Цемент қамыры көлемінің бір қалыпты өзгеруін анықтау
Азақстан Республикасының Білім Министрлігі
Азақ Бас Сәулет- Құрылыс Академиясы
Цемент
Құрылыс материалдары пәндері бойынша
2903, 2906, 2907, 2908 мамандықтарының
студенттері орындайтын лабораториялық
жұмыстың методикалық нұсқаулары
Алматы
Лабораториялық жұмыс
Цемент (МС 310.3-76, 310-4-81)
1.Цемент құрамының қалыпты (нормальды) қоюлығын анықтау.
Цемент құрамының қалыпты қоюлығы қамырмен толтырылған сақинаға Вика аспабының пестигін енгізгенде, ол сақина орнатылған пластинкаға 5-7мм жетпегендігі су шығымы арқылы сипатталады да судың цементке проценттік қатынасымен есептелінеді.
Стержнге иненің орнына диаметрі 10мм пестикпен алмастырғандағы салмағы 300г Вика аспабы (приборы) қолданылады. Аспаптағы жоғры-төмендегі кедергісіз жылжып тұратын пестикті сақина орналыстырған пластинкаға түсіріп, жететіндігін тексереді. Пластинкаға жанасқан кезде шкаладағы көрсеткіш (указатель) “0” деңгейінде тұру керек. Вика аспабының стержінінің кедергісіз,бос, жоғары- төменді жылжымалығын және де пестикті бекітетін тетіктің бекемділігін тексереді.
Тәжірибе алдында чашканы, қасықты, әйнекті (шыны), және де сақинаны ылғалды сүрткішпен сүртеді. Өлшеп алынған 400г цементті чашкіге салады да ортасын шұқырлап, цемент қамырының қалыпты қоюлығына жеткілікті суды бір-ақ рет құяды. Су құйылған шұңқырды цементпен жабады, 30сек. уақыттан кейін абайлап араластырады,осыдан соң қалақшамен жылдамдатып езіп илеп (растирают) аралыстырады. Су құйылған уақыттан бастап 5 мин. езіп илеп араластырады. Су құйылған уақыттан бастап 5мин. езіп илеп араластырады. Аралыстырылған цемент қамырын бірақ рет сақинаға салып пластиканы сақинамен ұстап, қатты затқа жанатын тигізіп қойып сілкілейді(встряхивание). Цемент құрамының сақинадан артық жағын ылғанды пышақпен кесіп алып, бет жағын сақина деңгейімен теңестіреді. Уақыт өткізбей Вика аспабына цемент қамыры бар сақинаның бет ортасына пестикті жанатып тигізіп, ұстағышпен стержді бекітетін тетікпен бекітіп, содан кейін стержді босатып пестикті қамырға кіргізеді. Стержнді босатқаннаң кейін 30сек. өткен уақытта пестиктің қамырға батқан (кірген) терендігін шкала көрсеткіші арқылы есептейді. Өлшеген кезінде қамыр бар сақинаға ешбір күш әсер етпеу керек.
Цемент қамырының қалыпты қоюлығы деп жылжымалы пестиктің сақина қондырылған пластинкаға 5 -7мм жетпеген жағдайдағы су шығымын айтады. Цемент қамырының қоюлығы берілген мөлшерге сәйкес келмеген жағдайда су шығымын өзгертіп, цемент қамырын қайта жасап (басқа цементпен) пестиктің сақина орналасқан пластинкаға шейін енгенін өлшейді.
Цемент қамыры көлемінің бір қалыпты өзгеруін анықтау
Көлемнің бір қалыпты өзгеруі бетонның немесе құрылыс өрісінің қатаю кезінде қуыс пайда болуына әсер етеді. Бұл жағдай цементтегі бос СаО және МgО мөлшерінің көп болғандығының әсерінен болуы мүмкін. 75г –нан өлшеніп алынған цемент қамырынан жасалған екі шарикті машина майымен сүртілген пластинкаға орнатады(кояды). Пластинканы қатты затқа тақап селкілдетіп тербетіп диаметрі 7 -8см,ортасындағы қалындығы 1см-ге таяу (жуық) табақша (лепешка) жасайды. Табақшаны ылғалды пышақпен бет жағын бір келкі етіп сүртіп шет жағын үшкірлеп тегістейді. Ауа қатынаспайтын гидравликалық астауда табақша 24 сағат қатайғаннан кейін суда және су буында қайнатып сынайды. Сақтау уақыты өткеннен кейін екі табақшаны гидравликалық астаудан алып, пластинкадан босатып суы бар ыдысқа (бочок для кипения) орнатылған торға решетка қойып, 3 сағат суда қайнатып, оны суытып, табақшаларды судан алып сырт пішінін тексеріп байқайды.
Көлемі бір қалыпта өзгеру жағынан сынған цемент МС/ГОСТ/ талабына сай келеді, егерде табақшаның бет жағынан көзбен немесе лупамен қарағанда(көргенде) шетіне жететін қуыс немесе майда тор секілді сызық қуыстар болмаса, және де қийсамаса, көлемі үлкеймесе.
Көлемінің бір қалыпты өзгеру сынағына шыдаған табақшалар.
Көлемнің бір қалыпты өзгеру сынағына шыдамаған табақшалар.