Бөлім. Айнымалы токтың электр тізбектері
5.1 тақырып Айнымалы ток туралы бастапқы мәліметтер. Айнымалы ток туралы түсінік. Синусоидалы ЭҚК- ті алу. Айнымалы ток генераторы құрылғысының сұлбасы. Айнымалы ток генераторының орамасындағы ЭҚК. Синусоидалы шамалардың теңдеулері мен графиктері. Синусоидалы өзгеретін шамалардың сипаттамалары: лездік мән, период, жиілік, фазалардың амплитудасы, бастапқы фаза, бұрыштық жиілік. Векторлық диаграммалар: векторлық диаграммалардың негізделуі, құрылуы. Синусоидалы өзгеретін шамаларды қосу және алу. Айнымалы токтың әрекеттегі және орташа шамалары. Айнымалы токтың әрекеттегі және орташа шамаларын есептеп шығару. Айнымалы токты практикалық пайдалану бойынша П.Н. Яблочковтың еңбектері.
5.2 тақырып Тұрақты ток электр тізбектерінің элементтері мен параметрлері.Айнымалы токтың электр тізбектерінің параметрлері: резисторлар, индуктивті катушкалар, конденсаторлар. Электрлік кедергі, индуктивтілік (L), өзара индукция (М), электрлік сыйымдылық (С). Активті кедергілі айнымалы ток тізбегі: синусоидалы кернеуде ток пен қуаттың формуласы:; тізбектің векторлық диаграммасы. Активті қуат туралы түсінік. Индуктивтілікпен айнымалы ток тізбегі: синусоидалы токта кернеу мен қуаттың формуласы, тізбектің векторлық диаграммасы: индуктивті кедергі туралы, индуктивті қуат (реактивті) туралы түсінік. Сыйымдылықты тізбек: синусоидалы кернеуде ток пен қуаттың формуласы; тізбектің векторлық диаграммасы; сыйымдылықты кедергі туралы және сыйымдылықты (реактивті) қуат туралы түсінік. Шығындармен қатушка және конденсатордың алмастыру сұлбалары. Активті және реактивті элементтерді тізбектеп жалғау сұлбасы: векторлық диаграммалар, кернеу векторының активті және реактивті құраушылары, кернеу мен кедергілер үшбұрыштары. Активті және реактивті элементтердің параллель жалғану сұлбасы; ток векторының активті, реактивті құраушылары, ток пен өтімділіктер үшбұрыштары; шығындар катушкасы мен конденсатордың реактивті және толық қуаты. Қуаттар үшбұрыштары.
Зертханалық жұмыс №9Катушка параметрлерін зерттеу
5.3 тақырып Векторлық диаграммалар арқылы тұрақты токтың электр тізбектерін есептеу. Электр тізбектеріндегі резонанс. Бір қорек көзімен синусоидалы токтың тармақталмаған тізбектерін есептеу: реактивті кедергі шамаларының әр түрлі арақатынасындағы активті кедергілі және индуктивтілікті тізбек (R, C) активті кедергілі, индуктивтілікті және сыйымдылықты тізбек (R,L,C) ,(XL>XC, XL<XC, XL=XC, еркін тізбек). Топографиялық векторлық диаграмманың құрылуы. Бір қорек көзіндегі екі түйінді тармақталған тізбектерді есептеу. Реактивті өтімділіктерді (ВL>ВC, ВL<ВC, ВL=ВC); векторлық диаграмма арқылы және өтімділік әдісімен есептеу. Активті және реактивті элементтердің еркін санды тізбегі. Конденсатордың көмегімен электр тізбектеріндегі реактивті қуаттың қарымталануы. Электр қондырғылардың реактивті қуаты. Электр қондырғылардың технико- экономиялық көрсеткіштеріне реактивті қуат шамасының әсері. Электр қондырғылардың қуат коэффициенті (соs φ).реактивті қуаттың қысқаруының табиғи және жасанды шаралары. Конденсаторлы компенсациялық қондырғыларды есептеу. Тербелмелі контур. Энергия шығынынсыз тербелмелі контурдағы токтар мен кернеу; меншікті тербелістер жиілігі, толқынды кедергі. Энергия шығынымен тербелмелі контур. Кернеулер резонансы: кернеулер резонансының шарттары мен блгілері, резонансты жиілік, тармақталмаған тізбектің жиіліктік сипаттамалары, контурдың сапалылығы. Токтар резонансы: токтар резонансының шарттары мен белгілері, резонанстық жиілік, параллель контурдың жиіліктік сипаттамалары.
Зертханалық жұмыс №10 Активті және индуктивті кедергілердің тізбектеп жалғануындағы айнымалы токтың электр тізбектерін зерттеу
Зертханалық жұмыс №11 Активті және сыйымдылықты кедергілердің тізбектеп жалғануындағы айнымалы токтың электр тізбектерін зерттеу
Зертханалық жұмыс №12 Кернеу резонансы
Зертханалық жұмыс №13 Активті және индуктивті кедергілердің параллель жалғануындағы айнымалы токтың электр тізбектерін зерттеу
Зертханалық жұмыс №14 Активті және сыйымдылықты кедергілердің параллель жалғануындағы айнымалы токтың электр тізбектерін зерттеу
Зертханалық жұмыс №15 Ток резонансындағы электр тізбектерін зерттеу
5.4 тақырып Электр тізбектерін есептеудің символикалық әдісі. Комплексті сандармен синусоидалы кернеу және ток формулалары. Комплексті кедергілер және өтімділік. Белгілі комплексті кернеу және токтың қуатын есептеп шығару. Символикалық формадағы Ом және Кирхгоф заңы, тұрақты ток тізбектерімен тәріздестік. Комплексті сандарды қолданып айнымалы токтың электр тізбектерін есептеу: түрлендіру әдісі, түйінді кернеу әдісі, түйінді және контурлық теңдеу әдісі.
Тәжірибелік жұмыс №4 Комплексті сандардың көмегімен айнымалы токтың тармақталмаған электр тізбектерін зерттеу
Тәжірибелік жұмыс №5 Символикалық әдіспен тармақталмаған электр тізбегін есептеу
5.5 тақырып Индуктивті байланысқан электр тізбектері. Электр тізбектері элементтерінің индуктивті байланыстары. Катушкаларды сәйкестеп және қарама- қарсы қосу. Катушкалардың бір текті және әр текті шықпалары. Екі индуктивті байланысқан катушкалардың тізбектеп жалғануы. Екі индуктивті байланысқан катушкалардың параллель жалғануы. Индуктивті байланысқан электр тізбектерін есептеу. Ферромагниттік өзекшесіз трансформатор.
Зертханалық жұмыс №16 Өзара индукцияның анықтамасы
Тәжірибелік жұмыс №6 Тұрақты активті және айнымалы реактивті кедергілі тізбектің айналу диаграммасын құру