Шпаргалка по казахскому языку ент 2013
«Бүгін» біріккен сөзінің негізі қай сөз таптарынан жасалғандығын анықтаңыз. Есімдік + зат есім.
«Дара» сөзінің синонимін көрсетіңіз. Жеке.
«Жабазы» диалект сөзінің мағынасын анықтаңыз. Иленген теріден жасалған қамыт.
«Қи» сөзіне тұйық етістік жұрнағының дұрыс жалғанған қатарын белгілеңіз. Қию.
«Құтты білік» атты еңбектің авторын көрсетіңіз. Жүсіп Баласағұн.
«Мүмкін» сөзінің оқшау сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз. Қыстырма сөз.
«Риторика» атты еңбектері бар авторларды табыңыз. Әл-Фараби, Аристотель.
«С» дауыссызының жұбын белгілеңіз. З.
«Сірә» сөзінің оқшау сөздің қай түріне жататынын белгілеңіз. Қыстырма сөз.
Автор сөзіне қандай тыныс белгі қойылатынын табыңыз. - Сенсеңіз, менің көңілімде арамдық та, алалық та жоқ еді деді Әулет Көпшіліктің өре түрегелетінін ойламаппын. Автор сөзінің алдынан үтір мен сызықша, соңынан нүкте мен сызықша қойылады.
Айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз. Анада, жазғы сайлауда, Оспанға өзінің қарыздар боп кеткені бар.
Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем атауын анықтаңыз. Лепті сөйлем.
Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз. Майдангер.
Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз. Сөзшеңдеу.
Алайда, сонда да жалғауларымен байланысатын салалас құрмалас сөйлем түрін табыңыз. Қарсылықты салалас.
Алғашқы үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Бауырым, сөз жоқ, бұл ісің - игі іс. Қаратпа сөз.
Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.
Антонимдік қатарды табыңыз. Жасық-өткір.
Анықтауыш қызметіндегі өзіндік есімдігін табыңыз. Өзінің балалары оқу қуған еді.
Анықтауыш қызметіндегі сілтеу есімдігін табыңыз. Сол көлдің жағасында Оқжетпес бар, Жасаған мұнарадай құйып тастан.
Анықтауышы қатыстық сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен.
Аралас буынды сөзі бар қатарды табыңыз. Құрметті бітірушілер, Заман оқығандікі.
Архаизмге тән қатарды көрсетіңіз. Сауын айту, ұрын бару.
Атау септігіндегі тұрған сөзді табыңыз. Бір шөкім бұлт.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді көрсетіңіз. Қылша, жәмше.
Ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктер қатарын көрсетіңіз. Баратынмын, келетін едің.
Ашық пен қысаң дауысты дыбыстар араласып келген сөзді табыңыз. Жасуша.
Бағыныңқы сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз. Бибіш балаларын бозторғайдай қорып, олардың жолында ойланбай құрбан болуға дайын. Көсемше тұлғалы етістік.
Бағыныңқы сыңары қай сөз табынан екенін табыңыз. Батырға жүктелді. Зат есім.
Басыңқысы етістіктен, бағыныңқысы еліктеу сөзден болған етістікті тіркесті көрсетіңіз. Кілт бұрылды.
Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді табыңыз. Дауыс тұп-тұнық, саңқ ете қалды.
Баяндауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз. Тау басында желдетіңкіреп ызғырық соғады.
Бейнелеуіш сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Ай сәулесіне шағылыса жылт-жылт етеді.
Бейнелеуіш сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. Ауыл оттары жылт-жылт етеді.
Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз. Шып-шып терлеп.
Бейнелеуіш сөзі бар сейлемді табыңыз. Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды тау іші.
Бейнелеуішті белгілеңіз. Маң-маң басты.
Белгісіздік есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз. Бір күні ел шырт ұйқыда жатқанда, әлдеқайдан арқыраған саяқ жылқының даусы естілді.
Берілген сөйлемнен матасуды табыңыз. Божышы am басын күшпен кері бұрды. Ат басын.
Болжалдық сан есімді анықтаңыз. Қырыққа таяу.
Буын талғайтын дыбысы бар сөзді көрсетіңіз. Гүл.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Жас кезімде сезімтал, өнерпаз, жақсы деген жігіттермен мен қыздарым қазір мүлде өзгерді.
Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз. Мен демалайын, жұмысқа сен бар
Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келетін қос сөзді табыңыз. Келін-кепшік.
Бірге жазылатын қатарды табыңыз. Әр қалай, әлде неше.
Бірыңғай бітеу буынды сөйлемді көрсетіңіз. Ділмардан сөз қалмас.
Бірыңғай дара сын есімді тіркесті көрсетіңіз. Қоңыр ішік, ала шапан.
Бірыңғай жуан дауыстыдан тұратын туынды сын есімді қатарды табыңыз. Инабатты, ибалы.
Біріккен сөздерді табыңыз. Ерасыл, Мейрамбек.
Біріккен сөздерді табыңыз. Жанбота, Айжамал.
Бітеу буынды қатарды табыңыз. Кең, жаз, тар.
Бітеу буынды сөзді табыңыз. Тал.
Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз. Кербез.
Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз. Тұрғын.
Ғылыми стильдің тілдік ерекшелігінің көрінісін анықтаңыз. Тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту тәсілі болады.
Дара сан есімді табыңыз. Тоқсаныншы.
Дара сөздермен ғана жасалған сөйлемді көрсетіңіз. Үзбеймін күдерімді жарықтан мен, Үзбеймін күдерімді халықтан мен!
Дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз. А, ә, ө.
Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді анықтаңыз. О, Арғымақ, күйіксің-ау ішті алған!
Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз. Қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасына салынған(ды).
Дерексіз зат есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. Рух күші адамды жеңілмейтін етеді.
Деректі зат есімнен болған түбір сөзді көрсетіңіз. Жусан.
Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз. Кітап сызғыш, дәптер.
Диалект сөзді көрсетіңіз. Әйдік, маңлай.
Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз. Әуе-жа-йы-ңыз, кө-ңі-лі-ңіз.
Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз. Жа-су-ша.
Еліктеу сөзден болған қос сөзді көрсетіңіз. Жалтаң-жалтаң қарады.
Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңіз. Долданған боран бұрқ-сарқ етті. Баяндауыш.
Еліктеуіш сөзді анықтаңыз. Tapс етті, гүрс-гүрс құлады.
Ең көп бітеу буындары бар сөйлемді белгілеңіз. Мергенбайдан балмұздақтың құпиясы туралы жазылған кітапты алдым.
Есім сөздерден жасалған туынды сын есімді табыңыз. Бұларды бір аласа бойлы, ойлы қыз ертіп келеді.
Есімдік пен зат есімді тіркесті белгілеңіз. Сол сәт.
Есімдіктердің атқаратын қызметін белгілеңіз. Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып. Анықтауыш, бастауыш.
Есімдікті мағынасына қарай анықтаңыз. Кеш бата үлкендердің бәрі мал жайлағалы кеткенде, екеуі үйде оңаша қалған. Жалпылау есімдігі.
Есімдіктің түрін табыңыз. Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай. Сілтеу есімдігі.
Есімшенің түрленуі арқылы жасалған толықтауышты ажыратыңыз. Аларымды алған соң, ақысына Беріп кетсем болғаны берерімді.
Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз. Театрға шақыру.
Еш(уақыт), кей(құрбы) сөздері қалай жазылатынын көрсетіңіз. Бөлек жазылады.
Жай сөйлемді табыңыз. Маған тыным бермей жүрген басқа бір арманым бар.
Жайылма сөйлемді белгілеңіз. Көкшетауға асығыс аттанды.
Жақгы сөйлемді табыңыз. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Жақсыз сөйлемді анықтаңыз. Жанашырдың жоқ болғаны ғой!
Жақсыз сөйлемді табыңыз. Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым!
Жақты сөйлемді табыңыз. Өнердің ең асылы - сөз.
Жақты сөйлемді табыңыз. Өнердің ең асылы – сөз.
Жалаң сөйлемді көрсетіңіз. Таң бозамықтанып келеді.
Жалаң сөйлемді табыңыз. Бәрі келді.
Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сейлемді көрсетіңіз. Қазақстанның бар байлығы - оның қазба байлықтары.
Жанама толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз. Жоққа тұз да қат.
Жетпей тұрған тыныс белгіні көрсетіңіз. - Әттең, дүние кеш білдім ғой – деді өкінішпен жеңілген адам. Үтір, леп белгі.
Зат есімді анықтаңыз. Өнімділік.
Зат есімнен болған синонимді табыңыз. Борыш, қарыз.
Заттың ұғымды білдіретін синонимдерді көрсетіңіз. Әдет, дағды.
Кәсіби сөздерді анықтаңыз. Ыңғыру, пәрбі.
Кәсіби сөздердің қатарын анықтаңыз. Сота, пәрбі.
Кәсіби сөзді табыңыз. Пышқы, пәрбі.
Кейінді ықпалды көрсетіңіз. Ақ жіпке қара моншақ тізгендей созылып жатыр.
Көмекші есімді қатарды анықтаңыз. Үсті, маңы, асты.
Көмекші есімді қатарды табыңыз. Қаладан дәл шыға берістегі бір сайдың ішінде Амантай мен Олжабек кездесті.
Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөзді табыңыз. От ұшқыны жылан тіліндей жылт-жылт етеді.
Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз. Көпшілікті бақытты етуден артық мәртебелі де тамаша нәрсе жоқ.
Көнерген сөздер қатарын анықтаңыз. Садақ, сауыт.
Көнерген сөзді табыңыз. Саптыаяқ.
Көсемшеден болған қос сөзді қатарды табыңыз. Ойлап-ойлап, сұрай-сұрай.
Күрделі бейнелеуішті белгілеңіз. Бүрсең-бүрсең.
Күрделі етістікті табыңыз. Алып кете берді.
Күрделі сан есімдерді анықтаңыз. Қырық тоғыз, сексен бес.
Күрделі сан есімді көрсетіңіз. Екіден бір.
Күрделі сөзді көрсетіңіз. Өркөкірек.
Күрделі сөзі бар сөйлемді табыңыз. Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасты.
Күрделі сөзі жоқ қатарды көрсетіңіз. Ардағым, асыл Арқам, жұмағымсың.
Күрделі толыктауышты белгілеңіз. Ол туған-туысын қатты сыйлайды.
Күрделі толыктауышты белгілеңіз. Соншалық сенімді айтылған бұл байлау үй ішіне мақұл көрінеді.
Күрделі үстеулерді анықтаңыз. Бірқыдыру, емін-еркін.
Күрделі үстеулерді анықтаңыз. Жоғары-төмен, әрең-әрең.
Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді белгілеңіз. Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен астасып кеткендей.
Кіріге біріккен сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Биылғы жыл - егіннің бітік шыққан жылы.
Кіріккен сөзді анықтаңыз. Сексен, тоқсан, жетпіс.
Қабысуды ажыратыңыз. Адамгершілік қасиет.
Қазақ шешендік өнерінің табыңыз. ХІ-ХІІІ ғ.ғ.
Қазақтың төл сөзінде сөз соңында келмейтін дыбысты анықтаңыз. Ө-О.
Қайталама қос сөзді анықтаңыз. Жалт-жұлт, айтып-айтпай.
Қайталама қос сөзді анықтаңыз. Жарқ-жұрқ, жүзбе-жүз.
Қайталану арқылы есімдер тобынан жасалған күрделі сөзді көрсетіңіз. Отырғандар суреттерді қолдан-қолға өткізіп, қарап шықты.
Қанатты сөздің авторын табыңыз. «Керекті сөз өз жерінде айтылсын.» Құтып.
Қандай тыныс белгілері қойылмағанын көрсетіңіз. Елге мойнымды созам көрінбейді. Үтір, сызықша.
Қанша, қайтіп есімдіктерінің қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз. Сұраулы сөйлем.
Қаратпа сөзге қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз. Үтір.
Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Бекем бол, Сапарғали!
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. Шәкірттер өзара қанша айтысса да, тиянақты бір шешімге келе алмады.
Қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз. Ертеңіне күн ашылды, алайда аспанды мұнар кіреукесі басып тұрды.
Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз. Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.
Қате жазылған есімдікті табыңыз. Қайбір.
Қатыстық сын есімді анықтаңыз. Айтқыш.
Қатыстық сын есімді анықтаңыз. Еріншек.
Қатыстық сын есімі бар қатарды табыңыз. Көңілді топ.
Қатыстық сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз. Нағыз бір ұялы, азулы көкжал қасқырлар тобы дерсің.
Қос нүктенің қай қатарға қойылатынын белгілеңіз. Киіктердің тас дәуірінен бергі тұрағы мына жерлер Бетпақдала, Үстірт, Жайық атырабы.
Қосарлама кос сөздер қатарды белгілеңіз. Үлкен-кіші арасындағы сыйластық ешқашан үзілмек емес.
Қосарлама кос сөзді анықтаңыз. Шыбын-шіркей.
Қосарлы айқындауышты сөйлемді табыңыз. «Алпамыс батыр» - қаһармандық эпос.
Құрамында тоғыз бітеу буыннан тұратын сөзі бар сөйлемді белгілеңіз. Біржан мен Айтжан шаңсорғышпен тазалады.
Қыстырма сөзді көрсетіңіз. Біріншіден, мүмкін.
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз. Жұмаханның естіп келген хабары, өкінішке орай, расқа шықты.
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз. Шынында, Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді.
Лепті сөйлемді көрсетіңіз. Па, шіркіннің сөзін-ай.
Лепті сөйлемді табыңыз. – Түу, ұшу деген қандай жақсы еді.
Лингвистикаға тән терминді көрсетіңіз. Орфография.
Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз. Нағыз дос жамандықта, жақсылықта танылады.
Мақал-мәтелі бар қатарды табыңыз. Азға қанағат қылмасаң, көпке тап боларсың.
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаласты табыңыз. Аламан бәйгеде алдыңғы топтан керіну үшін, Ерасыл Күренбелді күн сайын ерекше баптауда.
Мәтелді ажыратыңыз. Қалауын тапсаң, қар жанар.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. Манарбек қолын су толы графинге созғанда, анау селк етіп оң қолын тартып алады.
Мезгіл мәнді біріккен сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. Күздігүні ел жайлаудан кешірек көшетін.
Мөлшер үстеуді көрсетіңіз. Анағұрлым.
Нақ осы шақтың күрделі түрі арқылы жасалған ашық райлы етістікті табыңыз. Сағат тырс-тырс соғып тұр, ол - уақыттың жүрегі.
Негізгі етістікті табыңыз. Алды.
Одағай сөзге тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. Паһ, шіркін , екпініңе болайын!
Одағай сөзді анықтаңыз. Япырмау, мынау Ақбөкен емес пе?
Оқшау сөзге тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. Уа, қой деймін, бала!
Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. Бұғаз.
Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. Шын.
Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз. Жылқы.
Оңашаланған айқындауышты белгілеңіз. Бірі - әйелдер тобы - Жанбота басқарады, екіншісі - еркектер тобы -Амантай басқарады.
Оңашаланған айқындауышты табыңыз. Қарасазда, тектілер мекенінде, Мақтан тұтар халықтың бір ұлы жүр.
Орфоэпиялық нормаға сай сөзді анықтаңыз. Көссіз.
Орфоэпиялық нормаға сай сөзді көрсетіңіз. Күдүк.
Орын тәртібі арқылы байланысқан қатарды көрсетіңіз. Ғибратты ғұмыр, адал адам.
Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз. Сұлу сағым еркін тербеледі.
Пысықтауыш қызметін атқаратын белгісіздік есімдігін табыңыз. Көкшетау, оның маңындағы қалың орман әлдеқашан артта қалған.
Пысықтауыш қызметіндегі көмекші есімі бар сөйлемді табыңыз. Бір жерде отырған, киіз үйге шыққан үш-төрт ауылдың маңынан өттім.
Реттік сан есімнің ережеге сай жазылғанын анықтаңыз. Мақал-мәтелдерді баспасөз беттерінде жариялау ХХ ғасырдың ІІ жартысынан басталды.
Реттік сан есімінің ережеге сай жазылғанан анықтаңыз. Ал ХХІ ғасырдағы адам бойына байланысты құбылысты сәл кейінірек анықтауға болады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойла.
Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын.
Сан есімнің сөйлемде атқаратын кызметін белгілеңіз. Мектепті Ыбырай 1850 жылы өте жақсы деген бағалармен бітіреді. Пысықтауыш.
Сапалық сын есімді белгілеңіз. Қымбат.
Сапалық сын есімді табыңыз. Тәттілеу.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. Елдос бұл құсты бұрын көрмегендіктен, оған таңдана әрі қорқып карайды.
Септеулік шылауларды көрсетіңіз. Кейін, соң, таман.
Септеулік шылауларды көрсетіңіз. Сияқты, таман, туралы.
Септеулік шылауы бар сөйлемді белгілеңіз. Әлден соң күн батып, қаланы қараңғылық орап алды.
Септік жалғауларының көнеленуімен қалыптасқан үстеуді табыңыз. Кеңінен, шынымен.
Септік жалғауының көнеленуі арқылы жасалған үстеуі бар сөйлемді анықтаңыз. Толарсақтан келер ащылы жер ат түгіл адамды зорға көтереді.
Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді анықтаңыз. Даукес.
Синонимдік қатарды табыңыз. Ауқатты, дәулетгі, күйлі.
Синонимдік қатарды табыңыз. Қоштау, кұптау, мақұлдау.
Синтаксис саласының терминін табыңыз. Сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас.
Сөз тіркесінің байланысу түрін көрсетіңіз. Шақырылмаған қонақ. Қабысу.
Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз. Қазағым, енді жату жарамас-ты.
Сөйлем түрін анықтаңыз. Нені айтып отырғанын түсініп болмайды. Жақсыз.
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз. Абылайдың жолын қуу - бүкіл қазақтың басын қосып, үш жүзді билеу деген сөз.
Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгіні анықтаңыз. – Жомарт, осы сенің мамандығың қандай Сұрау белгісі.
Сөйлемдер арасына қойылмаған тыныс белгісін табыңыз. Бас көтертпей жауғаны соншама есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың. Сызықша.
Сөйлемді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады Хабарлы сөйлем.
Стиль түрін анықтаңыз. «Түрген» фирмасының директоры С.Әбілев мырзаға. Ресми стиль.
Стиль түрін анықтаңыз. Ауыл шаруашылығы дақылдары дәндерінің химиялық құрамы өте күрделі. Ғылыми стиль.
Стиль түрін анықтаңыз. Қазақта Құлагерді көп айтады, «Серінің серігі еді» деп айтады. Көркем әдебиет стилі.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетініз. Үш ай босқа жүргеннен не шығады? Сұрау есімдігі.
Сұраулық шылау қатысқан сөйлемді табыңыз. Алдыңғы күнгі істі тындырып қойғанбысың
Сұрауы сөйлемді көрсетіңіз. Жолсапардан ерте келгенмен не пайда
Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз. Талап талмас қанат.
Сын есім шырайында тұрған негізгі үстеуді белгілеңіз. Жастар төменірек отырды.
Сын есім шырайының жұрнақтары жалғанған негізі үстеуді белгілеңіз. Ілгерірек, төмендеу.
Сілтеу есімдігінің тәуелдеулі түрін көрсетіңіз. Бұным, мынауың.
Талғау мәнді жалғаулықты қатарды табыңыз. Болмаса, немесе.
Тарихи сөзді табыңыз. Жебе.
Тәуелдеулі зат есімнен болған антонимдес бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз. Досың жылатып, дұшпаның күлдіріп айтар.
Термин сөзді табыңыз. Антоним.
Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз. Гидрат, аммиак. Химия
Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз. Глобус, материк. География.
Топтау сан есімін көрсетіңіз. Елу – елуден.
Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілерін белгілеңіз. Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады», - деп. Автор сөзі, төл сөз, автор сөзі.
Төл сөзге қатысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. «Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік», - деді Абай.
Төл сөзге тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. «... Тәртіпке бағынған құл болмайды», - деді Бауыржан Момышұлы.
Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз. Әкем маған Адамға ең керегі - денсаулық дейтін. Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.
Тура толықтауышты ажыратыңыз. Жыл келгендей жаңалық сезінемін.
Туынды зат есімі бар сөйлемді белгілеңіз. Енді алғашқы үзілісте ойын жаңа қызған.
Туынды сөзді көрсетіңіз. Адамдық, үлгілі, тәрбиелі.
Туынды түбір етістікті табыңыз. Басқар, сана.
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды анықтаңыз. -шама, -шеме.
Туынды үстеуді табыңыз. Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған қыздар бейнесі батырлар жырында ғана кездесетіні қалай?
Тұйық етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Мақсатым - жақсы оқу.
Тұйық етістіктен жасалған тіл білімінің терминдерін анықтаңыз. Септеу, жіктеу, тәуелдеу, үстеу, жалғау.
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Көзі ілінді.
Тыныс белгісі дұрыс койылған көп құрамынды төл сөзді табыныз. - Апай, осы үйге неге шын тәте болмайсыз, а? - деді Гүлсімге қиыла қарап: - Мен солай болғанын қалаймын. Сіз тамаша адамсыз!
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз. - Рас! - деп, Тоғжан қызара түсіп көзін төмендетті. - Сізді мен бір көрдім.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. – Жырау, бүгін ақ түйенің қырын шөгін жатқанын көрдіңіз бе? – деді ол, - жамандықтың белгісі болмаса нетсін.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. Ұлы «Пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. Жарық дүние-ай, қандай ғажапсың!
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз. «Ең қызығы, - деді Қадыр, - тыңдағы көтеріліп жатқан жерлерге күндіз емес, түнде қарау».
Тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз. "Көп біліп, дөп сөйлеген - шешен", - деді З.Қабдолов.
Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз. Ұмытпасам курста бізге берілетін сабақтардың саны он.
Тыныс белгісін қойыңыз. Тілді тыйып ұстау әдептіліктің шарты. Сызықша.
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саланы анықтаңыз. Фонетика.
Тіркесу арқылы жасалған сан есім түрін көрсетіңіз. Үш мың тоғыз жүз елу алты. Есептік.
Ұяң дауыссыздар қатар келген сөзді анықтаңыз. Жезде.
Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді белгілеңіз. Ағайынмен.
Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді табыңыз. Кілем.
Үнді дауыссыздан басталатын сөзді белгілеңіз. Мәтін.
Үстеудің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз. Осынша өнер тауып асқан адам, Әлемнің қиын сырын ашар адам. Анықтауыш.
Фонетикаға тән терминді көрсетіңіз. Орфоэпия.
Хабарлы сөйлемді ажыратыңыз. Адалдық - ардың ісі.
Шешендік өнер туралы қанатты сөздің авторын табыңыз. «Ақын болып туады, шешен болып шығыды». Цицерон.
Шешендік сөздің авторын анықтаңыз. «Айтар сөзді алдымен ойлап ал». Қорқыт
Шылау арқылы байланысқан қатарды белгілеңіз. Қараған сайын көз тоймас.
Шылау бар қатарды табыңыз. Кудря банды жан ұшырғандай Хамитпен бірге тұра ұмтылды.
Шылауы бар қатарды табыңыз. Көз жетер жерге дейін қарап шықты.
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз. Аспан(да), жер(де) тұтасып кеткендей.
Ыңғайластық мәнді жалғаулықты табыңыз. Дәптер мен қалам бар.