Жиырма сегізінші сӨз 2 страница
ЫРЫҚ БІРІНШІ СӨЗ
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.
Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.
Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді.
Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес.
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надан-дық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма - сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық!
ЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗ
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма? Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы құдай берген азды-көпті дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. Пыш-пыш кеңестен қалып, бір ауылға барып, қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халыққа әдет жол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пәле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін «естігенім», «білгенім» деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді.
Сол үшін осы күнгі қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады.
Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абұйыр да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу - мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Желөкпелеу, мақтаншақ байларды: «сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын» деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ, содан алып киімін бүтейтіп киіп, тәуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ол бай өз тыныштығын да білмейді, бос шығынданғанын да ескермейді. Бір кісімен сөйлессе, «мұны қайтеміз?» - деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады. Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен және де ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп ойлап: «Ой, тәңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой» деп, «оған бүйдей салсаң болмай ма?» деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады. Және байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, әлгі антұрған бағанағы байға: «Мен айтпап па едім, оныкі қулық сөз деп, міне, көрдің бе?» - деп, екіншіде тырп етпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де - осы.
ЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ
Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйқтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз. «Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» демек, «құдай тағала сеніменен мені бірдей жаратып па?» демек - құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл - ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі. Оған құдай тағала көрме, есітпе, көрген, естіген нәрсеңді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйқтамақпен, мақтанмен әуре бол да, ішіңдегі қазынаңды жоғалтып, хаиуан бол деген жоқ.
Кейбіреулер айтады: «Ақыл жибили болмаса да, талап - жибили. Талап берген адам ақылды тапты, талабы жоқ кісі таба алмады», -дейді. О да бекер. Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса, зораяды деп. Жан қуатыменен адам хасил кылған өнерлері де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнеріңнін жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір баска адам болып кеткеніңді білмей каласың. Қай жоғалған өнер: «ал, мен жоғалдым» деп, хабар беріп жоғалады. Енді кусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат - бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады. Онан соң қайта кәсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық куат бар, зинһар, соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.
Біреуі орысша «подвижной элемент» деп аталады. Ол не нәрсе? Не көрдің, не есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып, «Әй, әттеген-ай. Үйтуім екен, бүйтуім екен» деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның.
Біреуін орысша «сила притягательная однородного» дейді. Ол - бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.
Үшіншісі, орысша «впечатлительность сердца» дейді, яғни жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық - бұл төрт нәрсебірлән кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойыңа жайылады, тез ұмыттырмайды. Егерде бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсаң, жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт көрсетеді. Енді ондай нәрседен оңды ұғым болмайды.
Әрнешік тән қуатыменен сырттан тауып, сырттан сақтайсыз, оның аты дәулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесепаты бар нәрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатыменен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кесепаты тиер нәрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң - айрыласың. Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса - жарамайды. Өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
«Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деген. Баз махфи олмая ол, мен айтқан үш қуаттың ішінде екеуі, яғни «сила притягательная однородного» бірлән «подвижной элемент» - бұл екеуі қосылып тұра тұрған нәрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі зарар да бұлардан шығады. Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни жоғарғы айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл еді ғой. Бір ақыл қуатыбірлән мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат - екі мықты қуат қосылып тоқтатады. Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі қуаттың екеуі де аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі қуаттар - бір басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма - құдай білсін, әйтеуір жолда көрген есті, ақылы дұрыс адамдар әлі де сұрамай да қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек жайылып, екі көзің аспанда, масқара болып кеткенің өлгеніңше.
ЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ
Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді. Маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді.
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын деп, сол харекетте жүр. Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап екенін білерсің.
ЫРЫҚ БЕСІНШІ СӨЗ
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
158. Ал, сенейін, сенейін (М. Ю. Лермонтовтан)
159. Ала қойлар (И. А. Крыловтан)
160. Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (М. Ю. Лермонтовтан)
161. Бородино
162. Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (М. Ю. Лермонтовтан)
163. Вадим
164. Дұға (М. Ю. Лермонтовтан)
165. Есек пен бұлбұл (И. А. Крыловтан)
166. Жалау (М. Ю. Лермонтовтан)
167. Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М. Ю. Лермонтовтан)
168. Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (Я. Полонскийден)
169. Күнді уақыт итеріп (М. Ю. Лермонтовтан)
170. Көңілдің күйі тағы да (М. Ю. Лермонтовтан)
171. Менің сырым, жігіттер, емес оңай (М. Ю. Лермонтовтан)
172. Піл мен қанден (И. А. Крыловтан)
173. Теректің сыйы (М. Ю. Лермонтовтан)
174. Шайтан (М. Ю. Лермонтовтан)
175. Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)
176. Қанжар
177. Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)
178. Қарға мен бүркіт (И. А. Крыловтан)
179. Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)
180. Қасиетті дұға (М. Ю. Лермонтовтан)
181. Әм жабықтым, әм жалықтым
182. Әншілер (И. А. Крыловтан)
Шәкәрім өлеңдері
1. Жастық туралы
2. Кәрілік туралы
3. Жастарға
4. Жаз келер
5. Арман
6. Шын сырым
7. Ашу мен ынсап
8. Шаруа мен ысырап
9. Анық пен танық
10. Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
11. Махаббат пен құмарлық
12. Дүние мен өмір
13. Мақтау мен сөгіс
14. Міндеу мен күндеу
15. Қазақ айнасы
16. Бай мен қонақ
17. Қайтқан шал
18. Піскен мен шикі
19. Бай мен кедей
20. Қулар
21. Партия адамдары
22. Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
23. «Қазақтың жаманы болмас...»
24. Өлген көңіл - ындансыз өмір
25. «Көкорайға қонғанда...»
26. «Амандаса келісіп...»
27. «Бағылан етін балқытып...»
28. «Мен бір — тілсіз көлікпін...»
29. «Мен кеттім де, сен қалдың...»
30. «Біреудің мінін кешірсең...»
31. «Мен өтермін, кетермін...»
32. «Мақсұтың қайсы, досың кім...»
33. «Күйдірген соң шыдатпай...»
34. Өмір
35. Мал жимақ
36. Насихат
37. Өкінішті өмір
38. Хайуан мен ақымақтар
39. Сәнқойлар
40. «Бір салмойын сал келер...»
41. Ызақорлар
42. Еріншек
43. Құмарлық
44. Жан менен дене һәм көңіл
45. Қалжыңшыл қылжақпас
46. Сөз сынап, өлең өлшемен
47. Ажалсыз әскер
48. Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние
49. «Қатындар жас баласын күтеді...»
50. «Шаранамен туып едiң...»
51. «Достыңыз зор...»
52. Сен ғылымға
53. Бояулы суыр
54. Қаншыр мен бөдене
55. Ақылшы торғай
56. Қасқыр, түлкі, бөдене
57. Талап пен ақыл
58. «Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
59. «Ей, көп халық, көп халық...»
60. «Мен қорқамын, қорқамын...»
61. Мұңды шал
62. «Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
63. Ақындарға
64. Ескі ақындық
65. Жасымнан жетік білдім түрік тілін
66. «Адамның ең жақсысы...»
67. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
68. «Жапанда жалғыз жаттым елден безiп...»
69. «Атадан қалған ақ сауыт...»
70. «Жұрт не десе, үй десін...»
71. «Бәйшешек» бақшасы
72. «Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық...»
73. «Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
74. «Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
75. «Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
76. «Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
77. «Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
78. «Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
79. «Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
80. «Ескіден қалған сөз теріп...»
81. «Өлім шыққан ауылда...»
82. «Ойбайлап шабу мақұл ма?...»
83. «Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
84. «Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
85. «Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
86. «Епті тышқан бидайды таси берген...»
87. Шын бақ қайсы? Күншіл кім?
88. «Айна қойдым алдыма...»
89. Қазақ
90. Насихат
91. Тағы сорлы қазақ
92. Қош!
93. Шошыма, ойым, шошыма
94. «Кейбіреу безді дейді елден мені...»
95. «Жиырма үй менің көршім — Карабатыр...»
96. «Жолама, қулар, маңайға...»
97. «Кейбіреу безді дейді қатынынан...»
98. «Партия қуған өңкей қырт...»
99. Адам немене?
100. Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
101. Бостандық туы жарқырап
102. Бостандық таңы атты
103. «Анадан алғаш туғанымда...»
104. Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
105. «Тауып айтса мінді деп...»
106. «Бас көзімен қарасаң — нәпсі жалған...»
107. «Қай жолдассың, айтшы сен?...»
108. «Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
109. «Жас алпыстан асқан соң...»
110. Көңіл
111. Тау басындағы ой
112. «Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық...»
113. «Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп...»
114. «Шымды жерде көресіз қара топырақ...»
115. «Атаның шаһуатының, көп қой мәні...»
116. «Ей,жастар, қалай дейсің бұл дүние?...»
117. «Бұл кездегі діндердің бәрі нашар...»
118. «Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес...»
119. «Ұждандыны мақтайды тамам адам...»
120. «Тура жолда қайғы тұрмас...»
121. Адамшылық
122. Ноль
123. «Кешегі Қаражан мен Байғұлағым...»
124. «Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
125. «Молдалар өзгелерді кәпір дейді...»
126. «Таң» журналына тағы бір әнмен байғазы
127. Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
128. «Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
129. «Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
130. Ақылдың жауабы
131. «Сұраған жанға сәлем айт...»
132. «Бақанас, Байқошқардың көп сабазы...»
133. «Аңшылық әуелінде қандай тәтті...»
134. «Сәлем! Әбдіғали бауырым...»
135. Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
136. Қорқыттың сарыны
137. Тіршілік, жан туралы
138. «Кетті, келді...»
139. «Аурусыз жанға айла жоқ...»
140. Mал да аяулы, жан да аяулы болса егер
141. Иманым
142. «Шошыма достым сөзімнен...»
143. «Шын асықтың әрбiрi...»
144. «Әлемді түгел мен көріп...»
145. «Күндегі таныс-күн мен түн...»
146. «Шыннан өзге Құдай жоқ...»
147. «Анық асық - әулие...»
148. «Тәңіріні іздеп бір мұңғыл...»
149. «Бейісте бар сұлу жар...»
150. «Өртейін деп отқа көмдім...»
151. «Жар көрмеген надандар...»
152. «Сиқыр сөзбен арбасаң...»
153. «Өмірдің ұнап ойыны...»
154. «Өмір сырын көздесең...»
155. «Жүректен аққан қанымнан...»
156. «Ақылдан ойға сыр тарап...»
157. «Ғылымсыз адам - айуан...»