Дәрігер – эпидемиологқа кәсіби имидждің қажет екенін дәлелдеңіз
Дәрігер (спортта) — дене тәрбиесі мен спорт саласында жүмыс істеу үшін арнайы біліктілікті жетілдіру дайындығьінан өткен медицина маманы. Дәрігерлік бақьілаудың кешенді тәсілі - тәннің басты-басты жүйелері мен оның өзара байланысын жан-жақты зерттеу үшін бір мезгілде қолданылатын әдістердің жиынтығы. Дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері — емдік-профилактика мекемесіндегі емдік дене тәрбиесі мен дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру жүйесіндегі манызды бөлім.
Имидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.[1]
іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;
фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма – “гудвилл”‚ теріс айырма – “бэдвилл” деп аталады.[2]
Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. [3]
Имидж (Бедел) туралы[өңдеу]
Адамда сана-сезім , “ мен ” сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән қабылдау қабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі ретінде Макиавеллиді санайды.
Адамның имиджі[өңдеу]
Адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің баршылығыңызды елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз?
Имидж сипаты[өңдеу]
Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала алады. Әсірісе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі, имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.
Имидж тану[өңдеу]
Алғашқыда, экономика саласында бұл түсінікпен практикалық аспектте, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей бастады. Алпысыншы жылдары американдық экономист Болдуинг айналымға «имидж» түсінігін енгізгені белгілі, сонымен қатар оның іскери үлгерімділікте қажеттілігін негіздеді. Нәтижесінде имидж жаңа пайда бола бастаған саясаттанудың кару-жарағына айналды, оның мамандары имиджированиені өз жұмысының басты құрастырушысы ретінде қабылдаған болатын. Қазіргі заманда кәсіпкерлік және саяси іспен айналысатындарда, имидж өтетін тауар болып есептелінеді. Кәсіпшілік имиджированиенің үнемі өсіп жатқан сұранысына байланысты, «имиджмейкер» деген жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіншілік туды. Яғни, тұлғаның имиджін және әр түрлі іскери, саяси құрылымдармен айналысатын маман.
Имидждің тағы бір қыры
Ағылшын тілінен аударғанда «имидж» сөзі — бейне немесе бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Онда, шын мәнісінде бұл қасақана жасалынатын тұлға немесе әлеуметтік құрылым жайлы әсер, әсіресе әсер, ойдың орынды іс фактісі сияқты баға емес. Имидж көп жағдайларда алғашқы сатысында, яғни жалпы мәліметті шолып өту кезеңінде аяқталады . Имидж аңдаусыз санада орналасады деп айтуға болады. Сонда адамдардың оны түсінудегі тиімділігі неде және кандай себеппен ол адам санасында біраз уақытқа сақталып қалады? Имидж , нақтылы психологиялық өнім сияқты , құнды стереотип есебі ретінде алынады, сонымен қатар әлеуметтік құрылғы ретінде есептелінеді және талпындыратын арман болып саналады.
Имидждің әсері
Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ыңғайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.