Сұрыптау дөңесінің жұмыс технологиясы
Дәріс 11
1. Сұрыптау паркіндегі пойыздарды өңдеу технологиясы.
2. Өзі қалыптастырған поиыздар мен транзиттік пойыздаорды өңдеу технологиясы.
1. Құрамдарды дөңестен сұрыптау нәтижесінде вагондар құрастыру жоспарында және ТПЕ-де көзделген тәртіппен сұрыптау жолдарына түседі. Ол үшін сұрыптау жолдарын былайша мамандандырады:
· пойыздарды құрастыру жоспарында белгіленген пойыздардың баратын станциясына қарай;
· станциялар ішіндегі бару орындарына қарай (жүк түсіруге, сұрыптау платформасына, өлшеуге, жөндеуге);
· екі сұрыптау жүйесі бар станцияларда – қайырылма вагон ағындары үшін.
Құрастыру жоспарындағы әр станцияға баратын вагондар үшін арналған жолдардың саны вагон ағындарының мөлшеріне және сұрыптау жолдарының жалпы санына байланысты болады.
Біртопты пойыздардың әр барар станциясы үшін, сондай-ақ құрама пойыздар үшін кемінде бір сұрыптау жолы, ал вагон ағындары қуатты болса – екі жол бөлінеді. Топтық пойыздарды құрастыруда вагондардың әрбір тобы үшін бір тартым жолына шығатын сұрыптау жолдарын бөледі. Жергілікті вагондар үшін жеке жолдар бөлінеді. Егер сұрыптау станциясында жергілікті вагондарға арналған қуаты шағын дөңесі бар (осы вагондар қайта өңделетін) арнайы парк болса, сұрыптау паркінде бір жолдың болуы жеткілікті. Кейбір станцияларда тарату барысында баратын станциясына қарай мамандандырылған жолдарға жөнелту тиімсіз болатын вагондар үшін, мысалы құрамдарды қатар таратуда қайырылмалы вагондар үшін бір-екі екшеме жол бөледі. Егер арнайыекшеме жол бөлуге мүмкіндік болмаса, сұрыптау жолдарының (дөңес жағындағы) бос жерлерін пайдаланады.
Құрастырылатын пойыздардың құрамын түзу үрдісі жинақтау деп аталады. Вагондарды құрамға толық жинақтау уақыты – жинақтау периоды деп аталады. Келген вагондардың бірінші тобы бүкіл жинақтау периодын күтіп тұрады, ал соңғы (аяқтау) тобы күтпейді, өйткені оның келуімен жинақтау үрдісі аяқталады. Жинақтауға кететін жалпы мерзімді вагон-сағатпен есептейді, ол жинақтауға қатысатын вагондардың әр жинақтау жолындағы тұратын уақытына көбейтін-дісінің жиынтығынан тұрады. Жинақтау вагон-сағатын суретте берілген график бойынша есептеп шығаруға болады.
Вагон топтарының сұрыптау жолдарына түсуінің түрліше жағдайы үшін жинақтау вагон–сағатын анықтауды қарастырайық. а-суретінде: – келіп түскен вагон топтарының саны; – келу интервалдары көрсетілген.
Құрамдарды жинақтауға жұмсалатын вагон-сағаттың жалпы шығыны сатылы фигураның ауданына тең болады:
Егер вагондардың келуі біркелкі және топтары бірдей болса, онда
Жинақтау үрдісі үздіксіз өтетін жағдайда, жинақтауға жұмсалатын вагон-сағат шығыны үшбұрыштың ауданымен анықталады:
сурет.Құрамдарды жинақтаудың әр түрлі графиктері:
а – бір құрамды жинақтау; б – құрамдарды тәулік ішінде үздіксіз біркелкі жинақтау; в – құрамдарды тәулік ішінде үзіліспен біркелкі жинақтау
Осы станцияға баратын бірнеше құрамның тәулік ішіндегі жинақтау вагон-сағаты барлық үшбұрыштар ауданының жиынтығына тең болады
Егер жинақтау тәулік ішінде үздіксіз жүргізілсе,
және
Жинақтау үзіліспен жүргізілсе ( в-сурет) сағат болады. Егер , онда сағ; .
Құрамның орташа санын m деп алғандағы жинақтау вагон–сағатының формуласындағы коэффициент жинақтау параметрі с деп аталады. Оны пайдаланғандағы бір станцияға баратын тәуліктік жинақтау вагон-сағат тең болады. Станция үшін с параметрі есептік мөлшер. Ол құрастыру жоспарының барлық станцияларына арналған жинақтау вагон-сағатын баратын станциялар саны мен пойыздың құрамына бөлу арқылы анықталады:
мұндағы – құрастыру жоспарындағы станциялардың саны.
Жөнелту паркінде станцияның өзі құрастыратын құрамдарымен мынадай жұмыстар атқарылады:
· вагондарды техникалық байқау және ағымдағы ағытпай жөндеу;
· вагондарды коммерциялық байқау және ақауларын жою;
· локомотив бригадасына құжаттарды беру;
· пойыз локомотивін тіркеу және автотежегіштерді тексеріп көру.
Құрамды жөнелту паркіне ауыстырған соң станция (парк) кезекшісі ТТҚ операторына телефон арқылы құрамды ұсынып, жолдың нөмірін, құрамдағы вагондардың санын, алдыңғы және соңғы вагонның нөмірін және пойызды жөнелту уақытын көрсетеді.
Пойыздарды сұрыптау паркінің жолдарынан тікелей жөнелтуде құрамды сұрыптау жолдарында құрастырып болған соң қарап тексереді.
Пойыздарды қабылдаушылар мен коммерциялық ақауларды жоятын жұмысшылар вагондарды техникалық байқау және жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар құрамды коммерциялық тексеруден өткізіп, байқаған ақауларды жояды. Коммерциялық тексеру қосынының (КТҚ) қызметкерлері құрамды тексеру барысында вагондардағы пломбылардың бар-жоғын, бұзылмауын тексереді, вагондардың нөмірлерін анықтама қағаздағы мағлұматтармен салыстырады. Құрастырылған құрамдарды СТО қызметкерлері де тексереді. Жөнелту жұмысындағы СТО-ның операторы вагондарды жинақтау барысында анықтама қағаздарын толтырады, ол үшін сұрыптау жолдарында вагондардың тұруы мен орналасуын есепке алу қағазы мен құрамға қосылатын вагондардың жүк құжаттарын пайдаланады. Анықтама қағазындағы вагондар туралы мағлұматтар мен жиналған құжаттар құрамдағы вагондардың нақты болуы мен орналасуына сәйкес болуы тиіс. Жөнелту үшін станцияның өзі құрастырған пойыздарды өңдеудің үлгі графигі 1.16-суретте келтірілген.
сурет.Жөнелту үшін станцияның өзі құрастырған құрамды өңдеудің үлгі графигі