Авторлық телебағдарламаларды тарату жүйесі мен жасау жолдары
2.1 Авторлық телебағдарламаларды синдикаттық жүйеде тарату (бір арнаның тапсырысымен немесе автордың жеке жобасы түріндегі авторлық құқықтың сақталуы)Телевизия. Гректің «tele» – алыс, шалғай, латынның «viseo» – қарау, көру деген сөздерінен пайда болған. Көрермендерге бағдарламаны бейне, дыбыс, дауыс арқылы жеткізетін техникалық және бұқаралық ақпараттың құралы. Бүгінде БАҚ оның ішінде телевизия саласындағы өнімдерді тарату жүйесі ғаламдық телетехнологияның дамуы үлкен өзгерістер әкелуде. Бұрындары тек қана үлкен телемұнара арқылы аумақтарға хабар тарататын телеарналар, қазіргі кезде спутниктік, кабельдік жүйелер арқылы жер жаһанға хабар тарататындай мүмкіндікке ие. Бұл жағдайлар телеиндустрия саласында жаңа терминологияның қалыптасуына жол ашты. Айталық, синдикаттық жүйеде хабар тарату, бағдарлама контенті, мультиплекс сияқты жаңа телесөздердің пайда болуы осының айғағы. Енді, аталған терминдерге түсініктеме беріп қана қоймай, отандық телеарналардағы қолданылу тәжірибесіне сүйенсек. Синдикат – грек тілінен аударғанда syndikos - «бірлесе әрекет ету» деген мағынаны береді. Алғаш бұл термин салалық одақтарға қатысты қолданылса, кейіннен монополиялық бірлестіктерде кеңінен пайдалана бастады. Бүгінде синдикат жүйесін телевизия айдынының мамандары да жұмыс процесінде жиі ұшырасады. Белгілі бір телеарнаның тапсырысымен немесе автордың өзінің идеясымен түсірілген телебағдарламаларды синдикаттық жүйеде, яғни бірнеше телеарналардың эфирінен көрсетуге мүмкіндік береді деген сөз. Сонымен қатар, авторлық жобаның авторлық құқығы автордың өзінде сақталады.
.....
2.2 Авторлық телебағдарламаларды дайындау процесі (тақырып таңдау, сценарий дайындау, жүргізуші рөлі) Авторлық телебағдарламалардың жасалу жолдарын зерттеуге шықпас бұрын, алдымен телевизияның студиялық павильондарына сапар шексек. Студия табалдырығын аттаған бойда жүргізушінің, студия қонағының дауысы табиғи естілу үшін айналасы арнайы матамен қапталған үш қабырғамен тұстас төртінші қабырғаны бойлай тұрған ұзын терезені көруге болады. Оның ар жағында режиссерлік-аппарат бөлмесі орналасқан. Павильонның едені телекамералардың дыбыссыз әрі еркін қозғалуы үшін бір тегіс, жылтыр болып келеді. Сонымен біздің алдымызда «теледидардың материалдық базасы» - павильон, камералар, микрофон, жарық беретін құрылғылар орналасқан. Бұл аталғандардың бәрі экранда бейне мен дыбыстың пайда болуына мүмкіндік береді. Камераларды аппарат бөлмесі іске қосады. Режиссерлық бөлмеде үй теледидарлары секілді бақылаушы мониторлар орналасады. Бұл ағылшын сөзі monitor-дан аударғанда «алдын алушы», «бақылаушы» деген мағынаны береді. Әрине, эфирлік монитор деген де бар. Одан режиссердің хабарға лайық деп тапқан дайын бағдарламаның фрагменттерін көруге болады. Бұл эфирлік мониторға кез келген түсірілген бейнені жібермейді. Алдымен «технология» ұғымына кеңінен тоқталсақ. Технология - көне грек тілінен қазақ тіліне тәржімалағанда «өнер», «шеберлік» әрі «тәсіл», «өндірісті жасау жолы» деген мағынаны білдіреді. Авторлық телебағдарламаларды жасау технологиясы дегеніміздің өзі, міне жасалу жолдары деген сөзді білдірсе керек.
ОРЫТЫНДЫ
«Авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы» атты дипломдық жұмыс нәтижесінде хабар жасаудың көптеген жаңа қырлары түйінделді. Бағдарламаның жанры, бағыты, сценарийдің сауатты әрі қызықты жазылуы, жүргізушінің кәсіби шеберлігі, студиялық декарацияның тартымдылығы сияқты басты факторлардың ұтымды ұйысуы бағдарламаны көрермендердің үлкен ықыласпен қабылдауына негіз болар хабар жасау технологиялары болып табылады. Халық назарын аударатын тақырыптардың мейлінше көп қаузалуы қоғам тарапынан үлкен қызығушылық тудыратынын зерттеу барысында көз жеткіздік. Журналистердің тақырыпты жан-жақты талдап, саралауы бұған қоса операторлық және режиссерлық жұмыстың сапалы атқарылуы телебағдарлама жасаудың басты жолдары деп қарасытырамыз. Қазақ теледидарының алғашқы авторлық телебағдарламаларындағы ұлттық мүдденің, төл өнерімізге деген асқан жанашырлықтың сипатталуы жаңа жүзжылдық телевизиясында да өз жалғасын тапты. Бұл үрдіс қазақ теледидарларындағы авторлық туындылардың даму эволюциясына жол ашып, бүгінде отандық көгілдір экран әлемінен ұлтымыздың салтына, дәстүріне, мәдениеті мен тарихына, экономикалық өрлеуіне арналған жобаларды тамашалуымыз соның айғағы. В.Егоровтың сөздігінде "Телевизиядағы автор - телебағдарламалар, фильмдер, басқа да туындыларды телевизиялық өнердің жиынтығы мен ұжымдық еңбектің арқасында туатын дүниені жасаушы. Сондықтан да телевизияда сценарий авторы, мәтін авторы, әуеннің авторы, режиссер-қоюшы бір бағдарламада болуы мүмкін. Ал авторлық құқықтың субьектілері: режиссер-қоюшы, сценарий авторы және композитор"- деген анықтама береді. Бұл жерден теледидар саласындағы «автор» деген ұғымға дәйектемені ғана алып қоймай әрі бұл сөз өзіне үлкен жауапты міндеттерді жүктейтінін де көреміз.
.....
Сілтемелер тізімі
1. www.akorda.kz ҚР Президентінің Халыққа жолдауы (2011ж)
2. Омирсеитова А, Родионов А, Сартакова Л. Формирование информационного поля столицы: тенденции и перспективы. – Астана: ОФ Сарапшы, 2009. – 131стр.
3. Оразалы С. Шығармалары үш томдық. III т - Астана: Фолиант баспа үйі, 2011. Өмір айнасы. Телевизия туралы толғаныстар. – 560 бет.
4. Есенбекова Ұ. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2011. – 220 бет.
5. Кузнецов Г, Цвик В, Юровский А Телевизионная журналистика. – Москва: Издательство МГУ , 2002. – 304 стр.
6. Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть? – Алматы: Санат баспасы, 1997. – 270 стр.
.....