БӨлім. сӨйлеу тілініҢ бҰзылуын аныҚтау 3 страница

Сөздік қорын тексеру

Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтап білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда баланың сөйлеу тіліндегі белсенділігін және сөздің мағынасын түсінудегі енжарлығын арнайы тексеруді керек етеді.

Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолданылады.

Ең қарапайым және аса көп тараған тәсілдердің бірі заттардың

атын атау, балаға аттарын атай алатын заттарды немесе оның әрекетін және белгісін бейнелейтін суреттерді көрсетеді. Баланың сөйлеу тілінің белсенділігін тексеру үшін логопед оған затты не­месе суретті көрсетіп, Мынау не? Мынау кім? Не істеп жатыр? Қандай? Кімдікі? деген сұрақтарды қояды. Бала затты немесе суретті атау керек. Бұндай тәсілді тіпті мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының деңгейін тексеру үшін де қолданады. Әдетте сөйлеу тілі дұрыс дамып, мектеп жасына дейін-ақ айтарлықтай мол сөздік қор жинаған бала заттың атын, әрекетін, сапасын атауда ешқандай қиналмайды.

Заттар және суреттер тақырыпқа іріктеп алынған болу ке­рек, мысалы, ойыншық, ыдыстар, киімдер, аяқ киімдер, жануарлар, үй жабдықтары, әр түрлі кәсіптің адамдары, жиһаздар.

Тақырыптық суреттердің ішінде күнделікті тұрмыста көп тарала қоймаған, бірақ балаларға белгілі заттар бейнеленген сурет­тер болу керек (сөре, ескек, табалдырық, маңдайша, босаға, қодық, бәкі, кездік, жаулық т.б.).

Осы тәсілдердің тағы бір түрі бар. Ол заттың атын өзі тауып атайтын тәсіл. Балаға сұрақ қояды. Бала жауабын өзі айтуы керек. Мысалы, көжені немен ішеді? (қасықпен) немесе койдың төлін не деп атайды? (қозы).

Сәл қиындау тәсілге заттардың жалпы атауын табу жатады. Балаға бір мақсатқа бағытталған бірнеше заттардың жиынтығын көрсетеді де олардың барлығын бір сөзбен атауын ұсынады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі ересек балаға немесе бірінші сыныптың оқушысына кесені, қасықты, қазанды, тәрелкені, шәйнекті, шөмішті, көрсетеді де, "осылардың жалпы атауы қандай?" деп сұрақ қояды.

2-3-ші сыныптың оқушыларына жалпы атаулары күрделілеу заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді де: "Бұл не?" деген сұрақ қояды. Мысалы, жануарлар (қасқыр, түлкі, киік, аю, қоян, борсық, жолбарыс), өсімдіктер (жусан, жоңышқа, бидай, қамыс).

Заттың әрекетін, іс-қимылын және ерекшелігін білдіретін сөздіктің көлемін және ерекшелігін анықтауға ерекше назар аудару керек. Осы мақсатпен баланың нақтылы әрекет, іс-қимылы немесе әрекетті бейнелейтін суреттегі затты атауынан бөлек, басқа да дәйекті тәсілдерді пайдалануға болады.

Көрсетілген зат бойынша оның әрекетін іс-кимылын айту. Мысалы, жануарлардың қалай қозғалып бара жатқанын немесе не істеп тұрғанын айтып беру керек. Балаға жануарлар бейнеленген суретті көрсетеді. Ол суреттегі жануарлардың түрлеріне қарап отырып, қайсысының қалай қозғалатынын айтып береді: балық/жүзеді/, қарлығаш /ұшады/, шегіртке /секіреді/, жылан / жорғалайды /. Анықтауыш сөзді іріктеу / Бұл балалар сын есімді пайдалана білетінін анықтау үшін қолданады. Тәсілдің мақсатын балаға мысалдарды талдай отырып түсіндіруге болады. "Аспан қандай?" Ашық көгілдір. "Көктемде жер кандай түсті?" – жасыл.

Бала өзінің ауызекі сөйлеу тілінде қатыстық және сапалы сын есімдерді қалай қолданатындығына ерекше көңіл аударуы керек. Баладан мынандай сөздерге қандай сын есімдер сәйкес келетінін сұрайды. Мысалы, орамал, үй, орман, орындық, күрек, балта, сиыр. Балаға: "Бұрыштың дәмі қандай? "- (ащы), "Балта қандай?" - (өткір) – деген сұрақтарды береді

Осы тәсілдермен қатар бастауыш сыныптың оқушыларына қарсы мәндес немесе ұқсас мәндес сөздерді іріктеу тәсілін ұсынады. Логопедтің атаған сөздеріне бала олармен мағынасы ұқсас, бірақ түрі басқа сөздерді атауы тиіс. Мысалы, батырлық, үрей, жақсы, жаман, үлкен, аласа, биік, қайғыру, қуану. Әдетте балаға таныс сөздерді іріктеп колданған дұрыс. Қарсы мәндес сөздерді іріктеу үшін пайдаланылатын сөздерді де логопед атаған кезде бала оларға мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтуға тиіс. Мысалы, қуаныш, сараң, жақсы, пайдалы, жуан, қараңғы. Бұл тексеруді ойын түрінде де жүргізуге болады. Мысалы "керісінше" айт. Мен бір сөз айтам, сен керісінше айт.

Түбірлес сөздерді іріктеуге мысал ретінде мынандай сөздерді атауға болады: жер, жыл, мал, жал, бала, қыс, оқу т.б.

Баланың жас мөлшеріне ой-өрісінің даму шамасына қарай бұл келтірілген тәсілдерді қиындатып немесе жеңілдетіп қолдану керек. Егер бала ұсынылған сөзді атай алмаса немесе қате айтқан жағдайда оның еңжар сөздігінде бұл сөздің бар-жоғын тексеріп анықтау керек. Ол үшін балаға айта алмаған немесе қате айтқан сөзді, бар заттарды немесе бейнелі суреттерді көрсетеді. Логопед: "Мына суреттердің қайсысында орамал бейнеленген?", "Мына заттардың қайсысы бұрыш?" – деген сұрақтарды қояды. Бұндай тексеруді баланың сөзді атай алмағаннан немесе қате айтқаннан кейін іле-шала жүргізуге болмайды. Дұрысы баланың алдымен сөйлеу тілінің белсенділігін тексергеннен кейін жүргізген ыңғайлы.

Тексерудің бір түрі, бала көз алдына көрініп тұрмаған затты алдымен тауып алып, сосын көрсету. Мысалы, балаға өзінің көзін, құлағын, мұрнын, иегін саусағымен көрсетуді ұсынады. Егер ол осы затты немесе оның суреттегі бейнесін дұрыс атаса, онда бұл сөзді түсінетіндігін білдіреді.

Лингвистика мен психологияда әрбір мазмұнның мағынасы бойынша екі жақты ажырату қабылданған. Бірінші жағы – сөздің меншікті атауын көрсететіндігі, демек оның затқа қатыстығы, екінші жағы – сөздің мағынасының байланысы мен қатынасын қамтып көрсетуі.

Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі сөздігін тексерген кезде оның сөздік қорының мөлшерімен бірге, күнделікті қолданып жүрген дағдылы сөздердің мағынасын түсіну ерекшелігін де ескеру қажет. Заттың атын дұрыс айтқанына қарап бала бұл сөздің мағынасын біліп, яғни түпкі төркінін түсініп, орнымен колданады деп айту жеткілксіз. Сондықтан баланың сөзді дұрыс пайдалана ма, жоқ әлде басқа сөздің орнына ауыстырып қолдана ма, соны анықтай отырып сөйлеу тіліне мұқият бақылау жүргізу өте орынды. Лайықты мысалдар келтіре отырып, сөйлеу тіліндегі сөздердің анықталған кемшіліктерін түгел жазып алу қажет. Заттарды, әрекеттерді және сапасын нақтылы бір сөзбен көрсетіп, оның белгіленген затпен, әрекетімен және сапасымен байланысының беріктігін және лайықты затты көрсеткен кезде керекті сөзді оңай табуға мүмкіндігі болатындай оның дыбыстық құрамының айтарлықтай анық көрсетілуін талап етеді. Сонымен қатар сөздің жәрдемімен мүмкіндігінше заттың барлық сапасының ерекшелік және маңыздылық қасиетін атап көрсету қажет. Осы шарттардың тіпті біреуі бұзылған жағдайда оның лексикалық корының калыптасуында қиындық байқалуы мүмкін. Бундай келеңсіз жәйттер жалпы сөйлеу тілі толық дамымағын балаларда жиі байқалады. Бұндай балалар негізінде жалпыға таныс және күнделікті қарым-қатынаста өте жиі қодданатын сөздермен ғана шектеледі. Көп сөздерді жуықтап және күнгүрт мағынада айтады. Сыртқы түрінің, қимыл-әрекетінің, тегін атқаратын қызметінің ұқсастық ерекшеліктері бар заттардың меншікті атауларын дұрыс атамай, олардың атауларын алмастырады. Мысалы, бұзауды – сиыр, көлді – су, каналды – арық, қалайыны – темір, алма-жеміс, қазды – үйрек деп алмастырып айтады.

Алайда баланың сөздік қорының бұзылуының ерекшелігі мен шырайы әр түрлі болуы мүмкін екендігін есте сақтау керек. Сонымен, мысалы, жалпы сөйлеу тілінің кейбір элементтері толық дамымаған балалардың сөздік қорындағы кемшіліктер азырақ өрескелденіп көрінуі мүмкін. Олардың көпшілілігінің сөздік қоры бай болады, бірақ оку барысы кезінде естіп үйренген жаңа сөздерді, түсініктерді, көріністерді өзінің сөйлеу тілінің белсенділігінде жеткілікті түрде қолданбайды. Түбірлес сөздердің көбінесе екеу-үшеуінен артығын таңдауға шамасы жетпейді, оның өзінде олардың сыртқы түрін ғана өзгертіп алады. Сөйлеу тілінде грамматиканың үстеу және қатыстық сын есім сөз таптарын сирек қодданады.

Баланың сөздігі оның жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының

әруақытта толық көрсеткіші бола бермейді. Оның өскен ортасына, алған тәрбиесіне және тағы басқа да себептерге байланысты сөздік қорының дамуының немесе тоқырауының байкалуы мүмкін. Бұны жеке дара бөліп алып қарауға болмайды, оның басқа көріністерімен, соның ішінде сөйлеу тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылысының дамуындағы ерекшеліктерімен бірге қарау керек.

Сөз қорын тексеруге қажет лексикалық және көрнекілік материалдар мына қағидаларға сәйкес іріктеледі:

- семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі);

- лексикалық - грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек);

- тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша топталады: киім, жеміс, т.б.

Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына сәйкес құрастырылады. Сонымен қатар сөйлеу тілі бұзылған балаларға сөздік-буындық құрамы қолжетерлік, қолайлы болуын ескеру қажет. Тексеру қорытындысын талдау барысында сөз қорында қандай лексикалық топтардағы сөздерді қолданбайды, алмастырады, қандай сөздерде қателер кездесетініне көңіл бөлу керек.

І. Мектепалды даярлық топ пен бастауыш сынып оқушыларының сөз қорын тексеруге арналған сөздік материалдар үлгісі

Тақырыптар Белсендіре-тін сөздер Баланың сөздігіндегі сөздер Қажетті ұғымның қалыптасуы   Сөзді басқа ұғымдармен алмастырады Ескерту
б.с. е.с. з.с.; с.см.
Ойыншықтар сылдырмақ пирамида кубик машина қуыршақ, т.б.            
Аяқ киім бәтіңке етік галош мәсі тәпішке            
Киім көйлек шалбар жейде камзол халат            
Жиһаз төсек диван үстел орындық шкаф            
Үй жануарлары ит мысық сиыр жылқы қой            
Аңдар түлкі қасқыр аю жолбарыс тиын            
Жануарларлар төлдері бұзау құлын қозы күшік торай            
Тұрмыстық құралдар шаңсорғыш тоңазытқыш люстра телевизор торшер            
Көлік: жердегі автобус троллейбус такси трамвай метро            
Көлік: әуедегі ұшақ тікұшақ            
Көлік: судағы пароход кеме қайық теплоход            
Өсімдіктер: Көкөніс              
Жеміс              
Жидек              
Гүлдер              
Ағаштар              
Дене мүшелері              
Мамандар              
Саймандар              
оқу құралдары              
                 

Шартты белгілер: б.с. – белсенді сөз қоры;

е.с. – енжар сөз қоры;

з.с. – затпен немесе іс-әрекетпен сәйкестендіреді;

с. см- сөзді сәйкестіндірмейді

Мектеп, балабақша бағдарламасына байланысты сөздерді өзгертуге болады. Әр сөз категориялары бойынша 4-6 сөз (сурет) алынады.

ІІ. Іс-әрекетті білдіретін сөздер

Сөздер Белсендіретін сөздер Баланың сөздігіндегі сөздер б.с.; е.с. Қажетті ұғымның қалыптасуы з.с.; с.см. Сөзді басқа ұғымдармен алмастырады Ескерту
Физикалық отыр тұр жатыр келеді жүгіреді секіреді күледі жылайды, т.б.        
Күнделікті-тұрмыстық жуады сүртеді тазалайды сыпырады суарады ойнайды жейді ішеді киеді        
Кәсіби сурет салады жазады қағады кеседі пісіреді емдейді        
Адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер қуанады жылайды күледі ашуланады қуанады ренжиді        

ІІІ. Заттың сапасын, қасиетін білдіретін сөздер

Сөздер Белсендіре-тін сөздер Баланың сөздігінде-гі сөздер б.с.; е.с. Қажетті ұғымның қалыпта-суы з.с.; с.см. Сөзді басқа ұғымдармен алмастырады Ескерту
Түстер   қызыл жасыл көк сары қара ақ қоңыр сұр көкшіл күлгін        
Заттың түрі   шеңбер төртбұрыш үшбұрыш шаршы        
Заттың көлемі үлкен кіші кішірек ең үлкен ең кіші        
Кеңістікті сипаттайтын сөздер ұзын қысқа биік аласа жіңішке жуан кең тар ұзынырақ қалыңырақ биігірек        
Заттың кеңістікте орналасуы алдында ортасында үстінде астында оң жақта сол жақта жанында айналасында жақын алыс жақынырақ алысырақ        
Уақыт бағдарлауы алдымен сосын содан соң жуықта бірден        
Уақыт мөлшерінде іс-әрекеттің өту сипаты тез баяу тоқтаусыз әзер өте тез өте баяу        
Тәулік таңертен күндіз кеш түн түнде кеше күн        
Табиғат құбылыстары жаңбыр қар жел найзағай бұлт тұман        
Сандық, көптік ұғымдар бір көп көп емес бірнеше көбірек азырақ бірдей бірге көп бірге аз        

Тексеру нәтижесінде алынған мағлұматтар жанжақты талданып, бағаланады. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының қорытындылауында сөздік қоры жағдайы жалпылама сөздерді қолдануы, антоним, синоним сөздердің мағынасын түсінуі, белгілері бойынша топтастыруы және тапсырмаларды орындау барысындағы кездескен қиыншылықтар көрсетіледі.

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру

Сөйлеу тіл қызметінің патологиясының маңызды бөлігін көрсететін сөздердің грамматикалық құрылысының күрделі жүйесін бала қалай пайдаланатынын анықтау, тексеру барысының ең басты мәселелерінің бірі болу керек.

Баламен әңгімелесіп отырған кезде оның сөйлеу тілінде аграмматизмнің бар-жоқтығын анықтау әр уақытта сәтті бола бермейді. Кейбір жағдайларда арнайы зерттеуге тура келеді.

Бұндай жағдайда сөйлем немесе арнайы іріктеліп алынған оқиға желісін баяндайтын немесе мағыналы бейнелі суреттер бойынша қысқа әңгіме құрыстыру тәсілін қолданады.

Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру тәсілдерін қолданғанда логопед назарын мынаған аудару керек. Суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп бере ме, немесе бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін және олардың сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай ала ма, бала қандай сөйлемнің түрлерін пайдаланады және бұл сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданады, оның грамматикалық құрылысы қандай, жалғаулықтарды дұрыс пайдалана ма.

Бұл тәсілдерден басқа әр түрлі сөйлемдердің грамматикалық құрылысының дұрыс қалыптасуын анықтайтын тапсырмалардың өзгеше түрлері де бар. Бұған тұракты бір сөздер бойынша сөйлем құрастыру жатады. Балаға, мысалы, кітап жатыр, үстел деген үш немесе одан да көбірек жеке сөздерді айтады да, жандарынан керекті сөздерді қосып сөйлем құрастыруды ұсынады.

Бұл тапсырманың күрделірек түрі – берілген сөздер бойынша әңгіме құрастыру. Мысалға мынадай сөздерден әңгіме құрастыруға болады: балалар, тоғай, қозықұйрық, жаңбыр, жүргенде, жүгірді, су.

Ретсіз тізбектеліп орналасқан жеке сөздерден сөйлем құрау. Балаға

сөйлем құрайтын сөздерді ұсынады: мысалы, қозылар жайылып, таудың, мен, бірге, бұзаулар, жұр, лақтар, беткейінде /Таудың беткейінде қозылар мен лақтар және бұзаулар бірге жайылып жүр/

Бұл тәсілдің ережесі – берілген сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, содан кейін құрастырылған сөйлемді айтып беру.

Сөздерді жеке-жеке анықтама қағазга жазып беруге болады. Бала сөздер жазылған анықтамаларды пайдаланып, рет-ретімен тізіп орналастырады, құрастырған сөйлемді оқып береді. Сөйлем құрастыратын барлық сөздерді бір анықтама қағазга жазып беру немесе ауызекі айту балаға қиындау тиеді.

Әр түрлі синтаксистік қатынас арқылы көрсетілетін сөздің морфологиялық элементтерін баланың қалай меңгергенін анықтауға жәрдемін тигізетін тәсілдерге тоқталамыз.

Алдымен бала ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулықтарды қалай пайдаланатынын тексеру керек. Баланың жалғаулықтарды дұрыс пайдалана алатындығын тексеру үшін осыған лайық бірқатар тапсырмаларды қолдануға болады. Бала орындалатын қимыл-әрекеттері бойынша немесе бейнелі сурет бойынша сөйлем құра­стыруды немесе берілген мазмұндаманың түсіп қалған жалғаулықтарын орындарына қоюды өз бетінше орындайды. Мектеп жасына дейінгі балаға: "Үйде кімдер бар?" - Апам мен көкем және ағам бар. Сен таңертең қандай тамақ ішесің? Мен таңертең май жағып нан жеймін және шекер салып шәй ішемін.

Бұдан гөрі ересектеу балаларға: бірақ, өйткені, әрі, сондықтан, сонда да деген сияқты күрделірек жалғулықтарды беріп, оларды сөйлеу тілінде қалай пайдаланатынын тексереді. Осыған орай арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады.

Сөйлем құрастыру үшін арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер беруге болады.

Жалғаулықтары түсіп қалған сөйлемдерді байланыстыру тәсілдерін де қолдануға болады. Мысалы: жиналыс бітті... халық тараған жоқ. Су өте суық болды, ... біз тоңып қалдық. Шәй іштік, ... шөлдеп қалыппыз.

Керекті жалғаулық мүлде жок, болып қалуы мүмкін немесе бала оны басқа жалғаулықтардың арасынан іздеп тауып алуға тура келеді. Мысалы: жұмыстан кешігіп қалдым ... автобус болмай қалды. /Сондыктан, сол себепті, болмаса, себебі, немесе/. Тексеруші баланың жалғаулықтарды және оларды сөз тіркестерімен бірге қалай қолданатындығына назар аударады. Бұдан кейін зат есімді әр түрлі септеулерде қолданылуын тек­серу керек. Балаға бейнелі суретті көрсетіп отырып сұрақтар қояды. Мысалы: Сен кітапты кімге бермексің? /Сараға/. Сіз қайда тұрасыз? /Ауылда/. Сендер қайдан келдіңдер? /Таудан/. Сен киноға кіммен бардың? /Апаммен/. Мынау кімнің үйі? /Менің үйім/.

Наши рекомендации