Баскетбол тарихы мен ережелері
Баскетбол (ағылш. basket — себет, ball — доп) – доппен ойналатын командалық спорттық ойын.
Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды (әр командада барлығы 12 адамнан, ауыстыруға шектеу қойылмайды). Әр команданың мақсаты – қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне) қолмен допты лақтыру және басқа команданың допқа иелік етулеріне және өздерінің себеттеріне лақтыруға кедергі келтіру. Себет еденнен 3,05 м биіктікте орналасады. Жақын және орташа қашықтықтан лақтырылған допқа екі ұпайдан, алыс қашықтықтан (3 ұпайлық сызықтың сыртынан) – үш ұпай есептеледі, айыптық лақтыру бір ұпаймен бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі – ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі.
Баскетбол Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1936 жылдан (ойынды ойлап тапқан Джеймс Нейсмит онда қонақ ретінде қатысқан) енген. Ерлер арасындағы баскетболдан әлем чемпитонаты — 1950 жылдан бері, әйелдер арасында — 1953 жылдан бері, Европа чемпионаты – 1935 жылдан бері өткізіліп келеді.
Баскетбол алңы
1891 жылдың қысында Массачусетс штаты, Спрингфилдтік Жастардың Христиандық Қауымдастығы колледжінің студенттері сол заманда жастарды спортқа баулитын бірден-бір түрі болып саналатын, бітпейтін гимнастикалық жаттығуларды орындауға мәжбүр болатын, дене шынықтыру сабақтары сондай көңілсіз, іш-пыстырарлықтай өтетін еді. Осындай бір жақты жаттығуларға нүкте қойып, дені сау және қуатты жастардың жарысу қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа леп ойлап табу керек болды.
Тұйыққа тірелген жағдайдан шығар жолды колледждің оқытушысы Джеймс Нейсмит ойлап тапты. 1891 жылғы 21 желтоқсанда ол спорт залының балконының таянышына шабдалының босаған екі себетін іліп қойып, он сегіз студентті екі командаға бөліп, оларға ойынның шарты қарсыластарының себетіне допты неғұрлым көбірек түсіру керек екендіктерін айтты.
Бұл ойынның идеясы оған ертеректе, мектепте оқып жүрген шағында балалар «duck-on-a-rock» («Жар басындағы үйрек») ойнаған кезде келген болатын. Сол кездегі танымал бұл ойынның шарты келесідегідей болатын: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті.
Допты тек қолмен ойнайды. Допты еденге соқпай жүгіруге, аяқпен тебуге, аяқпен тосқауыл қоюға немесе жұдырықпен ұруға тиым салынады. Байқаусызда табан немесе аяқ тиіп кеткен болса ол ереже бұзу болып саналмайды.
Баскетболда жеңімпаз болып ойын уақыты аяқталғанда неғұрлым көп ұпай жинаған команда саналады. Негізгі уақытта ойын тең аяқталған болса овертайм белгіленеді (әдетте бес минут қосымша уақыт), егерде оның аяғында тең түссе бір команда жеңімпаз болмайынша екінші, үшінші және т.б овертаймдар белгіленеді.
Допты себетке түсірген кезде әр түрлі ұпай сандар саналуы мүмкін:
• 1 ұпай – айыптық лақтыру
• 2 ұпай – жақын немесе орташа қашықтықтан лақтыру (3 ұпайлық сызықтың ішінен)
• 3 ұпай – үш ұпайлық сызықтың сыртынан 6м 75см (7м 24см) қашықтықтан
Ойын орталық шеңберде даулы лақтырудан басталады, допты дауласушы бір жақ қағып жібереді. Екінші және үшінші, төртінші ойындар арасындағы демалу ұзақтығы – он бес минут. Үлкен демалыстан кейін командалар себеттерін ауыстырулары тиіс.
Ойын ашық алаңқайда немесе биіктігі 7м кем емес залда өткізіледі. Қалқанның өлшемі 180х105 см. Қалқанның астынғы шеткі нүктесінен еденге немесе топыраққа дейін 290 см болуы тиіс. Себет металлдан жасалып, сақина тәрізді болады, түбі жоқ тормен жан-жағы тартылады. Еденнен 3,05м деңгейде орналасады. FIBA стандарттарымен ерлер жарыстары үшін доптың ауқымы – 74,9 – 78 см, массасы – 567 – 650 г, әйелдер жарыстары үшін – 72,4 – 73,7 см және 510 – 567 г бекітілген.
• аут – доп алаң сыртына шығып кетеді;
• жүгіріп өту – допты бақылауында ұстап бара жатқан ойыншы аяқ алуды ережеде бекітілгеннен асырып жіберу;
• допты алып жүруді бұзу – допты екі қолмен олып жүру;
• 3 секунд – шабуыл аймағында оның командасы допқа иелік еткен уақытта жабуылшы жақтың ойыншысы қарсыластың «бояуында» (шеңбердің астындағы тікбұрышты аймақ) үш секундтан артық болса;
• 5 секунд – ойыншы лақтыруды орындау кезінде доптан бес секунд айырылмай қойса;
• Тығызқамқорлықтағы ойыншы – тығызқамқорлықтағы ойыншы 5 секунд ішінде доп бере алмайды және шеңберге допты лақтыра алмайды;
• 8 секунд – тыл аймағында допқа иелік етіп жүрген команда алдыңғы аймаққа 8 секунд ішінде допты шығармаса;
• 24 секунд – команда допқа 24 секунд иелік етіп шеңберге допты лақтырмаса. 24 секунд есептегіш егер доп шеңбердің шетіне тисе нөлге теңестірледі. Осыдан кейін шабуылдаушы команда шабуылдаудағы таңдауға және тағыда 24 секундқа ие болуға құқылы. Егер фол алса немесе қорғанушы команда тәртіп бұзса (доптың алаң сыртына шығып кеткенін есептемегенде) немесе ойынды басқада себептермен тоқтатқан жағдайларда жабуылдаушы команда келесілерге құқылы болады:
• жаңа 24 секундқа ие болады, егер лақтыру допқа иелік етуші команданың қорғаныс аумағында орын алса;
• уақыт санау егер 14 немесе одан көп секунд қалған сәттен жалғастырылады;
• жаңа 14 секундқа иелік ету, егер иелік етуге 13 немесе секунд қалса;
• қорғаныс аумағына допты қайтаруды бұзу – шабуылдау аумағында допқа иелік етуші команда оны қорғаныс аумағына ауыстырса.
Фол – бұл ережелерді сақтамау, дербес жақындау немесе спортқа тән емес қылықтар көрсету. Фол түрлері: дербес – қарсыласпен жақындасу кезіндегі ойыншы фолы, техникалық, екі жақты, спортқа тән емес, дисквалифициялаушы.
Ойында 5 дербес фол (ҰБҚ 6 фол) немесе спортқа тән емес фол алған ойыншы ойын алаңынан аластатылады немесе ойынға қатыстырылмайды (бірақта оған запастық орындықта қалуға рұқсат етіледі). 2 техникалық ескерту немесе дисквалифициялаушы фол алған ойыншы алаңқайдан аластатылады және ойын өтіп жатқан орынды тастап кетуі тиіс (ойыншыға запастық орындықта қалуға рұқсат етілмейді).
Баскетболшы формасы
Ең алғашқы баскетбол сайысы өткен күн деп 1891 жылдың 21 –желтоқсанда Сприч- филд колледжінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Джеймс Нейсмитке қолайлы көңіл күй көтеретін қимылдар ойлап тауып гимнастика сабағын жандандыру тапсырылды.
Нейсмит “ойлап тапқан ”ойынның ең алғаш рет өз сыныбында өткізілді.Орналаласқан болион ернеуіне яғни 3 метр биіктікке ол өзі шабдалы салынған карзиноларды бір-біріне қарама-қарсы орналастырды. Бұл корзиналарға доп лақтыру қажет. Сүйтіп баскетбол ағылшын тілінде “карзина доп” деген сөзден құралған. Ойын үшін футбол добы қолданылды және оған әр командаға 9-ойыншыдан бөлінген 18-адам қатысқан. Кейін бұл сан 7-ге 1897 жылдан 5-ке дейін қысқартылды. Себебі ойыншылардың көп болуы алаңда тек кедергі – кесір әкелетін еді. Ойыншылардың үнемі қақтығысып қалып отыруы ойын ережесін жасауды талап етті. Олардың ең алғашқысы 13 бөліктен құралды.