Пәннің мазмұны. тақырыптық жоспары.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

_______AL Әлеуметтану______________________________

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

_Әлеуметтанулық емес мамандықтардың студенттеріне арналған

(мамандық атау және шифрі)

Астана

СИЛЛАБУС

Пән: AL «Әлеуметтану»

әлеуметтанулық емес мамандығының

студенттеріне арналған

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1. Оқытушының аты-жөні: Досанова Гүлім Меңдіғалиқызы, PhD, әлеуметтану кафедрасының доцент м.а.

Ғылыми зерттеу бағыты: гендер әлеуметтануы, дін әлеуметтануы

2. Пәннің аты: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALE 1108

3. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша

Семестр:мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес

Аудитория: кесте бойынша

4. Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану

Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу пәнінің бағыты.Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері.Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:

· әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;

· қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:

· әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.

Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.

· Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;

· Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;

· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.

Пәннің мазмұны. Тақырыптық жоспары.

Апта саны Тақырыптар атауы Сағат саны мен оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқыту түрлері СӨЖ үшін тапсырмалар
Әлеуметтанудың объектісі және пәні Дәріс-1, семинар-1 -
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте «Қоғам типологиясы» (Э.Гидденстің «Социология» оқулығы бойынша) – қоғам түрлері, типологизацияның критерийлері, қоғам түрлерінің қысқаша мінездемесі.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте 1. П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясы (экономикалық, саяси, кәсіби стратификация). Әлеуметтік мобильділік және оның арналары, П.Сорокин бойынша (неке, әскер, мектеп, т.б.). Схема 1. Әлеуметтік мобильділік: топтық және индивидуалды, көлденең және тік, ұрпақ ішіндегі және ұрпақаралық.
Тұлғаның әлеуметтенуі Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте: Тұлғаға қатысты негізгі концепциялар (Ч.Кулидің «Айнадағы Мен» теориясы, Г.Мидтің «Маңызды басқа» теориясы, Ж.Пиаженің когнитивті теориясы, З.Фрейдтің психоанализі, қысқаша мінездеме.
Әлеуметтік институттар Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте. Негізгі әлеуметтік институттар: білім, отбасы, дін, саяси, экономикалық, оларға қысқаша мінездеме беру және функцияларын ажырату.
Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте. Девианттық мінез-құлықтың негізгі теориялары: социологиялық (стигматизация теориясы, Э. Дюркгеймнің аномия теориясы, Г. Беккердің теориясы; биологиялық (Шелдон, Ламброзо, т.б.) және психологиялық (З.Фрейд).
Әлеуметтік топтар типологиясы Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Схема. Әлеуметтік топтардың типологиясы, қысқа мінездеме: ресми және бейресми топтар, референттік топтар, т.б.
Отбасы әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Схема. Отбасы түрлері мен некенің фомалары
Мәдениет әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 PowerPoint презентация (6 студенттен тұратын топтық жұмыс). Жастар субмәдениеттері (студент тердің таңдауы бойынша).  
Дін әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте. Әлеумедік діндерге әлеуметтанулық талдау (ислам, христиандық, буддизм, иудаизм)  
Әлеуметтік шиеленістер Дәріс-1, семинар-1 -
Этникалық әлеуметтану Дәріс-1, семинар-1 -
Гендер әлеуметтануы Дәріс-1, семинар-1 -
Әлеуметтанулық зерттеу түрлері Дәріс-1, семинар-1 -  
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы және әдістері Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-1 Кесте. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері және олардың мінездемесі

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1.Негізгі әдебиеттер

1.М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004

2.Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009

3.А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011

4.А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010

6.А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998

7.А.Х.Тұрғынбаев. Әлеуметтану: лекциялар курсы. Алматы: Білім, 2001

8.Т.Ж.Калдыбаева Білім социологиясы. Алматы, 1997

9.Э.Гидденс Социология. М: Эдиториал, УРСС, 1992

10.С.С.Фролов. Социология. Москва, 1994

11.Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2004

12. Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2004

13.Большой социологический словарь. М: 1999

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1.М.С.Аженов, К.Ү.Биекенов Экономическая социология. Алматы, 2002

2.Н.А. Аитов. Социология труда. Алматы, 1997

3.К.Г.Габдуллина. Социология. Алматы, 1997

4.М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002

5.К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2003

6.З.Ж.Жаназарова. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы, 2004

7. М.С.Аженов, М.С.Садырова. Кедейлік социологиясы. Алматы, 2004

8.А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008

9.Р.С.Салыкжанов. Политическая культура студентческой молодежи, Астана, 2010

10.Г.С.Абдирайымова.Ценностные ориентации современной молодежи. Алматы, 2005

11.Г.О.Абдикерова. Социализация современной личности. Алматы, 2005

12. В.И. Добреньков, А.И.Кравченко. Методы социологического исследования. Москва, 1994

13.П.А.Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. М: 1992

7. Білімді бақылау және бағалау:

Пәнді оқыту барысында ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау өткізіледі. Аралық бақылау 1семестрде 2 рет өткізіледі. Сондай-ақ бақылау әдістері бар. Студенттер сабаққа белсенді қатысып отыруы тиіс. Оқытушының студенттерге ескертпей бақылаудың әртүрлі түрлерін қолдану құқы бар. Студент материалды сапалы игеру үшін аптасына 30-50 беттік материалды оқуға уақыт бөлуі керек.

Уақытында орындалмаған тапсырманы оқытушының қабылдамауға құқығы бар.

Төмендегідей көрсеткіштерге белгіленген:

Ағымдағы бақылау – 20%

Аралық бақылау– 20%

СӨЖ, СОӨЖ– 20%

Емтихан– 40%

Барлығы– 100%

Наши рекомендации