Азақ тарихындағы дін мен дәстүр байланысы

Дін мен дәстүр халқымыздың сыртқы ықпалға төтеп беретін рухани иммунитеті екенін ескеріп, 2013-2015 жылдарды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялап, осы қос құндылықтың Діни бас­қарма деңгейінде кеңінен наси­хат­талуына басымдық бердік. «Дін мен дәстүр» кітабы зиялы қауым, қарапайым халық, жал­пы жамағатқа жол тартты. Осы­нау игі идея діни орта мен зайыр­лы қауымды бір мүд­деге бірік­тір­ген қуатты күшке ай­нал­­ды. Діни мерекелерді ұлттық нақыш­­пен үйлестіріп, айрықша атап өту­дің мәдениеті қалыптаса бас­­та­ды. Бүгінде имам-молда­лар тек дін­нің ғана емес, дәс­түр­дің де на­сихатшысына ай­нал­ды. Уа­ғыз­­дарда ақын-жырау­лары­­мыз­­дың тағылымды тұжы­рым­д­ары, өнегелі өлеңдері қоса ай­ты­­ла­тын болды. Айт мереке­лерінде мешіт аулаларында ұлт­тық ойын түрлерінен жамағат ара­сында спорттық сайыстар ұйым­­дас­тыру дәстүрге айналды. Діни бас­қарма жүлдесі үшін жыл сайын палуан­дар арасында қазақ­ша кү­рес­тен рес­пуб­ликалық жарыс өтуде. Осы жыл басында біздің ұсы­ны­сымыз бойынша ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланды. Басты мақсат – тарихи тамырымызға зер салып, дін мен тарихымыздың байланысын терең зерделеу, Ислам діні ұлты­мыз­дың басты рухани негізі, ата-баба­ларымыздың ұстанған, қас­тер тұтқан жолы екенін қоғамға наси­хаттау, ұлттық тарихымыз бен елдік санамызды, ұжданды тұлға­лары­мызды саралап, олардың өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа үлгі ету. Мұны тарихи сананы қайта түле­тетін парасат баспалдағына жасал­ған игі қадам деп есептеуге болады. Ғұламалар Кеңесінің ХІ оты­рысында «Дін және тарих тағы­лымы» жылына орай жүзеге аса­тын игі жобалар мен іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілді. Атап айтқанда, діни һәм тарихи кітаптар шығару, Қазақстан мұ­сыл­мандары діни басқар­ма­сы­ның облыстардағы, аудан­дар­­дағы өкілдіктерінде «Дін және тарих тағылымы» атты кон­фе­­ренциялар, семинарлар, дөң­гелек үстелдер өткізу, ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Ясауи жылы деп жариялауына орай, Қожа Ахмет Ясауидің шы­ғар­­машылығына арналған ха­лық­­аралық конференция ұйым­дас­тыру, қазақ даласынан шық­қан дін қайраткерлері мен тари­хи тұлғалар туралы, олардың діни туындыларына арналған де­рек­­ті фильмдер мен зерттеу ма­қа­­ла­лар, очерктер жариялау, бұқа­ра­­лық ақпарат құралдарында «Дін және тарих тағылымы» атты бағдарламалар мен хабарлар ұйым­дастыру, осы бастаманы халық­қа жан-жақты насихаттау, т.б. игі жобаларды жүзеге асыру тура­лы шешім қабылданды. Қазақ даласына ислам дінінің келуімен ғылым, білім, сауда, өнер саласында жаңа бетбұрыстар болып, қала мəдениеті жедел дами бастады. VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалардың салынуы қарқын алды. Ол қалалар сауда мен қолөнердің, мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Еліміздегі алғашқы мешіттер мен медреселер Отырар, Түркістан, Сайрам, Тараз қалаларында салын­ғаны белгілі. Мешіттер әмбебап рухани жəне ғылыми орталықтар­ға айналды. Ислам діні қазақ жеріне бейбіт жолмен келіп, ізгілік пен мейі­рімділікті таратты. Қазақ то­пы­рағына ислам дінінің келуі жəне орнығуымен қатар бүкіл Ислам əлемінің жарық жұлдыздары – Əбу-Насыр əл-Фараби, Əбу Ибрахим Исхақ əл-Фараби, Ғала­мад­дин əл-Жауһари, Жүсіп Бала­сағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Жүйнеки, Мұхаммед Хайдар Дулати, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сынды ғұлама ғалым­дарымыз ислам мəдениеті мен ғылымын əлемге паш етті. Отырар аймағынан шыққан ғалымдар ғылымның түрлі сала­ларында жемісті еңбек етіп, адам­зат өркениетіне зор үлес қосты. Хандық дәуірде ислам құнды­лық­тары ел бірлігі мен рухани әлемінің тірегі ретінде хандарымыздың ел тұтастығын сақтау мақсатында шы­ғарған заңдарында көрініс тапты. Әсіресе, ислам дінінің рухани құн­дылықтары Орта Азиядан шық­қан ғұламалардың ой-пікірлері мен сан-салалы ғылыми, мәдени, әдеби шығармашылығына зор ықпал етті. Сол уақыттағы ақын-жыраулардың шығармашылығына үңілер болсақ, біз олардың ең алды­мен жай ақын немесе қарапайым ғалым емес, дін білгірлері болған­дығын байқаймыз. Біздің ақын-жырауларымыз, ғалымдары­мыз, қайраткерлеріміз дін құндылық­тарын терең зерттеп, ұғынып, оның нәрін қарапайым халыққа ұғы­нықты өлең-жыр түрінде жет­кізіп отырды. Жақында Діни басқарма осы дана бабаларымыздың діни сарын­да жазылған мұраларын жинақ­тап, «Дәстүрлі Ислам жауһар­лары» атты кітап шығарды. Он­дағы ақын-жыраулардың, дін қай­­раткерлері­нің өлең-жыр­лары ұлтымыздың ғасырлар бойы ұс­­танып келе жатқан дүние­таны­­мының, адамгершілік қағидат­тары­ның, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының төл діні­міз­дің мұраттарымен сай келетін­дігін, екеуінің бір арнада тоғы­са­тындығын көрсетеді. Бұл қазақ халқы ислам дінін толыққанды ұстанған ұлт екенін дәлелдей түседі. Кітапты жарыққа шығару­дағы мақ­сатымыз – теріс пиғылды идео­ло­гия­лық басқыншылыққа қар­сы ұлт­тық имани иммунитетті күшейту. Ахмет Жүйнекидің осы жинақ­қа енгізілген білім жайлы өлеңінің Құран Кәрім аятымен үндесуі со­ның дәлелі дер едік. Ислам діні білім алу мәселесін ең бірінші орынға қояды. Оған шари­ғатта дәлел көп. Мысалы, қа­сиет­ті кітабымыз Құранның «Мүжә­далә» сүресінің 11-аятында: «Алла Тағала сендерден иман кел­тір­ген­д­ердің және ғылым берген­дер­дің дәрежелерін көтереді», – делінген. Алаш ардақтысы Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы бір сөзінде былай деген екен: «Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған». Ислам діні – ұлы дала халқының таза рухани болмысымен үндесіп, адамзатқа нұр шашқан тұлғалар мен ғалымдардың шығуына негіз болды. Қазақ даласына исламның дәнегі егілгеннен бастап, даналар мен дара тұлғалар жақсылық­тың жаршысына айналды. Елдің жадында қалған қай тұлғаны алсақ та дін мен дәстүрін насихаттап өткен. Текті бабаларымыз Аллаға деген сеніміне сызат түсірмеді. Мұ­сыл­­маншылықты бекем ұс­танд­ы. Ғибратты ғұмыр кеше біл­ді. Алланың берген ақылы мен та­лантын исламды насихаттауға сарп еткен. Олардан қалған білім мен тәрбие ауыз әдебиеті, яғни жыр, айтыс, дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Біз төл тарихымызды зерделей отырып, ислам­ның ұлттық болмы­сымыз бен қазақ халқының ел болып қалып­тасуына зор үлес қосқанын көреміз. Бұл тұрғыда біз қазақ қоғамына тыңнан жаңа дүние ұсынып жат­қан жоқпыз. Бар болғаны кезінде баһадүр бабаларымыз салып кет­кен, кейіннен көмескі тарта бас­та­ған соқпақтың сүлдерін тауып, соны қайтадан сара жолға айналдыруға тырысып жатыр­мыз. Мақсатымыз – ұлттық болмыс, табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабы­мыз бен танымдық мектебімізді тұғыр­лап, асыл дүниелерімізді, жауһар­л­арымызды жарыққа шығару, үзіл­генімізді жалғап, жоғалт­қа­ны­мыз­ды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қал­пына келтіру. Сол арқылы қазақ­тың то­лық­қанды ұлтқа, Алаш­тың іргелі елге айналуы үшін қол­дан келгенше үлес қосу. «Дәстүрлі Ислам жау­һар­лары» ат­ты жаңа кітап сондай игі баста­маның жемісі.

8) Қазіргі қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрік, түрікмен т.б. түркі тектес халықтардың арғы ата-бабалары –ежелгі түріктердің рухани мәдениеті, оның ішінде діни наным-сенімдері мен салт-дәстүрлері өте бай екендігі белгілі. Соның бірі – көне түркі тайпаларындағы тотемизм белгілері. Тотемизм (Солтүстік Америка үндістерінің оджиб тайпасының «ототем» — «оның тегі» сөзінен шыққан) дегеніміз – рулық қоғамдағы адамдар тобының өзінің шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан фантастикалық сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сана жиынтығы.Көне түркілердегі ең басты тотем – олардың ата-бабасы болып есептелінетін бөрі (көкбөрі) болды. Көне түріктер өз ұрпағын құтқарып қалған бөріні қастерлеу ниетімен Тәңірінің қасиетті символын білдіретін «көк» сөзін қосып айтқан. Бөрінің құтқарып алушылық миссиясы көне түрік аңыздарында, әдеби жазба ескерткіштерінде бейнеленеді.Көне түріктердің қасқырдан таралғаны туралы ежелгі аңыздар қытай жылнамаларында кездеседі. Көне түріктерде итке байланысты нанымдар да болды. Ит, әсіресе, жерлеу ғұрпында үлкен роль атқарған, себебі, ит өлген адамның рухын қорғайды деген ұғым болған.Қойға табыну Сыр өңірінде ерте кезде-ақ орныққан. Зеттеушілер бұл бейне зороастралық фарнға байланысты шыққан деп түсіндіреді. Түрлі халықтарда фарн соңғы кезге дейін молшылық, байлық-береке, отбасы амандық-саулығын білдірген. Қойға табыну оғыздар мен түрікмендердің арасында кең таралған және ол белгілі бір рудың немесе тайпаның қамқоршысы ретінде құрметтелсе керек.Шамандар қойды құрбандыққа шалып, оның қанымен науқас адамдарды ырымдаған Қой мен қораз түрік тайпалары түсінігінде маңызды орын алады. Қораз мейірімді құдай сраошидің ең жақын көмекшісі ретінде адамдарды зұлым күштер қаупінен сақтаушы (Авестада) бейнесінде ұғынылды, сондықтанда балалы үйлерде қораздың болуы қажет еді. Қалалы ортада қой мен қораз белсенді түрде енгізілдіЕр қанаты болып табылатын ат та көне түріктерде аса жоғары әспеттелген. Орта ғасыр дәуіріндегі жауынгерді атсыз елестету қиын. Аттылы жауынгерді дәріптегені сонша — көне түріктер өлген жауынгермен атын бірге көму дәстүрін ұстаған. Жауынгердің сәйгүлігімен бірге жерлеу дәстүрі о дүниелік өмір ғұрпымен де байланысты.Аттылы жауынгер бейнесі негізінен құдай кейпіндегі батыр баба ретінде ұғынылған.Үздіксіз соғыстар мен шапқыншылықтар салт атты жауынгерді дәріптеу культі маңызды орын алған ерекше идеологияны туғызды. Аттылыны әспеттеу идеологиясы шапқыншылықтың толастамауына байланысты қалыптасты. Батырдың атын шығарған сәйгүліктердің де әспеттелген, құрметті атауы болған. Мысалы, Күлтегіннің ескерткішінде оның астындағы жүйріктері — Байырқу, Алып Шалшы, Оқсыз дәріптеле еске алынады.Көне түріктердің сәйгүлікті пір тұтуы олардың заң жүйесінен де байқалады. Сәйгүлік ұрлағандарға өлім жазасы секілді аса қатаң шара қолданылған.Бүркіт секілді қыран құсты пір тұту күн мен оттың культіне байланысты шыққан. Бүркіт адамдарға күннен от әкеліп беруші ретінде қастарленген. Осыған байланысты түрік-монғол халықтарында өзінің шыққан тегін бүркітпен байланыстыру ғұрпы да орын алған. Мысалы, меркіттер күн күркірегенде ақ киім киіп, боз атқа мініп, «Мен меркітпін» деп айғайлап шабады екен. Осылайша өзінің бүркіт руынан екенін білдірсе, найзағай мен күн күркіреуін тоқтатады деп сенген. Найзағай аспанның, я күннің ашу-ызасынан болады деп ұққан

Наши рекомендации