Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау заңының 1 бабында “Еңбекті қорғау, еңбек ету процесінде адамның жұмыс істеу қабілетін және денсаулығын сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, гигиеналық, сауықтыру-профилактикалық жүйелерге байланысты заңдастыру т.б. нормативтік актілер негізіндегі әрекеттер” көрсетілген.
Ғылыми тұрғыда негізделген стандарттар, ережелер және нормалар негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды мемлекет өзінің өкілдік нормаларымен бекітеді.
Заңға байланысты енгізілетін нормативтік актілер, көрсетілген кепілдік мерзімдерді қамтамасыз ететіндей етіп қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі құқықпен бекітілуі керек. Мекемелермен еңбек шарты тікелей жұмыс орнында еңбекті қорғау стандарттары мен нормативтеріне сәйкес келуі міндетті.
Мекеменің санитарлық класы мен өндірістік процесстердің тобы СН-245-71 нормаларына сәйкес У классқа жатады.
Өндірістік мекемелерде өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең маңызды мәселе болып табылады.
Дән сақталатын шанақтарға - силостарға мынадай талаптар қойылады:
-дәнді шанақтарда стационарлық режиммен сақтау үшін табиғи желдету шараларын қарастырады;
-дәнді шанақтардан босату кезінде дән үймесінің жоғарғы жғында шұңқыр пайда болады. Дәннің түсірілу барысына қарай бұл шұңқырдың диаметрі дәннің табиғи еңістік бұрышына байланысты ұлғая береді. Осы шұңқырға жұмысшы абайламай 0,5-0,6 м тереңдікте түсіп кетсе, шыға алмай қалады. Сондықтан, шанақтың жоғарғы люгіне тор қойылуы керек; дәнді босату құбырындағы сырғыманың жұмысы механикаландырылған жағдайда “Стоп” кнопкасы арқылы дәннің әрі қарай түсірілуін тоқтатып, бақытсыз жағдайдың алдын алуға болады; шанақтың ішіне пирамидалық торлы баспалдақ орнатуға да болады.
Кез-келген өндірістік іс-әрекет адам үшін белгілі бір дәрежеде қауіпті. Мақсат – осы қауіпті күнделікті тіршілік ортасы үшін нормативтік деңгейге түсіру болып табылады.
Өндірістік процесстерді механиаландыру, электроникалық қызмет көрсету тораптары қауіпсіздік толық сақталған жағдайда ғана өндіріске енгізілуі керек. Қауіпсіздік шаралары инспекторлар тарапынан барлық шаралар сақталған күнде де ауық-ауық бақылау жүргізіп тұрғанда ғана дәйекті болып табылады.
Өндірістік қауіптілік екі категорияға бөлінеді: жалпы сипаттағы қауіптілік – кез-келген мекемеде кездесіп тұрады; кәсіптік қауіптілік - өндірістік сала бойынша ерекшеленеді.
Жалпы сипаттағы қауіптілік. Қауіптің алдын-алу шаралары үкімет тарапынан қарастырылған құқықтық нормаларда бекітіледі. Жалпы сипаттағы қауіптіліктің алдын алу шаралары мыналарға байланысты:
қондырғылардың, жабдықтардың жұмыс істеу принциптері мен құрылымдарын жете білу, қозғалатын бөліктерінің қоршалуы, баспалдақ орнатылуы, сырғымалық бөліктерінің қауіпсіздендірілуі, электрлік тораптардың қоршалуы және изоляциялануы;
өндірістік мекемедегі қосалқы материалдардың, шикізаттардың физикалық, химиялық қасиеттерін ескеру; жабдықтарды жөндегенде және пайдаланғанда қауіпсіз саймандарды қолдану, көтеру-түсіру, тасымалдау машиналарының қауіпсіздігі, ұшқын тұтанбауы, жұмысшы элементтердің тез жілініп қызып кетпеуі және өрт қауіпсіздігі сақталынуы, шу мен шаң, және тербеліс деңгейлерінің нормалардан аспауы.
Салалық қауіптілік. Құқықтық шаралар қарастыратын қауіпке мыналар жатады:
а/ жабық жайдың ішіндегі жұмыстар – силос, шанақтар т.б.; Дән үйме түрінде тұрып қалатын немесе қабырғаға жабысып қалатын, көмір қышқыл газы бар силостар мен шанақтарға енген жұмысшы қауіпсіздік шараларымен алдын-ала таныс болуы және сәйкес саймандармен қамтамасыз етілуі керек: распиратор, көзәйнек, белбеу байлап арқанмен түсуі міндетті. Силостарды іске қосар алдында ішінде кісі қалмауы қосымша тексеріледі;
б/ зақымдалған дәннің фумигацияцы. Сақтандыру ұшаралары мына функцияларды қамтиды – қолданылатын фумиганттардың улылығы /токсичность/, тұтанып, жарылыс тудыру мүмкіндігі, шекті концентрациясы алдын-ала ескеріледі. Қызмет көрсетушіні фумигация зардаптарынан желдету, газдан қорғау маскасы, қолғаппен қамтамасыз ету; кезекші врачта сәйкес инструкция болуы т.б.;
в/ жақын жердегі тасымал ортасы - қырнағыш шынжырлы, таспалы конвейерлер, нория сияқты тасымал ортасын іске қосар алдында дабыл қағылуы, авариялық ажыратқыштар орнатылуы қажет;
г/ Шаңның тұтанып жарылыс болуы және өрт. Өндірістік жайда шаң концентрациясы /ПДК – 4 мг/м3 / сақталуы керек. Ол үшін қоршаған ортаға шаң бөлінетін тараптарды қайта құрылымдау қажет.
Қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы. Адамның денсаулығына егер қоршаған ортаның температурасы 40ОС-та асса, кері әсерін тигізеді. Ылғал мөлшері ауаның салыстырмалы ылғалдығынан аспауы тиіс.
Шаңның зардаптарын болдырмау шаралары. Қоршаған ортаға бөлінген шаң тозаңдары үшін оның ылғалдығы мен ауаның ылғалдығы арасында тепе-теңдік орнауы тиіс. Ауадағы су буы ылғал өткізгіштікті арттырады, электр өткізгіштікті де арттырады.
Шаңның тораптарда жинақталған концентрациясы ылғалдыққа байланысты 1000-1400 мг/м3-тен асып кеткен жағдайда статикалық зарядтардың есебінен оттегі қатысуымен ұшқын пайда болады. Мұның соңы өртке, жарылысқа ұласып жатады. Қауіпсіздік шаралары екі топқа бөлінеді: ескерту шаралары – жарылыс пен өрттің алдын алады; сақтандыру шаралары жарылыс болла қалған күнде одан зардап шекпеуді қарастырады.
Ескерту шараларын іске асыру үшін мына үш фактордың қатар келмеуін қамтамасыз етеді:
шаң – оттегі – тұтану көзі.
Оттегіні шектеу, тұтанудың потенциалдық көздерін болдырмау, шаң концентрациясын төмендету – бұл факторларды болдырмаудың жолы болып табылады.
Жарылыс басталған моментте артылған қысым шамасының тез өсіп кетпеуін /10 бар/ қарастырады. Жарылыс өнімдерін атмосфенраға бірден лақтырып тастау, инертті газдар енгізу мен автоматты түрде қысымды төмендету – зардап шегудің алдын-алатын шаралар болып табылады.
Жарылысты ескерту тәсілдері.
1/ оттегінің келу жолын қысқарту. Ауаның белгілі бір мөлшерін инертті газдармен алмастыру да қарастырылған. Нәтижесінде ауадағы оттегінің мөлшері қалыпты мөлшерден /21% / 8-10%-ға дейін төмендейді де жалын тарала алмайды. Бұл шара силос сияқты жабық жүйе үшін ғана тиімді. Дегенмен дән сақталатын элеватор жайына түгелдей көрсетілген шараны орындау мүмкін емес, сырттан ауа келетін терезе мен ойықтар үнемі ашық тұрады, және экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.
2/ Шаңды аластау. Астық өңдеу мекемелерінде ауадағы шаң мөлшері үнемі болып тұратын тораптар мыналар: дән үлкен жылдамдықпен қозғалатын ағызу құбырлары мен науалар; дән қабылдау шанақтары; таспалы конвейерлер мен нориялар; таратқыш құбырлар; дән тазалау жабдықтары; таразылар; силостарды толтыру тораптары.
Шаң жарылыс кезінде жанады. Сондықтан шаң бұлтын ауада мүлде болдырмау шараларын қарастырады:
- дән құрамындағы щаң мен жеңіл қоспаларды бөліп алу;
- жем құрамындағы ұнтақ та шаңға жатады. Ол қоректік құрамдас болғандықтан шаңның ортаға бөлінбеуін қарастыру;
- дисперсиялық тозаң құрғақ, сондықтан оның қауіптілігі жоғары. Аспирациялық жүйелерде циклондардың көмегімен жеңіл қоспалар ауадан ажыратылады. Қосымша сүзгілер орнату жолымен дисперсиялық тозаңды ауадан бөліп алады.
Ұшқынның тұтану көздерін аластау. Тұтандыру көздеріне жабдықтардың жанасатын бөлшектерінің арасындағы үцйкеліс, статикалық зарядтар, электрлік жабдықтар жатады. Үйкелісті құрылымдау жолымен қоршаған ортадан бөлуге болады. Статикалық зарядтарда. Ұшқын пайда болғанда оттегінің келмеуін қарастырады.
Электрлік тұтандыру көздеріне мыналар жатады:
Жарық беру. Табиғи жарық жеткіліксіз болса шнурлы шамдарды қолданады. Шам колбалары ыстық болғандықтан шаң тозаңын тұтандыруы мүмкін. Ұрылу есебінен шам колбасы жарылғанда қысқа тұйықталады да ұшқын пайда болады. Бұл – шаң бөлінетін ортада жарылыс пен өртке ұласуы мүмкін. Сондықтан батареямен қоректенетін жылжымалы шамдарды қолданған тиімді: ток күші аз болғандықтан, колба қатты ысымайды. Ұшқын пайда болуы мүмкін жабдықтар /дән тазалауға арналған/ өртке шыдамды аралықтармен қоршалып, оттегінің келу жолын жабу керек.
Тұтанудың қосымша потенциал көздеріне осьтері сәкес келмей орналасқан конвейер, нория таспалары да жатады. Үйкелу нәтижесінде жылу бөлінеді. Сондықтан таспа мен тіреу, барабандар арасында қиғаш қозғалу нәтижесінде таспаның қатты ысып кетпеуін қамтамасыз ететін шараларды қарастырады: таспаны орталықтандыру, барабандарды резеңкемен қаптау, немесе құрылымын жетілдіру т.б. Әсіресен үйкеліс әсернен подшипниктердің қызып кетпеуін қарастырады.
Темекі тарту. Элеватор неиесе дән өңделетін тораптарды шаң концетрациясы нормадан жоғары болса темекі шегуге болмайды. Статикалық зарядтардың есебінен тұтанған ұшқыннан жарылыс, артынан өрт шығып кетуі мүмкін.
Өндірістік санитария. Өндірістік залалды факторлардың әсерін жоюға арналған санитарлық-техникалық, гигиеналық, ұйымдастыру шаралары мен ортасының жүйесі болып табылады. Негізгі мәселесі – жұмыс орнында комфорттық жағдай жасау шараларының орындалу барысын қадағалау.
Өндірістік зиянды факторлар 4 топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биолоүиялық және психофизиологиялық.
Физикалық зиянды факторлар – ауаның шаңдануы, газдалуы, температурасының ауытқуы /асып кетуі немесе төмендігі/, шу мен тербеліс деңгейлерінің жоғарылығы, ауа ылғалдығының төмендігі немесе шамадан тыс жоғарылығы, табиғи жарықтың жетіспеуі немесе артықтығы, жарқыл түсуі т.с.с. жатады.
Химиялық зиянды факторлар токсикалық, қабындырғыш, канцерогендік сияқты тыныс алу жолдарын бүлдіретін, теріге зақым келтіретін заттардың мөлшерінің шекті шамадан асып кетуі.
Биологиялық факторлар – микроорганизмдердің /теміреткі, вирустар/ теріге еніп, зақымдауы, өсімдіктер мен мал өнімдерінің құрамынан зиянды заттардың ауысуы т.б.
Өндірісті ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық талаптары. Жұмыстың қалыпты нормадағы жағдайын қамтамасыз ету технологиялық процесстің түріне, аппараттар мен жабдықтарды дұрыс таңдап алуға, оларды дұрыс орналастыруға байланысты.
Технологиялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыруда жұмысшы жайға салқын немесе жылы ауаның енуі, бу мен аэрозольдің бөлінуі т.б. залалды заттарды ескереді.
Арнайы салалық залалды заттарға –шаң, құрамында көмір қышқыл газы, амиак, күкірт газы бар бу, спирт, бензин т.б. жатады. Осы залалды заттар шекті нормадан /ПДК/ аспауы тиіс. Бұл комфорттық жағдай жасаудың ең бірінші бағыты.
Комфорттық жағдай жасаудың екінші бағыты – пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды заттар бөлетін технологиялық жабдықтарды герметизациялау және изоляциялау. Үшінші бағыт – жұмысшы жайды желдету және кондициялау.
Желдету. Жұмысшы жайда ауаның сапасын қамтамасыз ету үшін кір ауаны сырттағы твзв вувмен алмастыру жолымен тазартуды желдету деп атайды. Іске асыру үшін екі түрі белгілі: табиғи және механикалық желдету түрлері. Жайдағы ауа талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Табиғи желдету жүйесінде ауа сырттағы және жай ішіндегі қысым айырмасы, немесе соққан желдің әсерінен алмасады. Механикалық желдетуде жайдағы ауа желдеткіш көмегімен сыртқа шығарылады, да ыакуумның орнын табиғи жолмен толтыруға болады.
Ауаны қозғалысқы келтіру әдісін таңдап алу салалық қауіпсіздік ережелері бойынша өндірістік санитария талаптарына сәйкес іске асырылады.
Ауа келтіру және сору принциптеріне сәйкес желдетудің жалпы, жергілікті және аралас жүйелері белгілі.
Жалпы желдету жүйесі бүкіл жайды желдетеді.
Жергілікті желдету жүйесі зиянды заттар бөлінетін тораптардан белгілі бір нүкте арқылы ауаны сорып, атмосфераға бағыттайды. Мысалы, дән тазалау торабы, пештер орналасқан торап, қайнату қазаны орналасқан торап, т.с.с
Аралас желдету жүйесінде жалпы және жергілікті желдету жүйелері біріктіріледі. Сорғыш құрылғының көмегімен зиянды заттарды түгелдей әкету мүмкін емес жағдайда қолданылады.
Ауадан жеңіл зиянды газдар, жылу бөлінетін жайлардың жоғарғы бөлігі жалпы желдету жүйесінің көмегімен желдетіледі.
Табиғи желдетудің ауа ағыны жуып өтетін /сквозняк/ түрін аэрациялау деп атайды.
Кондиционерлау. Желдетудің соңғы стадиясы болып табылады. Жайдың ішінде алдын-ала қарастырылған режимді сыртқы ортаға, мезгіл ауысуына қатыссыз-ақ ұстап тұруға жағдай жасайды: ауаны тазарту, қыздыру және салқындату, ылғалдау немесе кептіру, ауаға арнайы иіс беру, иондау және шуды тұншықтыру. Соңғы екі шара арнайы талаптар бойынша орындалатын қосымша функциялар болып табылады.
Еңбекті қорғау. Еңбекті қорғауға қатысты іс-шараларға тікелей ұйымдастыру, техникалық қауіпсіздік нормалары мен ережелерін және өндірістік тазалықты сақтауды бақылау, еңбектің қауіпсіздік шаралары еңбекті қорғау қызметіне жатады.
Еңбекті қорғау жүйесіне еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік қызтеттерін атқаратын жауапты маман /инженер/ немесе мекеменің жауапты қызметкерінің атқаратын функциялары енеді.
Еңбекті қорғау қызметіне мына міндеттер жатады:
1/ еңбекті қорғау заңдарының орындалуын, өндіріс талаптары мен техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау, әдістемелік жетекшілік жасау;
2/ мекеме цехтарында, еңбек ету тораптарында еңбектің қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру, еңбекті қорғаудың жылдық жоспарын құру;
3/ жеке өндірістік процесстердің механикаландырылуы мен ықшамдылығын, сақтандырғыш құрылғылар мен қоршау құрылымдарын жасауды қамтамасыз ете отырып, өндіріске енгізу;
4/ еңбекті қорғаудың жоспардағы және келісімде қарастырылған шаралардың орындалуын тексеру;
Еңбекті қорғау функциясын орындайтын қызметкерлер мына жұмыстарды тікелей орындайды:
- мекеменің экономикалық, әлеуметтік нығаю жоспарларын жасайтын комиссия жұмысына қатысады;
- өндіріске байланысты бақытсыздыққа душар еткен жағдайларда, техникалық қауіпсіздік пен өндірістік санитария сақталмаған тұста себептерін дәл анықтап, қайталанбау шараларын қаншалықты іске асыру мүмкіндіктері туралы есеп береді;
- техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария шараларын меңгеру туралы берілген таспырыстарға бақылау жасайды.
Қауіпсіздік техникасы.
Қауіпсіздік техникасы – зақымдалуға әкеп соғатын жұмысшыларға қатысты өндірістік факторлардың алдын алуға арналған ұйымдастырылған техникалық іс-шаралар жүйесі.
Өндірістік зиянды факторлар 4 топқа бөлінеді:
Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық.
Физикалық зиянды факторларға қозғалыстағы машиналар, аппараттар, агрегаттар мен жалпы технологиялық және қосымша жабдықтар, олардың қоршалмаған айналатын элементтері, қысыммен жұмыс істейтін аппараттардағы негізгі сиымдылықтар, электр өрісі т.б. жатады;
Химиялық зиянды өндірістік факторларға адам ағзасының улануына әкеп соғатын улы да зиянды заттар, адамның тыныс жолдарына әсер ететін улы газдар т.б. жатады;
Биологиялық өндірістік зиянды факторлар - өсімдіктер, жан-жануарлар, бактериялар мен вирустар;
Психофизиологиялық зиянды факторлар – физикалық ауырлық түсіретін жүк, жүйкеге әсер ететін статикалық және динамикалық құбылыстар /шу, тербеліс т.б./. Ақыл-ойдың шаршауы, еңбектің реттелмеуі т.б. әсерінен адам жүйкесі шаршап, бірте-бірте зақымдалуы мүмкін.
Электрлік тораптар бойынша техникалық қауіпсіздік. Электротораптарды іріктегенде /мысалы, электроқозғалтқыштар мен берілістік механизмдер т.б./ өндірістік қауіптілік класын дәл анықтау керек. Элеватордың өндірістік жайы В-1а класы бойынша жарылыс қаупіне есептеледі. Сондықтан электротораптар сыртынан қоршалуы керек, т.с.с. Өткізгіш сымдар толық изоляциялануы міндетті. Барлық жабдықтардың тұрқысы жермен жалғануы керек т.б.
Дәнді сақтау және өңдеуге арналған мекемелердегі негізгі еңбек қауіпсіздігін, санитарлық жағдайлардың сақталуын қамтамасыз ету – қоршаған ортаға бөлінетін шаң концентрациясын шекті шамаға дейін / 4 мг/м3/ төмендету болып табылады. Жалпы сипаттағы қауіптілік жабдықтардың жұмыс принциптері мен құрылымын білуге байланысты. Машинаның жұмысшы бөліктері мен электрлік тораптарын қоршау, жабдыққа жақындау үшін баспалдақты пайдалану, шикізат пен өнімнің физико-химиялық ерекшеліктерімен таныс болу, жабдықтарды пайдаланғанда қауіпсіз құрал-саймандармен жұмыс істеу, көтері-түсіру механизмдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.с.с техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары болып табылады.
Салалық қауіп түрлері:
1/ жабық кеңістіктерде, нақты атап көрсетсек, силостарда, шанақтарда жұмыс ісеу. Қауіпсіздікті сақтау үшін ауа құрамында оттек жеткілікті мөлшерде болуы керек, жарық түсіп тұруы шарт, арнайы маскалармен ауыз-мұрынды тұмшалау т.б.
Силостарға кенеттен тиеуге немесе дәнді ескерту дабылы жұмысқа қосылмай тұрып, силостардан түсіруге болмайды;
2/ зақымдалған дәнді залалсыздандыру/фумигация/. Сақтандыру шаралары мыналарды қамтиды: пайдаланылатын фумиганттардың жетістіктері мен сипатын жақсы білу керек: улылық сипаты, тұтанғыштығы, жарылысқа душар ету мүмкіндігі, көрші силостарға өтіп кету мүмкіндігі т.с.с. біліп, алдын алу шараларын ұйымдастырады. Фумиганттың шекті концентрациясын тағайындайды. Фумигациялауды міндетіне алған жұмысшы қорғаныс шараларын сақтауы, яғни газға қарсы каскасы мен қолғабы болуы керек, желдету шаралары қарастырылады. Қажет жағдайда кезекші дәрігердің инструкциясымен таныстырады. Пайдаланылған фумиганттардың қорабын бірден құрту керек;
3/ ауадағы шаң концентрациясы шекті шамадан 4 мг/м3 / асып кетпеуі тиіс. Тораптарда жиналып қалған шаңның мөлшері 1000-1400 мг/м3 шамадан асып кетсе, статикалық зарядтардың әсерінен ұшқын пайда болып, жарылыс қаупі туындайды немесе мұның арты өртке ұласып жатады.
Шаңға қарсы қауіпсіздік сақтау шараларын екі топқа бөлуге болады: ескерту шаралары – жарылыстың болмайтынына кепілдік береді; сақтандыру шаралары – жарылыс басталған соң зақымдалудың алдын алу. Егер мына үш фактор ---шаң---оттек---тұтану көзі--- қатар қатыспаған жағдайда жарылыс болмайтыны белгілі. Ол үшін оттек мөлшерін шектеу, шаңның бөлінуін тоқтату сияқты алғашқы екі шара, немесе өндірістік тораптарда шаң бөліну көзін жою жарылыстың болмауының негізгі кепілі болып табылады.
Зақымдалудың алдын алу үшін ығысқан қысымның тез өсуін шектеу керек. Мүмкін шараларға жарылыс өнімдерінің атмосфераға таралуы, инертт газ енгізу, немесе автоматты түрде жарылысты басып тастау.
Жарылысты ескерту шараларына оттектің келуін шектеу, шаңды аластау, тұтану көзін аластау, жарық беруде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, жылулық релені дұрыс таңдап алу, желдетуді жетілдіру, қысқа тұйықталуды болдырмау, жылу бөлінуін шектеу, статикалық электр өрісінің пайда болуын шектеу, жабдық тораптарының қатты қызып кетуіне жол бермеу, шаң қабаты түзілмеуі, ременьдердің қажалуын болдырмау, дәнекерлеу сияқты ұшқын бөлетін жұмыстарды шаң көздеріне жақын маңда жүргізбеу, дәннің өздігінен шанақтар мен силостарды қызып кетуіне жол бермеу т.с.с. жатады.
Дән сақтау, өңдеу мекемелерінде де оттек қоршаған орта компоненті. Кейбір салаларда оттекті ығыстыру үшін ауаны инертті газбен алмастырып, оттектің қалыпты мөлшерін 21% біршама 8-10%-ға дейін төмендетеді. Нәтижесінде ұшқын тұтанған мен жана алмайды. Бұл шара силос сияқты жабық жүйелер үшін ғана тиімді саналады.
Дән өңдеу мекемелерінде шаң бұлты пайда болатын тораптарға мыналар жатады:
- ағызу құбырлары мен науалар;
- қабылдау шанақтары;
- босатқыш құбырлар;
- тасымалдағыштар;бұрылмалы және маятниктік таратқыш құбырлар;
- технологиялық жабдықтар орналасқан тораптар;
- силостарға дән құю тораптары.
Шаң жарылыс үшін тұтану көзі болып табылады. Дәнді тасымалдау кезінде бағыты өзгеретін тораптарда, тиеу-түсіру траптарында, силостарға құю торабында немесе дәнді қабылдау кезінде тазалаған жағдайда дәнектердің сыртқы беттері үйкеліп те тозаң пайда болады. Сондықтан шаңды толық бөліп алу жарылыс көзін жоюдың толық шешімі бола алмайды. Құрама жем өндірісі үшін ұнтақ шаң өнімнің негізгі компоненті болып табылады, немесе диірмендердегі өнім – ұн майда дисперсиялық фаза болғандықтан, ұндық шаң болып табылады. Неғұрлым шаң құрғақ болса, соғұрлым жарылысқа қауіптілігі жоғары болып келеді. Жейделі сүзгіден құрғақ шаңның біраз бөлігі өтіп те кетеді. Сондықтан аспирациялық жүйелердің жұмысын жетілдіру кезек күттірмейтін мәселе екендігі белгілі. Дән сақталатын шанақтарға мынадай талаптар қойылады:
-дәнді шанақтарда стационарлық режиммен сақтау үшін табиғи желдету шараларын қарастырады;
-дәнді шанақтардан босату кезінде дән үймесінің жоғарғы жғында шұңқыр пайда болады. Дәннің түсірілу барысына қарай бұл шұңқырдың диаметрі дәннің табиғи еңістік бұрышына байланысты ұлғая береді. Осы шұңқырға жұмысшы абайламай 0,5-0,6 м тереңдікте түсіп кетсе, шыға алмай қалады. Сондықтан, шанақтың жоғарғы люгіне тор қойылуы керек; дәнді босату құбырындағы сырғыманың жұмысы механикаландырылған жағдайда “Стоп” кнопкасы арқылы дәннің әрі қарай түсірілуін тоқтатып, бақытсыз жағдайдың алдын алуға болады; шанақтың ішіне пирамидалық торлы баспалдақ орнатуға да болады.
Жарылыстан қорғану тәсілдері. Жарылыстың алдын алу мүмкін емес кезде оның салдарынан бүліну мен зардап шегуді барынша азайту тәсілдері белгілі. Шаң бөліну мүмкіндігі анықталса, шаң көзін жабдықтардың құрылымын жетілдіріп, тұрқысының герметикалығын /нығыздылық/ жетілдіру, реттеу және жөндеу жұмыстарының дәлдігін қамтамасыз ету сияқты шаралар шаңның ортаға ауамен бірге таралуын толық ығыстыра алмайды. Сондықтан жарылыстан сақтану шаралары қабылдануы керек. Жарылыспен күресудің төрт /4/ түрлі тәсілі белгілі – жарылыс көзін тұйықтау, қарсы зарядтау, инертті газ енгізу және автоматты түрде жарылысты тұншықтыру. Төменде осы шараларға кеңінен тоқталып өттік:
1. Жарылыс көзін тұйықтау, яғни жабдық құрылымының қысымға кедергісін арттыру тәсілінің мәні мынада: машина тұрқысы жарылыс кезінде көрініс беретін үлкен қысым мен деформацияға төтеп берсе, шытынау, қақ айырылу немесе ұшып кету сияқты теріс құбылыстардың қарқыны азаяды немесе белгілі бір дәрежеде төмендейді;
2. Қарсы зарядтау құрылығысы – тұрпқыдағы автоматты түрде ашылатын люкке орнатылған мембрана түрінде. Жарылыстың алдын ала тұрқы ішінде пайда болған қысым ұлғаймай тұрып, газдың немесе аэроқоспаның сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Сиымдылық немесе машина тұрқысының құрылымы жарылыс кезінде белгілі бір қысымға қарсы тұруға есептелуі керек. Ұзын құбырлар жүйесі мен биік шанақтарды бұл тәсілдің тиімділігін арттыру үшін мембраналы люкті қысқалау адыммен ұзындық бойынша жиі орнатады. Люктерді құбырлар арқылы жұмысшы жайдың қабырғасының сыртына, атмосфераға шығарып қою – жұмысшы жайдың ішіндегі жарылыс қаупін жояды. Люктің өлшемдері қысымға тура пропорционал және қабылданған мембрананың жыртылу қысымына тәуелді. Осы факторларды ескере отырып, люктің өлшемдерін тағайындауға болады. Люктен атмосфераға тартылған құбырларды ұзындығы мүмкіндігінше қысқа және қайырмалық бұрыштары 22о-тан төмен болуы тиіс, нәтижесінде жарылыстың алдын алу үшін тұрқыдан сыртқа бағытталған газдардың қозғалысына кедергі төмендейді. Бұл құбырлардың ішіне бірдеңе түсіп кетпесі үшін соңғы шетіне тор орнатады. Жейделі сүзгілерді де зарядсыздандыру құрылғылрымен қамтамасыз ету керек, оларды сыртқа орнатқан тиімді. Люктердің қосынды ауданы сиымдылықтың жоғарғы жағының қималық ауданынан жартысынан кем болмауы тиіс, керісінше жағдайда тұрқы қабырғаларының тігісі ажырайды;
3. ауаның құрамындағы оттектің бір бөлігін инертті газбен алмастыру, нәтижесінде құрамдас оттек аз атмосфера пайда болады. Шаңды аау қоспасында оттек құрамы 8 пайыздан төмен болса, жарылыс болмайды. Оттектің шекті жоғары құрамы тұтанғыш материалдың сипаты мен ылғалдығына тәуелді, нақты шамасы эксперимент бойынша тағайындалып, номограммалық тәуелділік болуы керек. Ауа құрамына жіберілетін инертті газдарға азот, көміртектің қос тотығы,. Аммоний фосфаты, натрий карбонаты, калий карбонаты сияқты газдардың инертизациялау қабілеті инертті газдардан гөрі жоғары. Бұл тәсіл көлемі үлкен силостар мен шанақтарды жарылыстан сақтандыру үшін тиімді;
4. Жарылысты автоматты түрде басып тастау. Қысым датчигінен дабыл түсісімен инертті агентті тұтану фронтына өте жылдам енгізумен түсіндіріледі. Шаңды ауа қоспасы тұтанғанда әуелі салыстырмалы жай қозғалады, қысым көтерілудің алғашқы сатысын тез анықтауға болады. Бұл кезде өрт сөндіруге арналған заттарды қолдану жүйесін іске қосуға болады. Бұл тәсілді сиымдылықтағы қысым жарылыс тудыратын шекті деңгейге көтерілмей тұрып қолданады. Жарылыстың басталуы мүмкіндігін анықтау мен оны тұншықтыру секунд ширегі ішінде орындалуы тиіс.
Жарылысты автоматты түрде тұншықтырудың тағы бір тиімді тәсілін нория сияқты ұзын құрылымдар үшін қолданады: жарылысты тұншықтыру ортасы ретінде галоген туындыларын пайдалану. Бұл тәсіл жарылыс басталған кезде қолдануға арналады. Сонымен қатар аммоний фосфаты сияқты өрт сөндіргіш ұнтақты пайдаланады. Бұл ұнтақ болат баллонның ішінде, азот қысымымен сақталады. Жарылыс басталған сжұмысшы жайға тарату үшін өрт сөндіргіш арнайы соплоны пайдаланады.
Электрлік тораптар бойынша техникалық қауіпсіздік. Электротораптарды іріктегенде /мысалы, электроқозғалтқыштар мен берілістік механизмдер т.б./ өндірістік қауіптілік класын дәл анықтау керек. Элеватордың өндірістік жайы В-1а класы бойынша жарылыс қаупіне есептеледі. Сондықтан электротораптар сыртынан қоршалуы керек, т.с.с. Өткізгіш сымдар толық изоляциялануы міндетті. Барлық жабдықтардың тұрқысы жермен жалғануы керек т.б. Аспирациялық жүйе жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Мата сүзгілер, жейделі сүзгілер өртке қауіпсіз болуы үшін металл тұрқылардың ішіне орнатылады. Циклон-бөлгіштің тұрқысында шаң жиналып қалатындай тораптар болмауы тиіс. Керісінше жағдайда статикалық зарядтардан пайда болатын ұшқыннан жарылыс болуы мүмкін. Циклоннан жиналған шаңды түсіретін конус цилиндрлік бөліктен аралық қалқан арқылы бөлінуі керек. Бұл қалқан жарылыс жағдайында қарсылық көрсете алатындай есеппен бекітіледі. Силостардың құрылымы нығыз құрылымды болуы керек. Силос ішінде ауасыз кеңістік жасау үшін одан сорылатын ауа мөлшері тиелетін дән мөлшерінен артық болуы керек.Тиегіш астаулардың құрылымы нығыздалуы тиіс. Дегенмен тиегіштер конвейер таспасымен жанасатындықтан, таспа қозғалғанда астаудың резеңке жапқыштары майысады да, нығыздылық азаяды. Осыған байланысты жобада астаудың периметрі бойымен сорғыш камера орнату ұсынылды. Сорғыш камераның ауа енетін периметрлік саңылауы қималық кескіннің үлкен шетінде сорғыш қиықтүтікпен жалғанады.
Дәнді таспалы конвейермен тасымалдау операциясы кезінде қоршаған ортаға шаң-тозаң бөлінеді. Негізінен шаң бөліну тораптарына конвейердің тиеу-түсіру тораптары жатады. Қарастырылып отырған жобада элеваторда қолданылатын таспалы конвейерлердің тиегіш астауларының құрылымы жетілдірілді. Нәтижесінде жуық есептеулер мен инженерлік қисындау нәтижесінде астауды өндіріске енгізу нәтижесінде тиеу торабында шаң концентрациясы шекті нормаға дейін төмендейді (4 мг/м3).
Дәнді алғашқы тазалап шығару цехы қазіргі заманғы техникалын жабдықталған негізінен үздіксіз технологиялық процесс схемасыменжұмыс істейтін құрылымдық бөлімше. Балмұздақ өндіру желісі толығымен автоматтандырылған.
Дәнді алғашқы тазалап өндіруде қауіпті және зиянды әсерлердің болуы мүмкін. Төменде тамақ өндірісіндегі қауіпті және зиян өндірістік факторлардың жіктелуі келтірілген. Осылай жіктеу арқылы балмұздақ шығаратын цехтағы қауіпті жіне зиянды факторларды анықтаймыз.
.
7.1 сурет Тамақ өндірісінде болуы мүмкін қауіпті және зиян өндірістік факторлар
Факторлар негізінен еңбек жағдайының қауіпсіздігі А және еңбек процесінің қауіпсіздігі Б болып бөлінеді.
Біріншіге жататын қауіпті және зиянды фактролар физикалық А1, химиялық А2 және биологиялық А3 әсер ету, екіншіге психофизиологиялық әсердегі Б1, Б2.
Физикалық факторлар мынадай топтарға бөлінеді (суретті қараңыз) А1 : 1 – қозғалып келе жатқан машиналар жабдықтың қоршалмаған қозғалмалы элементтері мұндай элементтерге балмұздақ өндірісінде өнімді тасымалдайтын люлькалы конвейер мөлшерлеу жабдығы; А2 – жабдықтаың жоғарғы температурасы (конвейердің қорғалмаған бөліктері, температурасы 200 ºС) 3 – төменгі және жоғары температура – балмұздақ шығару мекемелерінде қоспа дайындау цехында қоспаны пастерлеу, гомогендеу және жатілдіру кезінде жоғары ылғылдылық байқалады. 4 – электр тогының жоғарғы кернеуін фризер, мөлшерлеу жабдығы, 5 – шу мен вибрацияның жоғарғы деңгейі балмұздақ өндіру цехында фризер, мөлшерлеу жабдығы, буып – түю аппараты жасауы мүмкін; 6 – ультракүлгін, инфрақызыл радиация, радиобелсенді, электромагниттік және басқа да сәулеленудің жоғарғы деңгейі; 7 – табиғи немесе жасанды жарық көзінің жеткіліксіздігі; 8 жабдық пен аспаптардың– өткір қырларымен кедір–бұдырлығы.
Химиялық факторлар келесі топтарға бөлінеді (4.1 сурет поз. А2): 1 – адамды ұшындыратын – балмұздақ өндіру мекемесінде адамды тоңазыту қондырғыларында қолданылатын тоңазыту агенті уландыруы мүмкін (аммиак, кейбір фреондар); 2 – тітіркендіретін әсерлі, яғни мұрынның жұмсақ қабатына әсер, ауыз қуысына, көзге әсер ететін – балмұздақ шығару цехында аталған факторлар аммиактың сыртқа аздап шығуы кезінде болуы мүмкін, 3 – сенсибиляциялық и аллергиялық әсерлі, яни тітіркендіргіштерге сезімтілдықты өзгертетін; 4 – мутагенді әсерлі, тұқымдық өзгерістерге; 5- репродукциялық қабілетке әсер ететін;
Биологиялық факторлар патогенді (ауру шақыратын) микроортанизмдер (позиция А3) және макроорганизмдер (А3'' позицияны қараңыз)
Біріншісі адам организмінемынадай түрде: 1 – бактерия түрінде; 2 – вирус түрінде; 3 – спираль тәрізді микроб түрінде, олар ауыр инфекциялық аурулар шақырады; 4 – саңырауқұлақтар, саңырауқұлақтық ауралар шақыратын микроорганизмдер. Макроорганиздер 1 – өсімдік және 2 – жануардан пайда болатын түрлерге бөлінеді
Тамақ өндірісі мекемелеріндегі жұмыс процесі кезінде жұмысшылар жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет, әсіресе қолдың тазалығы.
Өндірістік цехтардың жұмысшылары қолдарын жуып жұмыс басталар алдын залалсыздандыруы қажет.
Психофизиологиялық факторлар жұмыстың ауырлығын сипаттайтын физикалық (4.1 сурет, поз. Б1), жүктемелерге және жүйке – психикалық (4.1 сурет, поз. Б2) бөлінеді
Физикалық жүктеме мыналарға бөлінеді: 1 – статикалық бұлшық ет жүктемесі, қажетті күш пен уақыт ауысымы арқылы анықталатын, яғни жұмысшылардың мәжбүрлі түрде біп позада ұзақ уақыт тұруы.Балмұздақ өндірісінде статикалық жүктемеге буып –түюмен айналысатын адамдарды жатқызуға болады.
2 – динамикалық бұлшық ет жүктемесі, балмұздақ өндірісінде жүк таситын жұмысшылар. 3 – гиподинамия, немесе көп қозғалмайтын жұмыс; 4 – гипокинезия, немесе физикалық жүктемесі жоқ жұмыстар.
Жүйке – психикалық жүктеме мыналарға бөлінеді: 1 – ойлау арқылы түсетін жүктеме, балмқздақ өндірісінде мұндай объектілерге өндірістік жабдықтарға қарайтын операторларды алуға болады.
2 – анализатордың кернеуі (көру, есту), мұндай жүктеменің түріне өнімнің сапасына жауап бетерін жұмысшылар ұшырайды; 3 – бір жұмысты қайта–қайта жасау, бұл жүктемеге технологиялық процесстің қол еңбегімен байланысты жұмыстары; 4 – көңіл – күй жүктемесі.
Дәнді алғашқы өңдеу өндірісіне қатысты зиян және қауіпті факторларды жіті қарастырамыз.
Ауіпті заттар
Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау заңының 1 бабында “Еңбекті қорғау, еңбек ету процесінде адамның жұмыс істеу қабілетін және денсаулығын сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, гигиеналық, сауықтыру-профилактикалық жүйелерге байланысты заңдастыру т.б. нормативтік актілер негізіндегі әрекеттер” көрсетілген.
Ғылыми тұрғыда негізделген стандарттар, ережелер және нормалар негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды мемлекет өзінің өкілдік нормаларымен бекітеді.
Заңға байланысты енгізілетін нормативтік актілер, көрсетілген кепілдік мерзімдерді қамтамасыз ететіндей етіп қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі құқықпен бекітілуі керек. Мекемелермен еңбек шарты тікелей жұмыс орнында еңбекті қорғау стандарттары мен нормативтеріне сәйкес келуі міндетті.
Дәнді алғашқы өңдеу өндірісінде өрт және жарылысқа қауіпті болып саналатын компрессорлық және тоңазыту қондырғыларын қолдану болып табылады. Оларда тоңазыту агенті ретінде қысыммен жұмыс істейтін аммиак пен фреонды қолданылады.
Компрессорлардың жұмысы езінде жарылыстар сығылған ауаның қысымы әсерінен, сонымен қатар сығу кезіндегі температураның артуынан ауа оттегінде жарылуға қауіпті қоспалардың пайда болуы. Осы айтылған жағдайларда жарылыстың болуы компресорларды пайдалану мен қызмет көрсетуде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады.
Тоңазыту қондырғыларының жарылысы мен авариясы гидравликалық соққыдан болуы мүмкін, айдау құбырының оған жүктің түсуі немесе сақтандыру құрылғыларының жарылуы істемей қалуы кезінде, тоңазыту агентімен толтырылған баллондардың жарылау, дұрыс нығыз жабылмаған жерлерден аммиактің немесе фреонның қоршаған ортаға таралуы.
Организмге әсер ету дәрежесі бойынша аммиак 4 –класс қауіпсіздігіне жатады (4.1 кестені қараңыз)
Аммиак ауамен концентрациясы 16–26,8% көлемі бойынша болғанда жарылысқа қауіпті қоспа түзеді. Газтәрізді аммиак улы, ол көзге демалу жолдарын тітіркендіреді. Аммиактың ауадағы шекті концентрациясы 20 мг/м3, осы шамадан асқанда газдан қорғану құрылғысын киіп жүру қажет.
Сұйық аммиак терінің ауыр күюін шақырады, ал көздің күюі соқырлыққа әкеледі.
7.1 кесте
Зат | ПДК (ШРК), мг/м3 | Ауадағы орташа өлімге алып келетін концентрациясы, мг/м3 | Қауіптілік классы |
Аммиак | 20,0 | 50000 ден жоғары |
Компресорлар мен тоңазыту қондырғыларының жарылысын ескерту үшін сонымен қатар олардың жүйесіне кіретін аппаратуралар (қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар) және құбыр өткізгіштердің, оларды пайдалану кезінде арнайы талаптар орындалуы қажет, осы талаптарды ұйымдастыру және техникалық, қалыпты нормадан қысым жоғарылауын, қондырғылардың қызып кетуін ескерту. Май буының жарылысы, оның таралу өнімдері сонымен қатар тоңазыту агенттері.
Ұйымдастырушылық талаптар компрессор мен тоңазыту қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, қалыпты техникалық жағдай және қызмет көрсету. Оларды сақату келесі шараларды орындау арқылы қамтамасыз етіледі.
Компрессорлар ережеге сәйкес жеке орналасқан бірқабатты ғимараттарда орналасуы қажет. Компрессорлық жайларда еден отқа төзімді сырғанақ емес және тез тозбайтын материалдан жасалуы тиіс.
Аммиакты қондырғыларды қабырғасы мен төбесі тез жанбайтын материалдардан жасау қажет. Бөлімдері 4 метрдан төмен болмауы тиіс.
Аммиакты қондырғылардың машина және аппараттық бөлімі ағымдық жасанды желдету жүйесімен жабдықталуы тиіс. Бөлмені сағат сайын желдетіп тұруды қамтамасыз ету қажет. Машина және аппараттық бөлімде температура 12°С төмен болмауы тиіс.
Аммиакты тоңазыту қондырғыларының ғимараттары найзағайдан сақтандырылған болуы тиіс және өрт сөндіру құралдарымен жарақталуы қажет.
Аммиакты салқындату жүйесін, сонымен қатар манометрмен, термометрмен, сақтандыру клапандарымен жабдықтайды. Аммиакты салқындату жүйесі авариялық жағдайларда аммиакты ағызатын коммуникация яғни сиымдылықтар (ғимарат сыртында) болуы қажет.
Аммиакпен ауаның бүлінуінің алдын – алу үшін жабдықтарды герметизациялар, жергілікті және жалпы ауыспалы тікелей желдету жүйелерін, технологиялық процесстерді рационалды пайдалану, цехтарда вакуумның пайда болмауын қадағалау. Вакуум технологиялық жабдық саңылауынан зиянды заттардың шығуына әсерін тигізеді.