Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарын жөндеу

Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының қалыпты жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін, жоспарлы тәртіппен жүргізілтін, баптау, бақылау және жөндеу бойынша іс-шаралардың жиынтығы болып келетін, жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесін қолданады. Осы жүйенің арқасында алдын-ала машиналарды график бойынша жөндеуге тоқтату жоспарланады, қосалқы бөлшектер мен материалдар және т.б. дайындалады.

Технологиялық жабдықтарды жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесі келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

- жабдықтар белгіленген машина-уақыты санын анықтағаннан немесе күнтізбектік уақытпен белгіленген норманы орындағаннан кейін жоспарлы тәртіппен жөнделеді;

- жөндеудің сәйкес түрінің тізбектеліп кезектесетін белгілі бір саны кезеңмен қайталанатын жөндеу циклін құрайды.

- әрбір жоспарлық жөндеу кезеңі жабдықты жөндеу алдындағы кезеңде пайдалану нәтижесінде пайда болған оның тозуын қалпына келтіретін көлемде іске асырылады. Ол алдын-ала белгіленген уақыт кезеңінен кейін орындалатын келесі кезектік жоспарлық жөндеуге дейін жабдықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі керек.

- кезеңдік жоспарлық жөндеулер арасында әрбір машина орындалу процесі кезінде ұсақ ақаулары жөнге келтірілетін, механизмдерін реттеу, тазалау және майлау жүргізілетін, сондай-ақ тозған бөлшектерін ауыстыру үшін дайындалуы керек бөлшектердің тізімі анықталатын жоспарлы тәртіппен іске асырылатын техникалық тексеруден өтеді.

Жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесінде жөндеу жұмыстарының көлемі мен күрделілігіне тәуелді ағымдағы және күрделі жөндеулерді жүргізу қарастырылған.

Ағымдық жөндеу – жабдық жұмыс қабілетті күйде ұсталатын көлемі аз жоспарлық жөндеу. Ол тікелей жабдық орнатылған жерде орындалады.

Ағымдық жөндеу кезінде жабдықтың күйі тексеріледі, тез тозатын бөлшектері ауыстырылады, қажет болса майы ауыстырылады және жабдықтың күрделі түйіндерін бөлшектеуді қажет етпейтін ақаулары жөнделеді. Жабдықтың техникалық күтім қызметінің күшімен жөнге келмейтін ақаулары, шақырылатын жылжымалы жөндеу бригадаларының күшімен жөнделеді.

Күрделі жөндеу – орындалуы кезінде жабдық толығымен бөлшектеніп, жөнделетін немесе барлық тозған түйіндері немесе бөлшектері ауыстырылатын, сондай-ақ ағымдағы жөндеуге кіретін жұмыстар орындалатын ең күрделі және қиын жоспарлық жөндеу түрі.

Жоспардан тыс жөндеу – жабдықтың қатерге ұшырауынан болатын немесе жоспарда қарастырылмаған жөндеу. Жоспарлық-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесін ойдағыдай ұйымдастырғанда, әдетте, жоспардан тыс жөндеулер жүргізілмейді.

Жабдықтарды үнемі техникалық ақаусыз және пайдалануға дайын күйде ұстау үшін, сондай-ақ қатерлері мен сынуларын болдырмау мақсатында техникалық қызмет көрсету жүйесі қамтамасыз етілуі керек. Техникалық күтуге жабдықтың техникалық шарттарында және төлқұжаттарында көрсетілген жабдықты пайдалану ережелерінін қадағалау кіреді және жабдықтың техникалық күйін тексеру, майда ақауларын жөндеу және кезекті жоспарлық жөндеу кезінде орындалуы керек дайындық жұмыстарының көлемін анықтау мақсатында жүргізіледі.

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздерді көшіріп жазыңыздар.

3-тапсырма:Мәтіннің негізінде сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, оларды сәйкестендіріп, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і : Қалыпты жұмыс қабілеттілігі

1. қалыпты 2. жоспарлы-ескертулі 3. техникалық 4. ағымдық 5. майлау 6. жоспарда 7. бөлшектер 8. күтім 9. ақаулар 10. машина-уақыты а) жөндеу жүйесі ә) көлемі аз жоспарлық жөндеу б) жүргізіледі в) қарастырылмаған жөндеу г) ауыстырылады ғ) санын анықтау д) жұмыс қабілеттілігі е) себебін анықтау и) қызметінің күшімен ж) қызмет көрсету 1. ........................ 2. ........................ 3. ........................ 4. ........................ 5. ........................ 6. ........................ 7. ........................ 8. ........................ 9. ........................ 10. ......................

4-тапсырма:Мәтінді қазақ тіліне аударып, ондағы мәліметтерді естеріңізде сақтаңыздар. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

Безопасность оборудования – способность оборудования выполнять функции и иметь возможность быть транспортируемым, устанавливаемым, регулируемым, обслуживаемым, демонтируемым в условиях предназначенного применения, согласно инструкции изготовителя, без травмирования или нанесения другого вреда здоровью.

Идентификация продукции – установление тождественности характеристик продукции ее существенным признакам.

Испытание нефтегазового оборудования – экспериментальные значения параметров и показателей качества оборудования в процессе его функционирования.

Источник аварии – производственный объект, на котором осуществляются производственные процессы, относящиеся к сфере применения настоящего Федерального закона.

Капитальный ремонт - ремонт, выполняемый для восстановления исправности и полного или близкого к полному восстановлению ресурса оборудования с заменой или восстановлением любых его частей, включая базовые.

Качество оборудования – совокупность свойств оборудования, обусловливающих его пригодность удовлетворять определенные потребности в соответствии с назначением этого оборудования.

Наши рекомендации