Лекция. Көшбасшылық феноменіне қазіргі көзқарастар
1. Көшбасшылықтың негізгі стильдері
2. Көшбасшылықтың иерархиялық деңгейлері және модельдері
3. Саяси режимдер, мәдениеттер және көшбасшылықтың типтері
Барлық алдыңғы зерттеулердің нәтижесінде негізгі шешім осындай шығады: көшбасшылық феноменін түсіну топ пен көшбасшының өзара әрекеттесуінің анализсіз мүмкін емес. Мұны ең алғаш түсінген – К. Левин, Р. Леппит және Р. Уайт, бұны олар көшбасшылықтың түрлі стильдерімен жасалатын психологиялық бойынша зерттеулер қатарын жүргізгенде түсінде және көшбасшының топпен өзара әрекеттесуінінің үш негізгі модельдерінің келесі сипаттамаларын бөлді авторитарлы, демократиялық және немқұрайлы (laissez – faire) стильдер. Топтың осы стильдердің әрбірінің әрекеттерінің негізгі сипаттамалары 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте – Көшбасшылықтың негізгі стильдері
Көшбасшылықтың стилі және сипаттамасы | Авторитарлы | Демократиялық | Либералды laissez - faire |
Шешімдер қабылдау тәсілі | Көшбасшының өзімен детерминацяланады | Мәселелер топпен нақты талқыланады,мұнда көшбасшы реттегіш және тезегіш рөлін атқарады | Анархиялық |
Көмекшілердің белсенділігі және технология | Көшбасшыға түгел және қатаң бағынған | Бағыныштылар шешімді талқылау кезеңінде жеткілікті бостандыққа ие,шешім қабылдаудан кейін, көшбасшы шешімді іске асыру үрдісінің өте альтернативті тәсілдерінің 2 немесе одан да көп саны | Процедуралық жоспардағы көп нұсқалылық, шешім қабылдауда бақылаудың жоқтығы |
Қабылданған шешімнің атқару формасы және топтың әрбір мүшесінің әрекетінің регламентациясы | Шешімді қабылдау формасының қатысында қатал басқару және жеке тұлғаға дейінгі бақылау | Топ мүшелеріне шешімді атқару кезінде форма таңдау да еркін топ ішіндегі демократия оның мүшелерінің өз-өзінің ұйымдастыру формасы | Көшбасшының айтқандарының түгелдей дерлік жоқтығы |
Топтың әрбір мүшесінің әрекетінің арақатынасын дағы критика және рұқсат бермеу | Көшбасшы бағыныштыларына қатысты қатал критика және өте қатаң тиымдарды қолдану мүмкіндігіне ие | Топтың әрбір мүшесінің әрекетіне «объективті » қатысы, жұмыстың нақты нәтижесіне байланысты | Көшбасшының өз көмекшілерінің әрекетіне толық кенет жағдайлылық, белгісіз тиымдардың іске асырылуының болжамсыз мүмкіндігі |
Көптеген эксперименталды зерттеулер нәтижесінде, ғалымдар мұндай шешімге келді авторитарлық көшбасшылар көмекшілерінің өнімінің саны бойынша нәтижелі, ал демократиялық – оның сапасы бойынша және көмекшілерінің моральдық жағдайына байланысты. Көшбасшылықтың түрлі стильдері топтардағы түрлі психологиялық жағдайға әкеледі. Авторитарлы көшбасшысы бар топ мүшелері немесе немқұрай немесе бір-біріне агрессияға толы болады, өйткені, көшбасшы, олардың типті тұлға аралық қатынастарын бақылады. Демократиялық көшбасшысы бар топ мүшелерін «біз» сезімі және үлкен бірлік біріктірді. Немқұрайлы көшбасшысы бар топ мүшелері, бірлік сезіміне ие болған жоқ, жұмысқа көңілдері толған жоқ және де топ ішіндегі жұмыс өнімділігін жоғарылату үшін көтеру мақсатында қолданылмауы мүмкін, бірақ жұмыспен қанағаттану үшін демократиялық стиль ең лайық болады.
М. Басс, Г. Дантемон, Ф. Фрай, Р. Видулич, Х. Валибах және басқалар, көшбасшылық феноменін зерттегенде «қарсыдан» қозғалыс жасағысы келді. Олар көмекшілердің типтерін көшбасшылықтың екі негізгі стилімен зерттеді, «күштеп бағыттайтын» және «үгіттейтін» олардың шешімі құралдық бағытталған ізбасарлар үгіттейтін көшбасшыларда нәтижелі болды, ал эмоционалды бағытталған – күштер бағындыратын көшбасшыда. Топтағы жұмыспен қанағат өзара әрекетке негізделген директивті көшбасшы кезінді жоғары болды. Сәйкесінше, қанағат сезімі босаңсыған, эмоционалдық бағытталған көшбасшыда төмен болды. Құралдық бағытталған көмекшілердің көшбасшылары дәл сондай бағытталуға тырысады. Өздігінше бағытталған топтардың көшбасшылары өздігінше бағытталуға тенденциялары болмайды. Эмоцианалдық бағытталуға ұмтылған топ мүшелері өзара әрекеттесуге бағытталған көшбасшымен жұмыс кезінде қанағаттанды. Өздігінен бағыталу басым, агрессиялық сипатталады. Өзара әрекеттесуге бағыт-байланыстарға қажеттілік ету және бағыныштылықта. Мақсатқа бағыт күшті тұлғалық интеграциямен байланысты. Топтар көшбасшы мен топтың тұлғалық бағыттарының қосындысына нәтижелі жұмыс атқарып, аз алаңдайды.Мақсатқа бағытталған көшбасшысы бар топтар, тек өзара әрекеттесуге бағытталған топ көшбасшыларынан нәтижелірек.
Ең жаңа тәсілдерді ажыратудың ең бастысы – бұл көшбасшылықтың жеке сипаттамалары мен жекеленген фактілерінің ғылым мен жинақталып, жалпылануының максималды интеграциясына ұмтылыс. Мысалы, Д. Катц көшбасшылықты зерттеудің тек төрт негізгі ауыспалығы мен нұсқасын ұсынды:
1. құрылымдану мен рөлдік детерминизмнің, әсіресе, бұның әрекетте көрінуі (ұйымдасқан көшбасшылық немесе одан еркін, ұйымдасқан – мысалы, топтық қозғалыстағы көшбасшылық туралы айтуға болады);
2. ұйымдасқан көшбасшылық жағдайында басты, шешуші болып – институттардың сипаттамасы болады (демократиялық немесе авториторлы);
3. маңызды рөлге ие – алғашқы және екінші топтық қатынастар болады;
4. топтың немесе ұйымның басқа жүйелермен және жүйе астылармен қатынастарды, сонымен қатар, көшбасшының осы барлық иерархиядағы орны маңызды.
2 кесте – Көшбасшылықтың иерархиялық деңгейлері және модельдері
Құрылымдық жүйедегі иерархиялық деңгей | Көшбасшылық үрдісі | ^ Мақсатқа сәйкесінше бағыт | Сәйкесінше әлеуметтік эмоционалдық бағыт |
Төменгі | Бар құрылым шегіндегі әкімшілік | техникалық экспертиза; ережелерді білу | Бағыныштыларының теңдігі туралы қамқорлық |
Орташа | Кеңейту, құрылымды толтыру | ұйымдастыру мәселелерін түсіну | Топтағы қатынастардың біріншілік және екіншілік біліктері |
Жоғарғы эшелон | Құрылымды өзгерту; Жаңа саясатты құрастырып, өткізу | жүйелік мүмкіндік; ешкімге ұқсастықтың жоқтығы | Харизма: белгілік; авторитарлық; функционалдық |
Көшбасшылықтың түрлі типологияларын зерттеп, М. Германн көшбасшы бейнесінің төрт негізгі түрін бөлді:
1. «Жарқын киімдегі сыбызғышы» (нағыз батыр) неміс қалашығынан тышқандарды қуған ертегідегі сыбызғышы секілді, көшбасшы мақсаттарды қояды, бағытты анықтайды және ізбасарларын үгіттеп-сендіреді. Оған барлық іс үшін жауапкершілік тиесілі. Көшбасшының өзін және сипаттамасын зерттеуді ұсынады. Көшбасшы мінезін танып, оның қандай мақсаттар және стратегиялар таңдайтынынан анықтауға болады. Көшбасшының осы бейнесі бұдан бұрын сипатталған «батырлар» теориясының туындауына ықпалын тигізді.
2. «Саудагер» – ол адамдарға не керектігін біледі, және адамдардың қажеттеріне деген түсіну өте қажет, оларға көмектесу мүмкіндігінен де асып түседі. Көшбасшының бұл типіне «трансәрекеттік» теория және алмасу теориясы сәйкес келеді.
3. «Қуыршақ» - көшбасшылықтың осындай нұсқасында топ саясаткерге күш беріп, бағыт таңдайды. Көшбасшы топтың сенімді адамы болып, топ атынан жұмыс істейді. Бұндай жағдайдағы көшбасшылықты түсіну үшін, көмешілердің мақсаттарын білу қажет. Осындай көшбасшылық атрибутивтік зерттеледі.
4. «Өрт сөндіруші» – осы жағдайдағы көшбасшылық – болып жатқанға жауап реакция. Мұндай көшбасшының табиғатын түсіну үшін, жағдайлық теорияларды немесе жасайтын контекстіні білу қажет.
Осы бейнелердің негізінде, М. Германн көшбасшылықтың бес негізгі компонентін бөлді:
а) көшбасшы тұлғасы және оны шығару ерекшеліктері;
ә) топ сипаттамасы;
б) топтағы өзара қатынас табиғаты;
в) көшбасшылық іске асырылатын контексті;
г) көшбасшы мен көмекшілердің нақты жағдайлардағы өзара әрекетінің нәтижесі.
Көшбасшылық типі осы бес құрам бөліктің табиғаты мен қосылысына байланысты. Көшбасшылықтың барлық теорияларының негізгі теріс жағы, М. Германн бойынша, олардың бір ғана компонентте тоқталуы. Осыдан, құрам бөліктердің барлық мүмкін қосылыстарын ескертіп жаңа кешенді теория қажет.
Осындай тәсілдің ең қызық мүмкіндіктерінің бірі – А.Вилдавскийдің мәдениеттанушылық теориясы. Осы зерттеушіге қарасақ, көшбасшылық бұл саяси режим функциясы. А. Вилдавский режимдердің 9 типін бөледі, олардың төртеуі негізгі, ал қалғандары аралас сипаттмаларға ие. (3 кестені қараңыз).
3 кесте – Саяси режимдер, мәдениеттер және көшбасшылықтың типтері
Режим: авториторизм Мәдениет: фатализм Көшбасшылық: деспоттық, шексіз жалғасатын | Режим: коллективизм Мәдениет: иерархия Көшбасшылық: позициялық, саласы бойынша шектелген, уақыт бойынша жалғасатын |
Режим: индивидуализм Мәдениет: нарық Көшбасшылық: метеорлы, шектелген және аз жалғасады | Режим: эгалитаризм Мәдениет: әділет Көшбасшылық: харизмалық, шексіз, аз уақытты |
Алғашқы авторитарлық режимде көрінгенде, көшбасшылық ұзақ және барлығын қамтиды. Көмекшілері фотолистер болғанда, көшбасшылық әрқашан да ерекше сипатта болады.
Екінші режимде, яғни коллективизмде, иерархиялық мінезі бойынша автократиялық, ал жағдайы бойынша позициялық болады. Көшбасшы мүмкіндіктері оның қызмет иерархиясындағы орнымен анықталады. Үшінші режим, индивидуализ анықтамасы бойынша, көшбасшыларға қажетті тыймайды, себебі, нарық тек жекеменшік құқығын мойындайды. Индивидуалистер көшбасшыларға сенбейді, олар нәтижелерге сенеді. Сондықтан, тіпті, егер, көшбасшы пайда болса, онда ол тек «қажет» кездегі, қажет адам болады, белгілі, қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін. Төртінші режим, эгалитаризм, барлық режим ішіндегі харизматик – көшбасшы пайда болатын жалғызы.
Бірінші және екінші режимдер прокөшбасшылық, үшінші және төртінші – антикөшбасшылық болады, әсіресе, екінші және үшінші режимдерде көшбасшылыққа сұраныс көшбасшыға көмек етуге пропорционал. (екіншіде жоғары, үшіншіде – төмен деңгейде). Бірінші режимде аз сұраныспен тым жоғары қолғабыс арасындағы сәйкес келмеушілік байқалады; төртіншіде – керсінше, сұраныс қолғабысты жоғарылатады.