Мемлекет және діннің қарым – қатынасы туралы баға беріңіз

Дін және мәдениет пәні ара қатынасын ашыңыз

Мәдениет және дін пәнінің мақсаты – мәдениет жүйесіндегі діннің орны мен рөлін зерттейді. Сонымен бірге бұл пән адамзат тарихы мен мәдениетіндегі діннің пайда болу тарихын діннің рухани құбылыс ретіндегі маңызын зерттейді.Ұлттар мен халықтар дәстүріндегі діннің орны мен діни құндылықтардың, адамзаттың және ұлттық құндылықтармен байланысын зерттейді. Діннің дүниетанымдық және қоғамдағы әлеуметтік қызмет барысында қарастырады. Бұл пән жастар арасында толеранттылық (төзімділік) мәдениетін қалыптастырып, конфессияаралық (дін) келісім мәдениетін үйретеді. Сондай – ақ дінаралық сұхбаттастыққа үйретеді.2003 жылы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер медреселерінің I – съезі өтті. Діндердің шығуын, қалыптасуы мен дамуын дінтану ғылымы зерттейді. Дінтану ғылымы ХIХ ғасырдың II – ші ширегінде Батыс Еуропа елдерінде қалыптасқан. Дінтанудың да бөлімдері бар:1)Діндер тарихы2)Дін философиясы

3)Діни философия4)Дін социологиясы 5)Дін психологиясы6)Дін феноменологиясы

Қазақстан Республикасында дін саласындағы мемлекеттік саясатта дін істер комитеті жүргізеді. Осы комитеттердің 14 департаменті жұмыс жасайды.

Мәдениет жүйесіндегі діннің орнын талдаңыз.

Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» [1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.

Мемлекет және діннің қарым – қатынасы туралы баға беріңіз

Қазақстан – көп дінді мемлекет. Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан аумағында жұмыс істейтін діни қауымдастықтардың саны жеті жүзден төрт жарым мыңға дейін өсті», — деді. Елімізде дінді танып білуге талпыныс өсті, дін рухани өміріміздің негізіне айналып келеді.

2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан халқының 70,2%-ы мұсылмандар, 26,3%-ы христиандар, 0,1%-ы буддистер, 2,8%-ы ешқандай дінге сенбейтіндер, 0,5%-ы жауап беруден бас тартқан. Әдетте түркі тілді халықтарды мұсылман дініне ойланбай жатқызады. Бірақ халық санағы көрсеткендей, қазақтардың 0,4%-ы (39172 адам) христиан дініне, 1923 адам иудаизмге, 749 адам буддизмге, 1612 адам басқа діндерге өткен. 98 511 қазақ ешқандай дінде жоқ. 26 085 адам жауап бермеген. Сонымен бірге өзбектердің 0,4%-ы, ұйғырлардың – 0,5%-ы, татарлардың – 10,2%, түріктердің – 0,3%, әзербайжандардың – 2,5%-ы, қырғыздардың – 0,9%-ы христиандар. Сондай-ақ орыстардың – 1,4%, украиндықтардың – 0,9%, немістердің – 1,6%, кәрістердің – 5,2%, белорустардың – 0,8%, поляктардың – 0,7%, басқа ұсақ этникалық топтардың – 34,7% исламды қабылдаған. Қазақстандықтардың дін таңдауына, сөз жоқ, аралас некенің де ықпалы бар. Тағы бір назар аударарлық мәселе бар: украиндықтардың 7,3%, немістердің – 14%, кәрістердің 28,5%, белорустардың 7,8% — ешқандай дінде жоқ. Кәрістер әртүрлі дінге бөлінуде: 5,2%-ы — мұсылмандар, 49,4%-ы — христиандар, негізінен протестанттар, 11,4%-ы — буддистер, 0,2%-ы иудаизмді қабылдаған. Тарихи отанынан жырақтағылар ана тілінен айырылып орыстанған, аралас некеде тұратындар дініне, дәстүріне бейжай қарайды.

Сонымен бірге дінге оралу барлық бұрынғы социалистік елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, зайырлы мемлекеттегі діннің орны, дін мен мемлекет қарым-қатынастары туралы мәселелер төңірегінде пікірталастар туғызады. Басқа елдердегі діни ахуал, сондай-ақ еліміздегі «жаңа діни» козғалыстардың мемлекетіміздің әлеуметтік-психологиялық өміріне ықпалы да бүгін өткір мәселеге айналып отыр.

Осы және басқа жағдайлар әр түрлі ой туғызып, көпшілікке түрліше пікір тастауда. Бірақ бұл салада ешкім де мен жүйелі, айқын ақиқат пікір айтамын демес. Дегенмен, дінтану ғылымы, сонымен қатар өмірде көптеген елдер біраз тәжірибе де жинады, бұл мәселеде автордың өз пікірлері мен көрген-білгені де бар, солармен оқырмандармен бөліскенді жөн көрді.

Наши рекомендации