Тігін машинасының ине механизмі
Машина білегінде орналасқан ине механизмінің көмегімен ине белгілері-кейінді қозғалады.
Иненің осындай қозғалысына қарай, оның қолданылуын анықтайды:
· Мата тесу;
· Жоғарғы жіпті мата арасынан өткізу;
· Ілмектің пайда болуына немесе салпыншаққа қатынасуы.
Ине матаны тесіп, мата арасынан жіп өткізеді. Ине көзінде ілмек пайда болады. Қайық тұмсығымен ине көзіндегі ілмекті іліп алып және шпульканың қақпақшасын айналдыра орап, жіптің айқасуын орындайды.
1-ине; 2- баспа табан; 3-қайық;
Тігін машинасы инесінің қол тігісіне пайдаланатын инеден айырмашылығы көп. Біз, мүмкіндігімізше, машиналарды талдадық. Бір-бірінен конструкциялық, қозғаушы күші жағы ерекшеліктері бар. Соның ішінде солардың инелері де әртүрлі:
ü Тігілетін материалдары бойынша. Мысалы, жібек мата тіккенде 10,6мм, ал ауыр мата тіккенде 3 мм ине қолданылады.
ü Инелердің пішіні бойынша. Мысалы, 2 матаны қосып тігерде түп-түзу ине қолданылса, жалпақ тігіс орындағанда қисық ине қолданылады. Тізбекті тігіс орындайтын машиналардың инесінің екі науашасы болады, ал көмкеріп тігетін машиналардың инесінің жүзі қисық болып келеді.
Тұрмыстық тігін машиналарының өндірістік машиналардан айырмашылығы:
А) әртүрлі инелердің колбаларының диаметрлері бірдей;
Б) колбада бір ғана жалпақ мыска бар;
Машина инесінің құрылысы
1-көз; 2-ұзын науаша; 3-қысқа науаша; 4-мыска; 5-инеұстатқыш
Машина инесі түзу, тегіс, үшкір болуы керек. Ине жүзінің соңында иненің көзі мен ұшы орналасқан.
Иненің ұшы- иненің матаны тесетін жұмысшы бөлігі. Ине көзіне жіп сабақталады,солардың күшімен маталар белгілі айқастармен біріктіріледі. Ине жүзінде науашалары бар. Тігін машинасында олар жұмыс кезінде жіпті матадан қажалуын сақтайды. Ине жүзі матаны тескен кезде, жіп ұзын науашаға жалғасады. Ине колбасының жазық жағына ине номері жазылады. Колба инені инежүргізгішке бекіту үшін қажет. Иненің пішін, қзындығы жұмыстың орындалу түріне байланысты.
Ине матаның қалыңдығына, сапасына, тігін жіпке байланысты әр түрлі номерлі болады.
Инені болаттан жасайды. Ине номеріне жүзінің қалыңдығы сәйкес келеді.
В. И. Червяков бойынша , ине жүзінің диаметрі оның номеріне миллиметрдің 100 бөлігіндей ғана айырмащылықта. Егер ине номері 100 болса, оның жүзінің диаметрі 1 мм болады. Тігіс матаны тоздырып жібереді, қалың тығыз маталар тез тозады.имата тозуы көбіне ине жүзінің үшкірленген пішініне байланысты. Мысалы, трикотаж бұйымдар тіккеенде ұшы жұмырланған ине қолданылады. Сонымен, ине ұшының пішіні көп жағдайда әсер етеді, мысалы:
- тігістің мықтылығына;
- тігістің сырт бейнесіне;
Ине ұшының пішіні әр түрлі болады:
- Сопақ;
- Ромб тәріздес;
- Шаршы тәріздес, т.б.
Мына бір жағдайды ескеру қажет: иненің тесу күші 10 грамнан 10кг-ға дейін барады. Ол күш матаның түріне байланысты. Ф. И. Червяков бойынша, былғары тіккенде иненің тесу күші кг. Сондықтан қалың, тығыз мата тіккенде, ине қызбас үшін ине мен жіпті арнайы маймен майланады.