Леуметтік зерттеудегі сапалық жəне сандық зерттеу əдістерін салыстырыңыз
Сапалы әдістер (этнографикалық, жергілікті микросоциум талдау ретіндегі тарихи зерттеу жүргізу әдісі, оқиғалар зерттеу әдісі, биографиялық әдіс, нарративті (баяндау) әдісі ) – мәліметтерді интерпретациялау(талдау) мағынасы. Сапалы әдістрер қолдану барысында бастапқы мәліметтерді алу мен мазмұнды талдау кезеңдері арасында нысандандырылған математикалық операциялар түйіні болмайды.Ол кең түрде танымал және қолдаңбалы мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі болып келеді.
Алайда, сапалы әдістер өз қатарына ақпарат жинақтайтын және өңдейтін сандық әдістер түрлері кіреді. Мысалы, құжат-талдау, бақылау, сұхбат.
Маңызды шешім қабылдау сәтінде берілген варианттардың ішінен ең жақсы әрі нақты бағыт таңдау үшін «шешім ағашы» және «мақсат ағашы» қолданылады. Олар шешім қабылдайтын мәселелерді сипаттайтын схемалардан тұрады. Мақсаттардың құрылымды схемасын кесте немесе графикалық тәсілдер арқылы көре аламыз. Графикалық тәсіл кестеге қарағада бірнеше артықшылықтарымен ерекшелінеді: біріншіден, ақпараттарды үнемді түрде өңдей алады; екіншіден, дамыту алгоритм жедел түрде құруға болады; үшіншіден, графикалық тәсіл өте көрнекті болып келеді. «Мақсат ағашы» ең таңдамалы альтернатив ұсынуға және құрастырылатын жүйелерді және олардың арасындағы байланысты бағалау мүмкіндік береді.
Д.С.Клементьев байқап кеткендей, әлеуметтік зерттеулер сапалы әдістерді тиімді орындалуы тек этикалық нормалардың әлеуметтік факторларға қарағанда басымырақ боған кезінде ғана іс жүзіне асады. Онымен қоса басқару ортасында істің шындығы жайлы туралы сұрақтарына жауап берген кезінде, нақты ақпараттар (эмпирикалық мәліметтер) жинау барысында зерттеу құбылысының сипаттамаларына жүгінгенде, әлеуметтанушы жалпы қабыданған «парасатты мағынаға», «әдеттегі логикаға» немесе діни және саяси авторитеттердің апелляцияларына сүйенбеуі қажет. Тест құру барысында әлеуметтанушы тек басқаруды ғана емес, онымен бірге манипуляцияны көздеуге бағытталған бұрмалаушылықтардан бас тартуы қажет. Әлеуметтанушыға арналған тағы да бір негіз болатын норма ол – адалдық. Бұл егер де зерттеуші қанағаттандырмацтын зерттеу нәтижелерін көрсету кезінде құпиясыз, әсерлеусіз нақты адал айтуын білдіреді. Сонымен бірге адалдыққа деген талаптар іске қатысты құжаттаманы толық түрде беруді қосады. Зерттеу нәтижелері мен әдістерді бағалайтын сынаушылар қолданатын ақпараттарға жауапкершілікті өз мойнына алу міндетті. Ол ақпаратты бұрмалаудан қорғауға және алған қорытындыларға деген сенімсіздіктергі жоюға үлкен үлес қосады.
Сандық әдістер. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді сандық түрде зерттеу арнайы тәсілдер мен құралдар пайдалану арқылы іске асырылады. Олар: бақылау (қосылған және қосылмаған), сұралнама, сұхбат, сауалнама, құжаттарды талдау, эксперимент (басқарылатын және басқарылмайтын).
Бақылау табиғи ғылымның классикалық тәсілі ретінде арнайы ұйымдастырылған зерттелін объектінің түйсіктерін зерттеуден тұрады. Бақылау мына негіздерден тұрады: объектінің сипаттамаларын анықтау, бақылау мақсаты мен міндеттері, бақылау жүргізу түрін таңдау, бақылаудың бағдарламасы мен процедурасын құрастыру, бақылау параметрлерін орнату, нәтижелерді орындайтын техникалық құрастыру, нәтижелер мен қорытындыларды талдау. Қосылмаған бақылау барысында бақылаушы мен зерттеу объектісі арасындағы өзара әрекеттестік минимумға тежеледі. Ал қосылған бақылауда бақылаушы бақыланатын процеске қатысушы ретінде кіреді, яғни зерттеудің тәжірибелік мақсатында өзіңді байқатпауға тырысады, бірақ зерттелетін объектімен максимум әрекеттестікке барады. Тәжірибеде ол басқа зерттеу тәсілдерімен үйлестіріледі.
Сандық әдістер деп жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады. Сандық әдіс - қазіргі математика мен есептеуші техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, әлеуметтанулық мәлімет жинақтауда қолданылатын әдістер, тәсілдер, процедуралар жиынтығы. Сапалық талдаулармен тығыз байланыста болады. Саясатта, әлеуметтік басқаруда іс жүзінде әлеуметтанулық білімді қолдана отырып, статистикалық және динамикалық заңдылықтарды терең зерттеуде маңызды рөл атқарады
Сандық зерттеулердің ерекшелігі: «Қанша» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндігі, зерттеліп жатқан параметрлердің таралуын бағалауды мүмкін етеді, сонымен қатар, олардың көлемін де: нарықтағы үлесін, белгілілігін және т.б.
Сандық зерттеу әдісінің артықшылығы:
Зерттеу объектіліерін үлкен көлемде қамту (респонденттер, орындар және т.б.). бірақ та қол жеткізуге қиын түсетін сегментерді (мысалы, жоғарға/төменгі қабаттағы халық) дәстүр бойынша сапалық зерттеу әдісін пайдаланады (case study)
Сұрау қатысушыларының анонимді қалу мүмкіндігі бар. Сандық сұрауды өткізуге арналған сауалнама анонимді сипатта болуы мүмкін. Сандық сұрау өткізу кезінде интервьюер респонденттің аты-жөнін, оның мекен-жайы мен телефонын біледі, бұл өз алдына интервьюерлердің жұмыстарын сапалы тексеру жүргізуге жағдай туғызады.
Көрнекті материалдарды пайдалануға болады (карточкалар, фотосуреттер, жарнама плакттары және т.б.).
Сандық зерттеулердің түрлері
Әртүрлі форматтағы алғашқы ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін сандық зерттеулердің бірнеше түрлері бар:
- Жеке сұрау
- Көшеде жүргізілетін интервью
- Сатып алу орындарындағы интервью
- Пәтерлік интервью (іріктеудің максималды репрезентативтілігін қаматамасыз ете алатын болғандықтан, ең кең тараған әдіс болып табылады)
Іріктеу мен сауалнама
Респонденттерді іріктеу процессі өте маңызды болып табылады. Репрезентативті іріктеу кезінде респонденттерді іздеу белгілі қадам бойынша кездейсоқты жолмен жүргізіледі. Мысалы, әр бесінші пәтер сұрауға қатысады, пәтерде кімнің туған күні сұрау өткізу күніне сай келген адамға ғана сұрақтар қойылады (бұл әдіс кездейсоқтықты қамтаммасыз етеді).
Мақсатты іріктеуде, респонденттер арнайы дайындалған квоталар бойынша сұрастырылады (мысалы, айына сән салонына бірден жиірек баратын, 30-40 жастаға әйелдер). Жыл ағымындағы жалпы Республикалық статистика негізінде дайындалған квоталық жоспарлар әр интервьюерлерге беріледі (мини-модель дайындалады, мысалы, қалалық әйелдері).
Бір жобаның шеңберінде сұралатын респонденттердің көлемі, мақсатты нарықтың масштабына байланысты. Ол 300-ден 2000 адамға дейін өзгеріп тұрады. Сұрауға, респонденттердің аз көлемде қатысуы, алынатын мәліметтің дұрыстығына кері әсерін тигізуі мүмкін, демек, зерттеу нәтижелерінің негізінде қабылданған маркетингтік шешімдердің дәлдігіне күмән тууы ақиқат.
Сандық зерттеуді өткізу үшін сауалнамаға жинақталған сұрақтар тізімі дайындалады. Сауалнама өзінде жабық сұрақтар (ұсынылған варианттарының ішінен жауап беруді талап ететді) ғана емес, ашық сұрақтарды да кіргізеді (респоденттің ашық және толық жауап беруін жорамалдайды).
Сандық зерттеуді өткізуде сауалнама мен іріктеуді дайындау мәселесі өте маңызды болып табылады. Сандық мәліметтерді жинаудың жартылай табысты болуына дұрыс құрастырылған сауалнама мен дұрыс іріктелген респонденттер қамтамасыз етеді.
Сапалық әдісақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бейнежурналдар және әңгімелер қолдануға негізделген.
Сапалық зерттеулер өзіне, алғашқы деректерден жиналған мәліметтерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеудің кең тараған әдістеріне фокус-тобы мен тереңдік сұхбат әдістері жатады. Олар адамдар мінез-құлқының сандық емес, сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған.Егер сандық зерттеу түрі «қанша?» деген сұраққа жауап берсе, сапалық зерттеуді қолданған кезде, біз «неге?» деген сұраққа жауап алу мүмкіндігіміз болады. Сапалық зерттеу бірінші кезекте зерттеліп жатқан праблемадғы бар, әр түрлілік пікірлерді жинауға мүмкіндік береді.
Соншалықты сирек болып көрінбесе де, зерттеушілерге бар пікірлердің бүкіл спекторын жинақтап алса ғана сапалық зерттеу берік және толық болып саналады.
Сапалық зерттеу әдісінің түрлері:
1. "Фокус" әдісі
2. "Мәселелі дөңгелек" әдісі
3. "дельфи" әдісі
4. "Миға шабуыл" әдісі
5. "БОУ" әдісі
6. "Кейс стади" әдісі