Н. А.Бердяевтің діни экзистенциализмі. Орыстың діни философиясына қомақты үлес қосқан Николай Александрович Бердяев (1874-1948 жж.)болды

Орыстың діни философиясына қомақты үлес қосқан Николай Александрович Бердяев (1874-1948 жж.)болды. Негізгі еңбектері: «Еріктік философиясы. Шығармашылық мағынасы», Тарих мағынасы», «Өзіндіктану» т.с.с.

Оның ойынша, философия - рухты зерттейтін ілім, яғни адамның өмір сүруіне, сол арқылы болмыстың мән-мағынасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниені зерттесе, философия адамның ішкі рухани өміріне үңіледі. Сондыктан философия объективті емес, ол - әрқашанда субъективті.

Н.А.Бердяевтің ойынша, экзистенциалдык философия адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзін таниды. «Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуінде емес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүріп, мән-мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып-білу болмыстың құпиясын танып-білумен тең».

Адам абсолюттік болмыстың алдында тұрып, оны танып-білгісі келеді. Бұл мақсатқа жеткізетін екі-ақ жол бар. Ол өзі дүниснің бір бөлігі ретінде сезініп, оған терең шомылуы мүмкін Бірақ ол жол нәтиже бермейді, өйткені бөлшек біртұтастыққа жете алмайды.

115 А.Байтурсынулынын алеуметтик-саяси жане агартушылык устанымдары.
Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. “Дала уалаяты” газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инелік пен құмырсқа” (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді.
Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: “Аққу, шортан һәм шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Шал мен ажал (өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. “Ала қойлар”, “Есек пен қамыс (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар.Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді, Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын

Л Фейербахтың антропологиялық философиясы Фейербах адамды, негізінен психо –физиологиялық пенде ретінде қарайды. Фейербахты неміс философтарының адамды тек рух ретінде түсінуі қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам, бір жағынан, материалдық дене болатын болса, екінші жағынан, - ойлайтын рух. Фейербах көбіне адамның табиғи – биологиялық жақтарын қайта орнына келтіруге тырысады. « Мен» дегеніміз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесі мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеіңстік пен уақыттың шеңберінде өмір сүріп жатқан тірі адамның өзі. Фейербах адамның негізгі мінездемесі ретінде теңдігіне Фейербах болмыс пен сезімдіктің теңдігін қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана « Сезінетін пенде ғана- шынайы ақиқатты пенде». Сезімдік болмыс деп Фейербах біздің санамыздан тәуелсіз өмір сүріп жатқан материалдық дүниені айтады. Олай айтқан себебі, дүниедегі материалдық затар мен құбылыстардың өзіндік өміріне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрін тек қана адамға деген байланыс арқыжлы қарады, соңғының өзі сезімдік деректер арқылы адамға берілетіні сөзсіз. Екіншіден, адамның өзінің материалдығын, денелігін ойшыл сезімдік арқылы түсінеді.адам түйсіктері мен сезімдерінің өзі – оның материалдық дене екендігін көрсететін бірде – бір дәлелдеме. Сонымен «мен» сезімтал пенде, олай болса, дене адамның мәніне толық түрде кіреді.Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзін айыра алмайды деп түсінсе, адам, өзінің мәнін болмыстан айыра алатын пенде. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

1. Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

2. Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).

3. Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философияның дүниені танудың ерекше формасы ретінде онтологиялық гносологиялық сұрақтары: Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Философияның негізгі әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Диалектика (гр. Diolegomai - әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.

Метафизика - заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда - «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).





Наши рекомендации