Дәріс кешенінің құрылымы
Дәріс тақырыбы. Шет тiлдерiн оқыту психологиясының пәні
Дәріс жоспары:
1. Шет тiлдерiн оқыту психологиясының пәні
2. Шет тілін оқыту психологиясының психологияның басқа бағыттарымен өзара байланысы.
3. Шет тілін оқыту психологиясының міндеттері
Шет тiлдерiн оқыту психологиясының пәні – жүйелік оқыту жағдайындағы танымдық, сөйлеу және ойлау қызметін дамыту.
Бұл облыстағы зерттеулер келесі мақсаттарға бағытталған:
- әртүрлі дидактикалық жүйелердегі танымдық процестің әр түрлі болуының себебі болып табылатын сыртқы және ішкі факторлардың байланысын табу;
- оқытудың мотивациялық және интеллектуалдық жоспарларының арақатынасын табу;
- оқыту және білімді игеру процестерін басқару мүмкіндіктері;
- оқытудың тиімділігінің психо-педагогикалық критерийлері және т.б.
Оқыту психологиясы, ең алдымен, білімді игеру процесі мен оған сай дағды мен икемділікті зерттейді. Оның міндеті осы үрдістің табиғатын, сипатын және өзіне тән деңгейлерін, сәтті болуының шарты мен амалын анықтау. Педагогикалық психологияның тағы бір ерекше міндеті – білімді игерудің деңгейі мен сапасын анықтауға болатын әдістерді ойлап табу.
Оқыту психологиясы - танымдық қызметтiң қалыптасуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлiмi. Оқыту психологиясының негізінде оқушылардың жас шамасына байланысты және жеке ерекшелiктерiн есепке ала отырып, деңгейіне бағдарлас оқыту керек деген ой жатыр. Оқыту - бiлiм беру ғана емес, сонымен қатар мотивация және тұлғаның қалыптасуы.
Отандық психологияның оқыту үдерісіне жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, меңгеру үрдісі – адамның белгілі бір іс-әрекет пен қызметті орындауы. Білім әрқашан осы іс-әрекеттердің элементі ретінде игеріледі, ал дағды мен іскерлік осы іс-әрекеттің белгілі бір анықталған көрсеткішіне жеткен кезде ғана пайда болады.
Дәріс тақырыбы. Коммуникативті компетенттілікті дамытудың
психологиялық ерекшеліктері
Дәріс жоспары:
1. Коммуникативті әдістің тарихта көрсетілген даму кезеңдері.
2. «Коммуникативті компентенттілік» ұғымының түсініктемесі.
3. Сөйлеу әрекеті және оның түрлері.
Коммуникативті әдістің теоретикалық нұсқауларын Е.И.Пассов деген ғалым ұсынған.
Әдістің атауы оның спецификалық ерекшелігін көрсетеді. Әдістің ерекшелігі келесіде – оқыту процесі тіл коммуникация процесіне сәйкес құрастырылады. Оқыту процесі тіл коммуникациясынын моделі болып табылады.
Әдістің коммуникативтік бағыты қазіргі түсініктемелер бойынша оқыту процесі мен коммуникациянын арасында кейбір белгілері бойынша бір-бірінің ұқсастықтар болады:
- сабақ барысында оқытушы мен оқушының шет тілі арқылы коммуникативті мотивациялық қарым қатынасы;
- Оқушыныңың қызығушылык пен қажеттіліктеріне сәйкес, оқытуға арналған сөйлеу интенциялар, ситуациялар және тақырыптар мұқият түрде тандалып ұйымдастырылуы керек.
Дәріс тақырыбы. Жеке тұлғаны дамытуға арналған оқыту үрдісі.
Оқыту тәсілдері
Дәріс жоспары:
1. Оқыту тәсілі ұғымы
2. Тұлғалық-қызметтік (бағдарлық) және дамытушы оқытудың мәні мен мағынасы
Оқыту әдісі - негізгі заңдарды, оқыту үрдісінің ағымдық сипаттамасы мен негізгі стратегиясын анықтайтын педагогикалық ғылымның базалық категориясы болып табылады (М.К. Колкова, 2002)
Тұлғалық-қызметтік оқыту әдісі гуманистикалық білім идеяларында дамытылды және оқу үрдісіндегі басты орын оқытудың субъектісі болатын оқушыға бөлінеді. Тұлғалық-бағдарлық білімнің заманауи мектеп ғылыми-теориялық концепциясы Л.С.Высотский, В.В.Давыдов және Д.Б.Элькониннің даму теориясы мен балаларды оқыту идеялары арқасында құрастырылған болатын.
Оқыту әдісі термині өзінің анықтамасы бойынша көп мағыналы:
1. Қоғамдық сананы таратушылар ретінде оқыту субъектілерінің әлеуметтік орнатулары көрінетін әлемкөргіштік категория;
2. Глобальді мен жүйелік ұйымы және барлық компоненттерді және ең алдымен, педагогикалық өзара әрекеттесудің субъектілерінің өздерін: мұғалімді (оқытушыны) мен оқушыны (студентті) қосатын білім үрдісінің өздігінен ұйымдасуы.
Оқыту әдісі оқыту стратегиясының кең ұғымы ретінде оқытудың әдістерін, формаларын, оқытудың амал тәсілдерін қосады.
Тұлғалық-қызметтік оқыту әдісінің тұлғалық компоненті.Тұлғалық- қызметтік оқыту әдісін анықтай отырып, оның тұлғалық және қызметтік компоненттерінің қосындысы ретінде біріншісі тұлғалықпен қатысты немесе ол соңғы уақыттарда тұлғалық-бағдарлық әдісі ретінде анықталып келетінін бөліп көрсету керек. Тұлғалық әдіс бұл сөздің кең мағынасында барлық психикалық үрдістер, қасиеттері мен күйлері нақты бір кісіге тәуелді ретінде қарастырылады, олар туынды екенін, адамның жеке және қоғамдық болмысына байланыстылығын, сонымен қатар, оның заңдылықтарымен анықталатынын жорамалдайды.
Дәріс тақырыбы. Оқытушының педагогикалық (оқыту) әрекеті
Дәрістің жоспары:
1. Педагогикалық әрекет туралы түсінік. Педагогикалық әрекеттің түрлері мен аспектілері.
2. Оқытушының кәсіби компетенттілігі.
3. Оқытушының тұлғалық қабілеті. Білімі мен оқыту тәжірибесі.
Шет тілі оқытушысының педагогикалық және оқытушылық әрекетін зерттеуге бірқатар педагогтар мен әдіскерлер, психологтардың еңбектері арналған: В. И. Загвязинский, В. А. Кан-Калика, С. В. Кондратьев, В.П. Кузовлев, Н. В. Кузьмин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Марков, Е. И. Пассов, К. И. Саломатов, Г. С. Сухобский , С. Ф. Шатилов және т.б.
Педагогикалық әрекет, басқа да әрекет түрлері секілді белсенділік, мақсат, пән, әдіс-тәсілдерді құрайтын психологиялық (пәндік) мазмұнымен анықталады. Педагогикалық (оқыту) әрекет пәнідеп оқушылардың әлеуметтік-мәдени тәжірибе жинақтауына негізделген оқыту үрдісінің жүйелілігін айтамыз.
Педагогикалық (оқыту) әрекеттің әдіс-құралдарына ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білімдер жатқызылады. Олардың "тасымалдаушысы" ретінде оқулықтардың мәтіндері алынады. Сонымен қатар бұл үрдісте әртүрлі техникалық, компьютерлік, графикалық ақпарат құралдары қосымша көмек болып табылады. Педагогикалық қызметте әлеуметтік тәжірибе таратудың әдістеріне түсіндіру, көрсету, бірлесе жұмыс атқару, практикалық жұмыстар мен тренингтер жатады.
Дәріс тақырыбы. Оқыту мотивациясы
Дәрістің жоспары:
1. Мотивация түсінігі
2. Оқыту мотивациясы
3. Оқу мотивациясы, мотивтердің жіктелуі және олардың функциялары
Психологтар мен педагогтардың айтуы бойынша, адам баласының әр түрлі әрекеттерінің сапасы мен нәтижесі оның әрекетінің мотивациясына байланысты жүзеге асады.
Оқу әрекеті бірнеше психологиялық компоненттерден тұрады:
- Мотивтер (ішкі және сыртқы), ниет пен қызығушылық, оқуға деген оң көзқарас;
- Іс‑әрекет мағыналылығы, ықылас, зейін, сезім, ерікті әрекеттер әсерлігі;
- Іс‑әрекеттің бағыты мен белсенділігі, іс‑әрекеттің түрлері мен формаларың әр түрлілігі: берілген материалмен жұмыс істеудегі қабылдау мен бақылау; ойлау – материалды белсенді өңдеу, оны түсіну және меңгеру (осы жерде елестетудің бірнеше элементтері қарастырылады); жадтың жүйелік процесс ретінде жұмыс істеуі, материалды есте сақтау, жаңғырту және еске түсіру секілді ойлаудың үздіксіз процестері.
- Жиналған білімнің тәжірибеде қолданылуы,олардың нақтыланып, түзетілуі.
Мотивтердің негізі ретінде мынандай феномендер көрсетіледі: мақсат, көріністер, идеялар, сезімдер, күйзелістер (Л.И. Божович); қажеттіліктер, құштарлық, себептер, икемділік (X. Хекхаузен); ниет, қалау, дағдылар, ойлар, борыштылық сезім (П.А. Рудик); моральды‑саяси қондырғы және ой (Г.А. Ковалев); психикалық процестер, жағдайлар және тұлғаның сипаты (К.К. Платонов); сыртқы әлем пәндері (А.Н. Леонтьев); қондырғылар (Маслоу А.); тіршіліктің шарттары (К. Вилюнас); әрекеттің мақсатты түрде бағытталған мінезі тәуелді болатын түрткілер (В.С. Мерлин); субъект әрекет етуге керек сана-сезім (Ж. Годфруа).