Тақырып: Қазіргі кездегі жанұя және репродукция мәселелері.
2. Мақсаты:Жанұя және жанұялық-некелік қатынастар мәселелері бойынша студенттің білімін бекіту.
3. Оқытудың міндеттері:
- студент “жанұя”, “неке”, «репродукция” түсініктерін, жанұялық өмірдің түрлерін білуі тиіс;
- студент жанұяның қызметін және жанұя әлеуметтануы мәселелерін ажырата алуы керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. “Жанұя” түсінігі және оның қызметі.
2. Некенің қалыптасуы және жанұялық өмірдің кезеңдері.
3. Ажырасу, екінші неке, жанұядағы зорлық.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
Семинар сабағы “сұрақ-жауап” түріндегі дәстүрлі әдіс бойынша жүргізіледі. Жоспардағы сұрақтар қарастырылып болған соң оқытушының жетекшілігімен “дөңгелек үстел” ұйымдастыруға болады. “Дөңгелек үстел” барысында қазіргі жанұялық өмірдің маңызды мәселелері қарастырылады. “Жанұя және жаңа репродуктивті технологиялар” атты реферат түріндегі баяндамадан соң, студенттер болашақ маман дәрігерлер көзқарасы тұрғысынан осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдіреді.
6. Әдебиеттер:
- Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: курс лекций. М., 1997, с.156-159.
- Социология. Ростов н/Дону, 1998, с.129-140.
- Фролов С.С. Основы социологии. М., 1997, с.181-190.
4. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии-Алматы,2000, с.56-68.
5. Лавриненко В.Н., Нартов Н.А., Шабанова О.А и др. Социология: учебник для вузов-М., 2003, с.240-253.
7. Бақылау сұрақтары):
1. Әлеуметтік институт ретіндегі жанұя және неке нені білдіреді?
2. Неліктен жанұя институты кез-келген қоғамда негізгі болып саналады?
3. Жанұя өзінің өмірлік циклының барысында қандай кезеңдерді басынан кешіреді?
4. Жанұяның негізгі қызметтері қандай?
5. Жанұяның қызметтері кейінгі кезде қалай өзгеруде?
6. Некенің тұрақтылығына (тұрақсыздығына) қандай жағдайлар әсер етеді?
7. Ажырасудың себептері неде?
8. Қазіргі кездегі қоғамға жанұялық-некелік қатынастың дамуының қандай тенденциясы тән?
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандығы: жалпы медицина
Пәні: әлеуметтану
Қазақстан тарихы және саясаттану кафедрасы
Саясаттану, әлеуметтану, экономикалық теория курсы
№13 тақырыбы: Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы білім: мәселелері және жетістіктері
Құрастырушы: Сергазина Г.М.
Қазақстан тарихы және саясаттану
кафедрасының оқытушысы
-----------------
Қол қою үшін
Семей 2008 ж.
Тақырып: Қазіргі кездегі білім беру: мәселелері және болашығы
2. Мақсаты:Қазіргі кездегі білім беру мәселелері бойынша студенттің білімін бекіту.
3. Оқытудың міндеттері:
- студент білім беру әлеуметтануының міндеттері мен қызметін білуі тиіс;
- студент білім беру жүйесінің қазіргі кездегі бағыттарын анықтай алуы керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Білім берудің пәні және қызметі.
2. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің маңызды мәселелері мен бағыттары.
3. Шет елдегі білім беру. Салыстырмалы талдау.
5.Сабақ беру және оқытудың әдістері:
Семинар сабағы “дөңгелек үстел” әдісі бойынша жүргізіледі. Семинар сабағы барысында тьютордың жетекшілігімен жоспар сұрақтары қарастырылады. Студенттер “дөңгелек үстел” барысында Қазақстандағы қазіргі кездегі білім беру мәселелері; ҚР білім беру жүйесін модернизациялау; шет елдердегі білім беру үрдісінің ерекшеліктері (салыстырмалы талдау).
6. Әдебиеттер:
1. В.И. Добреньков, А.И. Кравченко. Социология, М., 2002, с. 10-16.
2. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекции по социологии. Алматы, 2000, с.105-117.
3. Социология: учебное пособие. Алматы, 1997, с.141-155.
4. Закон об образовании. Алматы, 2000.
7. Бақылау сұрақтары:
1. Білім беруді әлеуметтану білімінің қай саласы зерттейді?
2. Білім әлеуметтануы нені зерттейді?
3. Білім берудің қандай үлгілері бар?
4. Білім берудің қызметтерін атаңыз.
5. Білім саласының дамуының қазіргі кездегі бағыттарын атаңыз.
6. Білім жүйесінің құрылымы қандай?
7. ХХІ ғасырдағы жалпы білім беретін мектептердің ролі қандай?
8. ҚР білім жүйесін реформалаудың ерекшелігі.
9. Шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен дәстүрлері қандай?
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР