындаған бөлмелерді, сондай – ақ ғимараттардың үй асты қабаты және шығыңқы ірге қабаттарында орналастыруға рұқсат етілген бөлмелерді жобалауға жол беріледі.

Табиғи жарықтандыру бүйірлік, үстіңгі және құрастырылған (жоғарғы және бүйірлік) болып бөлінеді.

Кішігірім цехтарда біржақты бүйірлік табиғи жарықтандыру жағдайында ТЖК– нің минимальды мәні бөлмелердің сипаттылық тілігінің тік жазықтығы мен шартты жұмыс бетінің қиылысында жарық ойықтарынан неғұрлым алыстатылған қабырғадан 1 м қашықтықта орналасқан нүктеде, ал екіжақты бүйірлік жарықтандыу жағдайында – бөлмелердің ортасындағы нүктеде нормаланады.

Бөлмелердің табиғи жарықтануын есептеу жиhаз, жабдық пен басқа да көлеңкелеуші заттарды ескерусіз жасалады. Жарық ойықтарының есеппен белгіленген өлшемдерін табиғи жарықтандыру - student2.ru 10 % – ке өзгертуге жол беріледі.

Үстіңгі немесе құрастырылған жарықтандырудың бірқалыпты еместігі 3:1 – ден аспауы тиіс. Үстіңгі және құрастырылған табиғи жарықтандыру жағдайында шартты жұмыс бетінің және бөлмелерінің сипаттық тіктеме тілігінің жазықтығының қиылысу сызығындағы кез келген нүктедегі ТЖК – нің есептік мәні бүйірлік жарықтандыру жағдайындағы тиісті разрядтар жұмыстарына арналған ТЖК-нің нормаланған мәндерінен кем болмауға тиіс. Табиғи жарықтандырудың бірқалыпты еместігі бүйірлік жарықтандыруы бар бөлмелер үшін , үстіңгі және бүйірік жарықтандыру жағдайында VII және VIII разрядтардың жұмыстары орындалып жатқан өндірістік бөлмелер үшін және бүйірлік жарықтандыру жағдайында Г, Д разрядтарының жұмыстары орындалып жатқан қосалқы бөлмелер мен қоғамдық ғимараттардың бөлмелері үшін нормаланбайды.

Наши рекомендации