Клинико- физиологиялыҚ негізі

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Т. Б. Турумбетова, Т. С. Ракова

СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ КЕЗІНДЕГІ ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

(Оқу әдістемелік құрал)

Арағанды 2010ж

ӘОЖ 615.825: 616.24-002

КБЖ 53.54

Т 86

Пікір білдірушілер:

Н. И. Шевелева - клиникалық биохимия курсымен медициналық реабитология, спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

А. В. Котлеров, ЕДШ және физиотерапия курсымен,ӘДХ N2 бар хирургиялық аурылар кафедрасының доцентті м.ғ.к

Б. К. Тусупова - физиотерапевт высшей категории, ассистент курса медицинской реабилитологии кафедры питания и прфилактической медицины

Т 86 Т. Турумбетова Т. Б, Ракова Т. С. – Созылмалы пневмония кезіндегі емдік дене шынықтыру –Оқу әдістемелік құрал. – Қарағанды, 2010 – 24 бет

Берілген оқу әдістемелік құрал «Созылмалы пневмониядағы емдік дене шынықтыру» әдістерін емдік мақсатта қолданудың қазіргі кездегі жаңа көзқарастарын қалыптастыруға және тыныс алу жаттығуларының қолдану әдістерін игеруге көмектеседі.

Оқу әдістемелік құрал медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, «медициналық реабилитология және қалпына келтіруші медицина» мамандығының дәрігерлеріне және жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған.

ӘОЖ 615.825: 616.24-002

КБЖ 53.54

ҚММУ Әдістемелік кеңесіндегі талқыланды және ұсынылған

№9 хаттамасы «12 » 05 2010 ж

ҚММУ ғылыми кеңесіндегі талқыланды және ұсынылған

10 хаттамасы « 27 » мая 2010 ж

© Т. Б. Турумбетова., Т. С. Ракова, 2010


Мазмұны

Шартты қысқартулар тізімі..................................................................................4

Кіріспе....................................................................................................................5

Емдік дене шынықтыруды қолданудың клинико- физиологиялық негізі........................................ ........... ........... ........... ........... ...............................5

Пневмония кезіндегі емдік дене шынықтырудың міндеттері...........................9

ЕДШ ның әдістерімен түрлері..............................................................................9

ЕДШ әдістерімен түрлерін қолдануға көрсеткіштермен қарсы көрсеткіштер...........................................................................................................9

ЕДШ әдістерін қолдану ерекшеліктері...............................................................10

Тыныс алу ағзаларының ауруларында ЕДШ негізгі әдістері...........................13

Респираторлы гимнастика кешені.......................................................................15

Тесттік бақылау сұрақтары..................................................................................17

Әдебиеттер.............................................................................................................22

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

АҚ – артериялық қысым

ДЖ – тыныс жаттығулары

ЖЖЖ – жүректің жиырылу жиілігі

ЖИА – жүректің ишемиялық ауруы

ЕДШ – емдік дене шынықтыру

ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі

ӨЗА – өкпенің созылмалы аурулары

ӨМВ – өкпенің минуттық вентиляциясы

ӨӨС – өкпенің өмірлік сыйымдылығы

ТА – тыныс алу мүшелері

ЭКГ – электрокардиограмма

КІРІСПЕ

Тыныс алу аурулары қазіргі кезде тұрғындарының өлімінің негізгі себептерінде төртінші орында және тұрғындардың еңбекке жарамдылығының төмендетуі мен мүгедектендіруде одан да маңызы зор.

Бронхөкпелік жүйенің қабынулық ауруларына қазіргі кезде жиі созылмалы ағым мен аллергиялық асқынулардың ерте қосылуы тән болып отыр. Антибактериальды терапияны негіздеп тағайындағанның өзінде-ақ олар тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіншіліктерін толық қалпына келтіре алмайды және coзылмалы өкпе ауруларымен ауыратын науқастардың санының көбеюіне себеп болады.

Өкпе ауруларының ішіндегі ең қауіптісі пневмония болып есептеледі.

Пневмония термині этиологиясы, патогенезі және морфологиялық сипаты бойынша ерекшеленетін және өкпенің жиі респираторлық бөлімдерін зақымдаумен, альвеола ішілік эксудаттың жиналуымен сипатталатын әртүрлі аурулар тобын біріктіреді. Пневмонияны қазіргі кездегі белгілі барлық инфекциялық агенттер шақыра алады.

Қалпына келтіруші емнің оң нәтижесін қамтамасыз ететіндерге аурудың ерте әрі толық диагностикасы, сыртқы тыныс алу аппаратының және жүрек тамыр жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен науқастың индивидуалды ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Бұл реабилитация жоспарын дұрыс құруды қамтамасыз етеді.

Реабилитацияның негізгі әдістеріне емдік дене шынықтырудың жағдайлары мен түрлері жатады. ЕДШ – бұл аурулармен немесе олардың асқынуларымен шақырылған морфологиялық немесе функционалдық бұзылыстарды қалпына келтіру мақсатында әр түрлі мүшелер мен жүйелерге немесе жалпы ағзаға дене жаттығулары көмегімен әсер ету.

Пульмонологиялық науқастардың медициналық реабилитациясының негізгі принциптеріне ерте бастау, қалпына келтіруші іс шаралардың кешенділігі мен ұтымды қолданылуы, үздіксіздігі, аурудың клиникалық көрінісін тіркеп отыру, реабилитацияның нәтижесін болжап отыру жатады.

ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ

КЛИНИКО- ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Тыныс алу мүшелері термині шартты болып есептеледі. Тыныс алу кең мағынада өкпе қызметі ғана емес, ұлпалар мен оттегіні пайдаланып, ағзадан көмірқышқыл газын шығаратын үрдістер жиынтығы болып табылады. Тыныс алуды кескін түрінде келесі этаптарға бөлуге болады:

Өкпе вентиляциясы – сыртқы ортамен өкпе альвоеласының арасындағы газ алмасу.

1. Өкпелік диффузия-альвеолярлы ауа мен өкпе капиллярларының арасындағы газ алмасу.

2. Оттегі мен көмірқышқыл газының қанмен тасымалдануы.

3. Ұлпалық диффузия – үлкен қан айналым капиллярларының қаны мен ұлпа арасындағы газ алмасу.

4. Жасуша ішілік немесе ұлпалық тыныс алу.

Тыныс алу мүшелерінің негізгі құрам бөліктеріне тыныс алу жолдары, өкпе және тыныс алу бұлшықеттері жатады. Атмосфералық ауа мұрын,ауыз, көмей, трахея арқылы ірі бронхтарға түседі.Әрбір бронх екі бронхқа бөлінеді де, бронхиалді ағаш түзеді. Ересек адамның бронхтары шамамен 23рет бөлінеді. Алғашқы 16 бөлінуде қанмен газ алмасу болмайды және өлі кеңістікті түзеді. Оның көлемі 150мл. Ұсақ бронхиолалар альвеолалармен аяқталады. Альвеолалардың диаметрі 300мкм-ге жетеді. Ересек адамның өкпесінде 300млн-ға жуық альвеола бар. Жаңа туған нәресте бронхтары 17рет бөлінеді. Жаңа туған нәрестенің альвеолалар саны ересек адаммен салыстырғанда 10 есе төмен. Әрбір альвеола капиллярлар торымен қоршалған.

Көмейдің қабырғасында эластикалық элементтер және бұлшықет талшықтары бар. Бұлшықет талшықтары жиырылғанда трахеяның көлемі де, ұзындығы да өзгереді. Трахеяның және негізгі бронхтардың мембранозды қабатында циркулярлық бұлшықет талшықтары орналасқан. Олардың жиырылуы трахея мен ірі бронхтардың жиырылуына әкеледі. Бронхиальді қабырғаның мұндай құрылымы шынығу кезінде сыртқы тыныс алу аппаратының дене жаттығулары жасағанда тарылуына, ұзаруына, кеңеюіне және қысқаруына әкеледі.

Көмірқышқыл газын тасымалдау механизмі яғни зат алмасудың соңғы өнімі дәл осылайша тек кері бағытта жүреді.

Көмірқышқыл газы ағзадан өкпе арқылы шығады. Азот ағзада қолданылмайды.

Диффузия нәтижесінде альвеолярлы ауаның құрамы үнемі өзгеріп тұра-ды: оттегі концентарциясы төмендеп, көмірқышқыл газы жоғарылайды. Тыныс алу үрдісін үнемі қалыпта ұстау үшін оны жаңартып отыру керек. Ол үшін өкпенің вентиляциясы қажет. Диафрагма және тыныс алу бұлшықет-терінің жұмысы нәтижесінде атмосфералық ауа мен кеуде қуысының арасындағы қысым айырмашылығы түзіледі. Бұл өкпедегі үнемі ауа алма-суын қамтамасыз етеді. Сау адамдарда бұлшықет жиырылу нәтижесінде кеу-де қуысы тыныс алу мен тыныс шығаруда ырғақты және кезеңді өзгеріп оты-рады. Бұл өкпе көлемінің және өкпелік вентиляцияның жоғарылауымен тө-мендеуін қамтамасыз етіп отырады. Тыныштық жағдайда адам өкпенің ты-ныс алу беткейінің тек 20-25%-ын ғана қолданатыны белгілі, ал қалған 75-80%-ы ағзаға шектен тыс жүктеме кезінде қосылады. Бұл тыныс алу аппара-тының үлкен мүмкіншіліктерін көрсетеді. Бұл мүмкіншіліктер паталогиялық жағдайларда өкпенің бөлігінің немесе толық өкпенің қабынулық процеспен, эмфиземамен және пневмослерозбен шақырылған бұзылыстарды компенса-циялау үшін қолданылады. Бұлшықет ұлпасын үнемі физикалық жаттығулар-мен шынықтыру бұлшықет күшінің жоғарылауын, оның паталогиялық үрдіс аймағындағы эластикалық қасиеттерінің қалпына келуін туғызады.

Пневмонияның анықтамасы мен жүктелуі

Пневмония – бұл этиологиясы,патогенезі, морфологиялық сипаты бойынша әр түрлі жедел инфекциялық аурулар тобы. Пневмония кезінде микроорганизмдерден стерильді респираторлы тракт өрімдеріне микроорганизмдердің енуімен пролиферациясының жауап ретінде дамитын эксудациямен паренхима жасушасының инфильтрациясымен сипат алатын өзгерістер жүреді. Тыныс алу трактысының респираторлы бөлімінің қабынуы туралы ең алғаш антикалық кезеңде Гипократ симптоматикасымен жазған болатын. Пневмонияның клиникалық классаификациясының негізі ретінде ең алғаш анатомиялық принцип (Гриззоль Б. 1861ж). Қолданған болатын. Ол бойынша пневмониялар лобарлық (круппоздық), ошақтық және интерстициалдық болып жіктеледі. Морфологиямен сәулелі диагностика дамыған сайын жіктелу ары қарай толықтырып отырды. Осылайша өкпенің сегменттік жіктелуі пайда болды.

Пневмониялардың жіктелу (МКБ-10)

1. Нозалогиясы бойынша

- ауруханадан тыс пневмония

- ауруханалық пневмония

2. Этиологиясы бойынша

- бактериалды

- вирустық

- басқа инфекциялық қоздырғыштармен шақырылған

- этиологиясы анықталмаған

3. Патогенезі бойынша

- біріншілік

- екіншілік

4. Клиника-рентгенологиялық белгісі бойынша

- бөліктік (плевропневмония)

- ошақтық бронхопневмония

- сегментарлық (полисегментарлық)

- интерстициялдық

5. Орналасуы бойынша

6. Ауырлық дәрежесі бойынша

- жеңіл

- орта

- ауыр

- өте ауыр

Пневмония кезіндегі ауырлық дәрежесінің критерийлері:

А) Науқастың есі (цианоз, сандырақтау, естің бұзылуы, гиперпирексия 39,0 градустан жоғары)

Б) Тыныс алу жеткіліксіздігі (тыныс алу жиілігі минутына 30 реттен көп, Pa02<60мм рт.ст., РаСО2<50 мм рт.ст.);

В) артериалдық гипотензия (Систолалық АҚ<100 мм. с. б. Немесе диастолалық АҚ<60мм. с.б.);

Г) Тахикардия (>120мин)

Д) Гиперлейкоцитоз (>25,0x109л) немесе лейкопения (<4,0x109л)

Е) Жайылған мультилобарлы пневмониялық инфильтрация

Ж) Көлемдік плевралық түсу

З) Өкпе ұлпасының ыдырау кеңістігі

И) гиперкреатининимия (>1,2мг/дл)

К) екіншілік бактерияэмия, гематогенді ошақтардың болуы

7. Ағымы бойынша

- типтік

- созылмалы

- атиптік

8. Асқынулары

- өкпе жанындағы

- жүрек- қан тамыр маңындағы

- жүйке жүйесі маңындағы

- әр түрлі асқынулар

Пневмония асқынуларға жатады:

А) плевралдық түсу

Б) өкпе тінінің деструкциясы (абсцесс)

В) плевра эмпиемасы

Г) ересектердің респираторлық дистресс синдромы

Д) жедел тыныс алу жеткіліксіздігі

Е) инфекциялық токсикалық шок

Ж) екінщілік бактериэмия, сепсис, гематогендік ошақтар

З) перикардит, миокардит

9. Кезеңдері, соңы

- - клиникалық рентгенологиялық жақсару

- сауығу

- реконволесценция

Клиникалық көрінісі

Типті жағдайларда пневмония жедел немесе күрт пайда болатын қалтыраумен, температураның 38градустан жоғары көтерілуімен, кеуденің бітелу сезімімен, ентігумен және кейде кеуде клеткасындағы ауырсынумен сипатталады. Қан анализінде лейкоцитоз (>10000мкм) немесе 10%ке дейін таяқша ядролық ығысу. Интоксикация біртіндеп жоғарылайды. Бірінші тәуліктің соңында қақырық пен жөтел пайда болады. Кейбір науқастарда өкпеден тыс көріністер басым болады, мысалы, есеңгіреу немесе дезорентация, бірақ кейде, әсіресе қарттарда және алкоголизммен немесе нейропениямен ауратын науқастарда өкпелік симптоматика болмайды. Анамнез жинаған кезде продромалдық кезең аурудың басталуы жайында мағлұматтар, науқаспен байланыста болған жанұя мүшелерінің немесе басқа адамдардың ұсақ көріністері, жануарлар мен контактілері, жақында болған іс сапары жөнінде анықтау керек.

Наши рекомендации