Авестаның» мазмұны мен құрылымына баға беріңіз.

Авеста - ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалары жинағы. Авеста Зороастра дінінің қасиетті кітабы, Иран жерінде Аршак дәуірінен басталған және әсіресе Сасанилер кезінде бірнеше діни реформалар барысында қалыптасқан қағида болып табылады. Авестаның мәтіні көне парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері бойынша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақ және т. б.) тілдеріне жақын көне иран тілінде жазылған. Бастапқыда шамамен 1000 жыл бойы ауызша беріліп келген Авеста мәтіні, Сасанилер кезінде қалыптаскан парсы (арамей әліпбиі негізінде) әліпбиімен, содан соң соның негізінде жасалған фонетикалық жазбамен тұңғыш рет бір ізге салынған болса керек. Бізге дейін жеткен Авеста мәтіндерінің мерзімі ерте дегенде XIII ғасыр деп белгіленеді және ол бастапқы мәтінінің жартысына жетпейді. Сақталған Авеста мәтіні мынадай бөліктерден тұрады: «Тағзым ету» яснасында арабтар жаулап алғаннан кейін қуғын көрген құдайлар мен батырлар тізіп келтіріледі және жалпы алғанда кейінгі кезде, ең алдымен зороастралық қауымдардың қажеттері үшін жазылған, алайда өте ертедегі мәтіндер, атап айтқанда, Гаталар — дәстүрді Заратуштраның өзіне апарып тірейтін салтанатты әндер, соңдай-ақ бірсыпырадешталар (Хом- яшт, Срош-яшт және басқалар) да бар. Виспрат («әділет салмағы») — яснаға рәсімдік косымша. Видевдат («Дәулерге карсы заң») — зороастрашылардың күнделікті мінез-құлқы туралы, негізінен кейінгі кезде жазылған, бірақ өте ежелгі заманнан келе жатқан фрагменттер де бар өмір салттың, мәтіндер мен бұйрықтардың жинағы. Яшталар («ән-ұрандар») — өте ежелгі дәуірден, кейде үнді-иран қауымы дәуірінен келе жатқан және Орта Азия мен оған жапсарлас жатқан Иран мен Ауғанстанның ертедегі тұрғындарының рухани өмірін зерттеу үшін көп ақпарат беретін құдайлардың ән-ұрандары. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән-ұрандардан тұрады. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәдениетіне, дініне, ауыз әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Авестаны зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис: «заратуштрашылдықтың негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын 13) Христиандықтың пайда болуы туралы қарастырыңыз.

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін [1] .

Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан.[2][3][4][5][6][7] Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.

Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады. Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады.

Тарихы

Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);

апостолдардың арнаулы хаттары;

Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

ақыр заман туралы өсиет.

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен

Наши рекомендации