Азақ тілі пәнінен тест сұрақтары

1. Әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататын дыбысты белгілеңіз

А) У

В) А

С) Ә

Д) Ы

Е) О

2.Көп мағыналы сөздердің бастапқы мағынасын көрсетіңіз

А) Иненің көзі

В) Адамның көзі

С) Терезенің көзі

Д) Бұлақтың көзі

Е) Денсаулық көзі

3. Көп мағыналы сөзді анықтаңыз

А) Ертегі

В) Аға

С) Аламан

Д) Кемпір

Е) Отағасы

4. Омоним болатын сөзді белгілеңіз

А) Әдеп

В) Киім

С) Арық

Д) Үнем

Е) Саусақ

5. Синонимдік қатар жасайтын сөзді белгілеңіз

А) Сөз

В) Тау

С) Шақ

Д) Мәтін

Е) Тақырып

6. «Ізгілік» сөзінің антонимін табыңыз

А) Зұлымдық

В) Ер жүрек

С) Әсемдік

Д) Енжарлық

Е) Жүректілік

7. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз

А) Мұзды еріту

В) Мұздай суық

С) Мұзға отырғызып кету

Д) Мұз айдыны

Е) Мұзда сырғанау

8. Көнерген сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз

А) Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?

В) Сол сұлу атқан таңдай сұлу екен

С) Қырық бес – егденің жасы

Д) Әбділдә, оқыдым, айтқаның дұрыс екен

Е) Жұрт қыстауға кіре сүзек басталды

9. Архаизмге жататын сөздер тобын белгілеңіз

А) Хан, патша, адырна

В) Ғарыш, саяжай, жебе

С) Ұжым, ғылым, жәшік

Д) Биқасап, барымға, ұрын бару

Е) Күн, жеті, тұщы

10. Кірме сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз

А) Тірлігіміздің де сәні болған жоқ

В) Мен әке – шешесіз өскен адаммын

С) Әдебиетті сүю, әдебиетші болу жолына мені жетектеген тәрбиешім еді

Д) Үні қандай жұмсақ

Е) Жақындық пен достық оңайлыққа түсе бермейді

11. Қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген сөздерін көрсетіңіз

А) Бұршақ, бұрыш

В) Бәтеңке, тәрелке

С) Әдебиет, пән

Д) Емтихан, сабақ

Е) Табиғи, талап

12. Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз

А) Мен оның жақсы жырларын көрсем шын қуандым

В) Көп сырластық, қолөнершілік жайлы әңгімелестік

С) Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған

Д) Терісмшілер таң сәріден мақта теруге шықты

Е) Бақша ішінде әңгелек, жәмше пісіп қалыпты.

13. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саланы белгілеңіз

А) Фонетика

В) Морфология

С) Лексикология

Д) Сөзжасам

Е) Дыбыс үндестігі

14. Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді белгілеңіз

А) Ал

В) Бал

С) Тас

Д) Рас

Е) Көл

15. Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді анықтаңыз.

А) Қамыс

В) Тұяқ

С) Қара

Д) Қағаз

Е) Шам

16. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасын белгілеңіз

А) Ауыспалы мағына

В) Тура мағына

С) Сөздің ішкі мазмұны

Д) Сөздің лексикалық мағынасы

Е) Көп мағыналы сөз

17. Тек ашық дауыстыдан құралған сөзді белгілеңіз

А) Әдет – салт

В) Көшпелі

С) Жолаушы

Д) Ілгері

Е) Үндестік

18. Езулік дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз

А) о, ө, у, ұ, ү

В) а, ә, е, э, ы, и

С) а, ә, о, ө

Д) ы, і, и, у

Е) ә, ө, ү, і

19. Қай қатардағы сөздерде тасымал дауыстыдан басталатынын анықтаңыз

А) Мектеп, сұрақ

В) Жолаушы, көлік

С) Тиын, қиыр

Д) Мысал, жанр

Е) Тегіс, сәулесі

20. Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз

А) Ке-ю

В) Таңер-тенгі

С) Күнн-ің

Д) Шалқул-ар

Е) Самға-у

21. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз

А) -ға (-ге), -та те

В) -ты (-ті), - ды (-ді)

С) -нікі (-дікі), -тай (-тал),-еке

Д) -лы (-лі), -ғы (-гі)

Е) -ар (-ер), -р

22. Ілгерінді ықпалға жататын сөздерді белгілеңіз

А) Ашса, кітабы

В) Тастан, жазға

С) Теуіп, жабады

Д) Сабағы, көнбеді

Е) Қолғабы, тарағы

23. Кейінді ықпалға жататын мысалдарды белгілеңіз

А) Қазақстан, адаммнан

В) Бұрымнан, сұранысқа

С) Тарағы, жазса

Д) Анаға, табаққа

Е) Мектепке, қаптан

24. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз

А) –ік, -ім

В) –ме, -бе

С) –гіш, -ғақ

Д) – ов, -ин

Е) –ін, -мек

25. Жалпы есімге тән ұғымды белгілеңіз

А) Жеке заттар атауы

В) Атау сөздер

С) Жалпылама атау

Д) Үнемі бас әріппен жазылады

Е) Заттарды даралап атайтын есімдер

26. Қосымшасы ұяң және үнді дауыссыздан басталған сөздерді анықтаңыз.

А) Кітапқа, менсіз

В) Дүниеге, пайдалы

С) Шашпен, тасқа

Д) Текті, тексіз

Е) доппен, таққа

27. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі не екенін анықтаңыз.

А) Дыбыс

В) Буын

С) Әріп

Д) Сөз

Е) Фонетика

28. Буын құрай алмайтын дыбыстарды белгілеңіз

А) Дауыссыз дыбыстар

В) Дауысты дыбыстар

С) Дыбыстардың барлығы

Д) Сөз құрамындағы дыбыс

Е) Бірнеше дыбыстар.

29. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды анықтаңыз

А) Ашық буын

В) Тұйық буын

С) Бітеу буын

Д) Жалаң буын

Е) Ашық буын мен тұйық буын

30. Тұйық буынды белгілеңіз

А) Ант, аз

В) Егін, өрті

С) Қант, қар

Д) Аға, қала

Е) Төркін, ашық

31. Бітеу буынның анықтамасын белгілеңіз

А) Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын

В) Жалғыз дауыстыдан болған жалаң буын

С) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын

Д) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған

Е) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буын

32. Бітеу буынды белгілеңіз

А) Дала, ұлан

В) Өктем, оқ

С) Тал, төрт

Д) Ел, жетім

Е) Ие, ата

33. Тасымалданбайтын сөздер тобын анықтаңыз

А) Атақты, шалқу, маңызды

В) От, қарт, сия

С) Ғарыш, бетін, мұндай

Д) Сабақ, мектеп, таңертен

Е) Күндіз, келесі, тамаша

34. Дұрыс тасымалданбаған сөзді белгілеңіз

А) Егінші

В) Же-рді

С) Кей-де

Д) Біз-ге

Е) Ға-лым

35. «Орфография» деген сөздің мағынасын белгілеңіз

А) «Дұрыс айтамын»

В) «Дұрыс жазамын»

С) Дұрыс айтамын, дұрыс жазамын

Д) Ұлттық тіл нормасының жиынтығы

Е) Сөз бен қосымша шегіндегі дыбыстары үндесіп айтылатын сөздер

36. Орфографиялық нормасы сақталмай жазылған сөзді белгілеңіз

А) Жазсын

В) Қара ала

С) Көссіз

Д) Кек алу

Е) Сақ адам

37. Сөзге болатын түпкі бөлшекті көрсетіңіз

А) Қосымшалы сөз

В) Түбір сөз

С) Қос сөз

Д) Қысқарған сөз

Е) Туынды сөз

38. Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты белгілеңіз

А) Сөз түрлендіруші жұрнақ

В) Сөз тудырушы жұрнақ

С) Жалаң жұрнақ

Д) Күрделі жұрнақ

Е) Қосымша мағына үстейтін жұрнақ

39. Бір түбірден түрлі жұрнақ арқылы жасалған сөздер қалай аталатынын анықтаңыз

А) Түбірлес сөздер

В) Қосымшалы сөздер

С) Біріккен сөздер

Д) Туынды сөздер

Е) Қысқарған сөздер

40. Екі не одан да көп сөздердің бірігу арқылы жасалған сөздерді анықтаңыз.

А) Қос сөз

В) Қысқарған сөздер

С) Біріккен сөздер

Д) Туынды сөздер

Е) Қосымшалы сөздер

41. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар біріккен сөзді анықтаңыз.

А) Сырдария

В) Жолбарыс

С) Өнеркәсіп

Д) Қабырғалы

Е) Әділбек

42. Қосарлану мен жазылуында айырмашылығы бар біріккен сөзді анықтаңыз

А) Қабылдау

В) Қанағат

С) Өсімтал

Д) Қарағай

Е) Зәбір-жапа

43. Апар сөзі қандай сөздерден қысқарып жасалғанын анықтаңыз

А) Алып бар

В) Әкеп бер

С) Алып кел

Д) Әкеліп бер

Е) Алып бер

44. Сапалық сын есімді көрсетіңіз

А) Таңдамалы шығарма

В) Білгіш жан

С) Қызыл тал

Д) Қайыңды өлке

Е) Көшпелі халық

45. Қатыстық сын есім қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз

А) Қызыл тал мен ақ қайыңның бұтақтары жылтырап күнмен

В) Көл ортасында қалың жасыл қамыс

С) Жаз бойы жасыл шалғыны жапырылмайды

Д) Содан соң қысқа қора маңының лайсаңынан да құтылады

Е) Күзеудің отын әбден тауыспай, мал тұяғын тигізбейді.

46. Сан есімнің септік тұлғасы мен сөйлемдегі қызметін белгіленіз

Қырық бесте көзілдіріксіз оқи алмайтын болдық

А) Жатыс септік, пысықтауыш

В) Барыс септік, толықтауыш

С) Атау септік, бастауыш

Д) Ілік септік, анықтауыш

Е) Табыс септік, толықтауыш

47. Сөйлемнің күрделі мүшесі қызметіндегі сан есімді белгілеңіз

Гектарынан 12 центнер бидай орылуда

А) Гекторынан 12 центнер

В) 12 центнер бидай

С) Центнер бидай

Д) Центнер бидай орылуда

Е) 12 центнер

48. Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз

А) Өз, бұған

В) Осысы, мынауың

С) Бұны, кіммін?

Д) Өзіммен, қайсыбіреу

Е) Кімде-кім, әркім

49. Сөйлем ішіндегі есімдіктің түрін, тұлғасын анықтаңыз

Әжем түтіндеткен самаурынның қасында отырып маған ғана сөйлейді

А) Жіктеу есімдігі, барыс септігінде

В) Сілтеу есімдігі, табыс септігінде

С) Сұрау есімдігі, шығыс септігінде

Д) Белгісіздік есімдігі, атау септігінде

Е) Өздік есімдігі, ілік септігінде

50. Жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалатын етістік түрін белгілеңіз

А) Сабақты, етістік

В) Болымды етістік

С) Болымсыз етістік

Д) Салт етістік

Е) Туынды етістік

Наши рекомендации