Азақстандағы тыйым салынған діни ұйымдар
«Асбат-әл-Ансар» 1985 жылы Ливанда Сайд қаласы маңында «Айн әл-Хильва» палестиндік штаб-пәтерінде шейх Хишам Шрей-ди негізін қалады. Топ жасырын жағдайда қызмет етеді. Оның қызметінің негізгі түрі «терроризмді саудалау» болып табылады, яғни тапсырыс бойынша акциялар өткізу және басқа экстремистік ұйымдарға арнайы дайындықтан өткен содырларды ұсыну. «Мұсылман ағайындар» қоғамының негізі 1928 жылы қаланды. Ұзақ жылдар бойы «ағайындық» Құранның «қасиетті соғыс» туралы негізгі ұстанымдарына сүйеніп, айқындалған идеологиялық ілімі болған емес. Тек 1980-1990 жылдары қоғамға кірген барлық ұйымдар уахабизмді біртұтас идеология ретінде қабылдады, ол өз кезегінде олардың бірігуін біршама қамтамасыз етті. Негізгі қызметі: содырларды тарту және даярлау, әлемнің бірқатар аймақтарында қарулы қақтығыстарға қатысу, сепаратистік элементтерге идеологиялық, әскери және қаржылық көмек көрсету. «Әлеуметік реформалар қоғамы» – Эль-Кувейттегі штаб-пәтері бар ұйым (Кувейт). Үкіметтік емес қайырымдылық ұйым мәртебесі бар, қайырымдылық бағдарламаларына арқа сүйей отырып «Мұсылман ағайындар» қоғамының ислам мемлекеттерінің зайырлы үкіметтерін қирату сияқты басты мақсатын алға жылжытады. «Талибан» ультраконсервативті радикалды қозғалысын 1994 жылы пакистандық бір топ колледж студенттері қалыптастырған, оның мүшелері негізінен оңтүстік Ауғанстанның Қандағарындағы пуштундар. Талиптер елде барлық «мұсылман емес нәрселерді», оның ішінде мәдениетті жоюдың фанатикалық саясатын жүргізеді. Мәселен, 2001 жылы Бамиан қырқасындағы ЮНЕСКО-ның бүкіл адамзаттың Будда статуясын қиратуы. «Боз Гурд» – бұл 1948 жылы Түркияда пайда болған радикалды пантүркілердің әскери ұйымы. 1968 жылы «Ұлы идеалистік бірлестік» және «Түркілік демократиялық идеалистік бірлестіктердің федерациясы» деген екі жартылай әскери ұйымдармен бірікті. Қалыптасқан альянс бағдарламалық негіздері әсіре ұлтшылдық ұстанымдарына сүйенетін ұлттық қозғалыс Партиясына өзгерді. «Әл-Каида» («База») – 1988 жылы Ауғанстанда Усама бен Ладен негізін қалады. Мақсаты – әлемде «мұсылмандық мемлекетті орнату». Қазіргі уақытта «Әл-Каида» бұтақталған халықаралық құрылымға айналған: әлемнің ешқандай «ыстық нүктесіндегі» оқиғалар оның қаржылық немесе басқалай қатысуынсыз болмайтыны дерекке айналған. «Орталық Азия можахедтер жамағаты» халықаралық террористік ұйымы «Әл-Каиданың» құрылымдық салаларының бірі болып саналады. Заңды емес әскери құрамаларға қаржылық көмек көрсетеді, содырларды даярлауға қатысады және оларды «әлемнің ыстық нүктелеріне» жіберумен айналысады. «Лашкар-и-Тайба» – уахабшыл бағыттағы пакистандық әскери лаңкестік топ, 1990 жылы ауғандық шет аймақ Кунарда негізі қаланды. Ұйымның басты мақсаты – Орталық Азия мемлекеттеріне, басқа мемлекеттердің мұсылмандық аймақтарына өзінің әсер ету ауқымын кеңейту болып табылады. «Шығыс Түркістан ислам партиясы» – өткен ғасырдың 90-жылдардың басында қалыптасқан ҚХР СҰАР ұйғыр тұрғындарының әскери діни-саяси ұйымы. Мақсаты – Шығыс Түркістан тәуелсіз ислам мемлекетін қалыптастыру. Ұйымның негізгі қызметі бүлдіруші және насихаттық жұмысқа бағытталған. «Өзбекстанның ислам қозғалысы» (1995 ж.) – ұйымның іс-әрекеті Өзбекстанда және басқа ТМД елдерінде лаңкестік діни ұйымдарды қалыптастыруды мақсат қойған шетелдік клерикалды орталықтармен бағытталады және демеушіленеді. Жақын арадағы мақсаттар: диверсия жасау, террорлық актілер, әскери актілерді жоспарлау және жүргізу, шекараларды арандату, кепілдікке ұстау арқылы Өзбекстандағы ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыру. Қару мен есірткіні контрабандалауда қатысу. «Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» 1950 жылдардың басында Палестинада қалыптасты. Егер бірнеше жылдар бұрын ол туралы әскери жихадты ұйымдастыру бойынша ашық әрекеттерді қарастырмайтын құрылым деп айтатын болса, енді эмиссарларының есімдерін террорлық актілерді жасаумен тікелей байланыстырылады. «Хизб-ут-Тахрир» өзін біртұтас теократиялық мемлекет – халифат – халифат-ты қалыптастыруды мақсат еткен саяси партия деп есептейді. Оның мүшелерінің ұмтылысы – «бүгінгі таңда бүкіл әлемді билеп тұрған дінсіздердің үстемдігінен толық азат болу». «Аум Сенрике» (қазіргі уақытта «Алеф») – Жапонияда 1984 жылы дүниеге келген діни секта. Оның идеологиялық базасының негізінде адамдардың психикалық және физикалық денсаулығына нұқсан келтіретіндей және өлтіруге дейін баратын антиәлеуметтік идеяларды насихаттайтын аса реакциялық культ жатыр. «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» Түркияда 1996 жылы пайда болды. ҚХР СҰАР және Орталық азиялық мемлекеттердің аумақтарында әскери күрес пен террорлық актілерді жасау арқылы дербес мемлекеттерді қалыптастыруды мақсат етеді. Олардың мүшелері сепаратистік идеяларды насихаттаумен, қарулар мен жарылғыш заттарды сатып алумен және контрабандамен, жаңа мүшелерді өз қатарына тартумен және оларды халықаралық террористік ұйымдардың лагерлерінде оқытумен, өте қатыгез содырлық актілермен және азаматтарды өлтірумен айналысады. «Күрдтік халықтық конгресс» («Күрдтік жұмысшы партиясы») 1978 жылы қалыптасты және содырлық құрылымдары бар әскери-саяси ұйым болып табылады: Күрдістан азат ету ұлттық майданы (ENRK), Астаналық кек алушы тобы, Күрдістан халықтық азат етуші армиясы (ARGK). Партияның ұраны ретінде «біртұтас, тәуелсіз, демократиялық Күрдістанды» қалыптастыру жарияланды. «Халифат сарбаздары» – ҚР аумақтарында жихад жасау мақсатында 2011 жылы жазда Қазақстан азаматтары Ринат Хабидолла, Орынбасар Мунатов және Дамир Зиалиевтар қалыптастырған исламистік топ. «Халифат сарбаздары» кейбір ақпараттарға сүйенетін болсақ, онда ол елдегі саяси орнықтылықты тұрақсыздандыруды мақсат еткен Қазақстандағы терроршыл әрекеттерді жасауға жауапты ӨИҚ құрылымдық бөлімдерінің бірі болып саналады. Атырау қалалық сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешімі бойынша бұл ұйым терроршыл деп танылды және Қазақстан аумағында оның қызметіне тыйым салынды.