Тақырып: Протестантизм діні және оның негізгі ағымдары.

1. Реформация қозғалысы және протестантизм дінінің пайда болуы.

2. Протестантизм дінінің негізгі шіркеулері.

3. Протестантизм дінінің екінші буын шіркеулері мен секталары.

4. Қазіргі заманғы христиан дінінің жағдайы.

Протестантизм реформация (лат. reformatio — қайта құру, түзегу) барысында пайда болды.

Реформация - бірқатар еуропа елдеріндегі шіркеуді евангелия мүраттары рухында қайта қүруға бағытталған жоне ортағасырлық католицизмдегі бүл мүраттарға сай келмейтіннің бәрін бүрмалау- шылық деп санаған қозғалыс.

Протестантизм ілімі, ұйымы мен культініц ерекшеліктері.

Реформаторлар адам мен Құдайдың тікелей сұхбаттасуын талап етеді. Олар орбір христианның Библияны еркін оқу қүқы үшін күресті. Протестантизмде Библия ілімінің бірден-бір қайнары деп жарияланады, ал аңыз теріске шығарылады немесе Жазуға сәйкес деп танылған аумақта ғана колданылады. Протестантизм негізін салушылар бастапқы күнә адам табиғатына зиян келтіріп қана қоймай (православие мен католицизм осылай дейді) оны түтастай бүзды деп санайды. Сойтіп күнәға батқан адам жақсылық жасау қабілетінен мүлдем айырылады. Сондықтан адам оздігінен аман қала алмайды. Аман қалу тек Құдайдың араласуымен ғана орын алуы мүмкін. Протестанттық конфессиялардың басым копшілігінің маңызды догматы - Христостың адамдар күносін өтеу күрбан- дығына сену арқылы ақталу ілімі. Ал аман қалудың басқа тәсілдері (рөсімдер, аскеза, Құдайға жағымды істер және т.б.) маңызды емес деп саналады. Игі істер Құдайға деген махаббаттан туындайды.

Протестанттық шіркеудің үйымдық құрылымына жаңа қоғамдық-мәдени ахуал ықпал етті, онда сословиелік-корпоративті қүрсаудан босанған түлғаның жаңа рухани талагітары көрініс тапты. Барлық протестантгарды Рим папасыныц билігін мойын- дамау біріктіреді.

Жалпы шарапаттылық принципі протестантизмде оте маңызды болып табылады. Кез келген христианға протестанттар козқара- сыпа сөйкес шоқыну қуаты арқылы Құдайылық қүдірет дариды, Құдай шарапаты сенім арқылы шоқынғандардыц боріне таралады. Шіркеудің барлық мүшелері қауымда белсенді рөл атқарып, сай- ланбалы жетекші органдарға қатыса алады. Қауымдар дьякондар мен пресвитерлерді, уағызшылдар мен игі хабар айтатындарды, пасторлар мен епископтарды сайлайды немесе шақырады.

Методизм

18-ғасырда англикандықтағы индифферентизмді езгіндеу талпынысы ретінде методистер қозғалысы пайда болды. Оның негізін қапағандар - ағайынды Джон (1703-1788) мен Чарльз (1707- 1788) Уәслилер. Бұл атау олардың студенттік жылдары Оксфордта өздері құрған «Қасиетті Клубта» христиан жарлықтарын орындауға және уағыздық әрекеттің жаңа тәсілдерін қолдануға байланысты пайда болды.

Меннониттер

Анабаптистерге тарихи жақын бұл конфессия 1544 голландық уағызшыл Менно Симсонстың (1492-1559) атымен аталады. Ол ересектерді сенім бойынша шоқындыру принципін қорғады. «Біздің христиандық ортақ сеніміміздің басты статьяларының декларациясында» баяндалған (1632) меннониттер ілімі қауым мүшелерінің теңдігін, зүлымдылыққа күш көрсетіп қарсы түрмауды (қолына қару үстап әскерде қызмет етуге дейін тыйым салады), қауымдардың автономдылығын жариялайды. Голландия мен Германиядан шыққан меннониттер көптеген елдерге (Ресейге де) таралды.

Баптистер

Баптистік қауымдар XVII ғ. басында пайда болды. Алғашқы ағылшын баптисі Джон Смит (1554-1612) болып саналады. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек. - baptize суға батыру, шоқындыру). Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм ілімінде жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөлінеді. «Жалпы бап­тистер» аман қалуға адам ырқының қатысуын мойындаған XVI ғ. голландық реформатор Яков Арминийдің ықпалында болды және Христосқа сенгендердің бәрі аман қалады деген доктринаны үстанды. «Жеке баптистер» кальвиндік жазмыш ілімін қатаң сақтайды.

Адвентистер

19 ғ. 30-жылдарының басында, АҚШ-та баптизмнен адвен­тистер (лат. adventus - келу) діни ағымы бөлініп шықты. Уағызшыл Уильям Миллер (1782-1849) 1831 жылдың жазында Христостың екінші рет келетін күнін - 1843 жылдың 21 наурызын есептеп шықтым деп жариялады.

Елуіншілер (пятидесятниктер)

Осы атауға ие болған протестанттық қозғалыс XIX ғ. соңында АҚШ-та пайда болып, кейін басқа елдерге тарады. Бүл конфессияның негізінде жаңа өсиеттік «Апостолдар істері» кітабында баяндалған, Пасхадан елу күн өткен соң Қасиетті Рухтың апостолдарға түсуі туралы аңыз жатыр.

Иегова куәгсрлері

1872 жылы АҚШ-та «Библияны зерттеушілердің халықаралық қоғамы» құрылды. Оның жетекшілері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1914 ж. көзге көрінбейтін «Христостың екінші рет келуі» орын апды деп жариялады. 1931 жылы олар «Иегова куәгерлері қауымының» құрылғанын жариялады.

Наши рекомендации