Психосинтездің теориялық негіздері
Адамның ішкі әлемінің картасы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
1) төменгі бейсанадан;
2) орташа бейсанадан;
3) жоғарғы бейсанадан немесе шектен тыс санадан;
4) сана аймағынан;
5) саналы «Меннен» (немесе жеке өзіндік «Меннен», «Эгодан»);
6) жоғарғы «Меннен»;
7) ұжымдық бейсанадан.
Төменгі бейсана
Төменгі бейсана фрейдтік Идке жақын, ол өте күті күш-қуат қорларынан тұрады, эмоционалдық қуаты бар. Сонымен қоса, Ассаджиоли бұл жерде, бақылай алмайтын парапсихикалық процестер мен қиялдар шығармашылықтың да, сұмдық түстердің де көзі болуы мүмкін.
Орташа бейсана (сана алды)
Ол бейсананың санаға (және керісінше) өту жолындағы аралық аймақ. Бұл жерде біздің бейсаналық түйсінулеріміз, қабылдауларымыз және әсерленулеріміз түйсінілетін психикалық ахуал мен дағдыларға айналады. Ассаджиоли бойынша, дәл осы жерде қажеттіліктерімізді, эмоцияларымызды, интуициялық сезінулерімізді түйсіну жолымен «біздің ақыл-ойымыз пісіп-жетіледі».
Жоғарғы бейсана
Тұлғаның алдыңғы екі бөлігі саналы Менге төменнен келсе, ал жоғарғы бейсана оған жоғарыдан әсер етеді. Ассаджиоли бойынша, Фрейдке қарағанда, адам табиғатынан әлдеқайда «тартымдырақ», өйткені бейсананың тек төменгі ғана емес, сондай-ақ жоғарғы формасы болады, оған альтруизм, сұлулықққа және өзін-өзі көрсетуге қажеттілік, ерлік (өзін-өзі құрбан етуге дейін) және т.б. жоғары сезімдер мен қажеттіліктер жатады.
Сана аймағы
Бұл бөлімге Ассаджиоли индивидтің тұлғасының бөлігін, қабылдауы мен түйсіктерін (яғни менің өзімдегі процестер мен сезімдерді түйсінуім) сезінуін енгізеді.
Саналы Мен (немесе өзіндік Эго)
Бұл бөлім сананың ортасында орналасқан. Ассаджиоли сана аймағын жарықтандырылыған экранмен, ал саналы Менді сол экранға түскен бецнемен салыстырады.
Жоғарғы Мен
Бұл бөлім психосинтездің дербес жетістіктерін көрсетеді. Ассаджиоли жоғарғы Менді адамның шынайы бейнесі дейді, оған ол сананың басқа ахуалына (түс көру, аффект жағдайы, наркоз, масаю, сандырақтау, гипноз және.т.б) қарай түрлі ауытқуларға түскеннен қайтып оралады деп санайды. өзінің дербес жоғарғы Менін түйсіну ғана психикалық денсаулықтың кепілі деп пайымдайды.
Ұжымдық бейсана
Бұл жерде Ассаджиоли Юнгпен келіседі. Жеке дара бейсана, ұжмдық бейсанадан бөлек өмір сүре алмайды, олар көзге көрінбейтін жіптер арқылы кеңістікте де (өз заманының адамдарымен бейсаналық байланыс), уақыт арасында да (ата-бабаларымен, адамзат тәжірибесімен) өзара байланысты деп санайды.
Ассаджиоли тұлғаның жеті негізгі типтерін бөліп көрсетеді: ерікті-жігерлі, сүюші, белсенді-практикалық, көркем-шығармашыл, ғылыми, идеалды және ұйымдастырушы.
Адам өз типін:
- қабылдауы;
- өз типінің дисгармониясын бақылап және түзетіп отыруы;
- өз типінің үйлесімділігіне қол жеткізу, яғни осал жақтарын дамытуы керек.
Ассаджиоли бойынша әрбір негізгі тұлға типтерінің басты сипаттамалары бар:
- ерік-жігерлі адам үшін ол билікке ұмтылу;
- сүюші тип үшін – сезімдерге ең жоғарғы құндылық ретінде қарау;
- белсенді-практикалық тип үшін – саналы белсенділік;
- көркем-шығармашыл тип үшін үйлесімділікке, сезімталдыққа ұмтылу;
- ғылыми тип үшін – тануға, рационализмге ұмтылу;
- иделдық тип үшін – идеалға берік болу;
- ұйымдастырушы тип үшін – ұйымдастырушылық қабілеттер, іскерлік және мақсатқа ұмтылушылық.
Әрбір тұлға типтерінің артықшылықтарынан олардың кемшіліктері туындайды, оларды психосинтез кезінде ескеру қажет.
Психосинтездің психотехникасы.
Психосинтез психотехникасының мақсаты жеке өзіндік «Меннің» маңайына кірігу арқылы жоғарғы «Меннің» күш-қуатын босатуға көмектесу, соңынан жоғарғы «Мен» мен жеке «Меннің» қосылуына әкеледен тұрады.
Психосинтез психотехникасы 12 классикалық жаттығудан тұрады. Олар мыналар:
№ 1 жаттығу. «Күнделік жазу»
№ 2 жаттығу. «Мен кіммін?»
№ 3 жаттығу. «Кешкі шолу»
№ 4 жаттығу. Ажырату қабілетін дамыту
№ 5 жаттығу. Өзін өзі теңестіру қабілетін дамыту
№ 6 жаттығу. «Ішкі диалог»
№ 7 жаттығу. Қалаған сапаларды ояту мен дамыту
№ 8 жаттығу. Тұлғадан жоғары тұрған сапалар
№ 9 жаттығу. Идеалдық үлгімен жұмыс
№ 10 жаттығу. Психосинтетикалық автобиография
№ 11 жаттығу. «Раушанның гүлдеуі»
№ 12 жаттығу. Жоғарғы «Мен»
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Р.Ассаджиоли психосинтезінің Фрейд, Юнг, Адлердің концепцияларымен байланысын көрсетіңіз.
2. Ассаджиоли бойынша тұлға сызбасының негізгі бөліктерін сипаттаңыз.
3. Ассаджиоли бойынша «жоғарғы бейсана» дегеніміз не және оның Фрейд бойынша «бейсанадан» қандай айырмашылығы бар?
4. Юнгтың «ұжымдық бейсана» ұғымы Ассаджиолидің осы ұғымынан қандай айырмашылығ бар?
5. Теңестіруді ажырату дегеніміз не?
6. Cубтұлғалар дегеніміз не және олармен қалай жасау керек?
7. Имаготерапия дегеніміз не?
ТАҚЫРЫП 10
КОГНИТИВТІК ПСИХОТЕРАПИЯ
Сабақтың мақсаты:
Практикалық психолог ретінде когнитивтік психология мен когнитивтік психотерапияның негізгі теориялық және практикалық тұжырымдамаларын қолдану білім, білік, дағдыларын оқыту және қалыптастыру.
Жоспар
1. Когнитивтік психологияның теориялық тұжырымдары
2. Когнитивтік психологияның жекелеген өкілдерінің тұжырымдары
3. Когнитивті-эмоционалдық терапияның негізі ережелері
Когнитивтік психология – адамның ақпаратты алу заңдылықтарын, оларды өңдеу мен адам мінез-құқына ықпалын зерттейтін заманауи психология бағыты.
Негізгі өкілдері: Д. Бродбент, С. Стенберг, У.Найссер, Дж. Брунер, Р. Аткинсон, Дж. Сперлинг, И. Хант, Р. Зайонц, Г. Маркус, Д. Келли, Г. Келли, Л.Фестингер және басқалар.
Когнитивтік психология өкен ғасырдың 50 ж. соңы мен 60- шы ж. басында пайда болды.