ІІМ Тергеу департаментінің бастығының құзыреті
ІІМ Тергеу департаментінің қызметі жедел және стратегиялық жұмыс жоспарларының негізінде аймақтық және мәндік қағидат бойынша ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасауға міндетті
ІІМ Тергеу департамент бастығыалға қойған міндеттерді орындау үшін:
- еліміздің ішкі істер органдарының барлық тергеу бөліністерінің қызметін үйлестіреді және оларға ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
- өз өкілеттіктерінің шегінде тергеу бөліністерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, тергеу аппараты құрылымы, тергеу кадрларын іріктеу, орналастыру және олардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- инспекциялау және мақсатты тексерістерді жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығына анықталған кемшіліктерді жою, тергеу бөліністері жұмысының тиімділігін арттыру және алдын ала тергеуде заңдылықты сақтау бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
- тергеу жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар, тергеу әдістемелерін әзірлейді, тергеудің оң тәжірибесін және әдістемесін жинақтайды және таратады, оларды тергеу практикасына енгізуді қамтамасыз етеді;
- статистикалық деректерді және өзге де ақпаратты талдауды жүзегеасырады, мынадай
- егер депутаттық өкілеттіктерді орындауға байланысты болса, барлық деңгейдегі депутаттарға қатысты жасалған;
- дипломатиялық корпус өкілдері және иммунитеті бар өзге де адамдар жасаған немесе оларға қатысты жасалған;
- банда жасаған және ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған;
- кісі өлтіру және жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар;
- адамдардың құрбан болуына және өзге де ауыр салдарға әкеп соғатын дәстүрлі емес діни ұйымдардың жақтаушылары жасаған;
- тапсырыстық сипаттағы кісі өлтіру;
- қоғамдық резонансқа ие болған 2 адамнан көп кісі өлтіру;
- құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін өлтіру;
- адамдардың құрбан болуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соққан экологиялық қылмыстар;
- ауыр салдарға әкеп соққан жаппай тәртіпсіздіктер немесе топтық қақтығыстар;
- адамдардың құрбан болуына немесе елеулі материалдық зиян келтірген көліктегі (әуе, теміржол, өзен, теңіз) қирау, өрттер немесе апаттар;
- қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және алдын ала оқшаулау орындарында 10 және одан көп адамның қатысуымен болған жаппай тәртіпсіздіктер, топтасып бағынбау және бұзақылық;
- трансұлттық қылмыстар
- этникааралық қатынастар салдарында жасалған қылмыстар.
Атап көрсету керек, аса ірі көлемде қылмыстық топ құрамында ұрлау, қызметкерлердің билігін асыра пайдалануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери басқарма және өңірлік қолбасшылық орталық органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының басшылығы жасаған мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жатады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің, Бас прокурордың, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарларының бақылауындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды істерді алдын ала тергеу барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. {7}
- едәуір күрделі қылмыстық істерді тергеуді бақылайды, алдын ала тергеу барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
- департамент тергеушілері ұйымдасқан қылмыстық топ өніраралық, халықаралық сипатта жасаған, елімізде кең қоғамдық резонанс тудыратын аса маңызды қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастырады;
- Қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, оны ҚПК-нің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес Бас прокурормен келіседі; .(8)
- Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық көмек көрсету тәртібінде құзырет шегінде қылмыстық сот өндірі саласында халықаралық ынтымақтастық бөлігінде қылмыстық-процестік заңнама талаптарын сапалы орындауды қамтамасыз етеді, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
- «Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бюллетені» ведомстволық журналына материалдар әзірлейді, рецензиялайды, редакциялайды және орналастырады.
Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ІІД Тергеу басқармасы бастығығының жұмысының қүзыреті
Аумақтық ішкі істер органдарында тергеу жұмысын ұйымдастыру ІІД, КІІД Тергеу басқармаларына, ал ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде тікелей өкілдік басшыларына жүктеледі.
ІІД, КІІД Тергеу басқармасының бастығы қызметі қылмыстық-процестік заңнамаға, ведомстволық нормативтік актілерге, қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру қағидаттарына негізделген ІІД, КІІД-нің басқа да қызметтерімен және тиісті құқық қорғау, бақылау жасайтын ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасасу үшін мәндік-аймақтық қағидат бойынша ұйымдастырады. {9}
Одан басқа, ІІД, КІІД Тергеу басқармасы бастығы басқа бөліністермен және қызметтермен бірлесіп
- қылмыстық құқық бұзушылықты ескерту, ашу және тергеу, заңдылықты нығайту бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған келісілген іс-шаралар әзірлейді; бұйрықтардың, нұсқаулардың жобаларын және әдістемелік құжаттар әзірлейді; тергеу бөліністері жұмысының жай-күйін тексеру және оны ұйымдастыруда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда және тергеуде практикалық көмек көрсету үшін төмен тұрған бөліністерге шығады, бекітілген тәртіпте бірлескен кеңестер, семинарлар және қылмыстық қарсы күресті күшейту, тергеу және жедел-іздестіру қызметтерінің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша басқа да іс-шаралар өткізеді;
- қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез және толық ашу үшін тергеушілер, анықтаушылар мен анықтау функциялар орындайтын бөліністердің өзара іс-қимыл жасасуын;
- тергеушілердің тиісті жедел, криминалистикалық және басқа қызметтердің жұмыскерлерімен оқиға орындарына уақтылы шығуын;
- қылмыстық істер бойынша тергеу амалдарының және жедел-іздестіру іс-шараларының орындалуын;
- сараптамалар тағайындаудың және жүргізудің уақтылығын, алынған нәтижелерді пайдалану толықтығын, қылмыстық құқық бұзушылықтардың тергелу барысы туралы ақпаратпен алмасуды және іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бірлесіп талқылауды бақылайды;
- өткен жылдардағы қылмыстық істер бойынша бағыныстағы аппараттардың жұмысын ұйымдастыруды, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға және іздестіруге шаралар қабылдаудың уақтылығын тексереді, анықталған кемшіліктерді жоюда қажетті көмек көрсетеді;
- қылмыстық істерді және жасырынған қылмыскерлер іздестіруге жарияланған істерді тергеуді бақылайды;
- тергеу кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды көтермелеу не жазалау, қызмет бойынша ауыстыру туралы ұсыныстарды енгізеді.
Атап көрсету керек, ІІД, КІІД Тергеу басқармалары өңірлердегі қылмыстың жай-күйі, оның санаттары мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша оның динамикасы туралы ұдайы негізде ақпарат жинауды және жинақтауды жүзеге асырады, бұл үшін тиісті ақпараттың түрлері бойынша арнайы папкалар басталады. Алынған ақпаратты талдаудың негізінде ай сайын заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, қызметте нақты өзгерістерге қол жеткізу бойынша шараларды әзірлей отырып, анықтамалар жасайды.
ІІД, КІІД Тергеу басқармасы инспекциялауды және мақсатты тексерістерді, тергеу бөліністерінің басшыларын есептерімен бірге шақыруды дербес немесе басқа қызметтермен бірлесіп, ІІД, КІІД-нің жұмыс жоспарларына сәйкес немесе тергеу бөлінісінің жұмысындағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде жүргізеді.
Тексерістер тергеу бөлінісі қызметінің жай-күйін, өңір ерекшеліктерін, қылмыс деңгейін мұқият талдаудың негізінде жоспарланады және жүргізіледі. Тексерістің тақырыптамасына қарамастан тергеушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауына ерекше назар аударылады. Олардың қызметінің нәтижелерін жақсартуда міндетті түрде әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі
Қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі туралы деректерді кешенді талдаудың, тергеу жұмысы нәтижелерінің, инспекциялау, тексеріс материалдарының және басқа да ақпараттарының негізінде ІІД, КІІД Тергеу басқармалары тоқсан сайын жоспарлар әзірлейді. Оларға сәйкес тергеудің сапасын және ведомстволық бақылаудың деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, тергеу жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдердің және практикалық шаралардың уақтылы қабылдануы қамтамасыз етіледі.
Тергеу басқармасы бастығы, КІІД бастығы және оның тергеуге жетекшілік ететін орынбасары қылмыстық істерге құзыреті мыналар:
{10}
ІІМ-нің бақылауындағы қылмыстық істерге ашылмаған қасақана кісі өлтіру туралы қылмыстық істерге;
- кісі өлтіруді және жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға;
- қоғамдық резонанс тудырған екі және одан да көп адамды өлтіруге;
- жаппай тәртіпсіздіктерді немесе ауыр салдарға әкеп соққан топтық қақтығыстарға;
- үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстарға;
- шетелдіктер жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстарға;
- прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған қылмыстық істерге;
- тергеудің не айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімі ұзартылған істерге;
- Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес келіп түскен халықаралық тергеу тапсырмаларына және қылмыстық істерге;
- Қазақстан Республикасы ІІМ-нен, прокуратура органдарынан келіп түскен, олар бақылауға алған азаматтардың хаттарын, шағымдарын бақылауды жүзеге асырады;
- қылмыстық істер ай сайын зерделейді;
- күдіктінің іздестірілуіне байланысты алдын ала тергеу мерзімі үзілген. Тергеудің толықтығы мен объективтілігіне, іздестіруге жариялаудың, бұлтартпау шарасын таңдаудың негізділігіне және уақтылығына, іздестіру ісінің бар-жоғына, іздестіру аппараттар мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының деректерімен салыстыра тексеру болуына ерекше назар аударылады;
- ашылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы. Тергеудің толықтығына, тергеу сапасына, қылмыстық құқық бұзушылықты ашу үшін барлық қажетті шаралардың қабылданған, қабылданбағанына, заттай дәлелдемелердің бар-жоғына, олардың зерттелуіне және қылмыстық құқық бұзушылықты ашуда пайдаланылуына ерекше назар аударылады. Осы санаттағы қылмыстық істерді зерделеу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды, жұмыстағы кемшіліктер және олқылықтарды, осыған ықпал еткен себептер мен жағдайларды, зерделеудің нәтижелерін іске асырудың ұсынылатын нұсқаларын, оларды жою жолдары мен тәсілдерін көрсете отырып ай сайын анықтама жасалады;
- сотқа жолданатын қылмыстық істер зерделенеді. Тергеушілердің кәсіби деңгейін арттыру және олардың қылмысқа қарсы күресте рөлін арттыру мақсатында қылмыстарды табысты ашудың және тергеудің оң тәжірибесі жинақталады, таратылады;
- ІІМ Тергеу департаментіне белгіленген тәртіпте және мерзімде: нақты қылмыстық істер және тергеу жұмысының жекелеген бағыттары бойынша, ұстау, қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау және азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту кезінде заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат;
ІІМ-нің бақылауына алынған азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың және лауазымды адамдардың өтініштері мен шағымдары бойынша ақпарат ұсынады.
Тергеушілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың, оның ішінде заңсыз ұстаудың, қамауда заңсыз ұстаудың және қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудың әрбір фактісі бойынша арнайы ақпараттар ІІМ Тергеу департаментіне тәулік ішінде жолданады.
Тергеу сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың барлық фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізіледі, нәтижелері 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей кінәлі адамдарға қабылданған шаралар туралы ІІД-КІІД бастығының бұйрығын қоса бере отырып, ІІМ-нің Тергеу департаментіне ұсынады.
ІІД Тергеу басқармасы әдістемелік сипаттағы құжаттарды қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын ескере отырып шығарады және төмен тұрған тергеу бөліністеріне жолдайды. Оларда қылмыстарды жасаудың және жасырудың тәсілдері, оларды ашудың тән әдістері, тергеудің оңтайлы тәсілдері көрсетілуі тиіс. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылуы тиіс. Тергеу бөлінісінің әрбір басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жаңа және белгісіздеу әдіспен жасалған жағдайда бұл туралы Тергеу басқармасы арқылы ІІМ Тергеу департаментіне дереу хабарлауға міндетті.
Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру екі желі: ІІМ ұйымдастыратын тергеу кадрларының біліктілігін орталықтандырылған арттыру және ІІМ-нің тақырыптық жоспары бойынша ІІД-КІІД-дегі қызметтік даярлық жүйесінде оқыту бойынша жүзеге асырылады.