Ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін

Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін классификациясын бірнеше белгісі бар.

Ақпаратты көрсету жүйесі (АКЖ), пайдалану саласы бойынша төмендегідей бөлінеді:

- анықтамалық (анықтама ақпаратын беру);

- бақылаушылық (параметрді өлшеудің және бақылаудың нәтижелерін беру);

- диагностикалық (басқару жүйесінің жағдайы туралы деректерді беру және диагностика жасау);

- оқытушылық (оқыту және жаттығу процестерімен қамтамасыз ету);

- жобалаушы (жобалауды автоматтындыру).

Ақпарат беру сипаттамасы бойынша көрсету құрылымдары мен жүйесі төмендегідей бөлінеді:

- бейнелеу сыртқы пішіні басқару обьектісіне ұқсас немесе оны құрылым, графикалық бейне, технологиялық сызба түрінде бейнелейтін элементтерден тұрады (бейнелеу АКЖ жалған сызба, технологиялық сызба, көлемді макеттер, карталар т.б түрінде іске асырылады);

- индикациялық, мұнда ақпарат аналогті және сандық көрсеткіштер, сигналды шамдар түрінде беріледі;

- мәтіндік, белгілік және бақылау операцияларымен басқару обьектісінің жағдайының алгоритмін, математикалық формула, мәтіндік баяндау, кестелер түрінде беретін алгоритмдік.

Ақпаратты көрсету құрылымы іс-әрекет принциптеріне байланысты төмендегідей бөлінеді:

- электромеханикалық және электромагниттік;

- қыздыру шамдары;

- газды разрядты және электролюминистцентті құралдар;

- сұйық кристалды индикаторлар;

- жарықтың лазерлі генераторлары;

- электронды-сәулелі түтікшелер;

- индикатрлы құралдар мен элементтер.

Ақпаратты қабылдау мен көрсету құралдарын классификациялаудың басқа да бір қатар белгілері бар.

екция №3.

Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері

Адам оператордың компьютерлік жүйелердегі орны.

Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструкторлық қызметте, оқу процестерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен біліктілігінің әртүрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуализациялауды талап етеді. Интеллектуализациялауда адам мен есептеу жүйесі арасында (ЕЖ) интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

«Адам-компьютер» интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі екі есепті қарастыру қажет:

- Ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу шығаруды ұйымдастыру;

- Диалогтың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас процедураларын қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру.

ЭЕМ-да шығарылған кең ауқымды есептер, интерфейсті құру мәселесі компьютерлік желінің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас оқушы мен оқытушы арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екені түсінікті.

Соның салдарынан адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі – пайдаланушы оператордың қызметін құрылымдауға және кез келген адам-машиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезінде пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты мен адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен бағдарламалық қамтама талаптарын біркелкі ету. Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды бағдарламалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым-қатынастың салттық түрінен басқа тілдік диалог пен қарапайым тілдегі диалогтер жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі- қолданбалы бағдарламаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау процестерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология негізгі орын алады.

Инженерлік психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас процестерінің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды «адам-машина» жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады.

Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:

- Адам – машина жүйесінде адамның қызметін және орнын сараптау;

- Оператордың қызмет құрылымын және классификациясын зерттеу;

- Адам – машина жүйесінің тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу;

- Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын оптимизациялау;

- Операторды кәсіби дайындаудың әдістері мен принциптерін құру;

- Инженерлік-психологиялық жобалау теориясын құру және оны адам машина жүйесін құру барысында пайдалану;

Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сызбасындағы ролі мен орнын қарастырайық (2-сурет). Оператордың ролі әр түрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын процестің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғары деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару процесіне араласа алады.

Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау процедурасы ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сызбасы төмендегі суретте көрсетілген (2-сурет).

Жоғары Жоғары Жоғары

деңгейден деңгейден деңгейден

адам – оператор

ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru

             
    ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru
      ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru
  ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru
 
  ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru
 
 
ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru

 
  ны өткізу түрі-тренинг. Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты көрсетудің, қабылдаудың құрылғылары және жүйесін - student2.ru

Бақылау сұрақтары:

1. «Адам-оператор» интерфейсін ұйымдастыру барысында қандай негізгі сұрақтар қарастырылады?

2. Инженерлік психология нені зерттейді?

3. «Адам-оператор» интерфейсін ұйымдастыру барысында инженерлік - психология қандай негізгі сұрақтарды шешеді?

4. «Адам-оператордың» ақпаратты басқару мен мен өңдеудегі жалпы сызбасындағы ролі мен орны қандай?

5. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сызбасына түсініктеме беріңіз.

Лекция №4. Шынайы уақыттың АБЖ-сы. Шынайы уақыттың АБЖ-ң классификациясы.

АБЖ-да адамның ролін бағалауға рұқсат беретін келесі классификациялық белгі жүйенің реактивтілігі болып табылады. Жүйенің реактивтілігі басқару жүйесінің басқарылатын процесі немесе объектінің жағдайының өзгеруіне жылдамдықтың (уақыттың) әсерімен анықталады.

Функцияның адаммен орындалуы уақыттың қатты лимит шарты үшін келесі ереже дұрыс. Қандайда бір іс-әрекетті орындау үшін адамға неғұрлым аз уақыт берілсе, соғұрлым оның функциялары көбірек регламенттелінген болу керек. Осыған байланысты шынайы уақыттың АБЖ-сын 3 топқа бөлуге болады:

1-топ. Шынайы уақыттың АБЖ-сы адамның қатты регламенттелінген іс-әрекетімен сәйкес келеді. Бұл АБЖ-ны автоматтандырудың 1-2 дәрежелеріне сәйкес келеді. Мұнда шешім қабылдау уақыты барынша шектеулі (сек. бірлігіне дейін), басқару есебін толық құрылымданған, адам басқарудың бір контурына қосылған (жалғыз сол үшін). Мұндай жүйелерде адам оператор ролін атқарады деп жиі айтады.

2-топ. Шынайы уақыттың АБЖ-сы регламенттелінген іс-әрекетімен сәйкес келеді. Бұл АБЖ-ны автоматтандырудың 3-дәрежесіне сәйкес келеді. Басқарушы шешімді қабылдауға уақыт салыстырмалы түрде шектеулі, басқару есептері құрылымданған. Басқару процесінде адам басқарылмалы шешім қабылдау үшін қосымша ақпаратқа жүгіне алады.

3-топ. Шынайы уақыттың АБЖ-сы басқарылмалы персоналдық жай құрылымдалған жай іс-әрекетімен сәйкес келеді. Бұл топ үшін автоматтандырудың 4-деңгейі сай келеді. Басқару есептері жиірек формаланған. Адамның іс-әрекеті жай регламенттелінген (әдетте қызметтік құрылым деңгейінде).

Адам-операторды АБЖ құрамына қосу, оған объект туралы ақпараты, аппаратты-бағдарламасын кешенмен өңделген шешімдердің альтернативті нұсқалары жайлы мәліметтерден, одан қабылданатын шешімдерді басқару жүйесіне кірістіру құралдарымен қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл талаптарды орындау үшін автоматтандырылған жұмыс орнын құруға болады.

Егер оператордың арнайы жұмыс орны (жұмыс ортасы) құрылатын болса, оператордың жұмыс орны әрі қарай бейнелеу жүйесі және ақпаратты өңдеу деп аталатын көптеген жағдайларда арнайы аппараты - бағдарламалық құралдармен қызмет етеді.

Жұмыс орындарының классификациясын келтірейік (бейнелеу жүйесі және ақпаратты өңдеу):

1. Топологиялық белгісі бойынша, жұмыс орындарының бейнелеу жүйесі жеке ұжымдық қолдану, территориялық таратылған болып бөліне алады.

2. Бағыну белгісі бойынша (шешімді “бекіту”) 0-1 деңгейлі, көпдеңгейлі иерархиялық (төменгі деңгейдің шешімі міндетті түрде жоғарғысымен бекітеді), кооперативті (шешімді бірлесіп бекіту).

3. Мобилділік дәрежесі бойынша, жұмыс орны стационарлы, қайта қорланатын, комбинациялы (аралас), жылжымалы (борттық).

4. Сәйкестік дәрежесі бойынша, адам-оператордың мінездік ерекшеліктеріне сәйкес (арнайы адам үшін жобаланған және құрылған), аз сериялы (арнайы таңдалынатын адам тобына құрылған) және ірі сериялы АЖО мамандық талаптарына жауап беретін кез келген адам үшін құрылған.

Наши рекомендации