Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді анықтаңыз

Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс

Белгісі.

а) қос нүкте ә) үтір б) сызықша в) дефис г) көп нүкте

2. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

а) Ертең канал қазу жұмысы басталады.

ә) Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.

б) Партия жоспары – халық жоспары.

в) Елу алты – сенің ұпайың.

г) Оспанов Асылбек өз ісін жақсы біледі.

Ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Жоспарланған жүк уақытында жөнелтілді.

а)баяндауыш ә) бастауыш б)пысықтауыш в)анықтауыш г) толықтауыш

Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз.

а)Мәдени, демалыс паркі. ә)Бәріміз жиналдық б) Бұлтты аспан в) Мынау қоян жепті ғой. г) 1942 жыл.

Баяндауыштың жасалу жолы.

М.Әуезовтің соңғы романы – «Өскен өркен».

а)дара сөз ә)туынды сөз б)біріккен сөз в)қос сөз г) күрделі атау

Тұйық етістік – сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.

Жақсының қасиеті – жарастыру,

Жаманның қасиеті – таластыру.

а)бастауыш ә)баяндауыш б)анықтауыш в)толықтауыш г) пысықтауыш

Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен болған сөйлем.

а) Жидебай – Шыңғыс елі мен жерінің кіндігі ә) Ертеңгі арман.

б) Көп түкірсе – көл. в) Ерлік күші. г) Көзімнің оты шықты.

Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

а) Қой бағу – қиын кәсіп. ә) Бұл – үлкен қуаныш. б) Ерлік – бүгін өмір талабы.

в) Астық – біздің байлығымыз. г) Ізденіс түбі – жеңіс.

Сөйлемді табыңыз.

а) Мәдени демалыс паркі. ә) Оның еңбегі жанды. б) Ашық күн.

в) Оқушының жабдығы. г) Аспан.

Бастауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.

а) Мұғалім дәптерді бес – бестен үлестірді.

ә) Алтау – үшке қалдықсыз бөлінеді.

б) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.

в) Мен – он төрттемін.

г) Биыл молшылық болды.

Зат есім - сөйлемнің қай мүшесі ?

Шетте жүргенмен, ол бұндағы хабарға қанықтұғын.

а)толықтауыш ә)баяндауыш б) пысықтауыш в)бастауыш г) анықтауыш

Есімшелі баяндауышты көрсетіңіз.

а) Көрмес – түйені де көрмес. ә) Жарас кетіп қалды.

б) Матаны қиыс. в) Сөйлескен кім ? г) Жүрісті тоқтат.

Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді не дейміз?

а)жайылма ә) жалаң б) жай в) толымды г) толымсыз

Төмен» сөзі – қандай сөйлем мүшесі, дұрысын белгілеңіз.

Сөзі жалған кісінің жүзі төмен.

а)бастауыш ә) баяндауыш б)анықтауыш в)толықтауыш г)пысықтауыш

15. Тұрлаулы мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілердің

қойылу себебін көрсетіңіз.

Алыстан қарауытқан – қара.

а) зат есім - зат есім ә) зат есім - есімше

б) есімше - зат есім в) есімше – сын есім

г) сын есім - зат есім

Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз

а) Ол – күлдіргі бала. ә) Оқыған озады, оқымаған тозады.

б) Мақсат әнді құлпырта шырқаған. в) Армансыз адам болмайды.

г) Арманға жету керек.

Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

а) Астана ә) селтең – селтең б)сарт – сұрт в)иә г) әттегене – ай

Жанама толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Жарасов шопандарға дем бере сөйледі. ә) Ердің еңбегі зор.

б) Біз асыға жүрдік. в) Ол телефон арқылы сөйлесті. г) Жаздағы

оқиға.

Есімшелі одағайдың сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Баланың уһлеген даусы естілді.

а)бастауыш ә)баяндауыш б)анықтауыш в)толықтауыш г) пысықтауыш

Ай сөйлемде тура толықтауыш бар ?

а) Жанат күні бойы үй тазалады.

ә) Бұл алқап мал аңсап жейтін ащы мен тұщыға кенелген.

б) Ақындық шабыт кейде осы адырмен кеп сырласқандай болады.

в) Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті.

Сілтеу есімдігінің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз

Мен мынау ауылдарға барып көрем.

а)толықтауыш ә)анықтауыш б)пысықтауыш в)бастауыш г) баяндауыш

Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

а)Ақ басты Алатаудың Жамбылымын. ә) Ендігі кезек сендердікі.

б) Ойлаған мақсатына жетті. в) Астанаға көшіп келген.

г) Әркімге сыр айту – қателік.

Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді анықтаңыз.

а) Уілдеген желді түндер. ә) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

б)Ол Мейраш ұстаны қатты сыйлайды.в)Айдалада бес – алты тас үй.

г) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

23.Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) “Тарақ” деген сөздегі “та” буыны – ашық буын.
B) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
C) “Қол ұстату” деген ырым осы.
D) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?
E) Сен дегенде ойым таза.

24.Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сен дегенде сөз бар ма?
B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
C) Баланың соңғы ермегі – “Ақсүйек”.
D) Осы күні сол жер қызыл гүл екенін айтты ол.
E) Сауатты болу – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

25.Автор сөзі төл сөзінен кейін тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Баланың ермегі – “Ақсүйек”, ”Соқыр теке”.
B) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
C) Ол: “Бұл не деген жұмбақ?” – деп ойлады.
D) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
E) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын оқыдың ба?

26.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
A) Ол: “Батыр хал қалай?” деді.
B) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
E) Ол “Батыр, хал қалай?” – деді.

Наши рекомендации