Көлемінде білгендерін постерге түсіріп, әр топтан қорғайды.

IV.Топпен жұмыс (10 мин) «Рөлдік ойын» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада топпен жұмыс жасату

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ертегні оқып шығуға уақыт беру Әр топ рөлдік сипаттамалар дайындайды. Бір-біріне рөлдер дайындап сахналық көрніс. Ортаға шығып рөлдер арқылы ертегнің мазмұнын ашады.

V.Сергіту сәті: (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

VI.Шығармашылық тапсырма «Эссе жазу»

«Өзін өзі тану» тақырыбына өз түсіктерін жазғызу ( Топ бойынша Эссе жазу, талдау, бағалау) (7 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (3 мин) 1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім? 2. Өзім турал не білеміз? 3. Сабақ сендерге ұнады ма? 4. Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин) ББҮ кестесін толтыру
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағдарша, бағалау парақшалары
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма
2-3 сабақ    
Сабақ тақырыбы: Адам мінезімен танылады .
Жалпы мақсат: Оқушылар достық туралы түснік алады, оны құрметтейды, дос бола отырып үйренеді
Сабақтың мақсаттары Адамның мінезі,мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру,жақсы-жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету; нұқсан келтірмей, өз қағидаларына, ұстанымдарына берік болуы.
Күтілентін нәтижесі: Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға
Негізгі идеялар:  
Сабақта қолданылатын материалдар: 4. Үлестірмелі материалдар, маркер 5. АКТ 6. Карточкалар
Оқыту әдістері: Кім жылдам Миға шабуыл Автор орындығыі Эссе Стикердегі диалог ü Топтық жұмыс ü Жұптық жұмыс ü Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: Қосымша тақырыбына берілген материалдар: www.РефератOff.kz www.art.kz  
Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау. ІІ. Ой қозғау. ІІІ. Мағынаны тану. ІV. Топтық жұмыс. V. Шығармашылық тапсырма
       

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу(2 мин)

Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды«Жүректен-жүрке» тренингі арқылы жылы лебіздер айту және санау арқылы топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау Мұғалім берген тапсырманы орындау

II.Ой қозғау«Стикердегі диалог» әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Интербелсенді тақтада берілген слайда көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау,і әр топ берілген тапсырмадағы тақырыпты і табу керек. Топтар сағат тілі бағытымен келесі топқа ауысып, ол топтың берілген тапсырмалар мен мәтіндегі естістікті тауып оны компьютерге енгізіп, бір-біріне көрсетіп отырды.. Келесі топқа тағы да ауысып, осыны қайталады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау

Оқушылардың мінез - құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықта мінез туралы нақыл сөз берілген.
Мұғалім оқушылардың мәтінді оқығаннан кейінгі ойын толық тыңдап алған соң, олардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, дәйексөзбен қорытынды жасайды.
Мұғалім көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушыларға түсіндіреді.

II.Мағынаны ашу:«Адам мінезі» туралы жаңа тақырыпқа байланысты «Автор орындығы» тәдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Оқушылардың мәтін арқылы түйген ойлары оқулықтағы жаңа ақпаратпен толыға түседі. Оқулықта адамның мінез-құлқына қатысты негізгі тұжырымдамалар берілген: «Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым - қатынасынан, іс - әрекеттерінен байқалады. Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек. Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады». Адамның қасиеттері өзінің жеке бойына тән болса, мінез міндетті түрде қарым - қатынас барысында айқындалады. Оқушылардың жауаптарын пайымдай келе мұғалім: Адам өз мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуге болады? Мінезді қалай шынықтыру керек? – деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын тыңдай. Осы жерде мұғалім сыныптағы мінез өте жақсы оқушыларға тоқтала кетіп, олардың басқаға үлгі болып, барлық оқушымен жақсы қарым - қатынас жасауы – олардың мінездерінің жайлы да жағымды болғанынан деген қорытынды жасап кетуіне болады.

IV.Топпен жұмыс (8 мин) Постермен жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Достық туралы өз ойларын суретке салады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау

Постер бойынша қорғайтын тақырыптар:

Мінез дегеніміз не? 2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады? 3. Мінез - құлық адамдардың қарым - қатынасына әсер ете ме? 4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай? Осы аталған тақырып көлемінде білгендерін постерге түсіріп, әр топтан қорғайды.

V.Сергіту сәті: (1 мин)

Наши рекомендации