Отбасы мәселелерін диагностикалау және кеңес беру сатылары.
Бірінші саты. Танысу. Сенім мен өзара түсіністіктің қажетті деңгейі бар байланысты орнату.
Екінші саты. Отбасының қиындықтарын ата-аналардың немесе олардың орнын алмастырушы адамдардың сөзі бойынша анықтау.
Үшінші саты: Баланың ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу.
Төртінші саты: Ата-аналар қолданатын тәрбие модельдерін анықтау, олардың тұлғалық қасиеттерін диагностикалау.
Бесінші саты: Психологтің отбасында кездесетін шынайы мәселелерін құрастыруы.
Алтыншы саты: Мәселелер шешілетін тәсілдерді анықтау.
Жетінші саты: Қорытынды шығару, түйіндеме жасау, психологтің құрастыруында мәселені түсіндіруді бекіту.
Келерге кеңес берудің ерекшеліктері.
Тәжірибе көрсеткендей, дамуында бұзылуы бар балалардың әкелерінде көп жағдайда келесі ұстаным байқалады: отбасында ауру баланың болғанын жасыруға ұмтылу, оның дамуындағы ауытқудың болуын «көруге» тілектің болмауы және байқағысы келмеу, кей жағдайда бұл мәселені талқылауға деген тілектің болмауы. Атап өтетін бір жайт, қазіргі кезге дейін, өкінішке орай, дамуында қиындығы бар балаларға қатысты, аналар мен әкелердің ата-аналық ұстанымы тұрғысында салыстырмалы зерттеу жүргізілмеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, аналармен салыстырғанда, әкенің ұстанымы зор жабықтықпен және өзін ауру баламен теңдестіру тілегінің болмауымен сипатталады. Бұл мәселе, әкенің отбасының патриархальды типіндегі рөлімен байланысты. Әке – отбасының тірегі және оның мүшелерінің тағдырын шешуші. Ол әртүрлі ұрпақтар мен дәуірлер арасындағы өзара байланысты жүзеге асырады. Ауру бала дүниеге келген жағдайда, бұл байланыс әке үшін бұзылады.
Баланың мәселесімен пайда болған әкенің күйзелістері, көп жағдайда мәселенің ауырлығын жасыруға бағытталады. Содан кейін, бұл үдеріс бірқатар әкелерде бастан өткеретін оқиғалардан оқшаулануға, әрі қарай мәселеден шеттеуге алмасуы мүмкін, баланың өзінен толығымен шеттеумен аяқталуы мүмкін. Мұндай әкелер көп жағдайда өзінің жеке, өмірлік жағдайын басқа баланың туылуымен немесе басқа әйелге үйленумен түзетуге тырысады, болған оқиғаны ұмытуға тырысады.
Әкелердің баланың «кемістігін» қабылдау мәселесінің күрделілігі мен көпаспектілігін ескере отырып, кеңес беру үдерісі келесі жұмыстарға бағытталады:
- баланың әкесінде өз отбасын сақтау қажеттілігін қолдау және дамыту, егер ажырасу болса, онда баланы және оның анасын материалдық қолдау мен қамтамасыз етуге жауапкершілігін қалыптастыру;
- болашақ бала туралы әкелердің толғаныстарына жанашыр қатынас, баланың психикалық және физикалық «кемістігі» бойынша жарақаттану деңгейін төмендету;
- баланың анасына көмек беруге ұмтылысты дамыту, оның қиындықтарын түсіну, психологиялық қолдау көрсету;
- әкені баламен қарым-қатынас жасауға тарту (жексенбілік серуендер, оған баланың физикалық денсаулығы үшін жауапкершілікті жүктеу, бірлескен демалыс, отбасылық мерекелер және т.б.).
Әкелер үшін өзекті болып саналатын мұрагерлік мәселесі, мүгедек-балалардың құқықтарына қатысты халықаралық заңды нормативті актілермен танысу арқылы шешіледі.
Аналарға кеңес берудің ерекшеліктері.
Аналар ұстанымының әкелердің ұстанымынан басты айырмашылығы, баланың дамуындағы бұзылуды көпшілік аналардың бірге өмір сүруге үйренетін дерек ретінде қабылдауы болып саналады. Аналар баланың қиындығын әкелермен салыстырғанда, басқаша сапада қабылдайды. Аналардың белсенді немесе пассивті қарсылығы, ең алдымен, кемістіктің өзіне қарсы бағытталады. Аналар баланың кемістігін қабылдамайды, алайда олар баланың өзін сол күйінде қабылдайды. Осыдан аналар инстинктінің негізгі қасиеті – пайда болған өмірді сақтау, содан кейін оны үнемі қорғау, өсіру байқалады.
Соған байланысты, психологтің аналармен жұмыстағы тактикасы келесі жұмыстарда байқалады:
- баламен және социуммен байланыстағы қысымды түсіру;
- көпшілік осындай отбасында, сонымен бірге дені сау балаларды тәрбиелейтін отбасында бар нақты отбасының мәселелерін талқылау.