Тәрбиеші :Имангалиева Р 31.12.2014ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі : Сиқырлы қағаздар
Тақырыбы : Шырша
Мақсаты : Ағаш түрлері жайлы түсінік беру, шаршы қағазды үшбұрыштап бүктеу арқылы шырша жасауды үйрету. Қағазбен жұмыс жасау шеберліктерін жетілдіру, белсенділікке тәрбиелеу.
Қостілділік құрам :шырша - елка
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбері: - Алақанды ашайық, - күн нұрын салайық, - жүрек жылуын салайық, - жиналған жылу шуақтарды, - Достарымызғы шашайық. | Шеңберге тұрып өлең сөздерін бірігіп айтып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді. |
Ұйымдас тыру – іздену | Жұмбақ шешу Жасыл көйлек киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріндемін үйіңнің. Д/О: «Ағашты жапырағынан ажырат» Д/О: «Шыршаны безендір» Үлгі көрсету Жасалу жолдарын түсіндіру Сергіту сәті Қар үстінде қар, қар, Шырша үсті қар, қар, Ағаш түбінде ақ аю, Ұйықтап қапты. Тыныш, тыныш балақай. Шуламаймыз біз бұлай! Жеке жұмыс Көрме ұйымдастыру Тілдік жаттығу. У - у - у - мөлдір су. Ша – ша - шырша Ұз - ұз - ұз - көкше мұз. | Балалар жұмбақтың шешуін табады. (шырша) Балалар ағаштарды жапырақтарынан танып ажыратады. Балалар шыршаға ойыншықтар іледі. Балалар қағазды бірнеше бүктеу арқылы шыршаны жасауды үйренеді Балалар денелерін сергітеді Балалар үлгі бойынша шыршаны қағаздан бүктеп жасайды Балалар өз жұмыстарын бағалайды. |
Рефлек сивті -түзету | Шырша жыры Жасыл желек жамылған Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағынған. Неткен сұлу шыршамыз, Ән салайық баршамыз! Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! | Балалар бәрі қосылып шырша жырын айтады. |
Күтілетін нәтиже :
Білукерек:Қағаздан шыршаны бүктеу арқылы жасай білу керек
Қандай түсініктерді игереді : Оригами өнеріне қызығушылықтарын арттыру.Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Шырша жайлы білімдерін толықтыру. Қағазды бүктеу әдістерін арықарай жетілдіру. Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту. Ұқыпты, нәтижелі жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.
Тәрбиеші: Имангалиева Р 07.01.15ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сиқырлы қағаздар
Тақырыбы: Күшік
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру. Шаршы қағазды бірнеше бүктеу арқылы күшік жасау тәсілдерін меңгерту.Көркемдік талғамдарын қалыптастыру
, ой-қиялын дамыту аңдарға қамқорлық жасауға
тәрбиелеу. Еңбек іс-әрекетіне бейімдеу
Қостілділік құрам :
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Психологиялық ойын-жаттығу. «Өмір әлемі» Қоршаған өмір әлемі Не деген көркем-әдемі Сол сұлулықты сақтайық Мадақтайық, мақтайық. | Балалар өлең мәтініне қимыл жасайды. |
Ұйымдас тыру – іздену | Д/О «Ойлан, тап!» Күзетке берік. Адамға серік Таңдандыру күшіктің даусы шығады. «Не жанданды?» Ит туралы әңгіме. «Өрт пен Ит» Балаларға өрттен баланы иттің қалай құтқарғанын әңгімелеу. Д/О «Сипатта» 7.Д/О «Иттерді өз үйшігіне орналастыр» 8.«Кел, үйренейік!» Күшіктің жасалу жолдарын түсіндіру, көрсету. 9. Сергіту сәті : Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Хлоп, хлоп,хлоп. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз Тоңса бізідің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Тарс- тарс- тарс 10.Көрме ұйымдастыру. «Ең әдемі күшік» | Б-р, жұмбақтың шешуін табады. Шешуі:(Ит) - Күшік -Б-р, зейін қойып тыңдайды. -иттің дене мүшелерін атайды (даусын т,б.) Б-р , иттің адамға тигізер пайдасын айтады -Б-р,иттердің түсіне, геометриялық пішіндерді ажырату арқылы үйшігіне орналастырады. - Б-р тыңдайды бірге жасайды. Сергіту жаттығуын жасайды |
Рефлек сивті –түзету | «Күшігім менің Саққұлақ» өлеңін оқу. Ит келіп рахмет айтады. | Бірге қайталайды. |
Күтілетін нәтиже :
Білу керек: Үй жануарлары туралы түсінік беру.
Қандай түсініктерді игерді;Шаршы қағазды бірнеше бүктеу арқылы күшік жасау тәсілдерін меңгерту.
Меңгерген дағдылармен іскерліктері: Көркемдік талғамдарын қалыптастыру
, ой-қиялын дамыту аңдарға қамқорлық жасауға
Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта