Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4]

Мазмұны

· 1 Биографиясы

o 1.1 Отбасы және балалық шағы

o 1.2 Әскери қызметі

§ 1.2.1 Бастапқы кезең, 1905-1914 жылдар

§ 1.2.2 Бірінші дүниежүзілік соғыс

§ 1.2.3 Галлиполи шайқасы, 1915–1916

§ 1.2.4 1916–1917 жылғы Кавказ жорығы

§ 1.2.5 1917–1918 жылғы Синай және Палестина жорығы

· 2 Ататүркті ұлықтау

· 3 Нақыл сөздері

· 4 Дереккөздер

§Биографиясы

§Отбасы және балалық шағы

Мұстафа Кемал Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді ұлты албан, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кемалдың нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кемалдың өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады.


Сәләнік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кемал Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек» би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кемал көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген.

§Әскери қызметі

§Бастапқы кезең, 1905-1914 жылдар

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4] - student2.ru

Штаб капитаны Мұстафа Кемал.1907 жылғы маусымның 20-сында.

Мұстафа Кемал әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскідеорналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Vatan ve Hürriyet («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамидсұлтанды тақтан тайдарап, билік басына келді. Мұстафа Кемал жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кемалдың Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кемал биліктен шеттетілді.

1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Harbiye Nezareti) қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәлаятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлерінеқарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды.

Мұстафа Кемал Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды рөл атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кемалды өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оныңЫстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды.

§Бірінші дүниежүзілік соғыс

Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа Кемал Түркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Ыстамбұлдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды.[1] Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

§Галлиполи шайқасы, 1915–1916

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4] - student2.ru

Мұстафа Кемал Галлиполи шайқасының кезінде жағалауға келіп түскен Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға қолбасшылық етті.

Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кемалға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Ыстамбұлды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді.

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4] - student2.ru

Галлиполи операциясының кезінде жауынгерлеріне басшылық етіп жүрген Мұстафа Кемал, 1915 жыл.

Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Ыстанбұлға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кемалдың басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты.

1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері (АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кемалдың қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кемал жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды.[2]

Екі әскердің соқтығысуының алдында Мұстафа Кемал өзінің сарбаздарына мынадай бұйрық берді:

«Мен сендерге соғысыңдар деп бұйырмаймын, осы жерде өліңдер деп бұйырамын. Біздің бәріміз өліп болғанша орнымызды басатын қосындар мен басшылар келіп үлгереді».[2]

Түн түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады.[3] Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің үштен бірінен айырылды.[3]Мұстафа Кемал операцияның бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып полковник әскери дәрежесін алған болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды. Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кемал қызметтерін көбінесе алғы шептен 300 метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе, Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті.

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4] - student2.ru

АНЗАК қойнауы ескерткішіндегі Ататүріктің сөздері.

Галлиполи операциясының он айында түріктерден қорғанумен болып, тырп ете алмаған Антанта әскерлері үшін бұл операция ауыр жеңіліспен аяқталды.[3] Ақыры Антанта басшылары операцияны тоқтатып, әскерді шығаруға шешім қабылдады. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның басшысыОтто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары зор табысқа жетіп, көзге түсті. Алайда Мұстафа Кемал өзінің ерекше үздік әскери қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп зор даңққа бөленді. Шайқастың кезіндегі ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының да құрметіне ие болды. Аустралияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАК әскерлерін еске алу парадында Мұстафа Кемал Ататүріктің есімі де зор құрметпен аталады. Оның қаза тапқан мыңдаған түрік және АНЗАК әскерлерінің құрметіне сөйлеген сөзіндегі мына сөздер АНЗАК қойнауы ескерткішінде тасқа ұрылып жазылған:

«Қан төгіп, өмірлерін құрбан еткен батырлар... сендер енді дос елдің жерінде жатырсыңдар. Жатқан жерлерің жайлы болсын. Еліміздің топырағында тыным тауып жатқан мына Джоннилер мен Меһметтерді біз бірдей көреміз... Алыстағы елдерден балаларын қиып осында жіберген аналар! Көз жастарыңды сүртіңдер. Сендердің ұлдарыңды біз өз бауырымызға бастық... Осы елде өмірлерін қиған олар енді біздің де ұлдарымыз».

§1916–1917 жылғы Кавказ жорығы

Мұстафа Кемал - жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кемал келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кемалдың алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анадолының Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кемал топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.[9] Емиль Ленгиел бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемал» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».[8]

Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кемал орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кемал бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.

1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кемал 16-шы корпустың қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.[8] Мұстафа Кемал сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын

Галлиполи шайқасынан кейін Мұстафа Кемал алдымен Едірнеде 1916 жылғы қаңтардың 14-ні дейін қызмет атқарды. Содан соң ол Кавказ жорығына жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол бригада генералы әскери лауазымына ие болды. Тарихшылардың көбі оның әскери лауазымының өсуіне Енвер паша әдейі кедергі келтіріп отырды деп ойлайды.

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4] - student2.ru

Мұстафа Кемал Кавказ жорығында

§1917–1918 жылғы Синай және Палестина жорығы

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4] - student2.ru

1918 жылғы Синай және Палестина жорығының кезінде Мұстафа Кемал Наблуста орналастырылған османлының 7-ші армиясына басшылық етті.

§Ататүркті ұлықтау

Түркияда сонау Ататүрік орнатқан жүйе оның бейнесін ұлықтау идеологиясын ұстанып отырған. Ал 2013 жылы қараша айында Түркияның Президенті Абдулла Гүл мемлекеттік төс белгілер, бейнелеме мен елтаңбаға өзгерістер енгізіп жаңа медальдар мен ордендерде Түркия Республикасының бірінші президенті Ататүріктің бейнесі алынып тасталады. Оның орнына мемлекеттік төсбелгілерде жарты ай мен жұлдыздар бейнесі белгіленеді. Сондай-ақ, 8 қазан күні биліктегілер оқушылардың ант беруін тоқтатқан болатын. Осыған дейін 80 жылға жуық әр дүйсенбі сайын мектеп оқушылары бір қатарға тұрғызылып, Ататүріктің қола мүсіні алдында «өз мақсаттарына жету үшін тынбай еңбек ететіндіктеріне» ант беріп келді. Осылайша Түркияның ішкі идеологиясының өзгеріп, оның Ататүрік идеологиясынан бас тарту жалғасуда.

§Нақыл сөздері

Түркi бaлaсы aтa-бaбaсын тaнып-бiлген сaйын ұлы iстер жaсaу жолындa тек өз бойынaн ғaнa күш-куaт тaбaды[4].

§Дереккөздер

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Kinross, Atatürk: The Rebirth of a =, 60

2. ↑ Мынаған өту:ab Australian Government The dawn of the legend: Mustafa Kemal. Avustralian Government (2007). Тексерілді, 23 наурыз 2007.

3. ↑ Мынаған өту:abc Gallipoli: Heat and thirst, BBC News (November 3, 1998). Тексерілді 26 тамыздың 2007.

4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Мұстaфa К. A. сөздерi http://www.tsk.tr/12_anitkabir/atasoz.htm

Наши рекомендации