Лекция 12. Саяси мәдениет.

1. Саяси мәдениет ұғымы, қызметтері.

2. Саяси мәдениеттің типологиясы

мақсаты:саяси мәдениеттің туындауын, қалыптасуын, және оны қалыптастыратын қоғамдық күштерді, субмәдениет мәселесін талқылау және мәнін ашу.

міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

Қазіргі кезде батыс әдебиетінде саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Бұның өзі саясаттың да, мәдениеттің де қызметінің көптігінен болуға мүмкін. Саяси мәдениет саясаттану ілімінде өте күрделі және әлі жеке тексерілмеген тақырыптың бірі болып табылады. Саяси мәдениеттің отыздан астам анықтамасы бар болса да жеке саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. «Саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші рет пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII э. өмір сүрген немістің ағартушысы фәлсафашы Иоганн Гердер болды. Бұл ұғым саясаттануға XX ғасырдың 50-60 жылдары енді. Американың зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай «саяси мәдениет» деген атпен саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар еңбектер жазды.

«Саяси мәдениет» ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Сондағы бірнеше анықтамаларға тоқталып көрейік.

Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдің анықтамасы бойынша «саяси мәдениет»-өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, байланысты мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке жататындар мыналар дейді:а) Саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығы болуы;б) билікті іске асыруға қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардың талдануын бағалай білу;в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы-мысалы, отанды сүю,оның жауларына өшпенділік; г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері. Саяси мәдениетке берілген түсініктемелердің басым көбінде-оған халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғамдық-саяси институттар мен саяси процестерге байланысты элементтер кіретіндігі мойындалады. Сондықтан әр елдің саяси мәдениетін дұрыс түсіну үшін оны жалпыұлттық мәдениеттің кең және тығыз бөлігі ретінде қарауымыз керек. Саяси мәдениетті құрастыратын басты элементтер-жалпыұлттық мәдениетке, тарихи-ұлттық, діни-дәстүрлікке, әдет-ғұрыпқа, рухани мақсаттарға т.б. тығыз байланысты. Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, сол кезеңде пайда болған саяси ереже-тәжірибелер, ойлар, тұжырымдар, әртүрлі қоғамдық-саяси институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар туралы түсініктер кіреді. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері: 1.Танымдық қызметі 2.Реттеушілік қызметі 3. Тәрбиелік қызметі 4.Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементіне саяси құндылықтар жатады. Адамдардың қоғам, мемлекет, еңбек ұжыдарының істеріне, саяси процесстеге қатынасуға деген қалыптасқан талаптарын, іштегі қабылдаулары мен сенімдерім саяси құндылықтар ретінде қарауға болады. Саяси құндылықтарға қоғамдық жүйеге бағытталған негізгі нанымдар, мақсаттар, бағдарлар, символдар жатады. Саяси мәдениет белгілі бір дәреженің шеңберінде қоғам мүшелері сол тұстағы басқару түрлерін заң деп танитын, өздерінің саяси қабілетін сезінетін, жүргізіліп отырған саясаттан келісетіндігін білдіреді. Саяси мәдениетте саяси дәстүрлер мен әдет – ғұрыптың да манызы зор. Саяси дәстүрлер мен мінез – құлқындағы үлгілерді берудің әдісі болып саналады. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институтаралық қызмет етеуі кіреді. Ол мемлекеттің партиялардың т. б. сайлауды қалай ұйымдастырып, саяси шешімдердің, саяси - әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиді. Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық қүштерге тоқталайық. Саяси мәдениетті қалыптастурда ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органрдары арқылы атқарады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға діни ұйымдар да кіреді. Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі роль атқаратын көпшілік ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Саяси мәдениет пен саяси сана тығыз байланысты өйткені адамдардың саналық деңгейі жоғары болған сайын олардың қоғамдық ой-пікірлеріде еркін, әрі батыл болмақ. Азаматтарының белсенділігіне қарап қоғам өмірінің демократиялық деңгейін анықтауға болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты-ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз ұлттық қауіпсіздікті сақтау-қорғаныс күштерін нығайту ғана емес, ал азаматтарынның бірлігін сақтау, рухы берік, өз ұлттының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз елінің дәстүрімен азаматтарды тәрбиелеп қалыптастыру оның бірден-бір сенімді жолы-жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбилеу. Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Халықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жан-жақты хабардар етіп отырғаны орынды.

Әдебиеттер:

1.Жамбылов Д. "Саясаттану негіздері"-А.:2000ж.

2. Кенжебаев С. "Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.

3.Керімбеков О. "Саясаттану негіздері"-А.:1994ж.

4. Шалабаев Ж. "Саяси сана және саяси мәдениет"-А.:Ақиқат, 1998ж.№2

Наши рекомендации