Ылыми мақаланың кіріспесін

Кіріспе – әр нәрсенің басталу жайы (С.Н.Ожегов, Словарь русского языка). Бұл бөлім екі бет көлемінде болады да, жоба тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Сондай-ақ, жұмыс мақсатын айқындап, негізгі міндеттер мен оның шешу әдісін белгілейді. Тақырып жаңалығы, құндылығын, оның теориялық және практикалық мәселелерді шешу мүмкіндігін ұсынады.

  • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
  • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
  • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.


Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.
  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.
  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
  • абзац болу керек;
  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;
  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі: автордың тегі, аты- жөні,мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),журнал және кітап атауышыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

23) Ғылыми мақаланың пайдаланған әдебиет тізімін дайындау

Жұмыстың соңында міндетті пайдаланған әдебиеттер тізімі болады. Пайдаланған әдебиеттер осы жұмысқа қатысты мәселелер бұған дейін де қарастырылғандығын көрсету мақсатын көздейді. Пайдаланған әдебиеттер тізімін рәсімдеген кезде де қателер кездеседі. Авторефераттардың, диссертациялардың атаулары, авторларын рәсімдеуде қиындықтар болады. Нақты беттер, сілтемелер көрсетілмейді. Мұндай қателіктерді әрдайым ескеріп, ғылыми жоба нәтижиелі болу үшін болдырмау қажет.

Кейде ғылыми жобаларда [46], [95] – деген әдебиет көрсеткіштері беріледі. Ал жұмыс соңында оқушы пайдаланған 10 ғылыми әдебиеттер ұсынылған. Демек, бұл көрсеткіш оқушының дайын дипломдық, магистрлік диссертациядан көшіргендігінен туған кемшілік. Ғылыми еңбектерде сілтеме жасаған өте орынды. Бірақ тұтас көшіріп алу бұл оқушыға қандай тәрбие береді. Ғылыми жоба бірнеше ғалымдар еңбегінің көшірмесі деген көзқарас қалыптасуы мүмкін деген сөз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен автордың фамилиясяна байланысты орналастырылады, өзге әдебиеттер аталуына байланысты тізіледі.

1. Аманжолов С., Бегалиев Ғ. Қазақ тілінің грамматикасы. Оқулық. –Алматы: Қазбірмембас., 1943. –136 б.

2. Емлесі қиын сөздер (Мектеп оқушыларына арналған анықтамалық сөздік). Құраст.: Н.Уәлиұлы, Қ.Жаманбаева, Қ.Күдеринова. – Алматы: «Балауса», 2000. – 512 б.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедия. 1 том. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 1975. – 719 б.

4. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар материалдары бойынша). Монография. – Алматы: Ғылым, 1964. –244 б.

5. Мамытбеков Қ. Құрмалас сөйлемдердің кейбір мәселелері // Қазақ тілі және әдебиеті. Аспиранттар мен ізденушілер жинағы. ҮІІ шығуы. –Алматы, 1971. –74-77 бб.

24) Ғылыми мақаланың концептуалдық моделін дайындау

  • Жоба құрылымы:
  • Тақырыптың өзектілігі;
  • Мақсаты, міндеті;
  • Болжамы;
  • Зерттеу кезеңдері;
  • Эксперимент әдістемесі; Зерттеу жаңалығы;
  • Қорытынды.

жобаның құрылымы - өз есебінен осы басқару құрылымы күрделі іс-шаралар жалғасы қамтамасыз ету үшін компанияның қажеттілігі үшін өте маңызды қатаң шектеулер бойынша экспозиция үйлестіру және интеграциялау Жұмыстың құны кестесі мен сапасы.

Жұмыстың зерттелу бөлімі - – зерттеу жұмысының өзекті бөлігі. Негіз – бір нәрсенің түп-төркіні (Қазақ тілінің сөздігі,1999). Жалпы, көлемі – 15-18 бет. Тақырып мазмұнының ашылуына қарай негізгі бөлім тарауларға, тараулар іштей бірнеше тармақ-тармақшаларға жіктелуі мүмкін. Жоғарыда айтылған түрлі әдіс-тәсілдердің барынша ашылуына негіз жауап береді. Мұнда алға қойылған мақсат пен оған жетудегі міндеттерді шешу көзделеді. Негізде, алдымен, тақырыпқа қатысты тілші-ғалымдардың білдірген ой-пікірлері талданады, оларға деген зерттеушінің өзіндік көзқарасы білдіріледі. Кейіннен тақырыптың теориялық қыры нақты фактілермен, материалдармен дәлелдене отыра сараланады. Нақты алынған нәтижелерді талқылау да осы негіз ішінде іске асып отырады. Сонымен қатар жұмыс нәтижесін білдіретіндей тұжырымдар тиянақталады. Безендірілген материалдарға (сызба, кесте, фотосурет, суреттер) да жол ашылып, оларды кеңінен көрсетуге мүмкіндік туады. Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы: Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы тиіс.

Қорытынды - логикалық ой қорыту арқылы алынатын жаңа пікір (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы). «Қазақ тілі сөздігінде» қорытынды белгілі бір істің қорытындысы, байламы, шешімі деп түсіндіріледі. Көлемі де аз: бір бет. Бірақ мұнда баяндалған жұмыстың нәтижелері, соның негізінде жасалған қорытындылар санамалап берілгені абзал. Сонымен қатар ғылыми және практикалық мақсаттағы нақты ұсыныстар болғаны жөн.

Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеумәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

Ғылыми болжам – зарттеу себебін туғызатын болжам.

Егар ғылыми болжам зерттелетін фактімен дәл келсе, оны ғылымда теория немесе заң деп атайды. Таным процесінде әрбір ғылыми болжам тексеріліп, нәтижесінде ғылыми болжам салдары бақыланатын құбылыспен сәйкес келетіні, берілген ғылыми болжамның басқа ғылыми болжамға қарама – қайшылық туғызбайтыны анықталады.

Жаңа деректердің жинақталуымен бір ғылыми болжам екіншімен, егер осы жаңа деректер ескі ғылыми болжаммен түсіндірілетін болса немесе қарама-қайшы келсе ғана ауыстырылады. Бұл жағдайда ескі ғылыми болжам түгел алынбайды, тек қана жөнделіп, нақтыланады. Нақтылау және жөндеу шарасынан ғылыми болжам заңға айналады.

25. Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.

· Хабарламалы интервью түріне — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалог интервью тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.

· Түсіндірмелі интервью түрлеріне — интервью суреттеме, баспасөз маслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі.

Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.

Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.

Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар.

26. Фокус-топтар әдісі - XX ғасырдың 60-жылдарының соңында пайда болған саяси әлеуметтану ғылымының сапалық әдісі. Қазіргі кезде маркетингтік зерттеулерде кеңінен қолданылуда. Саяси әлеуметтануда қандай да бір оқиғаға сараптамалық баға беру қажет жағдайда қолданылады (мысалы, сайлау стратегиясын таңдауда, аймақтың, ауданның тұрғындарымен кездесу барысында кездесетін сұрақтарды анықтауда және тағы басқа). Мәні жағынан фокус топтар - талқыланып отырған сала бойынша сарапшы болып танатын адамдардан сұхбат алу. Кез келген сұхбат түрі сияқты мұнда да, алдын ала жоспар құрып, пікір алмасуға қажетті сұрақтарды әзірлеп алу қажет. Бүл әдіс фокус-топ модераторының суырып салмалығына жол береді. Фокус-топтық зерттеулер мақсаты қандай да бір мәселе бойынша пікір алуандығын анықтау болып табылатын бірнеше пікір алмасудан тұрады.

Фокус-топ — құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы. Бұл әдістің мәні — әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын айқындау.

Фокус — топ талғамдары, қажеттіліктері, ойлары әр түрлі болып келетін респонденттерден тұрады. Топпен жұмыс ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылады. Toп 8-12 адамнан тұрады. Топтың жұмысын басқарушы модератор қатысушылардың назарын нақты мәселеге бейімдеп отырады.

Фокус-топтарды болашақта сандық түрде анықтауға болатын болжамдарды анықтау және жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру үшін пайдалану тиімді.

Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Соңғысы оларды мақсат - белгілі бір көзқарастың жеңісі болып табылатын ғылыми немесе саяси пікір алысулардан өзгеше етеді.

Фокус-топтың жүргізушісі модератор деп аталады. Модератордың жұмысы жоғары біліктілікті қажет етеді, көбінесе фокус-топты кәсіби психологтар немесе социологтар жүргізеді. Модераторда терең сұхбатта гайд деп аталатын пікір алысудың жалпы жоспары болады. Бірақ, терең сұхбатқа қарағанда, фокус-топта гайд одан да төмен нақтыланған. Әдетте, ол компьютермен терілген мәтіннің 2 бетін алады. Фокус-топтың өзі 2-2,5 сағат жүргізіледі. Бұл модератордың суырып салма қабілетінің үлкен рөлін көрсетеді. Модератор фокус-топтың қымбат уақытын тек қана зерттеу мақсаттары үшін пайдалануды қамтамасыз етіп, қызықты пікір талас тудырып, әрбір қатысушыдан барынша көбірек пайдалы ақпаратты “сығып алып”, гайдтың барлық сұрақтары бойынша “пікірлер таратуды” белгілеу тиіс. Әсіресе кез келген топта таныс емес адамдар арасындағы әңгімеде кездесетін “лидерді басу” міндеті түрде қиындыққа әкеледі. Модератор тең шамада, пікір алысу үшін барлық қатысушыларды әңгімеге тартуы тиіс, өйткені олардың әрқайсысы ақпараттың бірегей қайнар көзі болып табылады.

Фокус-топтар аудио немесе бейнепленкаға жазылады, жазбалар негізінде арнайы әдістемен түсіндіру (транскриптер), резюме мен есептер дайындалады.

27. Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы[1], қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау.[2]

Пікірталас (дискуссия) өте ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылды (мысалы, пікірталас арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту болып табылады. Дискуссияның міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады.

Айтысу, ұстанымдардың қарама-қайшылығы, талқыланып отырған материалдың мазмұнына ерекше маңыз беру секілді пікірталас әлементтері оқытудың барлық формаларында тіпті лекцияларда да қолданылуы мүмкін. Пікірталас-лекцияларда әдетте көтерілген мәселеге қарама-қайшы көзқарастары бар екі оқытушы шығады немесе артистік дарыны бар бір оқытушы шығады. Бұндай жағдаятта дауысты өзгерту, маска пайдалану тәсілдері де қолданылады.

Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес, студенттерді қатыстыру керек. Бұл жағдайда әлеуметтік механизмдерді қалыптастыратын белгілі бір топтар құрылғаны дұрыс. Олар іс-әрекеттің жаңа әдістерін күшейтеді немесе жаңа тәсілдерді ойлап табады.

Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы болып табылады. Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау, өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі анық қою, оппоненттің ой-тұжырымына құрметпен қарау т.с.с. жатады.

Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген пікір жаңсақ, өйткені бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия, физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады. Бұл жағдайда дискуссия ғылыми-танымдық пікіралысуға айналу керек.

Соңғы кездері аралық және қорытынды бақылауды тест арқылы өткізу студенттердің сөйлеу қабілетін, ойын жеткізе білу қабілетін төмендетті деген пікір айтылуда. Сондықтан практикалық сабақтар барысында бұл әдісті пайдалану – жоғарыда айтылған өзекті мәселенің тиімді шешімі.

Бұл әдістің тәрбиелік мәні де жоғары. Оның көмегімен білім алушылардың мінез-құлқы, темпераменті, есте сақтау және ойлау қабілеті сияқты танымдық процестерді диагностикалаумен қатар, олардың тәртібін, әрекетін, өзін-өзі ұстай алу қабілетін тәрбиелеп, дамытуға мүмкіндік туады.

Дискуссия тақырыбын таңдағанда терең мазмұнды тақырыптармен қатар, адамгершілік мәселелері, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірталастыруға болады. Сонымен, пікірталас (дискуссиялық) әдістері – тек оқыту ғана емес, сондай-ақ, тәрбие тәсілі болып табылады.

Топтық дискуссияда бірнеше фазалар қолданылады:

1. Бағдарлану. Дискуссияның мәселесімен мақсатын анықтайды. Анықталған мәселе барлық топ мүшелеріне түсінікті болу қажет.

2. Ақпарат жинау. Қатысушылар өз ойларын, сезімдері мен жаңа идеяларын бөліседі.

3. Реттестіру. Ақпартты жинау барысында нәтижелі бағалау.

4. Дискуссияның аяқталуы. Қорытынды шығару, алынған нәтижелерді салыстыру

28. Этнография термині көне грек тіліндегі «этнос» – халық, «графейн» – жазу, түсіндіріп жазу дейтін мағына беретін сөздерден жасалған.
Кей кездерде этнография ғылымы зерттейтін, айналысатын объектілерді қарастыратын ғылымға этнология термині де қолданылған. Бірақ бұл термин дүниежүзілік шеңберде этнография терминінің баламасы ретінде айналымға жаппай кіре алған жоқ.
Қазіргі ғылымда дүние жүзі халықтарын зерттейтін ғылым атауы ретінде этнография термині қабылданған. Этнографияның зерттеу обьектісіне жер бетіндегі барлық ұлттар, халықтар санының аз-көптігіне, даму дәрежесіне, ертедегі немесе қазіргі ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан жатады. Әр этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы: әдетте олар көптеген жүз жылдықтар бойы сақталады. Әр этностың белгілі бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ оны осындай типте пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: этнография ғылымының дамуын зерттеу
Зерттеу мақсаттарына сай келесі міндеттер анықталды:
- Қазақстанда этнографияның ғылым ретінде қалыптасуының алғы шарттары
- Академиялық этнографияның тұрақтануы мен дамуы
- 1940-50 жж этнографиялық зерттеулер тарихы
- 1960-80 жж этнографиялық білімдер
- Тәуелсіздік жылдарындағы этнология ғылымының даму ерекшеліктері

29. Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Соңғысы оларды мақсат - белгілі бір көзқарастың жеңісі болып табылатын ғылыми немесе саяси пікір алысулардан өзгеше етеді.Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). Сонымен бірге, топтар ішінде жасы немесе білім деңгейі бойынша үлкен айырмашылықтарға жол берілмейді. Олай болмағанда, фокус-топтар әдісінде ақпарат алудың аса маңызды тәсілі болып табылатын топтық динамика жұмыс істемей қалуы мүмкін.Фокус-топтың жүргізушісі модератор деп аталады. Модератордың жұмысы жоғары біліктілікті қажет етеді, көбінесе фокус-топты кәсіби психологтар немесе социологтар жүргізеді. Модераторда терең сұхбатта гайд деп аталатын пікір алысудың жалпы жоспары болады. Бірақ, терең сұхбатқа қарағанда, фокус-топта гайд одан да төмен нақтыланған. Әдетте, ол компьютермен терілген мәтіннің 2 бетін алады. Фокус-топтың өзі 2-2,5 сағат жүргізіледі. Бұл модератордың суырып салма қабілетінің үлкен рөлін көрсетеді. Модератор фокус-топтың қымбат уақытын тек қана зерттеу мақсаттары үшін пайдалануды қамтамасыз етіп, қызықты пікір талас тудырып, әрбір қатысушыдан барынша көбірек пайдалы ақпаратты “сығып алып”, гайдтың барлық сұрақтары бойынша “пікірлер таратуды” белгілеу тиіс. Әсіресе кез келген топта таныс емес адамдар арасындағы әңгімеде кездесетін “лидерді басу” міндеті түрде қиындыққа әкеледі. Модератор тең шамада, пікір алысу үшін барлық қатысушыларды әңгімеге тартуы тиіс, өйткені олардың әрқайсысы ақпараттың бірегей қайнар көзі болып табылады.

30. Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.

Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар.

Наши рекомендации