Зорастризмнiң пайда болуы.

Зорастризм б.д.д. X-VIIғғ Көне Иранда пайда болған дiн,оның негiзiн салушы Зоратуштра данышпан.Дiн өз атын осыдан алады ж/е дiннiң басқада аттары бар: маздаейзм-жоғарғы құдай Ахура Мазда атымен байланысты; Авеста дiнi -қасиеттi кiтабының аты; магизм-абыздардың маг тайпасынан шығуына байланысты; отқатабынушылар-от қасиеттi саналып оған табынғандықтан; митрайзм-күн ж/е ай құдайы Митра атына байланысты; парсизм-көне ирандықтардың аты,қазiргi кезде Үндiстандағы зардүштер осылай аталады; гебрлар-Ирандағы зардүштердi мұсылмандардың

айтуы.Қазiргi уақытта әлемде шамамен 100-200 мыңдай дiннiң өкiлдерi бар.

Дiн өз бастауларын көне үндiиран тайпаларының көптәңiрлiк сенiмiнен алады.Жаңа дiннiң негiзiн салушы Зоратуштраның тарихи немесе аңыздық тұлға екендiгi әлi айқын емес.Ол бiр деректерде б.д.д. 1500-1200 жж. аралығында,басқа мәлiметтерде б.д.д.VII ғ.соңы-VI ғ.басында өмiр сүрген деп көрсетiледi.Дiни жазбаларда Зоратуштраның қарапайым белгiсiз әулеттен шыққандығы,жастайынан абыздық өнердi үйренгенi айтылады.Аңыздарға қарағанда ол тақуалық жолға түсiп,бiрнеше жыл ел кезiп ақиқатты iздейдi.Оған отыз жасында Ахурамазда құдайдан аян келедi.ґсиеттерiне өз жұртын сендiре алмаған Зоратуштра елiнен безiп,басқа елге Бактрия мемлекетiне барады.Онда жаңа дiндi уағыздап,ол елдiң әмiршiсi Виштаспа оның iлiмiн қабылдайды.

Дiн сол елде қанат жайып,кiтабы жазылады.Б.д.д.VIғ Парсы патшасы Кирдiң жаңа дiндi қабылдауымен,зорастризм Иранда таралып,кейiн мемлекеттiк дiнге айналды.Мұсылмандар(VIIғ) келгенге дейiн зорастризм Иранның негiзгi дiнi болды.

Сенiмiлiмi.

Зорастризмнiң қасиеттi кiтабы Авеста,оның түсiнiктемелерi Зенд, екеуi қосылып Зендавеста деп аталады.Авеста мәтiнi Ясна,Яшта ж/е Видевдата кiтаптарынан тұрады.Ясна(құдайға құлшылық)72 тарудан түрып,оның 17-iн Гаталар құрайды.Гата-Зоратуштраның өзiнiң өсиеттерi.Авеста мәтiндерi щамамен б.д.д.VIғ.жазылған.

Зорастризм дуалистiк сенiмге негiзделген дiн,iзгiлiк құдайы Ахурамазда ж/е оның көмекшiлерi (күн құдайы Митра ж/е т.б.),ал зұлымдық құдайы Анхрамайню ж/е оны қолдайтын дэвтер(рухтар).Ахурамазда мен Анхрамайнюдiң күресi мәңгiлiк,сондықтан әрбiр адам екеуiнiң бiрiн таңдауы тиiс.Зоратуштра адамның iзгiлiктi таңдағанын насихаттайды,өйткенi адамның iс әрекетi оның бұл ж/е о дүниедегi тағдырын анықтайды.Адам iзгiлiк құдайына сенiп,оған сыйыну тиiс дейдi Зоратуштра.Бұл сенiм адамды дұрыс ой,сөз ж/е iс әрекет тәрiздi моралдық ұстанымдарға негiзделедi.

Зоратуштра адамның ойы,сөзi мен iсiне ешқандай құдайлар араласамайды деп үйретедi.ґмiрде адам тәнi мен рухының саулығына мұқият болуы керек.Тән ж/е жан тазалығына аса күштi мән берiледi.

Осы сенiмдердiң негiзiнде зорастризмнiң ғұрыптары мен рәсiмдерi қалыптасып дамыды.

Дiни ғұрыптары

Еңбек ғұрпы.Жер өңдеу ж/е жермен жұмыс iстеу ерекше дәрiптелiп,iзгiлiк деп қабылданған.Сенiмдерi негiзiнде қоршаған ортаға айрықша қатынас қалыптасып, нәтижесiнде тазалық ғұрпы пайда болды.

Суды ыдысқа қолды жуып барып құю,жауын кезiнде жер мен суды ластамау үшiн үйден шығуға тыйым салынған.От қасиеттi ж/е таза сондықтан оған сыйынған,храмдарында үнемi от жанып тұрады.

Қазiргi мәңгiлiк алау осы дiннiң әсерiнен болуы мүмкiн.Жалпы зорастризм барлық нәрсеге таза ж/е лас деп екiге бөлiп қараған.Таза нәрселерге адам,ит,сиыр,қой,ағаш,өсiмдiктер,жемiс пен бақша өнiмдерi ж/е төрт стихия от,су,жер ж/е ауа жатады.Ал лас нәрселер адам мәйiтi,тамақ қалдықтары,

күл-қоқыс,ауру ж/е т.с.с.

Адамнан кейiнгi ең қастерлi ит,оған дұрыс күтiм жасамағаны үшiн иесiн жазаға тартқан,өз кезегiнде иттiде адамға зиян келтiрсе жазалаған(бiрiншi оң құлағын кескен,тағы қайталанса сол құлағын).

Жерлеу рәсiмдерi.Адам мәйiтi лас(таза емес) саналып,оны ұстауға тыйым салынады.Мәйiттi көметiн арнайы адамдар болған,оларға ешкiм жақындамайды.Мәйiттi биiк тау бастарына апарып қояды,кейiн арнайы мұнаралар салып сонда орналастырған,ит құс жеп,сүйектерiн құдыққа тастайды,онда олар ақырет күнiн күтедi,сот күнi жауапқа тартылады деген сенiм болған.ґлiк шыққан үй арнайы тазаланады,оны еске алу рәсiмдерi өткiзiледi(10,30,360 күндiктерi). Мұның бәрi өлген адам денесi лас сондықтан зұлым рухтар тiрiге зиян тигiзуi мүмкiн деген сенiмнен шыққан.Жерге көмбеген себептерi,өйткенi жер таза оны ластауға болмайды деп сенген.

Дiни құлшылық. Зорастрлер күнiне бес уақыт құлшылық (намаз) жасаған,Ахурамазданы дәрiптеп арнайы дұға айтылады.

Дiни мейрамдары. Жылына жетi рет мейрамдар өткiзiлген.Оның iшiнде ең маңыздысы жаңа-жыл мейрамы –наурыз немесе от мейрамы.Арнайы от жағылып,жетi түрлi нәрседен тағам әзiрленген,дастарқанға су,гүл ж/е жаңа пiскен нан қойылады.

Дiни құлшылық орындары храмдар,онда абыз дiни рәсiмдердi атқарған,от қасиеттi сондықтан храмда үнемi жанып тұрады.Отқа арнайы дайындалған өсiмдiк шырынын ж/е майын әкелу рәсiмi болған.

Мани ж/е манихейлiк.

Манихейлiк Қытайдан Римге дейiнгi аралықта кеңiнен таралған дiни iлiм.Бұл iлiмнiң негiзiн салушы Мани(б.д.216-277ж).Ол көптеген елдердi аралап жергiлiктi дiндермен танысып,барлығына ортақ дiн жасамақшы болады.

Манихейлiк синкреттiк дiни iлiм,оның мәнi бiздi қоршаған дүниеде iзгiлiк пен зұлымдықтың мәңгiлiк күресi жүруде деген сенiмде.Манихейлiктiң зорастризмнен айырмасы iзгiлiк пен жарық рухани бастаудан,ал зұлымдық пен қараңғылық материалдық бастаудан шығарылады.Осыдан бiздi қоршаған материалды дүние - зұлымдық әлемi деген түсiнiк қалыптасады.Әлемдiк процестiң мақсаты адам бойындағы немесе рухындағы жарықты(сәуленi)құтқару.Бұл мақсатқа жету үшiн таңдаулы манихейлер аскеттiк(өмiрден баз кешу,тәрк ету)өмiр сүру керек яғни жеке мүлiкке ие болмау,отбасы құрмау,шарап iшпеу,ет жемеу тiптi өсiмдiктердi жұлмау.Ал ендi манихейлердi қарапайым адамдар күтуi тиiс,оларды өлер алдында таңдаулы қатарына өткiзетiн.Бұл iлiмдi алғашқы кезде билеушiлер қолдап,бiрақ кейiн жағдай өзгерiп, ол күпiрлiкке саналып қудаланды.Мани ұсталып өлтiрiлiп,манихейлер Ираннан қуылады.Орталық Азияда таралып,µйғыр қағанатында(763-840)мемлекеттiк дiн деңгейiне көтерiлген,кейiн түркiлер арасында да бұл iлiм қудаланды.

3.Иран дiндерiнiң ерекшелiктерi.

Иран дiндерiнiң ең басты ерекшелiгi дүниенiң екi бастауы iзгiлiк құдайы Ахурамазда ж/е зұлымдық құдайы Анхрамайню,олардың күресi мәңгiлiк деген сенiмi.Бұл сенiм басқа бiрде бiр дiндерде кездеспейдi.

Зорастризмнiң басқа халықтардың дiни сенiмдерiне әсерi болғандығын айта аламыз.Бұл дiн түркiлердiң сенiмiне де ықпал еткен.Қазақтардың рәсiм -ғұрыптарында қазiрге дейiн зорастризмнiң кейбiр элементтерi сақталынған.Мыс:отқа май құю,адыраспан жағу,мәйiт жатқан жердi қоршап гүл немесе ағаш егу ж/е т.с.с.

Иран дiндерi парсылардың ұлттық дiнi,олардың тарихы мен мәдениетiнде үлкен рол атқарды.Ислам дiнiнiң келуiмен ирандықтардың көпшiлiгi мұсылмандықты қабылдап,ескi дiнiнде қалған аздаған бөлiгi

гебрлар деп аталды.

Наши рекомендации