Пәннің мазмұны. тақырыптық жоспары.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
СИЛЛАБУС
Пән: AL «Әлеуметтану»
әлеуметтанулық емес мамандығының
студенттеріне арналған
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
1. Оқытушының аты-жөні: Тәжібаева Гулнар Дүйсенбайқызы, оқытушы телефон: 35 108
Ғылыми зерттеу бағыты: Жалпы әлеуметтану, менеджмент әлеуметтануы, отбасы әлеуметтануы
2. Пәннің аты: Әлеуметтану
Пәннің коды: ALE 1108
3. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша
Семестр:мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес
Аудитория: кесте бойынша
4. Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері
Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану
Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1. Оқу пәнінің бағыты.Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.
5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.
5.3.Пәнді оқытудың міндеттері.Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:
· әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;
· қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;
· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:
· әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.
Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.
· Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;
· Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;
· әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.
Пәннің мазмұны. Тақырыптық жоспары.
Апта саны | Тақырыптар атауы | Сағат саны мен оқытуды ұйымдастырудың түрлері | ||||
Оқыту түрлері, сағат көлемі | СӨЖ үшін тапсырмалар | |||||
Әлеуметтанудың объектісі және пәні | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Әлеуметтану қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудың қазіргі қоғамдағы маңызы. | ||||
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Түркітілдес халықтардың әлеуметтік-философиялық идеялары. 9-13 ғ. Қазақ даласының ойшылдарының еңбектерінің идеялық мазмұны. 19-20 ғасырдағы Қазақстанда әлеуметтік-рухани ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері. | ||||
Қоғамның әлеуметтік құрылымы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғамдардың жіктелуі | ||||
Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік процесі. | ||||
Әлеуметтік институттар | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Институттану процесі және институттардың дамуы Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері. | ||||
Тұлға әлеуметтануы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары. | ||||
Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы. З.Фрейд теориясындағы социо-психогенетикалық конфликт. | ||||
Отбасы әлеуметтануы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі. Некенің формалары. Отбасының функциялары. | ||||
Экономикалық әлеуметтану | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | «Экономикалық сана» «Экономикалық ойлау» «Экономикалық ғадет» | ||||
Әлеуметтік шиеленістер | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Әлеуметтік шиеленістердің себептері, атқаратын қызметтері және жіктелуі. Әлеуметтік шиеленістердің дамуындағы сатылар. Шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары. | ||||
Мәдениет әлеуметтануы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Бұқаралық мәдениет және контрмәдениет. Жастар субмәдениеті. Субмәдениеттілік факторлары. | ||||
Дін әлеуметтануы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы. Діншілдік типологиясы. | ||||
Этникалық әлеуметтану | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы | ||||
Басқару әлеуметтануы | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы. Басқарудағы билік пен ықпал ету. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі. Ұйымдастырушылық мәдениеті. | ||||
Эмпирикалық әлеуметтану | Дәріс-1, семинар-1, СӨЖ-2, СОӨЖ-2 | Сұрау. Интервью. Контент-талдау. Эксперттік сұрау. Эксперимент. Бақылау. | ||||
БАРЛЫҒЫ - 90 | ||||||
6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
6.1.Негізгі әдебиеттер
1.М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004
2.Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009
3.А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011
4.А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
5.Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010
6.А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998
7.А.Х.Тұрғынбаев. Әлеуметтану: лекциялар курсы. Алматы: Білім, 2001
8.Т.Ж.Калдыбаева Білім социологиясы. Алматы, 1997
9.Э.Гидденс Социология. М: Эдиториал, УРСС, 1992
10.С.С.Фролов. Социология. Москва, 1994
11.Г.Е.Зборовский. Общая социология. Москва, 2004
12. Г.Е.Зборовский. История социологии. Москва, 2004
13.Большой социологический словарь. М: 1999
6.2. Қосымша әдебиеттер:
1.М.С.Аженов, К.Ү.Биекенов Экономическая социология. Алматы, 2002
2.Н.А. Аитов. Социология труда. Алматы, 1997
3.К.Г.Габдуллина. Социология. Алматы, 1997
4.М.С.Аженов, М.С.Садырова. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Алматы, 2002
5.К.Г.Габдуллина. Құқық социологиясы. Алматы, 2003
6.З.Ж.Жаназарова. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы, 2004
7. М.С.Аженов, М.С.Садырова. Кедейлік социологиясы. Алматы, 2004
8.А.Т.Забирова. Этносоциология. Астана, 2008
9.Р.С.Салыкжанов. Политическая культура студентческой молодежи, Астана, 2010
10.Г.С.Абдирайымова.Ценностные ориентации современной молодежи. Алматы, 2005
11.Г.О.Абдикерова. Социализация современной личности. Алматы, 2005
12. В.И. Добреньков, А.И.Кравченко. Методы социологического исследования. Москва, 1994
13.П.А.Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. М: 1992
14. Штомпка П. Социология социальных изменений. М: 1996
15. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.А.. Этносоциология. М: 1998
7. Білімді бақылау және бағалау:
Пәнді оқыту барысында ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау өткізіледі. Аралық бақылау 1семестрде 2 рет өткізіледі. Сондай-ақ бақылау әдістері бар. Студенттер сабаққа белсенді қатысып отыруы тиіс. Оқытушының студенттерге ескертпей бақылаудың әртүрлі түрлерін қолдану құқы бар. Студент материалды сапалы игеру үшін аптасына 30-50 беттік материалды оқуға уақыт бөлуі керек.
Уақытында орындалмаған тапсырманы оқытушының қабылдамауға құқығы бар.
Төмендегідей көрсеткіштерге белгіленген:
Ағымдағы бақылау – 20%
Аралық бақылау– 20%
СӨЖ, СОӨЖ– 20%
Емтихан– 40%
Барлығы– 100%