Будда дінінің бағыттары
Будда дүниеден өткеннен соң оның өсиетімен сангхи аталатын буддашылар қауымдары пайда болды. Бірнеше жыл шәкірт болған адамдар адамшылық қасиеттерінен арнайы сынақтан өткен соң қауымға мүше болып алынады. Сонымен бірге қауымнан шығу еркі өз қалауында болды. Оларға Буддада болған заттарды – садақа жинайтын ыдысты, ине мен ұстараны ғана пайдалану рұқсат етілді. Буддашы монахтың қайыр-садақа сұрауына тыйым салынады. Ол жұрт не берсе, соны қанағат етуге тиісті болды. Сонымен бірге ол тек ой-санасын жетілдіріп, ешқандай дене жұмысымен айналыспады. Монахтардың ішінде әйелдер де болды. Бірақ, олар жеке қауым болып өмір сүрді. Буддашылар храмнан тыс жерде бас қосып, қауым құрмайды.
Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі бағытқа бөлінуіне себеп болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейін де талқыланып отырды. Солардың ішінде алғашқы жиыннан соң жүз он сегіз жылдан кейін Маурья әулеті тұңғыш жалпыүнділік мемлекеттік құрған кезде өткен жиынның буддизм тарихында елеулі орны болды. Ашоки патша (б.э. дейінгі ІІІ ғ.) буддизмді мемлекеттік дін деп жариялап, оны қабылдамағандарды жазалады.
Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні” деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.
Манхаяна немесе “солтүстік будда діні” негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты.
Махаяна екі тармаққа - ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінеді. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ. ҮІІІ ғасырда буддизмнің жаңа ағымдары – тантризм, оған негізделген ваджраяна пайда болды. Бертін келе осы тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері “жол” немесе “заң” деп атайтын, европалық ғылымда ламаизм аталатын буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.
Ламаизм негізіндегі лама яғни “аса мәртебелі”деген дін басыларына ,діни ұстаздарға қатысты қолданылған. XV ғасырдан Тибетті далай- лама мен панчен- ламалар басқарып келген.Олар “Мұхиттай шексіз ұстаз” дегендерді білдіреді.Тибеттің бүкіл тарихында он төрт адам көзі тірі құдырет саналатын далай- ламаатағына көтерілген. Мұнда далай- ламаны сайлаудың берік тәртібі қалаптасқан: далаи- лама өлген соң 49 күннен кейін (екі жылға дейінгі аралықта) дүниеге келген ер балалардан болашақ Будда іріктеліп алынатын болған. Оның шарты – жас баланың сыртқы пішін- келбетінің ұқсастығымен бірге, оған ұсынылған заттардың ішінен ламаға тиісті заттарды таңдап ала білуі. Осындай дін басыларының қалауы түскен бала 16 –17 жасына дейін шәкірттік жолдан өткен соң лама, кейіннен далай- лама атағын алатын болған.
Джайнизм ұлттық діні - Үндістан – ұлыстар мен тілдері көп ел болуымен қатар, қазіргі кезде өмір сүріп жатқан бірқатар діндердің пайда болған жері. Б.з.д.VI ғасырда буддизм және джайнизм, ал б.з. XVI ғасырда сикхизм пайда болды. Индуизмдегі касталық жүйеге және брахман сыныбының беделіне қарсы шыққан діндерден буддизм әлемдік сипатқа, ал джайнизм мен сикхизм ұлттық ерекшелікке ие болды. Бұл соңғы екеуі (сикхизмдегі кейбір ережеден тыс нәрселерді бір шетке қоя тұрсақ) Үндістаннан сыртқа тарай қоймаған. Бұларға біршама тоқталамыз.
Үндістанда тараған джайнизм кейбір ғалымдардаң пікірінше, сектаға немесе тариқатқа жатады. Джайнистердің саны 3 миллионға жуық. Бұл діннің негізін қалаған – махавира (б.з.д. 599-527) деп танылса да, шындап келгенде джайнизм Парсвадан (б.з.д. VIII ғ.) бастау алатын өте ерте кезеңге тән. Парсваның доктринасын Махавира одан әрі жетілдіріп, бір жүйеге түсірді. Батыстық авторлар Махавираны бастапқы кезде аталмыш діннің негізін қалаған деп көрсетсе, ендігі жерде оны реформатор ретінде сипаттап жүр. Махавираның өмірі -Бенаресте туылған Парсваға «Parsvanatha» (жеңімпаз) деген ат берілді. Парсва мына жалған дүниелік істерден бас тартып барлық нәрсенің сырын білгеннен кейін халыққа өзінің үгіт-насихатын уағыздай бастады. Ол жүз жасады. Өлгенге дейін айлар бойы диета ұстады. Парсва, Махавира мен Будданың өмірбаяндары арасында едәуір ұқсастықтардың бар екендігі байқалады. Бұлардың үшеуі де кшатрий (ханзадалар мен әскерлер) кастасына жатады.
Парсваның доктринасы мен жамағаты весалилік ханзада Вардхамана тарапынан жаңартылып жетілдірілді. Вардхамана отыз жасында үйін, бала-шағасын тастап кетіп, монахтың киімін киіп, монахтықтың бір белгісі ретінде бес тал шашын жұлды. Біраз уақыт өткен соң киімдерін шешіп, тыржалаңаш кезуді шығарды. Отыз ай сынақ жаттығудан кейін ең үлкен сынаққа аяқ басады; ол он үш жыл бойы нәпсісін аяусыз қинап, бір ағаштың түбінде терең ойға шомып отыра беретін әдет шығарды. Рух көші (самсара) шеңберінің түпнегізіне еніп кеткенше, азапқа толы дәруіштік өмір сүрді, ақырында рух көшінен құтылар жол табады. Сол себепті Вардхаманға «Ұлы қаһарман Махавира», жеңімпаз немесе «адами ашкөздіктен құтылған» дегенді білдіретін Жина аты берілді (Жина санскритше бір сөз, бір термин).
Джина (Джайна) өз доктринасын тектілер мен қарапайым халық арасында уағыздады. Ол өз уағыздарын қасиетті тіл саналған санскритше және жергілікті магадхи диалектісінде жүргізді. Маңайына түрлі касталардан адамдар жинап, үлкен жамағат құрды. Осы істі отыз жылдай жалғастырды. 72 жасында (б.э.д. 527 жылы) Бихарда дүниеден өтті. Тиртанкара (өткел жасаған, қайталап тұрған дүниеге келу шеңберінің селінен өткел тапқан, жол көрсеткен) ретінде Махавираға тағзым етілген. Оның Нирванаға жетуі джаинист күнтізбенің бастауы болған. Джаинизм аз уақыттың ішінде алдымен Махавираның мемлекеті Блхар-Ориссада, кейін б.э.д. ІІІ ғасырда бір қуаңшылық себебімен Үндістанның оңтүстігі мен батысына тараған. Бірақ бұл таралу монахтардың киіну мәселесіндегі тартыстарды және бөлінулерді де өзімен бірге ала келген.
Вардхаманы жақтайтындарды «джайнист» дейді. Бұл сөз Махавираны атайтын жеңімпаз мағынасындағы джина сипатынан тараған. Джинаның доктринасын «джайнизм» деп атады.
Махавираның (Джина) кезеңі мен мемлекеті Будданыкімен сабақтас. Олардың өмірі, наным-сенімдері және еңбектері арасында өте ұқсастықтар бар. Махавира Буддадан бұрын дүниеге келген. Бірақ ол Будданың доктринасы уағыздалған заманды көріп өтті. Екеуі де брахмандарға әрі олардың құлшылық ету тәсілдеріне қарсы шықты. Жалпы олар рух көші теориясын жақтады. Бұл екі әрекет брахмандардың беделіне деген қарсылық көрсету еді; көптәңірлікке, тым қатал касталық жүйеге және қанды құрбандықтарға қарсы реакция ретінде қалыптасты. Араларындағы айырмашылық джайнистердің тақуалыққа анағұрлым маңыз бөлулері және өз нәпсілерін азаптауда тым шектен шығушылыққа барулары еді. Дегенмен буддизм бұл мәселеге әлдеқайда түсіністікпен қарайды. Джайнистер сондай-ақ мүсіндерінде адамдарды толығымен жалаңаш етіп көрсетеді.
Джаинизм брахмандардың ықпалына және кейбір үнділік көзқарас жүйесіне қарсы шыққан болса да, үнді түсінігінің жалпы шеңберін және ғибадатхана рәсімдерінде брахмандардың ролін қабыл етеді. Ахимсаны (қиындыққа бармау, өлтірмеу) принцип ретінде алып, қандай болмасын жаратылысты өлтіруге тыйым салады. Сондықтан да егінмен айналыспайды, жұмыс істеуді таңдайды. Тамақтану тәртібі барынша қатаң. Тамақтанулар үшін аздаған жеміс пен көкөніс жеткілікті. Жақсы джаинист ішкен суын, дем алған ауасын сүзгіден өткізуі міндетті. Сондықтан әрдайым аузында мата байлап жүреді, кішкентай болсын жаратылысты өлтіріп алмауы үшін жүріп бара жатқанда алдын сыпырып отырады.
Джайнизм атейстік дін ретінде сипатталады. Дегенмен бұл «атейзм» тәңірдің барлығын, рухтың мәңгілігін, құрбандықтың пайдасын, құтылу жолының мүмкіншілігін жоққа шығару деген сөз емес. Махавира Будда сияқты тәңірі идеясына тоқталмаса да, кейбір джайнистік ағымдарда оның наным-сенімі бар екендігі байқалады. Ғибадатханаларда тәңірдің мүсіндері туралы XV ғасырда құрылған стханакаваси ағымы алғашқы джайнизмнің тәңірді мойындамайтын бір ерекшелікке ие екенін жақтап, ғибадатханалардағы мүсіндерді, суреттерді қабылдамауға дейін барды.
Б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап монахтар арасындағы киіну үлгілеріне байланысты шыққан талас-тартыстардың ақыры джайнизмнің екіге бөлінуіне әкеп соқты:
1.ДигамбраБұлар Махавираға бағынып, толығымен анадан жаңа туғандай тыржалаңаш жүретін болған. Кейініректе мұсылмандар оларға шағын болса да, киім киюді үйретеді.
2. СветамбраБұл атау үстеріне киген ақ киімдерімен байланысты.
Аталмыш екі ағым арасында доктрина тұрғысынан айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Екеуі де йогамен айналысады. Олар джинаға, тиртанкаға және өте кемелді қасиеттілердің барлығына сенеді. Тиртанкалардың әр кезеңде 24 шақты болғанын, Махавираның осылардың соңғысы екендігін қабылдайды.
Махавираның уағыздары алдымен ауызша риуаят етілген. Кейін жиналған консиль бұл уағыздардың бір бөлігін жинақтай алған, бірақ риуаяттардың басым бөлігінің жоғалуының алдын ала алмаған. Ауызша риуаяттардан қалғандар Махавираның өлімінен кейін он ғасырдан кейін жинақталған «ақ киінгендер» консилі тарапынан «Агамалар» немесе «Сиддханта» атты кітапта топтастырылған. Бұл кітап «Ганипидака» деп те аталады. Бұл кітапта монахтардың атқаруы керек қағидалар, джаинизмнің доктриналары және аңыздары орын алған. Жалаңаштар ағымы, ақ киінгендердің бұл кітабын апокриф (дұрыс емес) деп оны қабыл етпейді. Олар джаинистердің барлық кітаптарының Үнді философы Шанкара тарапынан жойылғандығын айтады. Жоғалған кітаптардың орнына, үлкен ұстаздарынан төрт адамдық бір топтың ортаға қойған бір еңбегі оқылады. Бұл кітап джаинистердің әлемді суреттеулерін, философиясын, моральдық-этика және құлшылық жайындағы көзқарастарын қамтиды. Бұл кітаптардың есепсіз түсіндірмелері болған. Бұл екі ағымның дұрыс деп қабыл еткен кітаптарынан басқа өте көп діни, әңгіме және моральдық-этикалық кітаптары да бар.
Джайнистік моральдық принциптері Махавираның қасиетті мәтіндерінде орын алған. Моральдық ережелер (қағидалар) монах еместерге де барынша қатысты. Бұл қағидалар төмендегі бес жолдан тұрады:
Жанды нәрсені өлтірмеу.
Жалған сөйлемеу.
Ұрлықтың қандай түрін болса да жасамау.
Мүмкіндігінше жыныстық қатынастан аулақ болу.
Азын-аулақ дүниемен тіршілік ету.
Мұның тақуалыққа жетелейтін өзге жақтары әсіресе монах ерлер мен монах әйелдерге арналды. Олардың көбі монастырда өмір сүреді. Өз сенімдерін дүйім жұртқа жаюды мақсат тұтпаған джайнистер туралыққа, қарапайым өмір сүруге үлкен мән берді.
Джайнизмнің мақсат-мұраты – рухты өмір мен өлім арасындағы байланыстан, кармадан құтқарып, нирванаға жеткізу. Бірақ барлық рухтар бұл мақсатқа жете алмайды. Өмір мен өлім шеңберінде мәңгі-бақи айналып келе береді. Мұнымен қоса, ерекше қабілетке ие рухтар сансыз тіршілік-өмірдің нәтижесінде нирванаға жетуі мүмкін. Ол үшін карманың рухқа кіріп кетуін тежеп, рухтағы бар карманы жойып жіберу керек. Кармадан сақтану жолдары жоғарыда айтылып өткен бес ережеде жазылған. Сол бес ережеге мойынсұну темірдей тәртіппен, қиыншылықтарға сабыр етумен, нәпсісін тізгіндеумен жүзеге асады. Қысқасы, қатаң бір тақуалық өмірге қадам басқан жандар, дүниені толығымен тәрк еткен монахтар мен монах әйелдер рух көшінен аман қалып, нирванаға жетуі мүмкін деп есептеледі.
Джайнистердің пайымдауынша бұл дінге мойынсұнғандар – өлімнің не екенін білмейтін болады, мәңгілік өмірге қадам басады. Ал әлемді ешкім жаратқан жоқ. Әлем – мәңгілік. Ол жаратылмаған. Оның пейіштері және тозақтары бар. Пейіш – тәңірлердің мекені. Тиртанкалар мен амандыққа жеткен жаратылыс иелерінің мекені болып табылатын мына әлемнің ең жоғары қабатына қарағанда тозақ өте төменде орналасқан. Мына дүниеге қайта келу машақатынан бір жола құтылғандар көк аспан әлемінен жоғары тұрған өзге бір әлемде өмір сүреді. Ортада жоғарыдағы пейіштер мен төмендегі тозақтарды бөліп тұратын, адамдар мен жануарлар мекендейтін орын бар. Жанды заттар сана-сезімдеріне, түйсіктеріне қарай топ-топқа бөлінеді.
Джайнистердің ғибадатханалары өте сәулетті. Джайнистер қауымын басқару монах пен монах әйелдердің қолында. Бастапқыда кезбе дәруіш боп өмір сүрген монахтар кейініректе монастырға орналасты. Олар қасиетті жазбаларды оқи отырып, жан мен тәнді тәрбиелеп уақыттарын өткізеді. Монахтар секілді халық та күнделікті белгілі құлшылықтарын орындайды. Құлшылық кезінде тиртанкалармен байланысты мадақтау жырларынан үзінді оқиды, терең ойға беріледі, тәубе етеді, белгілі бір іс-әрекеттерді орындайды, жан-жануарларға зәбір көрсетпеуге тырысады. Сол себепті олар өсімдіктермен көректенеді, мас қылатын ішімдіктерді аузына алмайды. Барлық жануарларды емдейтін емханалар бар. Діндар джайнистер аштан өлуді ең абыройлы іс деп санайды.
Көкте көптеген тәңірлердің бар екендігіне, бірақ олардың да рух көшіне ұшырайтындығына, адамзатты құтқаруда жәрдем бере алмайтындығына сенеді. Джайнистік ғибадатханалардағы мүсіндер қасиетті саналады. Алдында тұрып, мадақ айтылады. Оларға жеміс-жидектер ұсынылады. Алдарына шырақтар мен хош иісті заттар түтетіледі. Пұттар жуылып, тазаланады, майланады, гүлдермен әшекейленеді. Тиртанкалар өмір сүреді делінген қасиетті орындарға зиярат етіледі. Адамдар арман-тілектерін айтып оларға және тәңірге дұға оқиды. Кейбір джаинистер үнділердің тәңірлеріне де дұға етеді. Ғибадатханаларындағы құлшылықтар, монахтар тарапынан емес, халық тарапынан басқарылады. Индуизмнің дін адамы болған брахмандар жалақы алу арқылы джаинист ғибадатханаларында жұмыс істетеді.
Лекция-6
. Лекция тақырыбы :Иудейлiк және Иран дiндеріЛекция жоспары:
1.Иудейлiк тарихы
2.Иудейлiк iлiмiнiң негiздерi ж/е ерекшелiгi
3.Иудейлiк ағымдары
4.Иран діндері
Лекция мазмұны:1.Иудейлiк тарихы.
Иудейлiк- б.д.д.II-I мың. Палестинада пайда болған дiн.”Иудейлiк” өз атын он екi тайпадан тұратын еврей халқының иуда тайпасынан алады.Иуда тайпасынан еврей патшалары шыққандықтан болса керек.
Иудейлiк илахи өзгертiлген дiн(исламдық көзқарас бойынша).Дiндер классификациясы бойынша ұлттық әрi монотейстiк дiнге жатады.Бұл дiннiң 4-мыңжылдық тарихы пайда болғаннан бүгiнге дейiн бiрнеше кезеңдерден тұрады.Иудейлiктiң ж/е еврей халқының тарихы Көне өсиетте(Библияның бiрiншi бөлiгi) тәпiштеп жазылған.Еврей ұлтының тарихи мен иудейлiктiң тарихы тұтас бiрлiкте. Дiннiң даму тарихын қысқаша қарастырамыз.
1-шi кезең б.д.д.II мың-тан б.д.дейiн (храмға дейiнгi кезең).Бұл кезеңде семит тайпалары Мысырдан көшiп Хананды(Палестинаны) жайлай бастайды.Тәуратта:”Ханан-шұрайлы кең жер,онда сүт пен бал ағады”(Шығу 3:8)-деп айтылады ж/е Құдай Ибрахымның(Авраам) ұрпағына осы жердi уәде еткен,ол туралы көне өсиетте “Уәде етiлген жер”(земля обетованная) -деген сөздер(Болмыс 21:1;13:15;15:18-21)кездеседi.Палестинада жергiлiктi халықты бағындырып,еврейлер онда патшалықтарын құрады.Алғашында бiртұтас мемлекет, кейiн Израйл-Иудей патшалықтарына бөлiнiп кетедi.Бұл дәуiрлерде көне еврейлер көптәңiрлiк сенiмде болып,кейiн Мысырдан қашып келе жатқанда Синай тауында Мұса пайғамбарға Құдайдан Тәурат кiтабы түседi.Осы кезден еврейлер Иахве құдайға сыйына бастайды.
2-шi кезең-б.д.д.VIIғ аяғына дейiн(б.д.д.621ж.дейiн)-Иахве құдайға сыйыну немесе бiрiншi храм кезеңi.
Иерусалимде Сүлеймен(Соломон,Шломо) патша б.д.д.945жылы Иахве құдайға арнап храм салдыртады,ол Иерусалим храмы деп аталады.Храмның iшкi бөлiгi бiрнеше тонна алтынмен әрленедi ж/е онда Көне өсиет(қасиеттi кiтап) сақталынып,арнайы құрбандық шалынатын.Еврейлер көптәңiрлiк сенiмдерiнен ажырамай,Иосий патша б.д.д 621 жылдары оған тыйым салады.
3-шi кезең-б.д.д.VIғ-“вавилон тұтқындығы”кезеңi.Б.д.д.VIғ.(б.д.д.587/586ж) Израйлды вавилон патшасы Навуходоносор II басып алады.Храм қиратылып, еврейлердiң көпшiлiгiн тұтқындап алып кетедi.Иудейлiк вавилон тұтқыны кезеңiнде еврейлердiң өз мемлекетiн қалпына келтiрудегi күресiнiң негiзгi болды.
4-шi кезең -б.д.д VIғ аяғынан(538ж) б.д 70ж дейiн-“екiншi храм кезеңi”.Б.д.д 538ж Парсы патшасы Кир Вавилонды бағындырып,515жылдары еврейлердi елiне қайтарады.Еврейлер қиратылған храмды қайта салады.Осы кезден бастап еврейлердiң басқалармен некеге тұруына тыйым салынып,еврейлер тұйық дiни қауымға айналады.Палестина парсылардан кейiн А.Македонский империясына бағынып,б.д.д 63жылы оны Рим басып алды.Осы дәуiрлерде храм қайта жөнделiп кеңейтiледi.
Б.д 66-70 жылдары еврейлер Римге қарсы екi рет көтерiлiс жасап жеңiлiп қалады.Бұл оқиғалар еврейлерде “µлы көтерiлiс”,ал римдiктерде “Иудей соғыстары” деген атпен белгiлi.132-136жж Бар-Кохба бастаған көтерiлiсте жеңiлiс табады.Осы оқиғадан кейiн Израйл өз тәуелсiздiгiнен толық айырылады,храм өртелiп,1млн-ға жуық еврейлер өлтiрiлген.Сол дәуiрлерде еврейлердiң саны 4-4,5 млн,оның 1млн-н астамы Палестинада тұрған.Еврей халқының тарихында бұл оқиғалар “µлы қасiрет” деп аталады.
Қазiргi таңда Иерусалим храмының тек батыс қабырғасының бiр бөлiгi ғана сақталынған,ол еврейлер үшiн қасиеттi жер-Қайғы қабырғасы(Стена Плача) деп аталады.Дiни сенiмдегi еврей Құдайдан храмның қалпына келуiн тiлейдi.
5-шi кезең-б.д I-IIғғ-1948ж-дейiн-“диаспора кезеңi”.Бұл дәуiрде еврейлер әлемге тарыдай шашырап кетедi,оның себептерi: Римнiң оларды империяның басқа аймақтарына көшiруi.Палестинада бүкiл еврейдiң төрттен бiрi ғана тұрып,көпшiлiгi Еуропа(Испания,Германия ж/е т.б.),Азия ж/е Америка елдерiнде қоныстанды.Еуропалық еврейлер ашкенази,ал азиялықтары сефарды аталады.
XIXғ бастап еврейлер тарихи отанына(Құдайдың уәде еткен жерiне)қайту мәселесiн көтерiп,ақыры 1948жылы Бµµ-ның шешiмiмен Палестинада Израйл мемлекетiн құрды.Еврейлердiң екi мыңжыл бойы дербес мемлекетсiз,отанынан жырақта өзiнiң ұлттық бiтiм- болмысын сақтауында дiндерiнiң ролi айрықша.
2.Иудейлiк дiнiнiң негiздерi ж/е ерекшелiгi.
Иудейлiктiң қасиеттi кiтабы Көне өсиет(Ветхии Завет) үш бөлiктен тұрады:
1.Заң-Мұса пайғамбардың бес кiтабы немесе Тәурат(Тора).Онда еврейлер тарихи,әлемнiң жаратылуы,дiни рәсiмдер,он бұйрық ж/е т.б жазылған.
2.Пайғамбарлар-пайғамбарлар кiтаптары жинақталған.
3.Жазу-тарихи ж/е әдеби шығармалар қамтылған.Олар дiни рәсiмдерде ж/е мейрамдарда орындалады.
Оның iшiнде ең танымалы Псалтир дiни өлеңдерi.
Жалпы Көне өсиетке 39 канондық кiтап кiредi.Сонымен қатар 11 канондық емес кiтап бар,еврейлер оларды көне иврит тiлiнде жазылмағандықтан қабылдамайды.Қасиеттi жазбаларын Танах деп атайды.Танахты оқу-синагогада(храмдары)атқарылатын құлшылықтың ең маңыздысы.
Көне өсиет мәтiндерi шамамен б.д.д VII-VIғғ жазылған,ал б.д.д Vғ-да қайтадан жаңартып жазады.Б.д.д IIIғ-Көне өсиет ивриттен грек тiлiне аударылады,ал оның канондық нұсқасы масорит Библиясы(көне евр.масора-дәстүр)-еврей синадронының жоғарғы кеңесiнде б.д I ғ-ның 70-ж бекiтiледi.
Кейiнгi дәуiрлерде дiни-философиялық,моралдық,тұрмыстық,заң ж/е сот кодексi -Талмуд(көне.-евр.оқу,зерттуе)құрастырылды.Киелi кiтабы жазылған заң,ал талмуд ауызша заң деп аталады.
Сенiм негiздерi.
Библияда Құдайдың еврейлердiң “мысыр тұтқынында қиналғанын көрiп,Мұса пайғамбарға оларды Уәде етiлген жерге апаруына көмектескендiгi айтылады.Ол Израйл халқын одақ(Завет) құруға шақырады: “Егер сендер менiң айтқаныммен жүрсеңдер ,өсиетiмдi сақтасаңдар,онда барлық халықтың iшiнен менiң таңдаулы халқым,дiн адамдарының патшасы ж/е қасиеттi халық боласыңдар”-дейдi(Шығу.19:5-6).
Осы одақ иудейлiк дiнiнiң негiзгi екi қағидасын көрсетедi: 1.Иахве құдай-тек тәңiр,құдiрет иесi,ұлы жаратушы.2.Еврейлер құдайдың сүйiктi де таңдаулы халқы,олар қасiретке ұшырағанда құтқарушы(мессия) жiберiледi.Егер құдайға құлшылық етсе.
Иудейлiк сенiмдерi Мұса пайғамбарға түскен 10 бұйрықта айқын көрсетiлген.Декалог-(грек.бұйрық)құдайдан Мұса пайғамбарға Синай тауында келген он бұйрық:
1.Тек бiр құдайға ғана сыйыну;
2.Пұттарға табынбау;
3.Құдай есiмiн керексiз жерде айтпау;
4.Сенбi қасиеттi күн;
5.Ата-ананы құрметтеу;
6.Адам өлтiрмеу;
7.Зина жасамау;
8.Ұрлық жасамау;
9.Жалған куә болмау;
10.Өз жақыныңа зияндық iстемеу;
Екiншi бұйрық бойынша еврейлер құдайды Адонай(менiң құдайым)деп атаған.
Ғұрыптары.
Иудейлiк дiнiнде еврейлердiң өмiрiн реттейтiн 618 ереже бар,оның 248-бұйрық,365-тыйым.Бұл мiндеттер мен тыйымдар дiни-құқықтық ж/е моралдық сипатта.Адамның жеке ж/е қоғамдық өмiрiнiң барлық жағы осы қағида-ережелер бойынша реттеледi.
Құрбандық шалу рәсiмi көне замандарда храмда атқарылған.Күнәнi кешiру құрбандығына екi ешкi әкелiнiп,бiреуiн сойып,екiншiсiн босатып жiбередi.Босатылған ешкi күнәнi өзiмен алып кетедi деп сенген.Бұл рәсiм иом кипур мейрамында орындалады.Қазiргi орыс тiлiндегi “козел отпущение”сөзi осыдан қалған.Қазiргi уақытта бұл рәсiм басқаша жасалады.
Құлшылық.
Құлшылық жеке ж/е ұжымдық тұрғыда синагогада күнiне үш рет Тораны оқу арқылы атқарылады.
Тораны жиi оқу құлшылықтың ең маңыздысы саналады.
Дiн орындары синагога диаспора( )кезеңiнде қалыптасқан.Дiни қызметкер раввиннiң(үйретушi) қызметi: Тәураттың дұрыс оқылуы,рәсiмдердiң орнымен атқарылуын көрсету ж/е дiн мәселелерiне төрелiк айту.
Сүндеттеу рәсiмi.Сүндеттеу бала туылғаннан сегiз күннен кейiн жасалынады.Артынша оған есiм берiледi,есiм адамға үш жағдайда қажет: кәмелетке толғанда,некеге тұрғанда ж/е өлгеннен кейiн тасына жазуға.Ал қыз балаға есiм Тораны алғашқы оқығаннан кейiн берiледi.
Мейрамдары.
Еврейлер жыл санауды б.д.д 3760 жылдан бастайды яғни өз сенiмдерi бойынша әлем жаратылған уақыт.
Шаббат-сенбi.Апталық мейрам.Бұл күнi синагогада ж/е үйлерiнде Тәуратты оқу,дұға ету,раввиннiң уағызын тыңдау ж/е т.б. Пайдалы iспен шұғылданбай,рухани жетiлу iстерi жасалынады.Сенбi күнiн құдайға арнайды.
Песхе-еврей календары бойынша көктемге келедi.Мысырдан көшудi еске алу мейрамы.Маца-тұзсыз ж/е ашытқысыз нан пiсiрiледi,өйткенi перғауыннан қашқан кезде,еврейлер осындай нан жеген .
Рош-Гашана-жаңа-жыл мейрамы.Иом кипур-сот күнi..Жаңа-жылдан кейiн он күннен соң келетiн тазалану күнi,Құдай әрбiр адамның тағдырын осы күнi анықтайды деп сенедi.
Ханука-Иерусалим храмына арналған күн.
Иудейлiк дiнiнiң ерекшелiктерi.
Иудейлiктiң негiзгi ерекшелiгi еврейлер - Құдайдың таңдаулы халқы ж/е қиыншылық кезде ол құтқарушы(мессия,)-пайғамбарды жiбередi деген сенiмдерi.Таңдаулы сенiмi тек иудей дiнiнде ғана басқа дiндерде кездеспейдi.
±ұрып пен рәсiмге аса мән берiлуi ж/е Қасиеттi кiтабында еврей халқының тарихы дiннiң тарихы ретiнде қарастырылуы осы дiнге тән ерекшелiк.
Иудейлiктiң еврейлердiң екi мың жыл бойы ұлт ретiнде жойылып кетпей өз болмысын сақтап қалуында ролi айрықша.
Еврейлер христиан ж/е мұсылмандарды Нух пайғамбардың дiнiнде,ал басқаларды пұтқа табынушылар деп санайды.
3.Иудейлiк ағымдары.
Дiн өз iшiнде бiрнеше ағымдарға бөлiнедi.
1.Хасид-(iзгiлiктi)XVIIIғ Еуропада қалыптасқан дәстүршiл бағыт.Украйнада хасидтiк iлiмнiң негiзiн Исраэл Бешт,оның iлiмi бойынша раввиндiк,ғалымдықтың керегi жоқ.°ркiм өзi Құдайға құлшылық етiп онымен өзi тiлдесуi тиiс.Бiрақта Құдаймен тiлдесуге барлық адамға мүмкiн емес,сондықтан ерекше тақуалар –цадиктер көмкке келе алады.Цадик- адамды рухани тәрбиелеушi ұстаз.Хасидтер өлтiрме қағидасын ұстанғандықтан соғысқа қарсы ж/е әскерде қызмет жасамайды.
2.Каббала-(қабылдау,дәстүр)орта ғас-да Еуропада XIII ғ диаспора кезеңiнде пайда болды.Кiтабы –Зогар(шуақ) деп аталады.Құдай шексiз,сипатсыз нәрсе,оны тану есiмдер мен әрiптердiң құпия мағынасын ашу арқылы мүмкiн.Олар сандарды сиқыр жолымен комбинация жасаумен айналысып Құдайды танимыз деп түсiнген.
3.Сион одағы-XIXғ Еуропа ж/е АҚШ-та құрылған үйым.Мақсаттары “Уәде етiлген жерге”(Палестина)оралу.Еврей оралмандарына материалды ж/е қаржылай көмек берумен айналысқан. Мақсатқа жетуде барлық мүмкiндiктердi қолданған,нәтижесiнде бiр ғасыр бойы еврейлер Палестинаға оралып,1948 жылы арабтардың жерiнде өздерiнiң ұлттық мемлекетiн құрды.
4.Иран діндері