Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру

Жоспарлы-ескертулік қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.Пайдаланған сайын машинаның, оның бөлшектері мен түйіндерінің жұмыс қабілеті төмендейді. Ақаулар техникалық қызмет көрсетумен, ал тозу жөндеумен қалпына келтіріледі.

Машиналардың күтпеген жерден істен шығуын болдырмайтын немесе оның ықтималдығын азайтып пайдаланудың негізгі қағидасы жоспарлы күтім жасау мен жөндеу болып табылады.

Халық шаруашылығында машиналарға жоспарлы ескертулік қызмет көрсету және жөндеу (ЖЕЖ) жүйесі кең қолданылады.

ЖЕЖ жүйесі – машиналарды ақаусыз және жұмыс қабілетті жағдайында ұстау үшін алдын ала жасалынған жоспар бойынша профилактикалық орындалатын машиналарға қызмет көрсету және жөндеу шараларының кешені.

ЖЕЖ жүйесінің негізгі қағидалары:

1) жабдықтарға жөндеу аралық кезең деп аталатын жоспарланған уақыт аралықтарынан соң орындалады;

2) жоспарлы күрделі жөндеуден кейін жабдықтың мінездемелері жаңа жабдықтың қуаттық көрсеткіштеріне жақындайды;

3) бүкіл жабдықтар жөндеу кезеңдері аралығында жүйеде көрсетілген қатаң тәртіппен барлық кезекті жөндеулерден өтеді;

4) жоспарлы жөндеулерден басқа ТҚК-лер орындалады;

5) ТҚК мен жөндеудің кезегі, кезеңі және көлемі жабдықтың атқаратын қызметімен, құрылымен және пайдалану жағдайымен анықталады.

ТҚК орындалатын операциялар саны, көлемі және уақыты бойынша қатаң регламентпен орындалады. Ал жөндеу көлемі мен уақыты бойынша жоспарланады және машинаның жағдайына байланысты белгіленген уақыт ішінде орындалады.

Машиналарға қызмет көрсету мен жөндеудің принциптік сұлбасы 4.1-суретте көрсетілген

 
  Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru

4.1-сурет – ЖЕЖ жүйесінің принциптік сұлбасы

Күнделікті қызмет көрсету күнде орындалады. Оған кірден тазалау, бұрандалық қосылымдарды тексеру және тарту, майлайтын құрылымдарды тексеру және жөнге келтіру, бақылау, қорғау және тежеу құрылымдарын тексеру жатады.

Кезеңдік ТҚК-ге қызмет көрсету және майлау картасында көрсетілген майлаулар және май ауыстыру, сыртын жуу, реттеу және тексеру жұмыстары, барлық бақылау және басқару жүйелерін тексеру және жөнге келтіру жатады. ТҚК технологиялық тоқтаулар кезінде орындалады. Әдетте, ТҚК операциялары машина немесе қондырғығақызмет ететін мамандарымен (моториспен, механикпен, операторлармен) орындалады. Барлық орындалған жұмыстар, сондай-ақ байқалған тозулар мен ақаулар арнайы жорналға жазылады. Сөйтіп, кезекті жөндеуге материалдар жиналады.

Ағымдағы жөндеу (АЖ) – былайша ақаусыз машинаның кейбір бөліктерін жұмыс қалпында ұстауы мақсатында жасалады.

АЖ көлемі және қиындығы күрделі емес. Олар: жабдықтың жағдайын тексеру, тез тозатын бөлшектерді ауыстыру, қажет болса майларды ауыстыру, жабдықтың күрделі бөліктерін бөлшектеуді керек етпейтін барлық ақауларды жөнге келтіру. АЖ жабдық орнатылған және пайдаланылатын жерде орындалады.

Ортаңғы жөндеу (ОЖ) кезінде жабдықтың өте қажетті бөліктерінің табиғи тозу нәтижесінде жоғалтылған жұмыс қабілеті қалпына келтіріледі. Жұмыс көлемі маңызды. Ауыр және үлкен жабдықтардың ОЖ пайдаланылатын жерде орыналады. Жөндеуді тездету үшін ертеректе жөнделініп қойылған бөлшектер мен түйіндер пайдаланылады (түйіндік жөндеу принципі). Технологиялық тоқтауды азайту үшін агрегаттық әдіс қолданылады. Агрегаттар алдын-ала дайындалатын агрегаттар қорынан алынады. ОЖ келіп жөндейтін бригадалармен орындалады және жылжымалы жөндеу шеберханалары пайдаланылады.

Күрделі жөндеу (КЖ) – бұл машинананың немесе жабдықтың жұмыс қорын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруге бағытталған жөндеу. ЖЕЖ кезінде негізінен бұрын қолданылған бөлшектер мен бөліктер пайдаланылады. Сондықтан КЖ кейін қалпына келтірілген жабдықтың жөндеу аралық кезеңі жаңа жабдықтікімен салыстырғанда 10%-ға кем. КЖ жаңаланған, тозуға төзімділігі арттырылған бөлшектер пайдаланылуы мүмкін. Бұл кезде дайындаушы заводтар көмектеседі. КЖ жөндеу заводтарында немесе жақсы жарақтандырылған үлкен жөндеу базаларында орындалады.

Жұмыс кезеңінің әрбір кезеңінде есептеу бойынша жұмыс қоры біткен бөлшектер қалпына келтіріледі. Кезекті жұмыс көлемі мен кезеңі алдындағының бүтін еселігі болғанының маңызы зор. Бұл кезде машинаның тоқтап тұрған уақытты және жұмыс сыйымдылығы өте аз болады (өйткені шыдам мерзімдері бір-біріне еселікті болады). 4.2-суретте көрсетілгендей Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru , Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru . Бұдан Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru сәті келген кезде барлық бөлшектер бірдей жұмыс қорларын тауысатыны шығады. Сол кезде машинаға немесе жабдыққа КЖ өткізіп оның жұмыс қабілетін толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруге болады.  
ЖЕЖ-дің теориялық негіздері.ЖЕЖ-дің негізінде бөлшектердің тозуға төзімділігінің әртүрлілігі жатыр. Машинаны тозуға төзімділігі бірдей бөлшектерден жинау мүмкіншілігі жоқ болған себепті оны шыдам мерзімдері бірінің деңгейі екіншілеріне жақын бөлшектер тобынан құрастыруға тырысады. Тез тозатын бөлшектер үшін тез және қарапайым машинаны бөлшектемей ауыстыру мүмкіншілігін қарастыру керек. Содан кезеңделіп қайталанатын профилактикалық және жөндеу жұмыстарынан тұратын ЖЕЖ жүйесі шығады.

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru

 
 
4.2 – сурет – ЖЕЖ жүйесінің теориялық негіздері: а – профилактикалық және жөндеу жұмыстарының кешені; б – жұмыстардың мерзімдері; в – машинаның бөлшектерінің қажалауының және жұмыс қабілетінің төмендеуінің жылдамдығы; г – машинаның жұмыс қабілетінің төмендеуінің және оны қалпына келтірудің сомасы.  

Жабдықтың кез-келген сәттегі жұмыс қабілетінің деңгейі мына формуламен анықталады:

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru , (4.1)

бұл жерде, Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru уақыт интервалдарының жалпы Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru уақыты ішінде бүтін саны.

ЖЕЖ жүйесінің негізгі көрсеткіштерін анықтау әдістері.ЖЕЖ жүйесінің көрсеткіштерінің негізгі өміршеңдігі болып табылады.

Физикалық шыдам мерзімі:

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru (4.2)

Бұл жерде

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru (4.3)

мұнда, Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru білік пен тесіктің беттерінің кедір-бұдырлығының сомасы;

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru біліктің айналым саны;

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru білікке түсетін күш;

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru біліктің диаметрі;

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru күш түсетін беттердің ұзындығы;

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru майдың тұтқырлығы.

Тозу жылдамдығы Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru заводтық немесе пайдалану сынауларымен анықталады. Табылған Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru -ны анықтауға пайдаланылады:

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru (4.4)

бұл жерде, Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru уақыты қткеннен кейін пайда болған және өлшенген бөлшектер арасындағы саңылау.

Негізгі бөлшектер үшін Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru ның кестесін жасайды. Соның негізінде жөндеу циклінің құрылымын жөндеудің әрбір түрінің көлемі мен уақытын анықтайды. Бұл құрылым бастапқы болып табылады. Ол пайдалану тәжірибесі негізінде түзетіледі.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарының ЖЕЖ жүйесінің негізгі көрсеткіштері төменде келтірілгендер болып табылады.

- жөндеу циклі Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru кезекті екі КЖ, ал жаңа жабдықтар үшін бірінші КЖ-ге дейінгі уақыт;

- жөндеу аралық кезеңі Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru кез келген жоспарлы екі жөндеулер аралығындағы уақыт.

Жөндеу аралық циклінің құрылымы – бір жөндеу циклі ішіндегі әртүрлі жоспарлы жөндеу түрлерінің саны және кезектесу реті.

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru және Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru жабдық жұмыс істеген сағат санымен анықталады. Уақытты есептеу дұрыс жолға қойылмаған жағдайда Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru және Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru машиналық және күнтізбектік уақытта оны пайдаланудың жоспарлы коэффициенттерін ескере отырып күнтізбектік уақытпен анықталады.

Жабдықты машиналық уақыт бойынша пайдалану коэффициенті машиналық уақыттың жабдықтың жұмыста болған уақытына қатынасымен анықталады:

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru (4.5)

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru тікелей жқмысты орындау, ТҚК, көмекші жұмыстар, апаттар мен қиындықтарды жою уақыттарынан тұрады.

Жабдықты күнтізбектік уақыт бойынша пайдалану коэффициенті жұмыста болған уақыт сомасының жалпы күнтізбектік уақытқа қатынасымен анықталады:

Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru . (4.6)

ТҚК мен жөндеуді жоспарлау, дайындау және ұйымдастыру. ЖЕЖ жүйесі нақты жоспарлауды талап етеді. Жөндеу жұмыстарының бекітілген құрылымы мен кезеңдері негізінде бас механик қызметі ТҚК мен жөндеудің айларға бөлінген жылдық жоспар-кестесін немесе жиі бөлек жөндеудің жылдық жоспарын және ТҚК оперативтік кестесін жасайды.

Жоспарды жасаған кезде белгіленген жөндеу аралық кезеңді Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru сақтаудың және жөндеу базасын біркелкі жұмыс көлемімен қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл кезде машинаның жағдайын қарап Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру - student2.ru өзгертуге болады.

Жоспар-кестені және ЖЕЖ жүйесімен белгіленген жұмыс сыйымдылығын, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығынын біле отырып жөндеу базасына тағайындалған жұмыс көлемін анықтайды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алуды жоспарлайды.

Машиналарды жөндеу кезінде тораптық графикті пайдалану. Ғылымдық негізде машиналарды жөндеуді басқару циклін жетілдіру оларды жөндеу мерзімін қысқартудың және техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың шешуші шарты. Жөндеу жұмыстарының көлемі өскен сайын оларды жоспарлау және басқару күрделене береді жоғары дәлдік пен жоспарлауды талап етеді. Іс жүзінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру көрсеткендей жұмыстың орындалу кезеңі жөніндегі басұарушыға жететін ақпарат көбіне толық және тұтас емес. Егер іс жүзінде өндірістік процеске қатысатын бөлімшелердің жұмыстары алдын-ала жоспарланатын болса, онда қол жететін нәтижелері де оңды болады. Бұндай басқару шапшаңдығы көп шешімдердің ішінен ең тәуірін таңдап, өндіріс қорын дер кезінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоспарлау үздіксіздігін қамтамасыз етуде, мақсаттағы нәтижеге жетуге еңбек ұжымының күшін шоғырландыруда жоспарлау мен басқарудың тораптық әдісінің маңызы зор. Іске асырылып жүрген өндіріс процестерін басқару әдістерімен салыстырғанда тораптық жоспарлау жүйесінің артықшылықтары маңызды. Ол жұмысты ұйымдастыруды жетілдіруге, бақылау мен басқаруды жақсартуға, жоспарлық және есептік құжаттарды қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. Тораптық графиктің көмегімен жұмыстардың орындалу мерзімі мен тізбегін, жауапты орындаушыларды және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

Тораптық график қағазда жұмыстардың тиімді технологиялық тізбегі және уақыт бойынша олардың өзара байланысы көрсетілген графиктік кескіні болып табылады. Онда төмендегідей ұғымдар мен анықтамалар көрсетіледі.

Жұмыс - уақыт шығынын қажет ететін еңбек немесе технологиялық процесс. Тораптық графикте жұмыс бағыттық сызықпен көрсетіледі.

Оқиға – келесі жұмысты бастау үшін қажетті бір немесе бірнеше жұмыстардың аяқталуы. Оқиға ішіне нөмірі немесе шифрі жазылған дөңгелекпен белгіленеді.Оқиға мынадай түрлерге бөлінеді: бастапқы оқиға – алдында ешқандай жұмыс орындалмаған, циклдің басындағы оқиға; бастаушы оқиға – соңынан келесі жұмыс жалғасатын алдыңғы жұмыстың аяқталуын көрсететін оқиға; ақырғы оқиға – алдындағы жұмыстың аяқталуын анықтайтын оқиға; аяқтаушы оқиға – кейіннен ешқандай жұмыс орындалмайтын, циклдің аяқталғанын көрсететін оқиға.

Тәуелділік немесе жалған жұмыс – уақыт шығынын қажет етпейтін, бірақ бір жұмыстың басталуы екіншісіне тікелей тәуелді екі оқиға арасындағы байланыс. Бұл тәуелділік үзік сызықтармен көрсетіледі.

Торап – бірнеше жұмыстардың немесе оқиғалардың технологиялық тізбегі мен өзара байланысын көрсететін олардың графиктік кескіні.

Сыни жол - бастапқы оқиғадан соңғыға дейін көрсетілген жұмыстардың ең ұзақ мерзімін көрсететін тораптың графиктік жолы. Сыни жолдағы жұмыстар қою немесе қос сызықпен көрсетіледі.

Оңтайландыру – тораптық графиктің сыни жолын немесе жқмыстардың орындалу мерзімін қысқарту мүмкіндіктерін іздеу.

Тораптық графикті жасау үшін келесідей мәліметтер керек:

- жұмыстарды орындаудың технологиялық тізбегі;

- жұмыстарды орындау ұзақтығының нормативі;

- дайындық жұмыстардың тізімі;

- жетпейтін материалдар мен бөлшектердің тізімі мен шамасы;

- жөндеуге қатысуы керек құрылымдық бөлімдердің қажеттіктері.

Тораптық графикті мынадай тәртіппен жасайды.

Алдымен графиктің бастапқы нұсқасын жасайды. Бұл үшін парақтың бетін жөндеуге қажетті күндер санына сәйкес тең бөліктерге бөледі. Беттің оң жағынан жұмыс анықтамаларының картасына арнап орын тастайды. Жөндеу циклін ірілендірілген жұмыстарға бөліп график жасағанда жұмыс анықтаушыларының картасына бөлек орын тастамауға болады. Бұл кезде жұмыстың атауларын бастапқы және ақырғы жұмыстарды қосатын сызықтардың үстіне жазады.

Графиктің жоғарғы жағында демалыс күндері есепке алынбай жөндеуге қажетті күндер мен жұмысты аяқтайтын күн күнтізбектік тәртіппен көрсетіледі.

Графикті салуды жөндеудің бірінші күнінің басталуын көрсететін бастапқы оқиғадан бастайды. Бастапқы оқиғадан ақырғы оқиғаға дейін жасалуы керек технологиялық тізбектік және параллель жқмыстар көрсетіледі.Оқиғаларды жөндеу күндерін бөліп тұрған сызыққа салып, сәйкес нөмірмен және шифрмен белгілейді. Бәр мезгілде орындалатын жұмыстар санын жұмыстарды параллель жүргізуге мүмкіншілігі бар жөндеу бригадаларының звенолар саны мен құрамына сәйкес есептейді. Әрбір жқмыстың орындалу ұзақтығын бағыттық сызықтың үстінде, ал звенолар құрамын – астында көрсетеді. Бұл жұмыстардың атаулары анықтаушы картаға енгізіліп, алдыңғы және артқы оқиғалармен шифрланады.

Графиктің бастапқы нұсқасын жасағаннан кейін оны оңтайландырып, жобаланған жұмыс түріне сәйкес әрбір жөндеу күніне қажетті көліктер мен механикаландыру құралдарының санын анықтайды.

Механизмдерге, материалдарға және жабдықтарға күнделікті қажеттілік графигі оқиғалары көрсетіліп, тораптық графиктің төменгі жағына орналастырылады.Тораптық графикті жасауға инженерлік-механикалық жұмысшылар, шеберлер, бригадирлер қатыстырылады.

Тораптық графиктің түпкілікті нұсқасы цехтардың бастықтарымен келісіліп, бас инженермен бекітіледі.

Әдебиеттер: 1 нег. [49-69], 3 нег. [58-61], 4 нег. [114-128], 6 қос. [29-41].

Бақылау сұрақтары:

1. ЖЕЖ жүйесінің негізгі қағидалары қандай?

2. Техникалық күтімге қандай жұмыстар кіреді?

3. Ағымдағы жөндеу дегеніміз не және оның ерекшелңктерң қандай?

4. Күрделі жөндеу дегеніміз не?

5. Тораптық жөндеуді ұйымдастыру технологиясы.

Наши рекомендации