Мәтіндегі ретроспекция мен проспекция. Алданған үміт

Ретроспекция (лат. «артқа қарау») мен проспекция (лат. «алға қарау» – дисконтинуумның (лат. «үзілісті»), ең алдымен уақыт дисконтинуумының формасы. Олар мәтіннің желілі дамуын тоқтатады. Ретроспекцияның арқасында оқырман «уақыттар байланысына» ене алады. Мәтіндердің көпшілігінде ретроспекция мен проспекция имплицитті көрінеді, яғни не бұрын айтылғанға немесе не туралы айтылатынды жорамалдауға негізделеді. Оқырманды бұрынғы мазмұндық-фактуалды ақпаратқа жатқызса, ретроспекция эксплицитті айтылуы да мүмкін.

Ретроспекция мазмұндық-фактуалды ақпараттан туып, мәтіннің когезиясына (байласымына) қатысады.

Автордың прагматикалық ұстанымына қарай ретроспекция мәтінде үш түрлі көрінеді:

- оқырман жадында бұрынғы мәліметтерді немесе өткенге қатысты, бірақ алдағы әңгіме барысын түсінуге қажетті жаңа хабарларды жаңғырту;

- осы мәліметтер жаңа жағдайда, айтылғанды ескере отырып, басқа контексте ой елегінен өткізу мүмкіндігі;

- мәтіннің мазмұндық-концептуалды ақпаратқа тікелей қатысты жекелеген бөліктерін өзектендіру.

Мәтінді қайталай және бірнеше рет оқығанда ретроспекция әсерлі қабылданады. Әр мәтін ретроспекцияға негізделген, себебі бұрын алынған ақпаратты есте сақтамай, ақпаратты сабақтастыра жинақтау мүмкін емес. Оқырманның есіне өзекті болуға тиіс жайды түсіру автордың құзыретінде.

Ретроспекция субъективті-оқырмандық және объективті-авторлық болуы мүмкін, яғни баяндау континуумының жеке шығармашылық қабылдануының нәтижесі немесе автордың мәтіннің алдыңғы бөлімдеріне сілтеме жасауының нәтижесі: не оқығанына оқырманның өзі ойша оралады, субъективті (бір оқырман ойша оралса, екіншісі оралмайды), не оны өткенге автор «есіңізде болар», «ұмытпаған шығарсыз» деген сияқты сөздермен оралтып отырады.

Ретроспекция түрлі тәсілдермен өткеріледі, солардың ішінде қайталау ерекше орын алады. Ретроспекцияның өзі де баяндау желісін баяулататын ой қайталауы, баяндау барысындағы үзіліс. Ретроспекцияның мәні баяндаудағы уақытша үзіліспен ынтықтыруында, яғни мәтінге өткендегі, қазіргі, белгілі бір жағдайда келешектегі көзқараспен қарауға мәжбүрлейді.

Ретроспекция – парадигматикалық тұғырдағы үдеріс.

Мәтін түрі ретінде репроспекция сөз соңында (қорытындыда, эпилогта) айтылады. Оқырманның назарын негізгі мәтінде айтылған ең маңызды эпизодтарға, оқиғаларға, фактілерге аударады.

Проспекциямәтін категориясы ретінде мазмұндық-фактуалды ақпаратты мәтіннің келесі бөлімдерінде айтылатындарға ұштастырудың түрлі тілдік формаларын біріктіреді. Проспекцияның сөздік белгілері: алдын-ала айтарымыз, төменде көрсетілгендей, бірнеше күннен соң онда боларын білмеген-ді, ... біліп, қайран қалады, кейін айтылады т.с.с.

Ретроспекция тәрізді проспекция да оқырманның оқиғалар мен эпизодтардың байланысы мен шарттылығын айқынырақ сезінуіне, мазмұндық-концептуалды ақпаратқа тереңірек бойлауына мүмкіндік береді.

Проспекция – тек көркем мәтіннің емес, ғылыми мәтіннің де категориясы (дәріс жоспарында айтылатын, кейін айтылатындай, ... туралы кейін айтамыз т.б.).

Ретроспекция мен проспекцияның айырмашылығы – ретроспекция мәтіннің үдемелі қозғалысында әлдеқандай орын алады, ал проспекцияның сюжет дамуының барысынан тууы сирек. Алайда оқырман мәтінде алдын-ала болар оқиғаларды болжауы мүмкін, егер оларды автор шамалы өзектендірсе. Сондықтан ретроспекция сияқты проспекцияны да объективті-авторлық және субъективті-оқырмандық деп бөлуге болады.

Оқырманға арналған алданған үмітәсері жорамалдауға, болжам жасауға және болжағандай болмай шығуға негізделген. Алданған үміт әсерінің мәні мынада: үзіліссіздік, сөйлеу желілігі әрбір жеке элементті алдыңғысының дайындағанын және өзінің келесіні дайындайтынын білдіреді. Келесі алдыңғысынан туады. Мұндай байланыста бір элементтен басқасына көшу онша білінбейді. Алайда осы фонда ықтималдығы шағын элемент пайда болса, жетелеп тұрғандай әсер ететін үзіліссіздік бұзылып, кенеттен күтпеген жайдың пайда болуын қабылдау кедергіге тап болады, оны жеңуге оқырман тарапынан күш жұмсалады, сол оған күштірек әсер етеді.

Стилистикалық әсер тудырушы – контрасты – лексикада: архаизмдер, кірме сөздер, авторлық неологизмдер, арнайы лексикалық бояудағы сөздер, синтаксистік функциясы басқа сөздер, перифразалар, оксюморондар, бір түрлі стиль фонында өзге стильді сөздерді қолдану, синтаксисте – логикалық сабақтастықтың бұзылуы жасайды.

Алданған үміттің поэтикалық мәтінде бір сөздің немесе сөз тіркесінің әдеттегі орнын өзгертіп, келесі тармаққа, тіпті келесі шумаққа көшірілуі өлеңде табиғи үзіліс жасау мүмкіндігіне кедергі келтіреді. Әдеттегі өлшемдік бұзылады, баяндауыш бастауыштан, толықтауыш етістіктен т.с.с. ажырайды.

Алданған үміт әсерінің конвергенциямен (лат. сonvergere-жақындасу, түйісу), яғни бірыңғай стилистикалық функцияға қатысатын тілдік амалдардың бір жерде тоғысуымен де жасалады. Оның қайталау, инверсия, көп жалғаулықты, авторлық неологизм, экспрессивті эпитет, тосын теңеу т.б. болуы мүмкін. Конвергенцияға тән құбылыс – шамадан тыс көп, артық таңбалардың хабарға қатысуы.

Алданған үміт әсері тіркесумен (сцепление), яғни ұқсас элементтердің мәтінде ұқсас позицияларда көрінуімен де беріледі. Тіркесу кез-келген деңгейде және мәтіннің кез-келген көлемдегі үзіндісінде байқалады. Элементтердің ұқсастығы фонетикалық, құрылымдық немесе семантикалық болады. Позициялар ұқсастығы синтаксистік табиғатқа ие болып, өзін синтагматикада көрсетеді. Тіркесу ретінде анафоралық қайталау, мысалы, есімдіктің қайталануы, бастауыш пен тура толықтауыш позициясында сөздердің ұқсастығы, грамматикалық тұлғаның ұқсастығы, фонетикалық, графикалық ұқсастық, антитеза жасаушы антонимдер (ұғым мен бейнені күрт қарама-қарсы қою) қолданылады. Тіркесу есте сақтауға ықпал етеді.

Прозада да, өлеңде де құрылымдық ұқсастық морфологиялық конструкциялардың ұқсастығында және синтаксистік параллелизмде, ал семантикалық ұқсастық тектік-түрлік қатынастармен байланысты сөздердің және бір семантикалық өріске жататын сөздердің синонимдерінің, антонимдерінің қолданылуында көрініс табады.

Жалпы алданған үмітәсері дегеніміз - баяндаудың желісті дамуы үдерісінде жасалған субъективті-оқырмандық проспекцияның бұзылуы.

Мысалы

Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтайын – айта бермей (Абай).

Алғысөз, кіріспе, аңдату, «Автордан» мәтіні, эпиграф проспекцияның ерекше формалары есептеледі.

Наши рекомендации