Т а р и х и а ф о р и з м д е р
Тарих - өмiрдiң жетекшiсi.
ЦИЦЕРОН
Тарихтың бірінші заңы – қандай да болмасын өтіріктен қорқу және қандай да болмасын шындықтан қорықпау.
ЦИЦЕРОН
Тарих секірмелі түрде дамымайды.
Ежелгі латын мәтелі
Тарих екі рет қайталанады: алғаш рет – трагедия түрінде, соңғы рет – фарс түрінде.
Ф.Гегель
Тарихты жасауға барлық адам қатысады, ендеше оның көркiне шамалы болса да, әркiм өз үлесiн қосуға мiндеттi және әрiн кетiруге тиiстi емес.
Ж.ЛИМЕТР
Мен тарихқа «ештеңенi де жасырмаймын» деп эпиграф жазар едiм. Ол ол ма, тiптi өтiрiк айтпау керек, өтiрiк айтқанша, үндемеуге тырыс.
Л.Н.ТОЛСТОЙ
Тарихшы мен ақынның айырмашылығы бiреу-ақ: бiреуi өлеңмен, ал екiншiсi қара сөзбен айтатындығында емес, керiсiнше, бiрi өткен оқиға туралы, екiншiсi болашақ туралы әңгiмелейтiндiгiнде.
АРИСТОТЕЛЬ
Ақыл-ой еңбегiнiң ең маңыздысы және пайдалысы - өткен оқиғаларды жазу.
САЛЛЮСТИЙ
Тарихтың басты мiндетi - iзгiлiктi iстер туралы үндемей қалмау және жаман әрекеттер мен ақылсыз сөздер арқылы болашақ ұрпақтар алдында масқара болмау деп санаймын.
ТАЦИТ
Тарихтың бастапқы мақсаты - өтіріктен сақтану, екінші – шындықты бүгіп қалмау, үшінші - өзіңді мәліметтерді бұрмалады деп немесе орынсыз өшпенділік жасады деп ешкім күдіктенбейтіндей жағдайда болу. Цицерон
Өткен заман мен әлем халықтарын танып бiлу - адамдар ақыл-ойының азығы мен әсемдiгi.
Л.д.ВИНЧИ
Тарихи тактиканың жарығынсыз – бәрi де қараңғы.
А.В.СУВОРОВ
Көптеген деректерден тарихи өмiрдiң мазмұны құралып, идея жасайды.
В.Г.БЕЛИНСКИЙ
Қаласаң да, қаламасаң да тарихты жазбауға болмайды.
Т.МАИЗЕН
Әр ғылымның өз құпиясы бар: тарихтың құпиясы - еркiндiк заңдары мен заңдар қажеттiлiгiнiң байланысы.
М.П.ПОГОДИН
Тарихшы кейде тарихтағы жiберген қателiктерiн өзiнiң ақыл-ойымен толықтырып отырады, сөйтiп, ол ешқашан қателеспейдi.
М.П.ПОГОДИН
Тарихтың мақсаты - адам дамуының қозғалысын танып-бiлу.
Л.Н.ТОЛСТОЙ
Тарихты білетіндердің кез-келген нәрсеге иіле бермейтіндігі – олардың қастерлі қасиеті.
ОСКАР УАЙЛЬД
Тарих – әрi-берiден соң, бәрiн де реттейдi.
Ф.ЭНГЕЛЬС
Тарихи дамуға соқпай, адамзатты да табиғатты да түсiнуге болмайды.
А.И.ГЕРЦЕН
(«Мысли и изречения» кiтабынан, Алматы, 1964 ж,)
Қазіргі білім жарығы тарихи шолу ағысы біздің батысымызға да жататын осындай адамзат қоғамын құрып, тарихтың осы уақытқа дейін шамамен 20 рет қайталанғанын көрсетеді.
АРНОЛЬД ДЖ. ТОЙНБИ
Тарих дегеніміз адамзаттың кең арналы тәжірибесі, адам болмысының ғасыр айрығында жүздесуі. Жүздесу туысқандық орайда өтсе, өмір үшін де, ғылым үшін де онан артық не бер?!
МАРК БЛОК
Тарих өзіне баураса, тарихнама – қиялыңды ұйытады.
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ
Тарих дегеніміз мен үшін өз романдарымды іліп қоятын шегелер.
Александр Дюма-Әкей
Жақсы мiнез-құлық пен ақыл күшi болып енедi, бәрiнен де – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына конған бақыттың тұрақты болуы жақсы мiнез-кұлыққа байланысты.
ӘЛ-ФАРАБИ
Тәуелсiздiк - алтын күмбез дейтiн болсақ сол күмбездi тiреп тұрған 4 белгi – рәмiздерiмiз бар. Оның бiрiншiсi – Елтаңба, екiншiсi - Әнұран, үшiншiсi – Көк байрақ, төртiншiсi - Қазақ тiлi.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Ел үшiн еңбек етсең халқың сүймек,
Бiз үшiн отқа, суға түсiп жүр деп.
Ер өлсе де, еңбегiн ел өлтiрмес
Неше мың жыл өтсе де тарих бiлмек.
С.ТОРАЙҒЫРОВ
Түркiстан - екi дүние есiгi ғой,
Түркiстан - ер түрiктiң бесiгi ғой,
Тамаша Түркiстандай жерде туған,
Түрiктiң тәңiрi берген несiбi ғой.
М.ЖҰМАБАЕВ
Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi айнадай ашық көрiнiп тұрады. Қазақ тiлiнде қазақтың сары сайран даласы, бiресе желсiз түндей тымық, бiресе құйындай екпiндi тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асыкпайтын, саспайтын мiнезi көрiнiп тұр.
М.ЖҰМАБАЕВ
Адамдағы ынсап, әдiлет, мейiрiм - үшеуiн қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады.
Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Қай iстiң болсын өнуiне үш түрлi шарт бар. Ең әуелi ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртiп керек.
М.О.ӘУЕЗОВ
Тарихқа үңiлсең сезер ең,
Қай кезден басталған бұл сұмдық.
Ұлыға қанжарын кезеген,
Күншiлдiк.
Бұл неткен зұлымдық, жаным-ау,
Бұл неткен ағаттық !..
Биiктi биiк деп танымау –
Нәмәрттiк.
Арымды келемiн қанат қып,
Жаныма бiр тыным бермедiм.
Бойымнан таусылса жомарттық,
Менiң де өлгенiм.
М.ШАХАНОВ
Делиде болғанымда Үндi ғалымы: - Сiз Сырдария өзенiнiң бұрын басқа арнамен аққанын бiлесiз бе?-деп сұрады. -?..?..?..
-Кейiнiрек ауылға барғанда осы оқиғаны нағашыма айтып едiм:
-Балам, туған елiңнің тарихына немқұрайлы қараған адамның өмiр жолы болған емес, - дедi жүзi сұрланып. Содан бастап менi «Бiз елiмiздiң көне тарихына назар аудармасақ, жаңа тарихтың бiзге де назар аудармауы мүмкiн екен-ау» деген ой жиi мазалайтын болды (Досымның күнделiгiнен).
М.ШАХАНОВ
Қанды кек, жесiр дауы, жердiң дауы –
Түсiнсең, адамзаттың нағыз жауы.
ҚОЖА БАТЫР
Орыс халқына ендi қорқатын ештеңе жоқ, өйткенi оның бақытсыз тағдырын одан әрi бақытсыз қылу мүмкiн емес.
А.ГЕРЦЕН
Ресейде екі-ақ тұңғиық бар: төменде – қараңғылықтың билігі, ал жоғарыда – биліктің қараңғылығы.