Орытынды баға (балл) қою саясаты

Студенттерге арналған пәннің силлабусы

Пән бойынша ақпарат

пәннің атауы «Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру» пәннің коды BBM кредит саны -2 Курс   Семестр
мамандық атауы: «Бастауыш мектеп педагогиксы мен методикасы» мамандық шифрі 5В010100 Кафедра Педагогика
Оқу нысаны күндізгі оқу тілі - қазақ
Кеңес беру уақыты оқытушының студенттермен келісімі бойынша
Өткізілетін орны,уақыты: ЕАГИ, М.Жұмабаев көшесі, 4
Оқытушы жайлы мәлімет:   Нұржанова С.А. Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы (телефон, e-mail) Ұялы телефон: +7701 9971984 эл. пошта: [email protected]
Кафедраның әдістемелік кеңесінде талқыланды № 9 хаттама Мерзімі 21.06.16
Институттың ғылыми - әдістемелік кеңесінде талқыланды № 98 хаттама Мерзімі 24.06.16
Кафедра меңгерушісі Сарсекеев Б.С. п.г.д., профессор   Қолы

Курстың сипаттамасы

«Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру» курсы бастауыш мектеп педагогикасы және методикасы мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге арналған. Шығармашылық психологиясы - психологиялық ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады және жеке адамның шығармашылық психологиялық ерекшеліктерін меңгереді. Жеке адамның психикалық, физиологиялық жағына даму барысындағы заңдылықтарды оқытып,диагностикалық зерттеулер жүргізіп, сандық-сапалық анализ және интерпретация нәтижесін шығару –пәннің негізгі міндеті болып табылады. Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуы оның өркендеп қарыштауы адамдар жоғары дәрежедегі психологиялық білімді қажетсінуде. Психологиялық білімнің қажеттілігі және жұртшылықтың төмен дәрежедегі психологиялық сауатсыздығы еліміздің білім беру жүйесінің алдына бүкіл оқыту және тәрбие жүйесін психологияландыру сияқты күрделі де жауапты мақсат қояды. Бұл мақсатты шешу үшін жоғары дәрежелі кәсіби маман психологтарын, соның ішінде психология пәні оқытушыларын даярлау тиімділігін қаматамсыз ету қажет.

Курс мақсаты:Студенттерді мектеп оқушыларының ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, шығармашылық іс-әрекеттерін мазмұнды ұйымдастыруға баулу.

Курс міндеттері:

-шығармашылық түсінігінің мәні мен мазмұнын ұғындыру;

-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын үйрету;

-шығармашылық қабілетті шыңдау әдістемесін меңгерту;

-оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылықтарын арттыру мәселелерін түсіндіру.

«Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру» курсын оқыту қорытындысында студенттер бойына келесі негізгі білімдер, іскерліктер мен дағдылар меңгерілуі қажет:

- білімдер: шығармашылық психологиясының пәнімен және зерттеуәдістерінің қазіргі ғылыми-теориялық негізі мен пәннің мазмұнымен таныстыру; шығармашылықтың негізгі принциптері туралы біліммен қаруландыру.

- іскерлік: адамның шығармашылық және психологялық ерекшеліктерін бағалау амалы мен жолдарын тәжірибеде қолдана алуға үйрену;

- «теориялық білімді тәжірибеде қолдану біліктілігін дамыту;

- өз бетінше зерттеу ізденіс пен тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу іскерліктерін игеру.

- дағдылар психологиялық практиканың түрлі облыстарындағы тұлғаның шығармашылығын психология-педагогикалық диагностикалауды ұйымдастыра алу дағдысын меңгерту; әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын игеру;

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері.

«Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру» пәнін ашудағы пререквизиттер: Педагогика, Психология көлеміндегі арнайы білім қажет.

Постреквизиттер: Педагогикалық психология.

3. Оқытудан күтілетін нәтижелер

Берілген курсты меңгергеннен кейін, студент білуі тиіс:

Осы пәнді оқыған бакалавр келесіні білуі тиіс:

- бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру ерекшеліктерімен, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру негіздерін білу;

- креативті тұлғаны зерттеу жағдайын ұйымдастыру дағдыларының болуы.

Осы пәнді оқыған бакалавр, келесіні жасай алуы тиіс: Сабақ лекция және семинар сабақтан тұрады. Семинар сабақ топтық дискуссия және жеке жұмыс негізінде жүргізіледі, емтихан ауызша және жазбаша билеттік жүйемін студенттердің білім нәтижесі бағаланады.

Студенттің себепсіз сабақтан қалмай келуі қатаң талап етіледі. Сабақ үстінде қалта телефоны өшірілуі керек. Сабаққа белсенді қатысып, себепсіз сұранбауы талап етіледі. Осы талаптарды орындамаса сабақ үстінде ережені бұзды деп есептелінеді.

Оқыту әдісі

Оқыту әдісі негізінен дәрістік кешенмен жүргізіледі, сонымен қатар келесі материалдарды қамтиды:

- презентация және талқылау

- кейстер

- қосымша материалдар

орытынды баға (балл) қою саясаты

Пәнді игеру емтиханмен немесе басқа бағалау (формасымен) түрімен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты – оқу бағдарламасының барлық тапсырмаларының (талаптарының) орындалуы болып табылады. 2 аралық бақылаудан жинақталған баллдардың қорытындылары негізге алынады (есептеледі).

Бағалау өлшемі(жүйесі)

Қорытынды бағаға жататындар:

Рейтингтік бақылау – 60%,

Емтихан – 40%.

Қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі U = [(Р1+ Р2) / 2]*0,6 + Е*0,4

Оның ішінде:

Р1 – бірінші рейтингтің сандық эквиваленті;

Р2 - екінші рейтингтің сандық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

Баллдық жүйедегі әріптік баға және сандық эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық құрамы бойынша төменде келтірілген кестеге сейкес анықталады:

Наши рекомендации