Леуметтік институттардың түрлері және атқаратын қызметтері
Әлеуметтік институттар бір-бірінен өздерінің функционалдық сапаларымен ерекшеленеді:
1.Экономикалық-әлеуметтік институттар– меншік, айырбас, банктер, әр түрлі типтегі шаруашылық бірлестіктері – олар экономикалық өмірді әлеуметтік өмірдің басқа салаларымен ұштастыра отырып, қоғамдық байлықты өндіру мен бӛлудің барлық жиынтығын қамтамасыз етеді.
2. Саяси институттар– мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және саяси мақсаттарды көздейтін және саяси биліктің белгілі бір формасын орнатуға және қолдауға бағытталған басқа да қоғамдық ұйымдар. Олардың жиынтығы сол қоғамның саяси жүйесін құрайды.
3. Әлеуметтік-мәдени және тәрбие институттарымәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеру мен өндіруді, индивидтердің белгілі бір субмәдениетке тартылуын, сондай-ақ мінез-құлықтың тұрақты әлеуметтік-мәдени стандарттарын меңгерту арқылы индивидтердің әлеуметтендірілуін және сол құндылықтар мен нормалардың қорғалуын өздерінің алдына мақсат етіп қояды.
4. Нормативті-бағыттаушы институттар– индивидтердің мінез-құлқын реттеудің моральдық-этикалық бағыт-бағдарының механизмдері. Олардың мақсаты – мінез-құлыққа үлгі-өнегелік және этикалық негіздерді енгізу.
5. Нормативті-санкциялаушыинституттар юридикалық және әкімшілік актілерде бекітілген нормалар, ережелер мен жарлықтардың негізінде мінез-құлықты қоғамдық-әлеуметтік реттеуді мақсат етеді. Нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеу санкциясымен қамтамасыз етіледі.
6. Салтанатты-символикалық және ситуациялық-конвенционалдық институттар.Бұл институттар конвенционалдық (келісім бойынша) нормалардың қабылдауға, оларды ресми және ресми емес бекітуге негізделген. Бұл нормалар күнделікті келісім-шарттарды, топтық және топаралық мінез-құлықтың әр түрлі актілерін реттейді.
Әлеуметтік институттардың негізгі бес қызметінбөліп көрсеткен жөн. Олар:
1.Байланыстар мен қатынастарды айқындау, нығайту (бекіту) және ұдайы өндіру қызметі.Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бекітетін, стандарттайтын мінез-құлықтың нормалары мен үлгілерінің, құндылықтардың жүйесін жасайды. Сол институттың шеңберінде белгілі бір әлеуметтік бақылау жасалынады, ол сол институттың әрбір мүшесінің қызметі, байланыстары мен қатынастары орын алатын шеңберлер мен тәртіпті қамтамасыз етеді.
2. Келесі қызметі – реттеушілік қызмет.Бұл жоғарыда аталған қызметімен тығыз байланысты. Бұл қызметі арқылы әлеуметтік институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасау жолымен қоғамның мүшелерінің арасындағы өзара қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл функция қоғамның барлық мүшелерін қамтиды.
3. Біріктірушілік қызметіинституционалдық нормалардың, ережелердің, санкциялар мен рольдер жүйесінің ықпалымен болып жатқан әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың топтасу, өзара тәуелділік және өзара жауапкершілік процестерін қамтиды.
4. Коммуникативтік қызметжеке өзара әрекет пен ақпарат алмасудың негізінде іске асырылады. Институт мүшелерінің коммуникативтік байланыстарының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл институттандырылған рольдер жүйесі арқылы іске асырылатын формальданған байланыстар.
5. Тасымалдаушы (трансляциялау) қызметіәлеуметтік тәжірибенің тәртібінде көрініс береді. Әрбір институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін меңгеру негізінде индивидтің әлеуметтенуіне мүмкіндік беретін белгілі бір механизмдерге иелік етеді.
Міне, осы жоғарыда атап көрсетілген әлеуметтік институттардың айқын қызметтерімен қатар жасырын, латенттіқызметтері де бар. Бұлар әлеуметтік институттардың қызмет етуінің қосымша, жанама нәтижелері. Мәселен, әлеуметтік институттар туралы ілімнің негізін салушылардың бірі Торстейн Веблен экономикалық институттың қызметі – азық-түлікпен, баспанамен және т.б.-мен қамтамасыз етілудегі өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тұтынатын заттарды өндіру екендігін көрсетіп берді. Бірақ, аталмыш институттың қызмет етуінің нәтижесінде өндірілген материалдық игіліктер атақ-абыройға деген қажеттілікті де қанағаттандыра алады.