Олданбалы өнердегі діни кескіндер
Католик христиан әлемінде ең көп ұстанушылары бар ағымға жатады. Бұл ағым Хз. Исаның ізбасары Петірден бастау алады. Рухани басшысы – Папа. Папа бүгінгі таңда Ватикан мемлекетінің де басшысы. Папаны кардиналдар сайлайды. Иерархияда епископтар және монахтар кардиналдардан кейін тұрады. Бұл ағымның басты-басты ерекшеліктері мынадай:
Діни басшы – Папа. Папа – Исаның ізбасары, Петірдің мирасқоры.
Папа кателікке ұрынбайды, жаза баспайды. Рим – өзге де шіркеулердің рухани орталығы және ол барлығынан беделі жоғары.
Шіркеу әлемдік болып табылады (католик сөзі – әлемдік дегенді білдіреді.); одан басқа құтылар жол жоқ. Шіркеу Киелі рух тарапынан басқарылады. Інжілдердің құпия-сырын шіркеу ғана шеше алады.
Киелі рух Әке мен Ұлдан пайда болады.
Исаның бойында тәңірлік және адамдық екі түрлі табиғат бар.
Әдет-ғұрыпқа тыйым салынбайды.
Иса сияқты Мәриям да күнәдан пәк. Бойға біткен басты күнәдан аулақ. Мәриям Құдай тағаланың қасында адамдарға шапағат етеді. Ол қазір көкте (197).
Әулиелер де Тәңірдің алдында шапағат етеді. Олардың суреттері мен қасиетті аманаттарына кұрмет көрсетіледі. Аттарына күн сайын салтанатты рәсім ұйымдастырылады.
Адам басты күнәні бойында арқалап жүреді. Адамның күнә жасауы табиғи нәрсе. Күнәға бір табан жақындау. Ең маңыздысы күнәдан арылу. Бұл, күнәдан арылу бөлмесінде попқа күнәні мойындау арқылы орындалу керек. Балиғат жасына жеткен әрбір христиан жылына ең кемі бір мәрте күнәдан арылып тұруы 1215 жылы Латеран мәжілісінде қабылданды.
Сакраменттер – жетеу. Монахтар қауымы үйленбейді. Шіркеуде қиылмаған неке – некеге жатпайды. Ажырасқаннан кейінгі жерде басқа біреумен үйлену зинақорлық (некесіз қатынас) саналады. Шомылдыру рәсімі сумен орындалады. Аталмыш рәсімнен өтпей тұрып өлген адам мәңгілік тозаққа кіретін болады. Евхаристия діни рәсімінде нанға ашытқы салынбайды.
Жиырма бір мәжілісті және оның шешімдерін қабылдайды.
Жұма күні ет және майлы тағамдар жемейді. Тұншығып немесе қылқынып өлген жануардың еті мен қанын адал санайды.
Ақыреттегі әділетті сотты, пейіш-тозақты және аралық мекенді (жаннат не тозаққа бармаған адамдар жиналатын мекен) мойындайды.
Құлшылық тілі – латын тілі. (1965 жылы ІІ Ватикан мәжілісінде әр түрлі тілдерде орындауға рұқат берілді).
«Ортодокс» тура көзқарас және сенім деген мағынаны білдіреді. 1054 жылы Батыс-Шығыс болып бөлінгеннен кейін Византия ортодоксальды христиан дінінің орталығы болды. Бір-бірімен сенім мен рәсімдер жағынан ортақ нәрселері болғанындай біршама ортадоксальды шіркеулер Византияға қарайтын. 1453 жылдан кейін Ресей ортадоксальды шіркеуімен Стамбұл ортадоксальды патриархы арасында пікірталастар жүрді. Алайда 1917 жылдағы Ресей төңкерісінен кейін тоқтатылды. Ресей ортадоксаль шіркеуі патриархы болып атала бастады.
Ортодокс әлемінде үлкен төрт патриархтық бар. Олар: Стамбул, Александрия, Антиохия және Иерусалим. Шіркеулердың басым көпшілігі осы төрт патриархқа бағынады. Бірақ дербес немесе жартылай тәуелсіз шіркеулер де бар. Монофизиттік шіркеулермен қатар, жоғарыда аталған шіркеулер бірден-бір «Шығыс шіркеулері» болып табылады. Стамбул патриархы Фенер немесе Рим ортодоксалды патриархы деп те аталады.
Ортодоксальды ағымның ерекшеліктері және католиктер мен басқа да христиандық ағымдардың бір-бірінен айырмашылықтары жалпы мынадай:
Рухани басшылары Патриарх.
Папаның үстемдігін, Исаның өкілі екендігін, қателеспейтіндігін мойындамайды. Киелі Рухтың Ұл арқылы Әкеден келгеніне сенеді.
Алғашқы жеті мәжілісті және оның шешімдерін мойындайды, бірақ кейінгі мәжілістерді де, шешімдерін де қабылдамайды.
Икондарды молынан қолданады, оған құрмет көрсетеді. (икон: Исаны, Мариямды және қасиетті әулиелерді бейнелейтін ерекше тәртіппен салынған шіркеулер мен үйлердегі суреттер).
Құлшылық әр елдің тіліне қарай орындалады.
Крестерінің тармақтары бірдей болады. Солдан оңға қарай шоқынады.
Евхаристия діни құлшылығында нанға ашытқы, шарапқа су қосады.
Қуаттандыру шомылдыру рәсімінен кейін артынша орындалады.
Поптар үйлене алады. Монахтар, епископтар және патриархтарға үйленуге болмайды. Ерлі-зайыптылардың ажырасуы кейбір шарттарға қарай жүзеге асырылады.
Тозаққа не жаннатқа бармаған адам аралық мекенде қысқа уақыт қана күте тұрады. Күнәһар адам күнәсінің дәрежесіне қарай айыппұлын өтеп қателігінен құтыла алады.
Католицизм ұғымы грекшеден аударғанда “жалпы, жалпыға ортақ” деген мағынаны білдіреді. Римдік шіркеуден бөлініп, өзіне тән доктрина мен литургияны (шіркеу құлшылықтарын) қалыптастырды. Католиктердің православтардан айырмашылығы адам жер бетінде мұқтаждық көріп, Құдайдың өсиеттерін орындай білсе, о дүниеде үлкен бақытқа жетеді деген сенімдері бар. Бұған керісінше батыс христиандары бұл дүние мен о дүниелік жаза үйлесімді деп санайды. Орта ғасырда католиктер қатаң тәртіптегі шіркеу ұйымын құрды. Онда наным бостандығы мүлдем жоқ етіліп, салт-жоралғышылдық, клерикализм және шіркеу иерархиясының үстемдігі басым болды. Католикшілдік бірте-бірте ақсүйектік мемлекетке ұқсай бастады. Оның ішкі монархиялық құрылымы шіркеудің өзін нақты адамға бағытталған бюрократиялық тетікке айналдырды.
Католиктер Құдай мен адам қатынасын заңдық тараптан қарастырады; христиан жазадан құтылу үшін жақсы амалдар жасау керек. Адам өзінің күнәсінен тазаланудан гөрі одан құтылу жолының құралын ойлайды. Католиктік доктринаға сай Құдайға тән нәрселердің бәрін өзіне қайтару керек. Католикшілдікте күнәдан арылу идеясы индульгенция – күнәдан және дүниелік азаптан құтылу, крест жорығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылықтар, қасиетті жерлерді зиярат жасау формасында болады. Индульгенция рәсімі папаның бекітуімен іске асады. Бұл үдерісте күнәдан арылу мен азап шегу белгілі мерзімге (40 күн) созылады. Оның ең ұзақ мерзімі 150 жылды қамтиды.
Римдік христиандық шіркеу – бұл римдік папаның басқаруындағы күрделі иерархиялық институт. Оның негізгі жиналысы – конклавта рухани кемелденген 150-ге жуық кардинал сайланады. Католиктік шіркеу құрылым жағынан православтық шіркеумен ұқсас келеді. Онда митрополиттер, архиепископ және епископтар, қасиеттілік жүйесі монахтық өмір т.б. бар. Монахтар ортақтаса отырып, басшыға бағынады, олардың ішінен ең көне бенедиктік орденді, белгілі августиндік, францизкандық және доминикандық, сондай-ақ жақсы мақсат құралды ақтайды деген ұранмен әлеуметтік саяси қатынастары әсерлі болған иезуит орденін айтуға болады. Римдік топ пен папаның басты қасиеттерін білу католиктік доктринаның негізгі өзегі. Мұндай көзқарастың қалыптасуына папаның билігін қабылдау ықпал еткен. Олар шіркеудің қасиеттілігі мен Құдайдың белгісі болып табылады. Иисус пен папаның өзара қатынасы шіркеудің шынайы болмысының мәнін католиктік ұстанымда айқындай түседі.
Папа жайлы ілім шіркеудің табиғатына сай келеді. Ол рухани құпиялық және адамдық мәнде қарастырылуымен қатар заңды тұрғыда әспеттелуде. Ватикан соборында (1962-1965) шіркеу ілімі Құдайды түсіндіру бағытында жүріп, жалпы жердегі түсінікті Құдаймен бауырластық қоғамы деген ұғымда болды.
Ескі дәуірде батыс діндарлары мен схоластары түйіндеген римдік-католиктік шіркеуінің ресми көзқарасы бойынша аян және сенім басты ілімге айналды. Бұл істі дамытып, қорытындылаған ортағасырлық әулие Фома Аквинский болды (1225-1274). Ф.Аквинскийдің аян жайындағы ілімін бірінші Ватикан соборында католиктік шіркеу ресми түрде қабылдады. Бұл жайлы былай делінеді: Құдай жаратушы, өз сөзін қорғаушы, Құдай барлық нәрсенің бастауы мен аяғы, адам санасында жаратылған заттар арқылы сәулелене алады.
Сондай-ақ Ф.Аквинский былай дейді: жаратылыста аян адам ақыл-ойына сай келетін Құдайдың Исамен сөздерінде көрінеді. Мұны сенім ретінде қабылдау және орындау адам баласына берілген сый деп танылды. Католиктік шіркеуде екінші Ватикан соборынан соң (1962-1965) өзгерістер ене бастады. Бұл собор ескі римдік тілден ұлттық тілге ауысуымен ерекшеленеді. Католикшілдіктің адамгершілік негіздері батыста топтық сипатқа ие болған, христиандыққа қарама-қарсы келетін әрекеттер мен құндылықтарды сынауға мүмкіндік тудырады. Оларға: неке бұзу, соғыстар, аборт жасату, клондау, сексуалық революция және т.б. жатады. Бұл мәселеде Папа Иоанн Павелдің орны ерекше.
Қазіргі католицизмнің православие шіркеуіне қатынасын қайта атап өткен жөн, оның догматтық дұрыстығы, литургиялық өмірінің толықтығы, апостолдық және қасиетті әкелікке берілуі мойындалады. 1996 жылы Папа Иоанн ІІ қол қойған циркулярға сәйкес триадология қасиетті рух туралы оқумен қатар көне шығыс әкейлерінің ілімдеріне сәйкес түсіндірілуі керек.