Азамат Алиев - Все могут короли
Жаңа жылдық Бал-маскарадының сценарииі
Студенттер Сарайы
Желтоқсан, 2011 жыл
Уақыты -18.00
Фанфар ойналады.
Жүргізушілер шығады.
Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаумағалейкум!
Көліңдердің қуанышы басылмай,
Үлкендерде балалығын жасырмай.
Аяз ата, ақшақарды күтеді,
Қыс келгенде аппақ күміс асылдай.
Кел жаңа жыл, ен жаңа жыл есікке,
Бізге бақыт ала кел де кешікпе.
Сені бүгін күтеді екен, бар адам,
Еңкейген шал, тіпті, бөбек бесікте
Армысыздар құрметті студент- жастар!
Құрметті ұстаздар қауымы !
Жүргізуші
Қайырлы кеш, қымбаты достар!
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттерінің жаңа жылдық мерекелік
Бал маскарадына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Жаңа жыл бізге қуаныш пен шаттық алып келсін.Студенттерге тілейтініміз алдағы емтихандарға 5-ке тапсырсын.
Жаңа жыл бізге махаббат жаңа бақыт алып келсін, жаңа жылда барлық арманымыз орындалсын.
Тимур өтіп бара жатқан 2011 қоян жылы сен үшін қандай жақсылықтарымен есіңде қалды?
Ж:
ПАХ! ПАХ! ПАХ! Шіркін қоян жылында біз ауыз толтырып айтарлықтай тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік!
Ж:
2011 жылдың алғашқы айларында Азиада алауын жақтық! Жақында ғана Париж қаласындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Сыр өңірінің мақтанышы, университетіміздің түлегі Илья Ильин әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
Ж
Тәуелсіз елімізбен қатар біздің университет те жаңа жылды толағай табыстармен қарсы алып отыр. Жаңа 2012 жылы университеіміздің 75-жылдық мерейтойы атап өтіледі.
Ж.: Келешекке үміт артып сенейік
Әрбір тілекке жақсы сөзбен ерейік
Мерекенің шымылдығын ашумен
Ректорымызға сөз кезегін берейік
Ж:Ж: Жаңа жылдық шыршаның алғашқы құттықтау сөзі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлына беріледі.
Ж: Жаңа жылдық әнмен «Жалын» дуэтін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Біздің кешіміз көңілді басталды, дегенмен бұл кешті бұдан да көңілдірек өткізу үшін ортаға мұхиттан асып әдейі бізге жеткен қадірді меймандар – САНТА-КЛАУС - Ө-МИ ЖӘНЕ НӨ-МИ келіпті, қанеки қарсы алайық!
Олар биші қыздармен билеп шығады. 6 биші қыз модерн-би билейді
Нө-ми:
Ескі жылды жетістікпен бітірер,
Жаңа жылым тағат таппай күтілер.
Ортаңызға келдік бізде ат артып,
Жаңа жылың құтты болсын бүкіл ел.
Ө-ми:
Біз әуелі сәлемдесіп алайық,
Сосын мына шаршы топты жарайық.
Жастық жалын бойларында лаулаған,
Жаңа жылың құт әкелсін, халайық.
Сосын Санта-Клаустар ойын ойнатады. Жаңа жылдық тілек, өлең т.с.с жереб бойынша әр жанрда орындайды, мысалы – эмоция – бұл күлу немесе уайымдау, жылау, ұрсу, қорқу т.с.с.
Жаңа жылдық тақпақты кішкене сәбидің интонациямыне орындау
Ө-МИ Нөми, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген Достарымыз бар, Көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Студенттер Аязата, Ақшақар.
НӨ-МИ
кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық,
Аязата, Ақшақар!
Аязата:
Сәлематсыңдар ма,Достар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Ақшақар:
Нұрға бөлеп даланы,
Жырға бөлеп сананы.
Аяз ата ақшақар,
Бәрі күтіп алады.
Қол ұстасып бір болып,
Таусылмайтын жыр болып.
Әсем әнге салайық,
Жаңа жылда түрленіп.
Аязата: Достар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)
Шырша жарқырайды.
НӨ-МИ
Аружан Абсамиеваның орындауында «Happy new Year» әнін қабыл алыңыздар
МИ
Енді жаңа 2012 жылды қарсы алатын кез жетті, олай болса баршамыз жаңа жылды қарсы алайық
Жаңа жыл келеді.
Ақша қар:
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!
Ұлу:
Бұл жыл бізге кеңге салсын арқасын
Байлықпенен нұрға бөлеп бар жасын
Қайғысынан қуанышы көп болып
Осы жылда ұлу жылы жасасын
Қадірлі достар, амансыңдар ма, міне менің де кезегім келіп, өздеріңе асығып жеттім. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық, жақсы оқу және салауат әкелсін
Қоян:
Қайырлы күн, барша туған-туыстарым,
Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!
Ұлу жылы кенеліп шын бақытқа,
Өсе берсін бұл жылда табыстарың.
Аяз ата:
Қоян жылы кетіп барад бүгінде
Жарқыраған жаңа жылдың төрінде
Шығарып сап қуанышпен мінекей
Ұлу жылы келді міне өмірге.
Азамат Алиев - Все могут короли
сөз берейік
Ө-МИ - Олай болса, қанеки достар, жаңа 2012 ұлу жылына арналған әнімізді тарту етейік.
Аязата: бәрекелді, Ал, енді Достар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Музыкалық номерлер орындалады