Христиандықтың пайда болуы
1. Христиандық - І ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше – Иешуа,арабша –Ғайса) есімімен байланысты. Ол өзін Христос Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған («Христос» - көне еврей тіліндегі «Машиахтың» - грек тіліндегі «Мессияның » баламасы). Діншілдер де, дінді жоққа шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы мәліметтерді ол өлген соң ондаған жылдардан кейін жазылған Евангелиелерден аладды. Бұл кітаптардың мақсаты – христиан дінінің негізін салушының өмірбянын жазу емес, жер бетінде Құтқарушының, құдайдың сүйікті ұлының келуін, оның қызметін, өлімі мен қайта тірілуін жария ету («Евангелие» грек тілінде «шапағатты хабар»). Ғайса қайда бармасын, барлық жерде оған оның шәкірті – 12 елшісі (апостол) еріп жүреді.
Ғайсаның ғайыптан тірілуімен оның қасиеттілігін, сонымен бірге христиан дінінің қасиет жолымен келуін куәландыратын пайғамбардың жер бетіндегі кереметтері туралы оқиғалар тамамдалады. Ғайса күнә жайлаған жер бетінен көкке көтеріліп, мұнда өзінің ілімін тарату үшін шәкірттерін қалырады, христиан діні дүниеге осылай келді, дейді «Жаңа Өсиет» кітабы.
Бекітілген догматтары мынадай: Құдайдың бірлігі (монотеизм).
1. Құдайды дүниені жаратушы деп тану(бұл ілім «креационизм» деп аталад, латын тілінде «жарату» деген мағына береді).
2. Ғайсаның құдай дағуасын мойындау, оның тұтастығын, яғни Құдай-Әкемен толық теңдігін және жаратылмағандығын, яғни мәңгілігін мойындау.
3. Құдай Ұлының дүниені жаратуға қатысуын мойындау.
4. Ғайсаның адам бейнесінде боуы, оның Қасиетті Рухтан жаралып, Бейкүнә Мариамнан тууы.
5. Ғайсаның құтқару үшін келгендігі, атап айтқанда оның адамдарды құтқару үшін азап тартып, өлуі.
6. Ғайсаның азап тартуы мен өлуінің шындығы.
7. Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты тарихи дәуірмен байланыстыру («Понти Пилат» кезінде).
8. Ғайсаның тіріліп, көкке шығуы.
9. Ғайсаның екінші оралуы, оның тірілер мен өлілерді таразылауы, шексіз патшалық құруы.
10. Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі, оның Әкеден таралуы (католиктерде – сонымен бірге Ұлдың өзінен де).
11. Інжіл пайғамбарларының Қасиетті Рухпен шабыттануы.
12. Шіркеудің тұтастығы, қасиеттілігі, даарлығы және елшілерден басталуы.
13. Тазарудың (шоқынудың) қажеттілігі.
14. Өлгендердің тірілуі және мәңгілік жасау.
2. Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған Батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі де зор ықпалын тигізді. 867 ж. Рим папасы Николай І мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді, 2 бағыт пайда болды:
Батыс
Шығыс
Рим-католик шіркеуі («католик» лат. «жалпыға бірдей, әлемдік») немесе католик шіркеуі
Грек-православие (грек. «жалпыға ортақ, әлемдік») шіркеуі
XVI ғ. Батыс Европада жаңа пайда болып келе жатқан буржуазия мен феодализм арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Бұл католик шіркеуіне терең әсер етті. Реформация деп аталатын католицизмге қарсы кең қозғалыс орын алды. Осының салдарынан христиандықтың тағы бір тармағы – протестантизм пайда болды. Ол өз ішінен түрлі салаларға бөлінді.
Ран мазмұны
Құран немесе Құран Кәрім (араб.: القرآن, al-qurʾān, [qurˈʔaːn]) — Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ﷺ ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[1], иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәуратпен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.
Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар ﷺ 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.
Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтыңұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанныңмұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.
Құранда қамтылған ілімдердің саны бестен аспайды: 1. Үкімдер. 2. Сөз таластыру. 3. Алла Тағаланың нығметтерін таныту . 4. Әйиәмуллаһ, яғни қиссалар (Алла назарында маңызды тарихи оқиғалар). 5. Өлім және өлімнен кейінгі ақыреттегі хал-ахуалдарын білдіретін ілім[12]. Қайткен күнде де мынаны ұмытпаған жөн, Құранның барлық тақырыптарының түйілісетін жері өз ерік-қалауымен жаратылмаған адам баласының, өз қалауымен саналы түрде Алла Тағалаға құлдық ұру мәселесі
51)Заратуштрашылдық, зороастризм.Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Бұл дін Заратушта пайғамбардың насихаттық кітабы «Авестада» айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». Заратуштра ілімі ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы
өрбиді, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сыйынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.Заратуштра діні бойынша жаратушы от бейнесінде өмір сүреді, сондықтан олар маздаған отқа табынған. Кейде бұл дінді мазда жолындағылар дейді. Мазда ұғымы маздаған от ұғымынан шыққан болса керек. аратуштраның діни-этикалық ілімі, философиялық ой-пікірлері ұзақ уақыт бойы адамзаттың рухани азығы болып келді. Заратуштра
идеялары әлемдік діндер мен грек ойшылдарының философиялық жүйелерінің қалыптасуына түрткі болды. Кейін ислам дініндегі сопылық ағым өкілдері де Заратуштрашылдықтың кейбір рәсімдерін қабылдап алып, жергілікті халықтың ежелгі сенімі мен мұсылмандық
шарттарын бір-бірімен шебер ұштастыра білді. Әлемдік діни- философиялық дүниетаным мен көзқарастардың бастауы ретінде танылған Заратуштра ілімін зерттеуге дүниежүзінің белгілі ойшылдары атсалысқан. Қазақ философтары Заратуштрашылдық ілімін әлі зерттей қойған жоқ. Қазақ философтарының ішінде заратуштра ілімін зерттеуге С. И. Оспановтың докторлық диссертациясы және оның «Арғытектану негіздері: тәңірлік пен жаратуштралық ілімді
зерттеудің ғылыми-практикалық мәселелері» атты монографиясының » және Қ. Затов кандидаттық диссертациясының «Зароастизм және қазақ наным-сенім бастаулары» үлесі үлкен
52)Ұмай ана - ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі. Ұмай анаға қазақтардан басқа хакастар, қырғыздар, алтайлықтар, тывалықтар, шорлар және түріктер табынған. Бүл жайындағы деректер Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған. Қазақ даласына ислам діні дендеп енген соң Көк тәңірімен қатар аталатын Ұмай ана есімі ендігі жерде өз мәнін солғындатып, бөбектер мен аналардың жебеуші піріне айналды. Ұмай ана тәрізді қасиетті бейнелер финнугор халықтары фольклорында да бар.Түркі халықтарындағы отансүйгіштіктің маңызды бір элементі – Жерін қорғау шартты түрде Анасын қорғаудың моделінен алынған. Нақтырақ айтқанда, туған жер мен оның топырағы «МегаАна» ретінде қастерленген, демек, Ұмай Ана культі кезінде, исламға дейін, Ел мен жерді қорғайтын патриоттық сананың басты құрылымы ретінда өзінің оңды қызметін атқарып келген. Демек, Әйел жыныстылық Отан қорғаудың қозғаушы рәміздік бейнесі ретінде мыңдаған жылдар бойы сақталып келді. Ал Отан қорғау – Ел болудың негізі. Осыдан, Бар Болу мен мүлде Болмау туралы экзистенциалдық мәселенің түп бастауындағы «Ана-Орталығын» анықтап ала аламыз. Бұл ұстаным АрғыТүпМән ретінде «Ана асқақтығын» әйгіледі. Бұл құрметтеу патриархатқа алып келген жоқ, керісінше, оған қолайлы, ыңғайлы, жайбарақат өмір сыйлау керектігін ұғынуға жетеледі де, әскерлер тек ер адамнан құралуы туралы қоғамдық пікір қалыптасқан сыңайлы. Демек, оның үйде отыруы кемсітушілктен емес, керісінше, ұрыстарда қаза болудың алдын-алу, жауға аттанытан ұл тауып, оны дайындаудың «биоәлеуметтік өндірісіне» айналдырды.
53) Тәңірлік дін туралы тікелей деректерҒұн заманынан белгілі.Ғұндардың императорын тәңірқұты, қытайша «шанью» деп атады. Ғұн патшасы тәңірқұтыны «Аспан ұлы», «Аспан мен Жерден жаратылған, Күн мен Ай таққа әкелген, ұлы тәңірқұты» деп атайтын.Олар, сондай-ақ әскердің оң және сол қанаттарын басқарды.Олардан төменірек Тәңірқұтының туыстары болып келетін белгілі бір аумақтардың басшылары отырды.Тәңірқұты таңертең Күнге табынса, кешке Айға бас иетін.Тәңірқұтының мықты орталықтанған мемлекеттік аппараты, толып жатқан көмекшілері мен уәзірлері, әскербасылары болды.Тәңірқұтының билігі шексіз болған. Ол әрбір қоғам мүшесін өлім жазасына кесіп жібере алатын.Ғұн патшасын Тәңірдің адамдарға сыйы, құты деп атап, сондықтан оларға Тәңірқұты деген ат берілді. Ғұн мемлкетінде бір Құдайға табынуға негізделген тәңірлік діні пайда болды және қызмет етті. Көне түріктер “Бір Тәңірі” деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз
табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық “Алла”, “Құдай”
ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну
керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін. Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек.Адамның
да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айғада табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп,
соларға мінәжат етуі тотемдіктің көрінісі. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм – белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне,жүйрік атқа, жасботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.
54) Жиһад – араб тіліндегі «жуһд» түбірінен шыққан «белгілі бір мақсатқа жету үшін жігер күшін салу, күресу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ал шариғаттағы мағынасы: Ақиқат үшін күресу, хақ дінге шақыру (яғни Алла дінін қорғау). Немесе Алла дінінің туын жоғары көтеру және дінді, жанды, отанды, мал-мүлікті т.б. қорғау үшін малымен жанымен күресу.
Исламда «Алла жолында жиһад ету» ұғымы кең көлемде қолданылады. Құранда жиһадқа байланысты аяттар бірнеше жерде келгенімен оның барлығы қолға қару алып соғысқа аттану деген мағына емес. Тек төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Оның өзі бүкіл кәпірлерді қырып жойыңдар немесе бейбіт халыққа бас салып мал-мүлкін талан-таражға салу, абыройын аяқ-асты ету, жерлерін отарлап еріктерінен айыру т.б. осы сияқты зұлымдық мақсатында соғысыңдар деген ұғымды білдірмейді. Бәлкім жиһад дұшпанның қастығын тоқтату, әлсіздерге қорған болу және Алланың дінін қорғау мақсатында шариғатталған. Сондықтан ғалымдар жиһадты парыз етіп келген аяттың аясынан өзге дін өкілі болса да қару көтермеген мына топтағы адамдарды өлтіруге тиым салған:
1. Зимми (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері). Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Кімде-кім бір зиммиға қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке есептесемін», - деп айтқан.
2. Муаһид (соғыспауға келісім шарт түзілген одақтастар). Әбу Дәуіт риуаятында: «Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) Һудайбия жерінде Құраиштармен он жылға келісімге отырған», - деп келген. Қазіргі таңда елімізбен бейбітшілік келісімге қол қойған көрші елдердің (Ресей, Қытай) жағдайы осы секілді.
3. Мустаман (біреудің жеріне мұсылман не өзге дін өкілі болсын амандық мақсатында кіргендер). Ол жайлы Алла тағала былай дейді:
وَإِنْ أَحَدٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ اسْتَجَارَكَ فَأَجِرْهُ حَتَّى يَسْمَعَ كَلامَ اللَّهِ ثُمَّ أَبْلِغْهُ مَأْمَنَهُ ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لا يَعْلَمُونَ (٦)
«(Мұхаммед (с.ғ.с.)) егер мүшріктердің біреуі сенен баспана тілесе, қашан ол Алла сөзін тыңдағанша баспана бер. Сонан соң(иман үйірмесе)оны тыныш бір жерге жеткізіп сал. Олар ештеңені білмейтіндер, мұны сол үшін істе» (Тәубе сүресі 6-аят). Біздің заманымыздағы елімізге шетелден келген саяхатшылардың үкімі осындай.
4. Қолға қару алып қарсы шықпағандарды. Бұл жайлы хадисте былай баяндалады: Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара жатқан қолбасшыларына мынандай ескертулер жасады: «...Балаларды, әйелдерді, қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер» (Ахмад, Әбу Дәуіт риуаяты).