Кәсіби қазақ тілі 300 тест
1. Қазақстанда 800-ден аса ... шығарылады.
А) өсімдік және мал өнімдері
В) тоқыма және мақта-мата
С) саудагердің киім-кешектері
Д) балалардың түрлі ойыншықтары
Е) түрлі-түсті үйге қажетті заттар
2. Балық өнімдері ... зауытында өңделеді.
А) Атырау балық өнімдері
В) Ақмола облысының фабрикасында
С) Алматы қаласындағы зауыттарда
Д) Ақтөбе облысындағы үлкен балық
Е) Ақтау қаласындағы жекеменшік
3. Қазақстандық тағам және ауыл шаруашылық индустриясының негізгі өнімдері ... болып табылады.
А) ұн, ет, сүт өнімдері, кондитер өнімдері, майлар
В) ет, сүт , балық, қант, қолөнер бұйымдары, киімдер
С) май, сүт, ет, макарон, бұршақ, түрлі жеміс-жидектер
Д) ет, сүт, қант, кондитер, әр түрлі маусымдық киімдер
Е) ұн, ет, май, сүт, шаруашылыққа қажетті барлық заттар
3. Азық-түлікті жыл сайын өндіру ... байланысты.
А) ауа райына
В) адамдарға
С) кәсіпкерлерге
Д) жұмысшыларға
Е) айлық жалақыға
4. «Қарағанды конфеттері» АҚ өнімінің ... түрін шығарады.
А) 247
В) 300
С) 500
Д) 600
Е) 100
5. Қазақстанда ... өнімдері көп шығарылады.
А) қант және кондитер
В) құрт пен киім-кешек
С) астық пен түрлі жемістер
Д) түрлі асыл тастар мен азықтар
Е) жеміс-жидектер мен түрлі заттар
6. Шоколад тарихы ... пайда болды.
А) 300 жыл бұрын
В) 200 жыл бұрын
С) 500 жыл бұрын
Д) 1 ғасыр бұрын
Е) 50 жыл бұрын
7. Көнерген сөздерді табыңыз.
А) Кебеже, шашбау
В) Компьютер, ноутбук
С) Принтер, модем
Д) Мақта, мата
Е) Парта, стол
8. Отандық өнім түрлері
А) ет, сүт, көкөніс
В) май, қант, жарма
С) ет, балық, дақыл
Д) сүт, жеміс, жүгері
Е) балық, қызылша, ет
9. Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз ... байланысты.
А) тұрған жерімізге
В) қоршаған ортаға
С) су мен ағаштарға
Д) адамдарға және ормандарға
Е) салтымызға және дәстүрімізге
10. Балық өнімдері ... бай тағам көзі.
А) белокқа
В) сұйыққа
С) етке
Д) майға
Е) дәруменге
11. Қазақстаннан экспортталатын танымал азық-түлік өнімі - ... болып табылады.
А) Астық
В) Жеміс
С) Жидек
Д) Ет өнімдері
Е) Сүт өнімдері
12. Қазақстанда ұнға деген ... ... .
А) сұраныс жоғары
В) өнімдер өте көп
С) келісімшарттар түзілмеген
Д) сауда-саттық байланысы ашылды
Е) тапсырыс саудагерлерге пайда әкелмеді
13. Тамақ өнеркәсібі ... саламен байланысты.
А) Машина жасау, саудамен
В) Тарихпен, музыкамен
С) Мүсінмен, құрылыспен
Д) Әдебиетпен, тілмен
Е) Географиямен, мұрағатпен
14. Импорт негізін не құрайтынын көрсетіңіз.
А) мұхит балығы
В) қант қызылшасы
С) минералды сусындар
Д) сүт және сүт өнімдері
Е) ұннан және макарон өнімдері
15. Қазақстанда жылына неше тонна консервіленген өнім шығарылатынын көрсетіңіз.
А) 11,2 мың тонна
В) 12,2 мың тонна
С) 13,2 мың тонна
Д) 14,2 мың тонна
Е) 15,2 мың тонна
16. Макарон өнімі алғашқы кезде ... елінде пайда болған.
А) Венеция
В) Франция
С) Испания
Д) Голландия
Е) Индия
17. Ұнтақталған какао, какао майы және қанттан жасалынатын кондитерлік өнімнің атауын табыңыз.
А) шоколад
В) печенье
С) конфет
Д) бауырсақ
Е) мармелад
18. Шоколад тарихы ертеде қашан пайда болғанын көрсетіңіз.
А) 300 жыл бұрын
В) 310 жыл бұрын
С) 320 жыл бұрын
Д) 330 жыл бұрын
Е) 340 жыл бұрын
19. Шоколад барлық Европа территориясында әйгілі болған уақытты көрсетіңіз.
А) 17 ғасыр
В) 18 ғасыр
С) 19 ғасыр
Д) 20 ғасыр
Е) 21 ғасыр
20. Бекіре тұқымдас балықтарда ... өте көп.
А) белоктар мен витаминдер
В) май мен сұйықтар
С) тұз бен белоктар
Д) ет пен май
Е) белок пен шырын
21. Балық өнімдерін негізінен ... өңделеді.
А) Атырау балық өнімдері зауытында
В) Алматы ет өндіру комбинатында
С) Шымкент ет өндіру комбинатында
Д) Астана балық өндіру зауытында
Е) Ақтөбе балық өндіру зауытында
22. Ұннан жасалатын тағам түрлерін табыңыз.
А) бауырсақ, нан
В) айран, сүт
С) ірімшік, құрт
Д) қант, қызылша
Е) қымыз, шұбат
23. Қазақтың ұлттық ет өнімдерінің түрлері.
А) қазы-қарта, жал-жая
В) қымыз, айран-сүт
С) қазы-қарта, шұбат
Д) жал-жая, жеміс-жидек
Е) айран-сүт, қазы-қарта
24. Сүт өнімдерінің түрлерін көрсетіңіз.
А) Қымыз, шұбат
В) Сусын, шырын
С) Шәй, сүзбе
Д) Құрт, шәй
Е) Ақ су, минералды су
25. Орталық Европада ... молырақ пайдаланады.
А) ет тағамдарын
В) ұн тағамдарын
С) сүт тағамдарын
Д) тәтті тағамдарды
Е) кондитерлік тағамдарды
26. Қытай, Жапон елдері тамақты ... жейді.
А) қос таяқшамен
В) екі шанышқымен
С) бір шанышқымен
Д) пышақ және шанышқымен
Е) қасық және шанышқымен
27. Мақалдың жалғасын табыңыз. Ас - ... ... .
А) адамның арқауы
В) адамның негізі
С) адамның жаны
Д) адамның күші
Е) адамның диетасы
28. Жедел өткен шақ тұлғасында тұрған сөз.
А) Келді
В) Келіпті
С) Келген
Д) Келер
Е) Келсе
29. Үстеулер мағынасына қарай ... бөлінеді.
А) жетіге
в) алтыға
С) сегізге
Д) тоғызға
Е) төртке
30. Ет өнімдерін шығаратын негізгі қалалар
А) Алматы, Петропавл, Орал
В) Алматы, Астана, Шымкент
С) Астана, Орал, Павлодар
Д) Ақтөбе, Атырау, Шымкент
Е) Алматы, Павлодар, Қарағанды
31. Шұжық өндіруде ... пайдаланылады.
А) табиғи ішектер немесе жасанды қаптау материалдары
В) табиғи ет өнімдерінің бірнеше түрлері көптеп
С) барлық ет өнімдерінің түрлері
Д) балықтан жасалған өнімдер
Е) қақталған майда еттер
32. Болымды етістікті табыңыз.
А) Ол кетіп бара жатыр
В) Ол тыңдамай отыр
С) Ол барған жоқ
Д) Ол естіп жатқан жоқ
Е) Ол бармайды
33. Қазақ тіліндегі септіктің түрлері
А) жеті
В) алты
С) сегіз
Д) төрт
Е) тоғыз
34. Тұйық етістікті сөзді көрсетіңіз.
А) Көру, түсіну
В) Барған, отырған
С) Айтқан, келген
Д) Сөйлем, соғыс
Е) Кітап, оқушы
35. « Перемешивание мяса » сөзінің қазақша баламасы.
А) Етті араластыру
В) Етті дайындау
С) Етті турау
Д) Етті тұздау
Е) Етті тарту
36. Мақалдың жалғасын табыңыз. Ас тұрған жерде ... ... .
А) ауру тұрмайды
В) жаны сау
С) зор байлық
Д) адамның арқауы
Е) денсаулық кепілі
37. Балықты тазалау үшін ... пайдаланылады.
А) балық жуғыш машинасы
В) ет тазартқыш машинасы
С) ет өңдеу цехы
Д) ет сақтайтын қойма
Е) балықты сақтау мұздатқышы
38. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер.
А) Диалект сөздер
В) Көнерген сөздер
С) Шетелдік сөздер
Д) Кірме сөздер
Е) Термин сөздер
39. Зат есімнің түрлері
А) жалқы, жалпы
В) сілтеу, сұрау
С) есептік, реттік
Д) болымды, болымсыз
Е) болжалдық, бөлшектік
40. Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Анау, мынау
В) Мен, сен
С) Ештеме, ешқандай
Д) Ол, өзім
Е) Бәрі, барша
41.Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
А) Қате
В) Қой
С) Қала
Д) Қара
Е) Қол
42.Қымыздың түрлері.
А) Құнан қымыз, дөнен қымыз, саумал
В) Қымыран, шұбат
С)Күзгі қымыз, қымыран
Д) Жазғы қымыз, шұбат
Е) Бесті қымыз, сүт
43. Ілік септікте тұған сөзді көрсетіңіз.
А) Еңбектің
В) Еңбекті
С) Еңбекте
Д) Еңбектен
Е) Еңбекпен
44. Алғыс, ризалық сөздері.
А) Рахмет!, Қатарыңның алды бол!
В) Айтқаның келсін!, Әмин!
С) Айым! Айналайын!
Д) Алла жар болсын!
Е) Бергеніңе шүкір!
45. Наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағам.
А) Наурыз көже
В) Палау
С) Ет тағамы
Д) Сорпа
Е) Нарын
46. Антонимді табыңыз.
А) Ол қысы-жазы үйінен шықпады
В) Ол бала-шағасын қыдыртты
С) Ол ағайын-туысын ұмытты
Д) Ол істің мән-жайын тексерді
Е) Ол беті-қолын жуды
47. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Түстегі оқиғаны еш түсіне алмадым
В) Жазда жазғы демалысқа шығамыз.
С) Нағыз толған айды айдың ортасында көруге болады
Д) Қыс бойы малшылар шөп болмай қысылып шықты
Е) Ол таңертең ерте тұрды
48. Біріккен сөзді табыңыз.
А) Талдықорған
В) Келе жатыр
С) Бес дәптер
Д) Қоңыр ала
Е) Тісін қайрады
49. Дара тұрған сөзді табыңыз.
А) Әкімшілік
В) Тізесін бүкті
С) Бес жүз
Д) Отыз бесте
Е) Жақсы көру
50. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Жығылып қала жаздады
В) Миллионның жартысы
С) Жарақаттану түрі
Д) Ол отырды
Е) Қолын жуды
51. Қазақстанда ... деген сұраныс өте жоғары.
А) ұнға
В) етке
С) сүтке
Д) балыққа
Е) шұжыққа
52. Қос сөзді табыңыз.
А) Қызылды-жасылды
В) Көктемгі демалыс
С) Жүрегі алып ұшты
Д) Боранмен айқас
Е) Көзін ала бере
53. Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
А) Барма, айтпа
В) Сөйлес, отыр
С) Барды, келді
Д) Жүгір, сөйле
Е) Бар, айт
54. Есімше жұрнағын қабылдаған сөзді табыңыз.
А) Барар, барған
В) Барып, келіп
С) Барлық, түгел
Д) Барамын, келемін
Е) Барып кел, көріп жүр
55. Қалау рай формалы сөзді көрсетіңіз.
А) Барғым келеді
В) Мен барсам
С) Мен барайын
Д) Сен бар
Е) Сен барғын
56. Қалау формасындағы етістікті табыңыз.
А) Көрсе игі еді, келсе екен
В) Кел, бар, айт
С) Сезіну, зекіру, барса
Д) Бармау, байқап
Е) Көріп, келіп, айтты
57. Шартты рай формасындағы етістік.
А) Барса, келсе
В) Барсын, келсін
С) Кел, кет, жүгір
Д) Келгім келеді
Е) Келген, көрген
58. Нақ осы шақ етістіктерді көрсетіңіз.
А) Айтып отырмын
В) Бармақ, келмек
С) Барды, келді
Д) Жүрген шығар
Е) Жүгірмек болды
59. Мақсатты келер шақ етістіктерін табыңыз.
А) Алмақпын, бармақпын
В) Күледі, жүреді
С) Барғалы, келгелі
Д) Көрер, айтар
Е) Көрді, айтты
60. Құндылығы жоғары өнім - ... .
А) құс еті
В) қой еті
С) сиыр еті
Д) жылқы еті
Е) балық еті
61. Қазақтың сүт тағамдары ... дайындалады.
А) Төрт түлік малдың сүттерінен
В) Халықта ерте кезден
С) Ұзақ сақтайтын орында
Д) Салқын жерде сақталып
Е) Тұзды ыдыста сақталып
62. Сан есімнің мағыналық түрлері
А) алты
В) жеті
С) төрт
Д) сегіз
Е) тоғыз
63. Реттік сан есімді табыңыз.
А) жүзінші, оныншы
В) жүздей, мыңдай
С) жүздеп, жетпістеп
Д) жүз шақты, он шақты
Е) жүзге жуық, ондарда
64. Сүзбе дайындалатын сүт өнімдерінің түрін көрсетіңіз.
А) айран, қайналған іркіт
В) айран және қымыз
С) сүт және қымыз
Д) айран, ашыған көже
Е) қаймақ және қымыз
65. Сан есіммен берілген мақал-мәтелді табыңыз.
А) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар.
В) Оқу инемен құдық қазғандай.
С) Бас жарылса, бөрік ішінде.
Д) Білімсіздің күні қараң.
Е) Білмегеннің айыбы жоқ.
66. Заттың, ұғымның атауы болатын сөзді көрсетіңіз.
А) Егінші, тігінші
В) Керек, барған
С) Солай, қалай
Д) Ана, анау
Е) Сіз, ол, сен
67. Жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз.
А) Сандықша
В) Кітаптар
С) Жерді
Д) Дәстүрмен
Е) Адамда
68. Жалпы есімді көрсетіңіз.
А) Жер, қала, көл
В) Өткіз, барса, кел
С) Асан, Айша, Әсел
Д) Шымкент, Тараз, Астана
Е) Айтты, көрді, жаздыртқызды
69. Салыстырмалы шырайды анықтаңыз.
А) Жеңілірек, үлкендеу
В) Қап-қара, әп-әдемі
С) Аппақ, қызыл
Д) Жүйрік, шапшаң
Е) Бар, кел
70. Жалқы есімді табыңыз.
А) Астана, Алматы
В) Қала, орман
С) Оқушы, бала
Д) Ата-ана, әке-шеше
Е) Тау, су, жер
71. «Больной» сөзінің аудармасы.
А) сырқат
В) емделу
С) дені сау
Д) құрдас
Е) сыйласу
72. Дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Намыс, ой, ақыл
В) Бала, доп, қалам
С) Пышақ, қасық
Д) Үй, пәтер, қала
Е) Адам, кітап, көз
73. Дара зат есімді табыңыз.
А) Арман, дүние
В) Ел-жұрт, он күндік
С) Ата-ана, ақсақал
Д) Бала-шаға, аға-іні
Е) Алды-арты, қысы-жазы
74. Көмекші есім сөздерді табыңыз.
А) Жаны, арасы, іші
В) Айнала, шатыр, ел
С) Сақал, үн, дауыс
Д) Ашу, ақыл, дос
Е) Үшін, сияқты, таман
75. Қышқыл сүт өнімдерінің түрлерін көрсетіңіз.
А) қымыз, шұбат, құрт, айран
В) сүт, қаймақ, қымыз, ет
С) қымыз, шұжық, ет, айран
Д) сүт, айран, қаймақ, құс еті
Е) айран, қымыз, шұбат, нан
76. Біріккен сөзді табыңыз.
А) Балмұздақ
В) Иелік ету
С) Қызыл шырайлы
Д) Құрт-құмырсқа
Е) Жоғары-төмен
77. Қысқарған сөзді табыңыз.
А) ҚазҰПУ
В) Қолма-қол
С) Кәсіпорын
Д) Баспасөз
Е) Кәрі-жас
78. Шұбат ... сүтінен дайындалады.
А) түйе
В) қой
С) сиыр
Д) ешкі
Е) бие
79. Шикізат ретінде ... пайдаланылады.
А) пастерленген, стерилденген сүт
В) ұйытылған және жаңа сүт
С) жаңадан алынған сүт
Д) қатты ашыған сүт
Е) сұйық сүт
80. Қышқыл сүт өнімдерін алудағы некгізгі процесс - ... .
А) ашыту
В) сүзу
С) жинау
Д) сақтау
Е) тазалау
81. Бастауыштың сұрақтары.
А) Кім? Не?
В)Қандай, қай?
С) Қашан, қайда?
Д) Қайда, неден?
Е) Неше ? қанша ?
82. Сөйлемге сұрақ қой. Университетімізде қазақ, ағылшын тілдері оқытылады.
А) Университеттеріңде қандай тілдер оқытылады?
В) Тіл үйірмелерінде студенттер не істейді
С)Университетте қазақ тілі үйірмесі бар ма
Д)Тіл үйірмелерінде қандай жұмыстар істелінеді
Е) Сен қазақ тілін білесің бе
83. Белокті қышқыл сүт өнімінің түрін табыңыз.
А) Ірімшік
В) Май
С) Қант
Д) Қызылша
Е) Крахмал
84. «Сказанное слово как выстреленная пуля» сөйлемінің қазақша аудармасын табыңыз.
А) Айтылған сөз – атылған оқ
В) Шындық ананың ақ сүтіндей таза
С) Жақсы сөз – жарым ырыс
Д) Ойнасаң да, шыныңды айт
Е) Бірлік болмай, тірлік болмас
85. Ірімшік өнімдері ... алынады.
А) Пастерленген сүттен
В) Ашытылған қымыздан
С) Жаңа дайындалған сүттен
Д) Кеш ұйытылған айраннан
Е) Ұзақ ашытылған айраннан
85. Сүттің құрамында ... бар.
А) Дәрумендер, ферменттер, ақуыздар, майлар
В) Минералды заттар, көмірсулар, қышқылдар
С) Ферменттер, гормондар, зиянды заттар
Д) Минералды сулар, майлар, темір, қышқылдар
Е) Ақуыздар, майлар, дәрумендер, түрлі тағамдар
86. Бие сүтінен дайындалатын сусын түрін көрсетіңіз.
А) қымыз
В) шұбат
С) айран
Д) көже
Е) құрт
87. Баяндауыш көбінесе ... ... кездеседі.
А) сөйлемнің аяғында
В) сөйлемнің бәрінде
С) сөйлемнің басында
Д) сөйлемнің ортасында
Е) мүлде кездеспейді
88. «Новость» сөзінің аудармасы.
А) Жаңалық
В) Жаңалай
С) Жаңашыл
Д) Ең жаңа
Е) Өте жаңа
89. «Сөз» сөзінің аудармасы.
А) Слово
В) Слава
С) Слева
Д) Слог
Е) Словарь
90. Ұлттық сусын түрлерін көрсетіңіз.
А) Қымыз, шұбат, айран
В) Қымыз, сүт, көже, ет
С) Айран, сүт, қымыз, қазы
Д) Көже, шұбат, айран, шұжық
Е) Қаймақ, құрт, ірімшік, бауырсақ
91. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Сәлемімді түгел жеткізсін
В) Сабақ барысы қалай
С) Алақай, жаз келіп қалды
Д) Әркімнің арманы болады
Е) Бүгін күн ыстық
92. Аптаның бірінші күні.
А) Дүйсенбі
В) Жексенбі
С) Сәрсенбі
Д) Жұма
Е) Сенбі
93. Елтаңбасында шаңырақ бейнеленген елді табыңыз.
А) Қазақстан
В) Өзбекстан
С) Тәжікстан
Д) Түрікменстан
Е) Әзірбайжан
94. Мақал-мәтелдің жалғасы «Көз ... , қол...» .
А) Қорқақ, батыр
В) Мейрам, зейнет
С) Бейнет, зейнет
Д) Жұмыс, тыныс
Е) Тәтті, қатты
95. Сұрау есімдігін табыңыз.
А) Қанша
В) Саған
С) Ол
Д) Сен
Е) Әркім
96. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) мен, сен, сіз, ол
В) сол, мен, біз, анау
С) мен, сіз, біреу, бәрі
Д) сен, ол, мынау, осы
Е) біз, сіз, ештеме, ештеңе
97. Белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) біреу, әркім
В) ешкім, сонау
С) қанша, неше
Д) күллі, барлық
Е) біздер, әлдекім
98. Өз алдына жеке тұрып, сөйлем мүшесі бола алмайтын етістікті көрсетіңіз.
А) Көмекші етістік
В) Негізгі етістік
С) Етістік
Д) Көсемше
Е) Есімше
99. Адам ағзасына өте қажетті затты көрсетіңіз.
А) Дәрумен
В) Байлық
С) Табыс
Д) Майлар
Е) Денсаулық
100. «Мен әпкемді бірталай уақыт күттім» сөйлемінен мөлшер үстеуді табыңыз.
А) Бірталай
В) Мен
С) Уақыт
Д) Әпкемді
Е) Күттім
101. Зергерлік бұйымдарға ... жатады.
А) Шолпы, білезік, қапсырма
В) Киіз, текемет, сырмақ
С) Ерлер киімі, әйелдер киімі
Д) Киім-кешек, көрпе-төсек
Е) Талқан, майсөк, жент
102. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.
А) Шілдехана
В) Сүндет той
С) Тұсаукесер
Д) Тоқымқағар
Е) Бастаңғы
103. Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
А) Байғазы
В) Базарлық
С) Сүйінші
Д) Рахмет
Е) Сыйлы
104. Көп нүктеге керекті сөзді қой. Жаңбырменен жер көгерер,........ер көгерер.
А) Батаменен
В) Тойменен
С) Жырменен
Д) Атпенен
Е) Қызметпенен
105. «Дастарханың мол болсын, абыройың зор болсын!» деген тілектің мағынасы ... білдіреді.
А) Батаны
В) Байғазыны
С) Сүйіншіні
Д) Ерулікті
Е) Жар-жарды
106. Биенің ашыған сүтінен жасалатын ұлттық сусын.
А) Қымыз
В) Шұбат
С) Қымыран
Д) Айран
Е) Сүзбе
107. Жылқы етінен дайындалатын ең дәмді ұлттық тағам.
А) Қазы
В) Құрт
С) Өкпе
Д) Бауыр
Е) Бүйрек
108. Қазақ тілінде ... септік бар.
А) жеті
В) алты
С) төрт
Д) сегіз
Е) тоғыз
109. Қазақтың ұлттық тағамы.
А) Бесбармақ
В) Манты
С) Тұшпара
Д) Лағман
Е) Палау
110.Ұннан жасалатын ұлттық тағам.
А) Бауырсақ
В) Майсөк
С) Қуырдақ
Д) Құрт
Е) Талқан
111. Сүт өнімдерін өндіруші елдер қатарын көрсетіңіз.
А) Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай
В) Ресей, Өзбекстан, Азербайжан, Қырғыз
С) Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан
Д) Қырғызстан, Ресей, Татарстан, Өзбекстан
Е) Қазақстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Ресей
112. Жіктеу есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Сен, сіз
В) Барма, келме
С) Әркім, әрне,
Д) Түгел, бүкіл
Е) Бәрі, барлық
113. Тілшілерді дайындайтын мамандық атауы.
А) Филология
В) Технология
С) Заңтану
Д) Жаратылыстану
Е) Агроөнеркәсіптік
114. Режиссерлерді дайындайтын сала.
А) Мәдениет
В) Математика
С) Технология
Д) Заңтану
Е) Жаратылыстану
115. Дыбыстар мен олардың айтылу, жазылу ерекшелігін зерттейтін сала.
А) Фонетика
В) Лексика
С) Этимология
Д) Грамматика
Е) Синтаксис
116. Тұйық етістік жасалатын жұрнақ.
А) -У
В) -Ып, -іп
С) -Ғы, -қы
Д) -Ма,- ме
Е) -Да, -де
117. Жай сөйлемнің мағыналық түрлерін көрсетіңіз.
А) Жеті
В) Төрт
С) Алты
Д) Сегіз
Е) Тоғыз
118. Етістіктің шақтары
А) үш
В) екі
С) бес
Д) төрт
Е) алты
119. «Ақпарат» сөзінің аудармасы.
А) Информация
В) Информатика
С) Инфляция
Д) Инновация
Е) Инновационный
120. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқыу
В) Алтау
С) Ойна
Д) Жамбыл
Е) Халық
121. Қазақстандағы экологиялық аймақ.
А) Арал
В) Арыс
С) Сырдария
Д) Амудария
Е) Есіл
122. Алтын адам табылған қаланың атауы.
А) Есік
В) Қапшағай
С) Отырар
Д) Ясы
Е) Сайрам
123. Қазақ тіліндегі жуан дауысты дыбыстар.
А) А, о, ұ, ы
В) У, і, ү, и
С) Ы, ү, и, ә
Д) Ө, ә, е, і
Е) Ө, о, ұ, ү
124. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатары.
А) П, ф, к
В) Р, н, ң
С) Й, у, ғ
Д) Е, у, з
Е) А, о, д
125. Жақын адамдардың өте қауырт, қажет жұмыс кезінде бір-біріне көмекке келуі.
А) Асар
В) Бастаңғы
С) Ерулік
Д) Келісім
Е) Айып
126. «Человек без Родины – соловей без леса» мақалының қазақша нұсқасы.
А) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
В) Туған жердей жер болмас
С) Туған жердің жуасы да тәтті
Д) Отан оттан да ыстық
Е) Туған жердің ауасы да шипа
127. Ұяң дауыссыздар қатарын табыңыз.
А) Б, в, г
В) Ш, щ, ц
С) Л, м, һ
Д) К, қ, х
Е) Й, и, р
128. «Орфоэпия» терминінің анықтамасы.
А) Дұрыс айту ережелері
В) Дұрыс жазу ережелері
С) Дауысты дыбыстар жүйесі
Д) Тыныс белгілері жүйесі
Е) Дауыссыз дыбыстар жүйесі
129. «Документ» сөзінің баламасы.
А) Құжат
В) Өтініш
С) Өмірбаян
Д) Анықтама
Е) Куәлік
130. Облыстық қазақ драма театры ... атында.
А) Ж. Шанин
В) Қ. Жандарбеков
С) Ғ. Мүсірепов
Д) М. Әуезов
Е) Б. Римова
131. Қазақ халқының ұлттық аспабы.
А) Домбыра
В) Баян
С) Гитара
Д) Дудар
Е) Керней
132. ҚР мемлекеттік туындағы қыранның белгісі ... білдіреді.
А) Еркіндікті
В) Бақытты
С) Уақытты
Д) Татулықты
Е) Қуанышты
133. Қоғамдық тамақтану орындарын көрсетіңіз.
А) Асхана, кафе, мейрамхана
В) Кафе, театр, орталық таеатр
С) Мейрамхана, асхана, спорт зал
Д) Қазыбек
Е) Жәнібек
134. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Ағаммен
В) Әкесін
С) Көрермен
Д) Арман
Е) Аспан
135. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Тойына
В) Айна
С) Сана
Д) Ойна
Е) Баспана
136. Жіктелетін сөзді табыңыз.
А) Малшы
В) Мал
С) Егін
Д) Қалың
Е) Қарашы
137. Халықаралық студенттер күнін көрсетіңіз.
А) 17 қараша
В) 15 желтоқсан
С) 21 қараша
Д) 16 қазан
Е) 22 наурыз
138. Театр күнін атаңыз.
А) 26 наурыз
В) 8 наурыз
С) 16 мамыр
Д) 3 қараша
Е) 6 ақпан
139. Құрмалас сөйлем ... бөлінеді.
А) үшке
В) екіге
С) беске
Д) төртке
Е) алтыға
140. Әбу Насыр әл-Фараби ... болған.
А) Ғалым
В) Сазгер
С) Хан
Д) Батыр
Е) Дәрігер
141. Дөнен қымыз ... тәулік бойы ашытылатын қымыз.
А) 4
В) 5
С) 7
Д) 3
Е) 2
142. Пиццерия - ... өнімін ұсынатын немесе дер кезінде дайындайтын кәсіпорын.
А) Пицца
В) Кофе
С) Какао
Д) Балық
Е) Сусын
143. Қазақстанда ядролық сынақ аймағы болған жер.
А) Семей
В) Хиросима
С) Нагасаки
Д) Капустин Яр
Е) Ақтөбе
144. Ресторан – үлкен ассортименті бар ... орны.
А) Қоғамдық тамақтандыру
В) Концерт өтетін зал
С) Арнайы кестесі бар
Д) Қонақ үйлердің
Е) Қызметкерлер отыратын
145. «Независимость» сөзінің қазақшасы.
А) Тәуелсіздік
В) Еркіндік
С) ақыттылық
Д) Татулық
Е) Бірлік
146. «Жар-жар» өлеңі ... айтылады.
А) Үйлену тойында
В) Сүндет тойы
С) Тұсау кесер
Д) Наурыз тойда
Е) Тоқымқағарда
147. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
А) Осы, мына, сол
В) Мен, сен, ол
С) Барлық, бәрі
Д) Ешкім, ешқашан
Е) Әрқашан, әлдеқайда
148. Септелетін есімдікті көрсетіңіз.
А) Осы
В) Ешқашан
С) Әлдеқалай
Д) Бүкілге
Е) Қайда
149. Кіріккен сөзді табыңыз.
А) Әпер
В) Биік-биік
С) Кез келген
Д) Сары уайым
Е) Шекара
150.Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
А) ТМД-на
В) АҚШ-қа
С) Медбикеге
Д) БҰҰ-ны
Е) см-ден
151. «Инфинитив» сөзінің баламасы.
А) тұйық етістік
В) етістік
С) есімдік
Д) зат есім
Е) көмекші етістік
152. «Вата» сөзінің баламасы.
А) мақта
В) жіп
С) күріш
Д( ала жіп
Е) бидай
153. Шартты жалғаулық шылауды табыңыз.
А) егер, егерде, әйтпесе
В) мен, және
С) бірақ, алайда
Д) өйткені
Е) сондықтан, сол үшін
154. Қ. Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш ... ... .
А) Ғалым, геолог
В) Жазушы, әнші
С) Сазгер, әнші
Д) Айтыскер, ақын
Е) Тігінші, суретші
155. Негізгі түбір сөзді табыңыз.
А) Қарлығаш
В) Жұмысшы
С) Пайдалы
Д) Жасылдау
Е) Кешегі
156. Күрделі түбірді табыңыз.
А) Өрік-мейіз
В) Батыр
С) Бақшаға
Д) Жариялау
Е) Келісім
157. Одағайды көрсетіңіз.
А) Бәрекелді
В) Тарс
С) Мырс
Д) Жорта
Е) Шеті
158. Құрылысшы, дәрігер, биотехнолог сөздері ... иесін білдіреді.
А) Кәсіп
В) Уақыт
С) Мінез
Д) Жас
Е) Тәжірибе
159. Көне қаланы белгілеңіз.
А) Түркістан
В) Астана
С) Көкшетау
Д) Ақтау
Е) Атырау
160. С дәрумені ... қасиет береді.
А) Сүйекке және тіске
В) Басқа және денеге
С) Жүйкеге және қолға
Д) Тіске және аяққа
Е) Қолға және аяққа
161. А дәрумені ... көп болады.
А) Бауырда және сүтте
В) Сүтте және қантта
С) Бауырда және етте
Д) Сүтте және жемісте
Е) Сүтте және қызылшада
162. Қазақтың ұлттық ойынын табыңыз.
А) Қыз қуу
В) Қыз ұзату
С) Қоштасу
Д) Амандасу
С) Бастаңғы
163. Жігіттер қатысатын ұлттық спорт түрі.
А) Көкпар
В) Ақсүйек
С) Шілдехана
Д) Айтыс
Е) Сүйінші
164. Етістіктің түрлерін көрсетіңіз.
А) Негізгі, туынды
В) Жіктеу, сілтеу
С) Күрделі, күшейтпелі
Д) Туынды, болжалды
Е) Болымсыздық, жинақтық
165. Жай сөйлемдері салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрі.
А) Аралас құрмалас
В) Сабақтас құрмалас
С) Талғаулықты салалас
Д) Жалғаулықты салалас
Е) Ыңғайластық салалас
166. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз: Кеше ауа райы .... болды.
А) Тамаша
В) Зиян
С) Сирек
Д) Пайдалы
Е) Жиі
167. Апалы-сіңлілердің балалары.
А) Бөле
В) Жиен
С) Нағашы
Д) Құда
Е) Қайны
168. Қарсылықты жалғаулықтарды көрсетіңіз.
А) Бірақ, алайда
В) Және, мен
С) Яғни, яки, я
Д) Егер, немесе
Е) Да, де
169. туынды етістікті көрсетіңіз.
А) Шегеле
В) Отырды
С) Кітапхана
Д) Орындық
Е) Университет
170. Туынды етістіктің жұрнақтары.
А) –та, -те
В) –шы, -ші
С) –ым, -ім
Д) –паз, -қор
Е) –шақ, шек
171. Қазақтың ұлттық ойыны.
А) Ақсүйек
В) Футбол
С) Шахмат
Д) Байғазы
Е) Көрімдік
172. Асық - бұл қазақтың ... ... .
А) Ұлттық ойыны
В) Ақ батасы
С) Ұлттық тағамы
Д) Ұлттық сусыны
Е) Ұлттық құндылығы
173. Ұннан жасалатын тағам түрлері
А) Нан, кондитерлік, кеспе өнімдері
В) Тәтті, күлшелер, жеміс-жидектер
С) Жемістер, жүгері, кондитерлік өнімдер
Д) Кондитерлік, тәттілер, бұршақ өнімдері
Е) Тәттілер, кеспе, сусындар, нан өнімдері
174. Шылау түрін ажыратыңыз және, үшін, ғана
А) Жалғаулық, септеулік, демеулік
В) Талғаулықты, ыңғайлас, толымсыз
С) Қарсылықты, демеулік, септеулік
Д) Демеулік, ыңғайластық, кезектес
Е) Септеулік, кезектес, талғаулықты
175. ҚР мемлекеттік тілі.
А) Қазақ тілі
В) Орыс тілі
С) Ағылшын тілі
Д) Түркі тілі
Е) Неміс тілі
178. Алғашқы компьютердің атауы.
А) Электронды есептеу машинасы
В) Дербес компьютер
С) Интернет жүйесі
Д) Қолданбалы тіл
Е) Жүйелік желі
179. Жіктелген сөзді табыңыз.
А) Баламын
В) Қаруды
С) Адамға
Д) Артттыру
Е) Оны
180. «Жаңа қоныс құтты болсын!» дегеннің дұрыс аудармасын табыңыз.
А) С новосельем
В) С наступающим
С) С праздником Наурыз
Д) С днем рождения
Е) С новым годом
181. «Аспан» сөзінің аудармасы.
А) Небо
В) Вода
С) Земля
Д) Снег
Е) Воздух
182. Аталған ресурстардың ішінде Қазақстанда жеткіліксізі ... ресурстары.
А) Орман
В) Минералды
С) Жер
Д) Топырақ
Е) Отын
183. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А) Жіктеу, сұрау, сілтеу, жалпылау
В) Сұрау, көсемше, есімше, көмекші
С) Жіктеу, жалпылау, туынды, ортақ
Д) Жалпылау, сұрау, белгісіздік, жинақтау
Е) Бөлшектік, сілтеу, болымсыздық, белгісіздік
184. Белгілі қазақ суретшісі.
А) Ә. Қастеев
В) Ш. Уәлиханов
С) М. Әуезов
Д) Қ. Сәтбаев
Е) Ш. Айманов
185. Уақытты дұрыс анықтаңыз: Без пяти минут десять
А) Онға бес минут қалды
В) Оннан бес минут кетті
С) Сағат он жарым
Д) Сағат тоғыз жарым
Е) Онға он бес минут қалды
186. Көмекші есімді табыңыз.
А) Жаны, маңы
В) Алақай, тәйт
С) Тарс, жылт
Д) Бірақ, алайда
Е) Ау, мыс
187. Әдеп ережелерінің қоштасу тобына қатысты сөзді көрсетіңіз.
А) Қайта көріскенше
В) Қалың қалай
С) Өте жақсы
Д) Ренжімеңіз
Е) Қош келдіңіз
188. Жеміс-жидектер қатарын анықтаңыз.
А) Таңқурай, қарақат, алма, жүзім, бүлдірген, құлпынай
В) Қызанақ, алма, сәбіз, картоп, қарақат, ет, шұжық, қазы
С) Құлпынай, өрік, алма, қияр, қызанақ, картоп, тауық еті
Д) Картоп, қызанақ, құлпынай, таңқурай, сиыр еті, шұжық
Е) Құлпынай, сәбіз, алма, өрік, қарақат, қауын, жылқы еті
189. Сөйлемді толықтырыңыз: Маған кітап оқыған ... .
А) Ұнайды
В) Ұнаттым
С) Ұнамайсыз
Д) Ұнатамын
Е) Ұнатасыз
190. Таутеке бұл – ... ... .
А) Тау ешкісі
В) Марал
С) Бұғы
Д) Күзен
Е) Ақбөкен
191. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз.
А) Өйткені, сондықтан
В) Бірақ, дегенмен
С) Егер, егерде
Д) Біресе, бірде
Е) Бірде, дегенмен
192. «Қырау» сөзінің аудармасы.
А) Иней
В) Дождь
С) Снег
Д) Роса
Е) Туман
193. «Гололед» сөзінің аудармасы.
А) Көктайғақ
В) Мұзтайғақ
С) Сырғанақ
Д) Қатты қырау
Е) Мұздай суық
194. Адамның бойын сипаттауға қажетті сөздер.
А) Қысқа, ұзын, сұңғақ
В) Қара, көк, қарақаттай
С) Ат жақты, жалпақ
Д) Қиғаш, қалам, қалың
Е) Сүйріктей, нәзік, сирек
195. Еліктеу сөз мағынасына қарай ... бөлінеді.
А) екіге
В) төртке
С) беске
Д) жетіге
Е) алтыға
196. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) Алақай
В) Моһ-моһ
С) Тәйт
Д) Жетер
Е) Құрау-құрау
197. Дыбыс үндестігі ... деп аталады.
А) Ассимиляция
В) Буын үндестігі
С) Метатеза
Д) Орфоэпия
Е) Эвфемизм
198. Шылаудың түрлерін анықтаңыз.
А) Үш
В) Екі
С) Бес
Д) Төрт
Е) Жеті
199. Есімше жасайтын жұрнақтар.
А) -қан, -кен, -ған, -ген
В) -ме, -ба, -бе, -па
С) -лы, -лі, -ды,-ді
Д) -лар, -лер, -дар, дер
Е) -шы, -ші, -паз, -қор
200. Қазақтарда кең дамыған кәсіп түрін анықтаңыз.
А) қолөнер
В) модерн
С) дизайн
Д) сауда
Е) сән
201. Ең қымбат заттар ... .
А) қолмен тоқылған заттар
В) әдемі бұйымның түрлері
С) дүкенде сатылатын киімдер
Д) саудагердің қолындағы заты
Е) жаңадан жасалған бұйым
202. Макарон өнімдері ... дайындалады.
А) қамырдан
В) еттен
С) сусыннан
Д) жемістен
Е) жидектен
203. Кәсіби сөздер дегеніміз - ... .
А) белгілі бір кәсіп саласына қатысты айтылатын сөздер
В) белгілі бір аймаққа байланысты
С) жаңадан қолданысқа енген сөздер қатары
Д) тұрмыстық атауларды білдіретін сөздер
Е) бірыңғай мамандыққа берілген сөздер
204. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
А) Үшін, сайын, туралы, сияқты
В) Барған, келген, оқыған, айтқан
С) Туралы, немесе, сияқты, дегенмен
Д) Келді, айтты, тапсырды, көмектесті
Е) Үлкендеу, қызықты, кішкене, дейін
205. Диалектілік мағынаны білдіріп тұрған сөзді анықтаңыз.
А) күзем, қырқым
В) жасау, сабау
С) өнер, жұлдыз
Д) сауда, базар
Е) үй, халық
206. Қазақ тұрмысында кең қолданылған шикізат.
А) мал терісі
В) қызылша өндірісі
С) сауда өнімдері
Д) мұнай өндірісі
Е) қант өндірісі
207. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) тіл
В) ескі
С) ақыл
Д) сөзуар
Е) білімпаз
208. Диалект болатын сөзді табыңыз.
А) ауқат
В) намыс
С) қуаныш
Д) сыйлық
Е) кітапхана
209. Ет консервілеріне қалбырларға салынып, бекітілген, ыстықпен зарарсыздандырған ... жатады.
А) дайын өнімдер
В) шикі еттер
С) барлық еттер
Д) балық еті
Е) құс еті
210. Кәсіби сөзді анықтаңыз.
А) көсек
В) тал
С) кесе
Д) киім
Е) ағаш
211. Тандырға пісірілген нанның атауын көрсетіңіз.
А) тандыр нан
Б) шелпек
В) қаттама
С) таба нан
Д) ши бауырсақ
212. Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз.
Ата өнері -
А) балаға мұра
В) үлкен өнер
С) кейінгіге үлгі
Д) балаға сын
Е) көпке ортақ
213. Ет консервілерін қоғамдық тамақтандыру орындарында 0-8° С температура аралығында ... сақтауға болады
А) 30 тәулік
В) 25 тәулік
С) 20 тәулік
Д) 15 тәулік
Е) 10 тәулік
214. Темір ұстасы шеберханасының атауын көрсетіңіз.
А) дүкен
В) саудагер
С) базар
Д) шебер
Е) зергер
215. Қазақ тұрмысында ертеден дамыған өнер түрін табыңыз.
А) ағаш ұсталығы
В) мүсін өнері
С) сауда жасау
Д) сурет өнері
Е) сәулет өнері
216. Қазақ зергерлері жасаған әйелдердің шашына тағатын әшекейдің атауы.
А) шолпы
В) алқа
С) сырға
Д) сақина
Е) білезік
217. Қазақ тұрмысында ағаштан жасалған бұйымдардың қатарын көрсетіңіз.
А) арба, сандық, күбі, кебеже
В) кесе, шәйнек, ожау, киім
С) шелек, ожау, парта, кереует
Д) сандық, шәйнек, саптыаяқ, ер
Е) көнек, піспек, сөмке, шапан
218. Ағаш ұсталығына пайдаланылатын негізгі құралдардың атауын табыңыз.
А) балта, шот, балға, қашау
В) қайрақ, қайшы, пышақ, балға
С) балға, пышақ, қайрақ, қайшы
Д) үскі, былғары, күрек, қайла
Е) арба, бұрғы, балта, сандық
219. Қазақ ағаш өнерінің ең кең тараған түрі ... .
А) ершілік өнер
В) кесе жасау
С) ыдыс жасау
Д) әшекей бұйымдар
Е) қолөнер бұйымдары
220. Тағамды дайындайтын кәсіп иесін анықтаңыз.
А) ас пісіруші, аспаз
В) мүсінші, қалақшы
С) тігінші маман, ұста
Д) ағаш ұстасы, шебер
Е) темір ұстасы, дүкенші
221. Мақал-мәтелдің тақырыбын анықтаңыз.
Ексең егін, ішерсің тегін.
А) еңбек туралы
В) өнер жайлы
С) білім жайлы
Д) тәрбие жайында
Е) адамгершілік жөнінде
222. Қоймаларда консервілер түріне байланысты ... сақталады.
А) 1-3 жылға дейін
В) 2-4 жылға жуық
С) 4-5 жыл уақыт
Д) 5-6 жылға дейін
Е) 7-8 жылға дейін
223. Қазақстанда 70 жылдан аса тарихы бар кондитерлік фабриканы көрсетіңіз.
А) «Рахат» фабрикасы
В) «Қазақстан» фабрикасы
С) «Қарағанды» конфеттері
Д) «Кабиско» фабрикасы
Е) «Баян-сұлу» фабрикасы
224. Кірме сөздер - ... сөздер.
А) өзге тілден енген
В) көп мағыналы сөздер
С) аударма жасалған
Д) диалект
Е) термин
225. Жұрнақ жалғанған сөздер қатарын табыңыз.
А) күзгі, қыстай, айсыз, желді
В) бас, жас, тас, қол, жаз, кел
С) күзбен, қыста, айдан, желге
Д) күзде, қыспен, айға, желден
Е) күзге, қыстан, айдан, желде
226. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) сөзсіз
В) ешшан
С) сөссіз
Д) дауір
Е) ашекей
227. Сырға ... тағылатын әшекей бұйым.
А) құлаққа