Лекция. Ислам діні және мәдениет 1 страница

Жоспар:

1.Ислам діні және мәдениет.

2.Исламның өнерге көзқарасы

Дін мен мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері дін экспансия алаңына айналған елімізде "дініміз өзгерсе өзгерсін, ал мәдениетіміз өзгермесін" дейтіндей орашолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс, қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы ролін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін - осы салаларға бағыт - бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғамдық құрылымның анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдары қатарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Тіпті, халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым - секемдердің қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін - өзі танып білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және XXI ғасырдағы халқымыздың өсіп - өркендеуінің басты құралы - дініміз.

Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау - дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану болып табылады. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пикассо, Моцарт, Чайковскийтүседі. Ал, мәдениет үғымы, шынында, өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп, мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске үшырағанымен қоғам өзінің мәдениетін сақтап қалуға тырысады. Ислам дінінің көшпелі және руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, Ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі - ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы Ислам діні болған. Ислам діні қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса, мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды т.т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қараларды, африкадағы халықтарды, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілерді осы санатқа жатқызуға болады. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор дін екені анық. Біздің мұсылман халқымызға тән басты қасиеттеріміз, меймандостық, ағайынмен тату болу, ораза айт пен құрбан айт кезінде кешірім сұрасу, араағайыншылдық, қайырымдылық Ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Ислам діні:

1. қоғамға бағыт – бағдар береді;

2. қоғамды біріктіреді;

3. идеологиялық және мәдени ұғымдарды бүкіл қоғамға
телиді;

4. жеке тұлғаның мүдделерін қорғайды;

5. этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.

Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік дәлелдер:

1. діннің жеке тұлға және қоғам өмірінде нақты функциялары бар;

2. дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін береді;

3. дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады;

4. дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.

Мәдениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі бір элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Мұның нәтижесінде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениетердің арасындағы парықтарды қабыпдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін Ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні езіне екені туралы айтылған және Құран мүны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін - бірі танып білуі және қарым - қатынас орнату жағынан жағымды роль атқаруы да мүмкін. Бүл - біздің қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, Ислам дініндегі толеранттылықты шынайы толеранттылық деп қабылдаған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын кереміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін өкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хош көрушілікпен қараған. Адамзаттың тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда боған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсафи негіздерді қамтитын Ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған.

Дін - адамдардың іс - әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Солай бола тұрғанмен, дін мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да, егжей - тегжейге араласпайды. Мәселен, дін адамдардың киіну мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюді ұсынбайды. Ислам діні адамдардың халал тағам жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу./2/

Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның "Ислам мәдениеті тарихы" атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: "Мәдениет дегеніміз –бір қоғамды, жамағатты, ұлтты ұлт жасайтын, оныөзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірдің көріністері әр улттың өзіне тән болып келеді." Қысқаша қайырып айтқанда, мәдениет "әр үлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі" болып табылады.

Лекция

Жоспар:Ислам өркениеті, әдет – ғұрпы және бүгінгі ислам.

Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:

1. Ұлттық сипатқа ие.

2. Табиғилық және тірілік.

3. Жалғастылық және тарихилық.

4. Ұлттың ортақ мүрасы болып табылады.

5. Өзегі өзгермейді.

6. Үйлесімді тұтастық болып табылады.

7. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.

Міне, осы қасиетердің барлығын зер сала зерттегенімізде Исламдінінің қазак, халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, "дін - мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз езгерсе өзгерсін" деген сөздердің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады. Ал, мәдениет пен еркениеттің парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен, өркениет дегеніміз халықаралық сипаттағы нәрсе. Бір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса жаппы адамзатқа тән байлық.

Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:

1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.

2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.

3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, заулық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.

4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс - әрекеттердің даму барысы.

5. Әдет - ғұрып: Құқықтық - қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарпынан есепке алынатын, іске асырылатын салт - дәстүрлер./3/

Ислам - көркемдікті ұнатып, барлық нәрседен көркемдік пен сыматтылыққа үндеген дін болып есептеледі. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: „Аллаһ Тағаланың өзі сымбатты болу себебінен сымбаттылықты жақсы көреді!” /4/– деген (хадисті имам Муслим ”Әл - Иман” кітабында риуаят еткен.)

Өнер - эстетикалық шығармашылық, сондықтан Ислам оған қарсылық білдірмейді. Ислам эстетикалық негіздермен салыстырғанда, адамгершілік негіздеріне басым мән береді, яғни эстетикалық негіздер адамгершілік негіздерінен кейін тұрып, онымен тығыз байланыста болады. Бұл Исламның өнердың барлық тұріне қатысты көзқарасы. Өнердің қай түрінде болмасын, оның құндылық дәрежесін анықтауда: ”көркемділік - жақсылық, жағымсызда - жамандық бар” деген Исламдық ұстаным басшылыққа алынады.
Мұсылмандардың Киелі кітабы болғандықтан Құран осы күнгі мұсылман мемлекеттері өмірінде, ең алдымен діни жұмыстар саласында маңызды роль атқарып келеді. Құран әралуан оқу орындарында оқытылады. Бұрынғысынша оның идеялары ен бейнелері көркем әдебиеттен орын алуда. Ол мұсылман халықтарының бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық – саяси әдебиеттерінде кең пайдаланылады. Құран текстері исламдық сурет және сәулет өнерінде негізгі өрнектік міндет атқаратын мәнін де сақтап қалған. Құран идеялары мен бейнелері осы күнгі мұсылмандардың оқыл – ойына, тәлім – тәрбиесіне әсер етпей тұра алмайды. /5/

Құран Кәрімде әлемдегі барлық жаратылыстың бір - бірімен үйлесімділігі мен оған қараған адам көңілін шаттық сезімге бөлейтін көркемділік, ұлылықпен асқан әдемілікке назар аударатын аяттар баршылық (қараңыз - Хижр сүресі, 16 - аят, Нахл сүресі, 6-аят, Фуссилат сүресі 12 - аят). Демек ислам әсемдік пен сымбаттылықты қамтыған көркем өнер түрін қабыл алмайды деу қисынсыз. Ислам тек материалдық және адамгершілікке жат нәрсені бейнелейтін өнерді қабылдамайды.

Ислам ақыл - ойды ләзаттандырып, құшырландыратын, жоғары сезімдерді оятып, адами табиғи қасиеттерді дамытатын өнердың түріне қарсы емес. Алайда өнер өз шекарасынан шығып, жағымсыз нәрселерге, құмарлық пен нәпсіні қоздырса, салауатты өмірдің салтанат құруына емес, керісінше оның жойылуына себепші болады, сөйтіп жағымсыз ермектің түріне айналады. Мұндай нәрсені Ислам қабыл етпейді және қолдамайды.
Тамаша әуен, жоғары өнегелі сөз әсем дауыспен орындалар саз бен әнге Ислам қарсы емес. Тек өлең мағынасы адамгершілік пен саналылықтың шегінен шықпай, адамды рухтандырып, сезімдер мен жан дүниесін байытуға қызмет етуі тиіс.
Мысалы, Әбу Муса Әл - Әшғари (р.л.ғ.) Құран Кәрімде оқыған уақытта, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның дауысын мақтайтын. Пайғамбар (с.ғ.с.) сақабалары (р.л.ғ.) арасынан дауытары ең әдемілерін таңдап, азан айтуға бекітетін. Сонымен бірге Пайғамбар (с.ғ.с.) тамбурин (барабанның бір түрі) мен сырнай тыңдауға құлықсыз емес-ті.
Айт күндерінің бірінде хазіреті Әбу Бәкир ас - Садық (р.л.ғ.) Айшаға (р.л.ғ.) кірген уақытта екі күңнің тамбурин соғып, өлең айтып, билеп жатқанын көріп ашуланады. Сол уақытта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): „Ей, Әбу Бәкирі! Оларды қоя бер, қазір айт күндері емес пе!” - деген сөзбен, хазіреті Әбу Бәкирдің (р.л.ғ.) ашуын басқан болатын (хадисті имам әл - Бухари және имам Муслим риуаят еткен).

Айшаның (р.л.ғ.) туысы ансарлардың біріне күйеуге шыққан кезде Пайғамбардың өзі (с.ғ.с.) Айшаға (р.л.ғ.) үйленуі тойына өлең айтатын біреуді жіберуін сұраған болатын.
Айшаның (р.л.ғ.) туысы ансарлардың біріне күйеуге шыққан кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нің өзі Айшаға (р.л.ғ.) үйленуі тойына өлең айтатын біреуді жіберуін сұраған болатын. Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы бұдан басқа көп әңгімелерде адамгершілік көзқарас тұрғысынан айыпталмайтын ән мен сазға Исламның қарсы келмейтіндігі атап көрсетілген.
Би мәселесіне келер болсақ, Ислам биді екі түрге бөледі. Ол - әйелдер немесе ерлер биі. Ерлер орындайтын халық билерін тамашалауға барлық адамға рұқсат етіледі. Мысалы, Пайғамбар (с.ғ.с.) Айшаға (р.л.ғ.) эфиоптықтардың айт кезіндегі биін көруге қарсылық жасамаған. Әйелдерге әйелдердің алдында билегенге шек қойылмайды. Алайда Ислам әйелдердің ерлер алдында билеуіне тыйым салады, одан сақтануға себеп көп.
Театр, яғни, сахнада ойнау мәселесіне келер болсақ, егер адамгершілік пен саналылылықтың шегінен шықпаса Ислам оған тыйым салмайды. Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер мен алуан мәселелерді шешу мақсатындағы қойылымдардың мәнін ешкім де жоққа шығармайды. Сонымен қатар әдептілікке қайшы болмаған қаджың, әзіл мағынадағы комедиялық рөлдерге де жол ашық. Қазіргі уақытта заманның талабына сай суретке түсуге де рұқсат берілген.

Мүсін мен үлкен ескерткіштерге келмек, оған анық түрде тыйым салынған. Мұның негізгі себебі мүсіндерді шамадан тыс артық құрметке бөлену немесе көне замандағы халықтар сияқты мүсіндерге табыну ықтималының болуында. Қазіргі дәуірде адамзаттың санасының өсуіне байланысты мұның қайталанбауы да мүмкін, бірақ салынған тыйым өз күшінде қалып отыр. Әрі, болашақта мүсіндерге табынудың қайталануынан сақтану мақсатында тыйым өз күшін сақтайды.

Ислам барлық заман және ұрпаққа тиісті өз шариғатын ұсынады. Себебі бір қауым жат көрген нәрсенің басқа ортада қабыл алынуы, ал бір заманда орындалуы мүмкін болмаған нәрсенің осы немесе келер ғасырларда ақиқатқа айналуы мүмкін.

Әртүрлі бағыттағы ағымдар, топтар, секталары болумен қатар Ислам - біркелкі түтас діни жүйе. Шығыс пен Европа мәдениетінің өркендеген кезінде өзіне христиан және иудей, грек философиясының, римдік құқық, ескі парсы империясының және индуизм мен буддизмнің мистикалық - метафизикалық саудасының әкімшілік құрылысынан тәжірибе жиған бұл жүйе көп салада синтезден өткен күрделі қорытынды еді. Бұл синтездің негізі - араб мәдениеті, араб этносы, араб мемлекеті.

Шығыстың көлемді территориясында кішігірім, мәдени тұрмысы жағынан артта қалған семиттер әулетінен күшті саяси жүйесімен, өрбіген өркениетімен, көп санды, өзіндік этномәдениетімен ірі қауым пайда болғаны белгілі. Араби ислам - діни мәдениетінің әдет - ғұрпы тез арада төңірегіндегі және кейінгі кезде басып алған мемлекеттер мен халықтарға, оның ішінде ерте дүниеде әлемдік өркениет шыңына шыққан мемлекеттерге тарап кетті. Қысқаша айтқанда, араби ислам екігіні қысқа мерзімнің ішінде Аравияға жақын және қашық елдерді, ондағы көп тайпалы, өзінің ертеден келе жатқан әдет - ғүрыптары бар халықтарды өз ішінде ерітіп, бойына сіңдіріп жіберді.

Бұл күшті ассимиляция толқыны өзіне сай екпінді қарсы күшті тудырды. Нәтижеде Египет, Месопотамия, Индия, Иран, Орта Азия, Африка, Испания, тағы басқа елдердің мәдениетін жинақтаған ,,халықтарынын рухани әдет - ғұрыптарымен байыған күшті араби ислам дінінің әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі пайда болды. Бұл әдет - ғұрып өсіп - өрбіп келе жатқан араби ислам мәдениетіне алып күш беріп, әрі қарай дамуына ықпалын тигізді. Мұның өзі орта ғасырдағы араби мұсылман мәдениетінің аз уақыттың ішінде әлемдік өркениеттің басында болуына алып келді. Бұған әсерін тигізген күрделі мәселе - ҮІІІ ғасырдан бастап Европа мәдениеті құлдырау жолына түсіп, ескі, көне және жаңа кезеңге бөліне бастаған еді. Европада христиан мәдениеті, Батыс Европада католик, Византияда православие діні өрбіп тұрған кез бола тұра, олардың жағдайы араби ислам өркениетінің алдында нашарлана бастады. Араби ислам мәдениетінің жетістігі көп елдерге, оның ішінде орта ғасырдағы Европа елдерінің мәдени орталығына үлкен әсерін тигізді. Бұл, әсіресе, математика, химия, философияда көрнекті орында болды. Кордов халифаты (Испания) ҮІІІ - ХІІ ғ. араби ислам мәдениетінің орталығы болған Европа университеті арқылы әлемдегі ірі тұлға, ойшылдар Авиценна, Аверроэс, әл - Газалидің еңбектерімен танысуға қолы жетті. Мысалға, Аристотельдің ғылыми мұраларына берген Аверроэстың түсініктемесінің төңірегінде Европаның ірі философтары ұлы Альберт, Сигер Брабантский, Фома Аквинскийлердің арасында дау - дамай пікірталастар ашылып кетті.
Кейін араб мәдениеті, Кордов халифатының күйреуімен\ жалпы араб мемлекеті мен өркениеті құлдырап кетті. Бірақ исламның тараған аудандары, түкпір - түкпірдегі ең қашық жерлерде де ислам дінінің әдет - ғұрыптарын ұстап, Құран оқып, Сунна хадистерін амал етті. Міне, осы жағдайда ислам дінінін жойылған жерлердегі араби ислам мәдениетінің (құдайшылдық, фикх, шариат, әдет - ғұрып, отбасы тәртібі) ролі үлкен.
Сонымен, ислам бұл елдердің әлеуметтік - мәдени жүйесін өзгерткені сонша, арабтар қашықтап кеткен жағдайға қарамай, араб мәдениетінің көптеген ықпалы халық арасында қалып қойды. Діни форманы да арабтардан алды, соның бірі Ирандағы шииттік ағымын алуға болады. Мұның барлығы, Құран көптеген ғасырлар бойы өзге тілдерге аударылмай араб тілінде оқылуымың өзі араб тіліне деген құрмет туғызды. Сондықтан араб тілі католиктер үшін латын тілі сияқты бүкіл ислам әлеміне тарады Осы тілде Аллаға жалбарынды, осы тілді мешіттерде, медреселерде оқытты. Ислам елдерінде зиялылар, мемлекет қызметкерлері міндетті түрде араб тілшле оқып, араб тілінде жазады.
Сонымен, араб тілі, араб мәдениеті және мемлекеттері ислам әлемін құруда, бүкіл ислами мемлекеттердің бір - бірімен қарым - қатынас жасауында үлкен роль атқарды. Қасқаша айтқанда, араби ислам салт – дәстүрі "Ислам елемік" қалыптастырды. "Ислам элемент деген теокин - заңдылық, ұл шынайы болмысқа әсерін тигізетіні хақ. Қайткенде де ислам көптеген ғасырдан бері өзіндік салт - дәстүрімен Еуропаны; Азиядан, Европаны Африкадан геограсриклық территорисы ғана емес, қайта діни мәдениет жағынан да бөліп тұрды.

Исламның табиғатында рухани және зайырлық бірігу, саяси әкімшілік пен діни биліктің бірігуі мен өзгешелік бар. Халифатта да немесе басқа да ислами мемлекетте мемлекет ісіне қарсы тұратын шіркеу сияқты қауым жоқ. Бұл мұсылман орындарының басшыларында, шейх, имамдарда мемлекет әкімшілігінің іс - әрекетіне немқұрайлы қарау бар немесе келісім бар, келіспеушілік болмайды деуге болмайды. Ондай жағдай қазіргі кезде де кездеседі. Бірақ православие, католиктер шіркеуі сияқты шіркеудің және діни қызметкерлердің пайдасы үшін мемлекетпен айтысу және бір - бірімен бөліну деген мұсылман әлемінде кездеспейді. Христиан дінінен ислам дінінің айырмашылығы онда дін мен саясат бірлескен түрде, оның басшылары әрі діни көсемдер, әрі саясатшылар - пайғамбар, халифтер, әмірлер және жергілікті көмекшілер.

Бұл зайырлық және діни бірігу бір жағынан діннің абыройын көтерсе, екінші жағынан әкімшілік - бюрократиялық иерархияның маңызы төмендей түседі. Қандай да болмасын әкімшілік шенеунігі өз әрекетін шариатпен салыстырып отыруы, Құранға негіздеуі қажет. Олар муджтахидтермен және мутакаллимдермен ақылдасып, молдалардың, шейхтардың, сопылардың жөне басқа діни қызметкерлердің кеңесін басшылыққа алып отырады. Шариат жолын, Құран аяттарын, хадистерді әкімшілік қызметкерлері өздері де жетік біледі. Ол - мемлекет бөлек, дін бөлек дегеннен аулақ деген сөз. Әкімшілік қызметкерлерді қадағалауға алып, олардың өзінше шариат жолын, адам құқығын бұзуға жол бермейді, оларды бір түп - түзу арнаға салады деген сөз. Әр деңгейде әр қилы қалыптасқан тәртіп болады. Дегенмен ешкім ешқашан түрік сұлтанына, Иран шахына өзінің қол астындағы қандай да деңгейде болмасын, оның істеген қылмысына жаза берсе, оны ешкім тоқтатуға, ара түсуге қақысы жоқ. Ал, қаншалықты әкімшілік деңгейі төмендеген сайьш олар діни орындармен көбірек байланыста болып, олармен кеңесіп отырады. Міне, бұл әкімшілік орындардағы шенеуніктерді заңсыздыққа жібермейді.

Бұл екеуінің, яғни діннің және зайырдың бірігуі діннің өктемдік танытып, діни мәдениеттің нығаюына себепкер болды. Дін шынайы орнын алды. Алла Тағала адамға жанмен қоса дін салады екен. Алдымен дін, кейін барып қызмет пен тұрмыс. Осы екеуін ауыстырмай орын - орнына қалыптастырған жағдайға ғана адам шынайы болмыстық тұрмыс етеді. Мұны түсіне алмаған әкім қол астындағыларға, жай пенделерге қиянат жасап, оларға өз өктемдігін діннен жоғары қойып, өз қызмет әрекетін Құран мен Сунна қағидаларымен, шариатпен келіспей істесе, әлемдік байланысқа қарсы болғандық болып есептеліп, Алла алдында жауап беретіні белгілі еді. Сондықтан шенеуніктер бірінші жауапкершілік Алла алдында деп білді. Міне, бұл Ислам дінінің таза дін екендігін білдірді, оның халықтар арасына тез тарауына мүмкіндік туғызды.
Келесі, діннің тез тарауына себепкер болған Исламның қасиеті, оның халықтарды сабырлылыққа шақырып, барлық іс, яғни жақсылық та, жамандық та Алладан дегенге сендіре білуінде еді. Адам бұл жағдайда өзінің неше түрлі қызығушылық (зинақорлық, әуесқойлық, құмарпаздық) және нәпсісін қадағалай біледі, оның тұрмыс қасиетінде рухани күш алдыңғы кезекке шығады да, шынайы тұрмысқа алып келеді. Бұл, әсіресе, суфизм, сунниттер оқуында үлкен нәтижеге жетті. Крестшілермен соғыста болсын, өз мемлекетінде дінге қарсы бас көтергендерге, өз идеясын қатты ұстаған, өз сеніміне берік мұсылмандар өз саясатын дұрыс жүргізе білді, ислами норма тұрмыста мүлтіксіз орындалу шарты негізге алынды. Жеке тұлғаның прогресс жолында, ілім жолында, тұрмыста жаңалық, кәсіпқойлық белсенділік көрсетуіне исламда ешқашанда тыйым салынған емес. Әлеуметтік - экономикалық өркендеу жолындағы істерде тазалық сақталды.

Наши рекомендации