Табиғи жарықтандыру нормативтері

Өндірістегі табиғи жарықтандыру жағдайына баға беру, оның тәуліктің мезгіліне және атмосфералық жағдайларға байланысты, салыстырмалы көрсеткіштерде табиғи жарық коэффициенті -ТЖК бойынша жүргізіледі. ТЖК - бөлменің ішіндегі қарастырылатын нүктедегі табиғи жарықтандырудың (Ев) тікелей күн сәулелерінсіз сырттағы көлденең жарықтандырудың (Ен) бірдей мезгілдегі мәніне қатынасы.

ТЖК пайызбен беріледі және келесі өрнек бойынша анықталады:

ТЖК = ЕВ ·100.
ЕН

ТЖК мәніне, бөлменің конфигурациясы, жарықтық ойықтардың көлемі мен орналасуы, бөлменің ішкі беткейлерінің шағылыстыру қабілеті және оған көлеңке түсіретін нысандар әсерін тигізеді. ТЖК тәулік мезгілі мен табиғи жарықтандырудың өзгергіштігіне байланысты болмайды. Үй-жайларды тағайындалу мен ондағы жарық ойықтарының орналасуына байланысты ТЖК 0,1%- дан 10%-ға дейін нормаланады. Үй-жайлардың табиғи жарықтандыру нормалары жарық ойықтарының жоғары және бүйірлік орналасулары үшін, жеке-жеке қалыптастырылады. Бір жақты бүйірлік жарықтандыру кезінде қабырғадан 1м қашықтықта ТЖК-нің ең аз мәні нормаланады, ал екі жақты бүйірлік жарықтандыру кезінде бөлменің ортасында қарастырылады. Жоғарығы немесе үйлескен жарықтандыру қарастырылған бөлмелерде жұмыс беткейіндегі ТЖК орта шамалары нормаланады (қабырғадан 1м кем емес). Өндірістік ғимараттардың тұрмыстық үй-жайларында ТЖК мәні 0,25% кем болмауы тиіс.

Бұрынғы ССРО-ның III климаттық ендігінде орналасқан ғимараттарды бірлескен жарықтандыру жүйесімен жарықтандыру кезіндегі ТЖК мәні 0,2%-дан 3%-ға дейін құраған.

Үй-жайлардағы табиғи жарықтандыру деңгейі, әйнектелген беткейлердің ластануы салдарынан төмендеуі мүмкін, ол өткізу коффициентін азайтады, ал қабырғалар мен төбелердің ластануы шағылысу коффициентін азайтады. Сондықтан да, нормалар жарық ойықтарының әйнектерін шаң, түтін мен күйе аз бөлінетін бөлмелерде жылына 2 реттен сирек емес, ал біршама ластанатын бөлмелерде 1 реттен кем емес тазартып тұруды қарастырады .

Күн спектірінің белгілі бір бөліктерінің жарықтық тітіркендіргіштері, әртүрлі психологиялық реакцияларды туғызатыны белігілі. Спектрдің көк-күлгін бөлігіндегі суық реңдер организмге еңсені басатын, тежеуші әсер көрсетеді, сарғыш-жасыл түстер - тыныштандыратын, ал қызғыш сары-қызыл түстер -қоздырушы, әсерді ынталандырушы әсер көрсетеді және жылу сезімін күшейтеді. Жарықтың спектралды құрамының бұл қасиеті, цехтарды эстетикалық әшекейлеуде, құрал-жабдықтар мен қабырғаларды бояуда жарықтың комфортты жағдайын туғызуда аса маңызды.

Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың бояу түсін таңдау кезінде ССРО-ның мемлекеттік жобасымен шығарылған «Өндірістік үй-жайлардың және өнеркәсіп орындарының технологиялық қондырғыларының түстік өңделуі бойынша нұсқауларын» пайдалану қажет. Жұмысшылары еңбек сипаты мен жағдайына немесе географиялық ендікке байланысты толығымен, не болмаса жартылай табиғи жарық алмайтын кәсіпорындарда УК-сәулелену көздерімен (әритемді шамдар), табиғи УК-сәулелердің орнын толтыратын және адамға айқын бактерицидті, психо-эмоционалды әсер көрсететін УК-профилактиканы қарастыру қажет. Ұзақ әсер ететін, жалпы жасанды жарықтандыру жүйесіне кіретін және және жұмысшыларды жұмыс уақыты бойына аз қарқындылықтағы УК-ағыммен сәулелендіретін, ультракүлгін сәулелендіргіш қондырғылармен «жарықтық» ашығудың алдын алу жүргізіледі. Қысқа мерзімдік әсерлі ультра күлгін сәулелендіргіштер -фотарийлер қолданылады, оларды УК-сәуелелендіру бірнеше минут бойына жүреді.

Өндірістік ғимараттарға, әйнектену көлемі үлкен жарықтық ойықтар арқылы күн сәулесін түсіру, үй-жайлардың табиғи жарықтандыруын біршама жоғарылатады, тік және шағылысқан жарық есебінен көзді шағылыстырады және де шектен тыс күн көзінен қорғау үшін, стационарлы және ретке салынатын күннен қорғайтын құрылғыларды - күн қағарларды, көлденең және тік экрандарды, арнайы көгалдандыруды, мөлдір жалюздерді, перделерді және т.с.с. пайдалануға тура келеді.

ТФП Охрана труда 2-13.11.15

Кредит № 1.

Тақырып №1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау туралы құжаттар.

Наши рекомендации